Өнер арқылы көркемдік талғамды қалыптастырудың мазмұны

Өнер арқылы көркемдік талғамды

қалыптастырудың мазмұны

 

Жас ұрпаққа көркемдік талғамды қалыптастыру рухани дамуды білім мазмұнына, өнердің өмірдегі мәніне деген түсініктер деңгейіне, ұлттық мұраны келесі ұрпаққа жеткізудің бағыт-бағдарының үрдесіне тікелей байланысты сұлулық туралы түсініктердің көркемдік талғамының мәні өзгеріп заман талабына сай жаңа мазмұнға ие болады.

Арнайы әдебиеттерде талғамның басты мақсаты – қоршаған өмір шындығының өнердегі сұлулық пен келеңсіздікті ажырата білу деген ұғымда белгіленіп келеді. Қолданбалы өнер саласындағы белгілі ғалым А.Б.Салтыков: «Көркемдік талғам дегеніміз — әсемдікті ажарсыздан, нағыз сұлулықты жалған сұлулықтан ажырата білу қабілеті» — деп тұжырымдайды.

Сонымен, арнайы әдебиеттердегі авторлардың тұжырымдамаларынан эстетикалық және көркемдік талғам – адам бойында қалыптастыратын әрі дамитын сұлулықты түсіне білу қабілеттілігі талғам құбылысын қабілеттілік тұрғысынан зерделеу үшін ең алдымен сол қабілеттіліктің өзіндік табиғатын, оның қалыптасуына, дамуына мүмкіндік туғызатын басты әсерлі күшті айқындап алудың қажеттілігі туралы пікір – В.К.Скатерщиков, Ю.В.Ворев, В.Г.Лукьянов, Б.Р.Казыханова т.б. еңбектерінде баяндалады. Бұл мәселені анықтауда көптеген зерттеушілер, негізінен адамның эстетикалық сезімнің, шығармашылық ойы мен іс-әрекеттердінің, көркемдікті түйсіну қабілеттілігінің қалыптасуы мен дамуына зор ықпал жасайтын көркем-өнердің бай мүмкіндігіне жүгінеді, өйткені эстетикалық талғам: табиғат, өнер, адам сұлулығы т.б. өмір шындығы құбылыстарының барлық жақтарын қамтиды.

Егер сұлулық заңдылығы бұл құбылыстардың бәріне тән болса, онда талғам табиғатын анықтауда, аталғандардың кез-келгені зерттеу объектісі қызметін атқарады. Бірақ, олардың әрқайысысы көздеген мақсатқа тез жеткізеді, нақтылы жауап алуға мүмкіндік туғыза алады деген сұрақтарға жауап іздей отырып, зерттеушілер эстетиканың ең дамуындағы алғашқы эстетикалық іс-әрекеттің бірі -өнердің болмасына назар аударады. Мысалы, «талғам табиғатының өзіндік ерекшеліктерін ескере келіп, талғамды өнер туралы және басқа да эстетикалық құбылыстарды пайымдау қабілеттілігі тұрғысынан қарастыру дұрыс та нақтылы» — деп тұжырым жасайды.

Ж.Аймауытов «Жан жүйесі мен өнер таңдау» (1926) атты еңбегінде ең алдымен адам қабілетінің табиғатын зерттеген. Автор «адам туа белгілі бір өнерге бейім болып келеді, әр адамның бір нәрсеге талап, ыңғайлы қабілет зеректігі болады» — деген ойын көптеген мысалдармен, деректермен, тұжырымдармен дәлелдейді. Адамның дене мүшелердің физиологиялық қызметі, ойлау ерекшелігі, жүйке жүйесі, ми жұлын әрекеті, мінез-құлық (темперамент) ерекшелігін нақты тәжірибеден алынған мысалдар арқылы бейнелеп берді.

Талғам табиғаты, оның өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, зерттеушілердің бірі талғамды өнер туралы және басқа да эстетикалық құбылыстарды саналы түрде пайымдау қабілеттілігі деп қарастырылған дұрыс, өйткені өнердің атқаратын қызметі барысында адам жанында орын тебетін, көркемдік талғам арқылы эстетикалық талғамды қалыптастыру қажет, тіпті эстетикалық тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда да бұл кезектілік сақталуы тиіс, — десе, енді бірі – «көркемдік талғам эстетикалық талғамның одан әрі дамуына қызмет етеді», — деп бұл тұжырымды нақтылай түседі. Бірақ, зерттеушілердің жан-жақты болжамдары мен тұжырымдарында, талғам негізінен «пайымдай білу қабілеттілігі» тұрғысында ғана белгіленіп, көркем туындыларды, өнер болмысын қабылдаудан пайда болатын рахаттану, ләззаттану сияқты эстетикалық сезімді қамти ма, немесе талғам – сезім мен ақылдың міндетін де атқара ала ма деген мәселелерді нақтылы ашып көрсетпейді.

Психологиялық зерттеулердің нәтижелеріне сүйенсек – сапалы танымдық деңгейіндегі пайымдау, шындық пен өнерді толық мәнде қабылдау үрдісі аяқталмай тұрып жүзеге асырылмайтын, эстетикалық сезім әсері де тек қабылдау үрдесі кезінде пайда болатынын көреміз. Бұдан дәлел: адам әдетте үстіртін көргендері мен естігендерінен нақтылы пайымдау жасамайды, ол үшін сол факторларға толық қанығуы және оны қабылдауы қажет. Сонымен,  талғам табиғатын қабілеттілік тұрғысынан зерделеудің басты объектісінің бірі — өнер және оның туындыларын жасау барысындағы түрлі көркемдік іс-әрекеттер. Өнер шындық болмыстың құбылыстарын жаңғарта көрсетудегі суретшінің ақыл-ойы, қиялы мен сезімі, эмоциялық әсерлі көңіл-күйі және көркем бейне жасаудағы шығармашылық іс-әрекеттері арасындағы күрделі қатынастардың нәтижесі.

Өнер туындыларынан әсерленушілік өнер туралы жалпы түсініктердің сапасы мен де тікелей байланысты. Өнер түрлері мен жанрларының ерекшеліктері, көркем мәнерлік құралдары, жасалу заңдылықтары т.б. қасиеттері туралы толық, нақтылы түсініктің болмауы қабылдаудың сапалы болуына кері әсер етеді. Тіпті оны жоққа шығаруы да мүмкін. Сонымен, көркемдік талғам табиғаты және оны қалыптастыруға әсер ететін түрлі психикалық үрдестердің (қабылдау, сезім, таным, әсерлені т.б.) өзіндік ерекше мән-мазмұны мен өзара бірлігін зерделей отырып, бұл құбылыстың эстетикалық тәрбиенің сапасын қажетті деңгейге көтерудегі маңызына тоқталуды ұйғардық.

Көркемдік талғам – адамның өнер туындылардын талапқа сәйкес мәнде қабылдай және бағалай білу қабілетін айқындайтын құбылыс. Ол жеке тұлғаның қоғамның көркемдік тәжірибесін қортындылайтын, айқындайтын үрдіс ретінде өнердің тікелей әсер етуі арқылы қалыптасады. Жеке тұлғаның көркемдік талғамын оның танымдық қабілетінің дамуымен тікелей бірлікте қарастыру қажет. Әсемдікті сезіну, түсіну, бұлардың өзіндік заңдылықтарын білуді әрі сезімталдықпен қабылдауды талап етеді. Эстетикалық тәрбие жүйесінде сезіну мәдениетінің және табиғаттағы заттар дүниесін, адамдар әлемі болмасының әсемдігін эмоциялық қабылдауды қалыптастыру маңызды орын алады.

Балалардың жас ерекшелігін ескере келіп, эстетикалық тәрбиеде баланың өнерге қызығушылығын сол арқылы қабылдауын, танымын, ойлауын жетілдіру эстетикалық сезімге әсер етеді.

Қызығу – деп баланың бір нәрсені не көріністі білейін деп айрықша ынталануын айтамыз. Баланы кейбір нәрсе ерекше қасиетімен қызықтырады.  Қызығу тәрбиенің ықпалымен дамып жетіледі.

Эстетикалық сезім тұлға бойында эстетикалық мұқтаждықты туғызады, сонымен бірге эстетикалық қабылдауға деген белсенді қабілеттілігін дамытуға мүмкіндік жасайтынын ескерсек, эстетикалық қажеттілікті – табиғаттан, күнделікті өмір қызығыннан, еңбектен, адамдар арасындағы жарасымды қатынастар мен көркем шығармашылықтан белгілі дәрежеде ләззаттануға, әсерленуге, өнеге алуға бағыттайтын әрі танымдық деңгейге көтеретін негізгі фактор болып табылады.

Оқушылардың эстетикалық қабылдауы түрлі жағдайларда өтеді. Оны төмендегі кесте арқылы көрсете аламын.

 

Кесте

 

Табиғат аясында. Табиғаттағы әсемдікті қабылдауға тәрбиелеу біршама жеңіл. Табиғат аясында саяхат жасау, назарын табиғат тамашаларына аудара отырып, оқушылардың бойында ерекше рухани серпін, сүйсіну сезімін туғызу.

 

Қоршаған ортаның әсемдігін балаларға көрсетіп әсемдікті қабылдату да онша қиын соқпайды. Оқушыларды өнерге үйрету, өнерді қабылдауға тәрбиелеу күрделі.
Туып өскен табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін нығайтуға болады. Күнделікті от басындағы, мектептегі, ауладағы тазалық, тәртіп, мектептің ішінің безендірілуі, үй жиһаздары тәуір көрініс беру, жұмыс істейтін жердің ыңғайлылығы т.б.

 

 Өнерді қабылдау үшін өнерге деген сезім болуы керек. Мысалы, көре білу, тыңдай білу. Оның үстіне еңбектену, үйрену керек.

 

 

Таным дүниенің адам миында айнаға түскендей бейнелеуінің жай ғана сәулеленуі емес. Таным – білмеуден білуге қарай, шала білуден толық білуге қарай ұмтылатын ой қозғалысының күрделі үрдісін танып білу арқылы баланың ойлауы дамиды.

Ойлау таным үрдісінің ең биік сатысы. Ол – заттар мен құбылыстардың жалпы сипатын, табиғи байланыстары мен қатынастарын психикалық жағынан белгілейді. Бұл үрдіс баланың көркемдік талғамын қалыптастыру барысында ой-өрісінің кеңейіп, жаңа сапаға көтерілуіне тікелей ықпал етеді. Ойлау арқылы баланың пайымдау, әсемдікті сүйсіне сезініп, ұнату және бағалай білу қабілеті пайда бола бастайды. Мұның өзі ең алдымен жоғары идеялы, шын мәніндегі көркем шығармалардың, өнер туындыларының, табиғаттың тамаша көріністерінің адам болмасына әсер етуі арқылы дамиды.

Психологиядан, сезімнің бір нәрсеге немесе құбылысқа жағымды немесе жағымсыз (әсем-ажарсыз, сұлу-келеңсіз, көрікті-көріксіз т.б.) сияқты екі түрлі өріс арасында өтетінін білеміз. Басқа сезім түрлері сияқты эстетикалық сезім де адамны жан дүниесін, эмоциялық көңіл-күйін, бір нәрсеге деген қатынасын ғана көрсетеді. Эстетикалық сезім мен қажеттілік, адамның материалдық рухани дүниеден, өнер туындылары мен қоршаған өмір бейнелермен әсемдікті, келеңсіздікті, жарасымдылық пен қайшылықты талғаммен тығыз байланысты.

Өнердің бала өміріне тигізетін әсерлі мүмкіндіктерін қоршаған ортаның сұлулық заңдылықтарымен түрлендіру, (үй іші, оқу бөлмесі, ауладағы гүлзар, киім үлгісі т.б.), іс-әрекеттерінде өзара қатынаста болатын тіл, ойын, ұлттық және жаңа дәстүрлерді меңгерту әрбір педагогикалық ұжымның, отбасының тәлім-тәрбиелік жұмыстарының басты міндеті болып саналады. Бұлар көркем өнердің білімдік, танымдық, дидактикалық, көрнекілік және белсенді шығармашылыққа баулу мүмкіндіктері әрі жүйелі ұйымдастырылған білім беру тәрбие жұмыстары арқылы жүзеге асырады. Сонымен бірге, өнер арқылы эстетикалық тәрбие беру жүйесі баланың бүгінгі күн болмасымен ғана емес, өткен кезеңдердің рухани өмірінің сипатын бейнелі түрде танып білуіне, көркемдік мұраларды игеруіне қолайлы жағдай туғызатын мазмұнда болуын талап етеді.

Балалардың эстетикалық тәрбие өрісін зерттеуге негізделген ғылыми педагогиалық еңбектердегі тұжырымдар мен мағұлыматтар қазіргі кезеңдегі эстетикалық тәрбие жүйесінің әлеуметтік, педагогикалық өзекті мәселелерін, бүгінгі таңда және болашақта жүргізілетін ғылыми – тәжірибелердің негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттерін айқындап алуға жол ашады. Ендігі күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі эстетикалық тәрбие теориясымен көркемдік білім жүйесінің методологиялық және практикалық негіздерін, қазіргі қоғам дамуының талаптарына сәйкестендіріп қайта зерттелуі  нәтижесінде үздіксіз эстетикалық тәрбиенің халықтық педагогика мен ұлттық психологияға сүйенген саңдарлы жүйесін жасау әрі оқу тәрбие ісінде тиімді пайдалану көзделуде.

Балалардың әсерлі эстетикалық ой-өрісін көркемдік талғамын дамытуға зор ықпал жасайтын түрлі көркем шығармашылық іс-әрекеттердің дағдылары мен қабілеттіліктер мүмкіндіктерін ашып көрсеткен педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып, жоғарыда аталған республика ғалымдары да эстетикалық тәрбие мәселесінің жалпы жағдайын анықтау, ғылыми әдістемелік негіздегі жүйесін жасауда елеулі жұмыстар атқарды. Бірақ бұл мәселенің аясында әлі де шешімін күтіп тұрған педагогикалық, психологиялық өзекті мәселелер мен міндеттер жеткілікті.

Қолда бар педагогикалық тұжырымдар мен іс-тәжірибелердің мазмұнын талдай отырып, жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру міндеттерінің жүзеге асуы эстетикалық мағұлыматтардың жиынтығын игерумен шектеліп, балалардың әсемдікті тану қабілеттіліктерін қалыптастыру көп жағдайда біржақты (ән айту, өлең үлгілерін жаттау, ою-өрнектер суретін салу т.б.) іс-әрекеттерге бейімделіп қана құрылғандығын көреміз. Сондықтан, балалардың әр жас шағында игеруге тиіс көркемдік білім негіздерінің мазмұнын және оның көркемдік іс-әрекеттермен жүйелі бірлігін айқындау педагогикалық өзекті мәселелердің бірі.

Атап айтқанда, қазіргі кезде жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беру жүйесінің мақсат-міндеттерін жүзеге асыратын арнайы пәні не? Әлде ол балалармен жүргізілетін түрлі бағыттағы тәрбие жұмыстарының мазмұнын эстетикалық мәнге ие етуде пайдаланатын жалпы тәрбиенің бір бөлшегі ме? Немесе, көркемдік білім негіздерін «сұлулық заңдылығына» сәйкес бағытталған пәннің мазмұны қандай болуы керек? Әлде бұл құбылыс балалардың ойын, өзара қатынас, еңбек сияқты жетекші іс-әрекеттердің аясында көмекші роль атқара ма? – деген сұрақтарға жауап іздеу, іс-тәжірибелерге сүйеніп айқындау міндеттері тұр.

Бұл міндеттерді шешу төмендегідей мәселелерді қамтиды:

  • көркемдік талғамды қалыптастырудың басты құралы көркемдік білім беру жүйесінің өзіне тән мазмұнын, мақсаттары мен нақтылы міндеттерін;
  • балардың көркемдік іс-әрекеттері барысында игеруге тиісті білім мен дағдарыс көлемін;
  • көркемдік іс-әрекеттер арқылы балалардың шығармашылық ой-өрісін дамытудың педагогикалық және психологиялық негіздерін айқындапалуды талап етеді.

Тәрбие жүйесінің маңызды бір саласы ретінде, көркемдік тәрбие эстетика ілімінің мағлұматтарына сүйене жүргізілді. «Өнердің әлуметтік тарихи анықтылығы мен оның жан-жақтылығын түйісіне қабылдай білу қабілеттілігін және өнер туындыларының құндылығын сұлулық заңдылығының талаптарына сәйкес менде бағалай білу іскерлігін, сонымен бірге өнермен қаушуға деген қажеттілікті қалыптастыру» — көркемдік тәрбиенің басты мазмұндық жүйесі.

Көркемдік тәрбиенің басты құралдары – бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер, музыка, көркем әдебиет, балалардың қоршаған табиғаттан, адамдар өмірінің қызықты оқиғаларынан, ойын – сауық мерекелерінен т.б. алған эстетикалық әсерлерінің шығармашылық іс-әрекеттері барысында терең бекініуіне, олардың әсемдікті өз қолымен жасауға талпынысы  нәтижесінде сапалы талғамның қалыптасуына мүмкіндік жасалды. Туған ел табиғатының сұлулығы және табиғат құбылыстарының ерекше әсері де көркемдік талғамды қалыптастырудың басты құралы. Балалардың көркемдікті игеруі мен оны өз қолымен жасауға бағытталған іс-әрекеттердің аясында, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердің айшықты мәнерлілігі, көрнекіліктігі әрі танымдық әсерінің күштілігі баланың шығармашылық белсенділігіне, сол арқылы олардың талғам өрісінің дамуына зор ықпал жасайды.

М.Жұмабаевтың «Жан тәрбиесі» атты еңбегінде баланың көру сезімінің күшеюі, ұлғаюы үшін ең пайдалы нәрсе балаға сурет салғызу. «Сурет салғызу баланың көру сезімін ұлғайту үстіне, әдемілік сезіміне де ұлғайтады» — деп тұжырым жасаған.

Мәдениетіміздің негіздері ең алдымен балаларды қарапайымдылыққа, достыққа борыш, ар-ұят сияқты сезімдерге тәрбиелеу көзделеді.

Егер балада бұл аталған сезімдер жақсы қалыптасса, басқа сезімдердің де жақсы жетілетіні күмәнсіз. Егер бұл сезімдерді тәрбиелеуде біз кеш қалсақ, ақаулар жіберсек, онда басқалардың дамуына бөгет жасағанымыз. Салт-дәстүр әлеуметтік мәні бар құбылыс, қазіргі таңда қоғамымыздың рухани тіршілігіне сай өтіп әрбір өткен жайған дәстүрлері мен салттар адамдардың дүниетанымы мен эстетикалық көзқарасын қалыптастырып, мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуде де шешуші күш десе де болады. Сондықтан баланы жас кезінен қайырымдылыққа, үлкендерді сыйлауға, өзінен кішілерге қамқорлық жасауға үйреткен жөн.

Жасынан үлкенге ілтипат көрсетіп, силау, үй ішінен басқа адамдарға да аз да болса көмегін тигізіп үйренген бала мұны біртіндеп әдетке айналдырады. Ал жасынан қатыгез болып, ешкімді сыйламай тек «өзіме» деп өскен болса, кейін бұл әдетінен қорлық көріп, азап шегеді.

Балалар өмір құбылыстарын – сурет салу, сазбалшықтан немесе пластилиннен мүсіндеу, қиып жапсыру, табиға материалдарын көркем өңдеу т.б. жұмыстары кезінде тереңірек танып білуге мүмкіндік алады. Ересектер тобындағы балалар қоршаған ортадағы түрлі заттар мен құбылыстарды көркем бейнелеу тәсілін меңгеруге, заттың көлемі мен пішінін бояулар мен түстер арқылы айқындай білуге жаттыға отырып, бұл дағдыларды өз қиялымен сюжетті сурет композициясын құруда, көркем бейне жасауда пайдаланды.

Балалармен жұмыс істеудің түрлері ойындармен және инсценировкалармен толықтырылуы мүмкін. Мысалы мінез-құлықтың үстел басындағы ережелері бойынша сабақты әдетте, сол ережелерді орындап көрсету жаттығулары көбірек болады. Көшеде жүру тәртібінің ережесін үйренуді рольді ойын түрінде өткізген дұрыс, ол көшеде ұқыпты және абай болуды сабақтарда әңгімелеген жөн. Бастауыш сынып оқушылырының нақтылы ойлауы мұғалімдерден балаларға мінез-құлық мәдениеті жөнінде білім беруде көрнекті-құралдарды молынан талап етеді.

Баланың қиялын, ойлауын дамыту үшін арнайы заттар, ойыншықтар қолданылады. Ойынды  әдетте оқытушы-психологтар ұйымдастырады.

Ойлаудың таным сатысы мен процесі ретінде түсінушілік адамның ақыл-ой қызметі туралы толық мағлұмат бере алмайды. Ойланатын бағытынан, талабынан, ізденісінен көрініс беретін алуан түрлі сезімге, тілекке, мүддеге ие жеке адам. Әр адам бірқатар мамандық, темперамент, мінез, жас ерекшеліктеріне ие. Сезім мен ойға ие адам ғана бұрын игерілген ұғым, заң, мағлұматтарды үйлестіре, өзгерте отырып, сондай-ақ өзіне белгілі әдістерді, құралдарды, жабдықтар мен приборларды жаңа үйлесімін тауып пайдалана отырып, өзінің және басқалардың алдына жаңа проблема қойып, оның шешімін қажырлы және табанды түрде іздестіре алады. Балалардың ойлауын дамытуда екі негізгі саты байқалады. Бірінші сатыда олардың ойлау әрекеті көбіне әлі мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын еске түсіреді.  Оқу материалын талдау бұл жерде көрнекі әсер ету жоспарында басым болады. Мұнда балалар нақтылы заттарға немесе оның дәл баламаларына, бейнелеулерге сүйенеді.

Сәндік-қолданбалы өнер саласындағы көркемдік жұмыстар, балалардың түрлі-түсті қағаздардан арнайы сюжетті құрастыруға қажетті элементтерін, ұлттық ою-өрнектердің қарапайым үлгілерін қию арқылы тұлға силуэтінің (сұлба) сұлулығы, ал оларды жазықтық бетінде желімдеп жапсыру кезінде жеке элементтердің өзара жарасымдылығын, оюлардың өрнек композициясындағы ырғақтылығын, фон мен өрнек бояуларының түстік үйлесімділігін пайымдай білуіне үлкен көмегін тигізеді. Қатты қағаз, мата қиындылары, фольга т.б. табиғи заттардан көркем құрастыру жұмыстары балалардың кеңістік ойлау қабілетінің және пішін, көркем сұлулығын сезіну, түйсіну дағдыларының дамуына мүмкіндік туғызумен бірге, олардың еңбек ету іскерліктерінің қалыптасуына жол ашады.

Еңбек сабақтарының елеулі психологиялық тиімділігі бар. Балалардың алдағы жұмысты жоспарлау, ал одан кейін оны іске асырудың жолдары мен құралдарын табу іскерлігін қалыптастыру үшін еңбек сабақтарын жүргізудің мейлінше жақсы жағдацлары бар. Еңбек сабақтарында бала өзінің іс-әрекеттерін жоспарлау тәртібін және оларды іске асыруға қажетті құралдарды алдын ала қарастыруды жедел меңгереді. Өз қолдарымен жасаған қажетті  де пайдалы заттар балаларды терең қанағаттанарлық сезіміне бөлейді. Осының бәрі еңбексүйгіштікті, істелген жұмыс үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге ықпал етеді. Қолдан әр түрлі заттар дайындау бөлшектенген және үйлестірілгеніс-әрекеттерді жетілдіру үшін, оларды бұлшық еттің және сол сияқты көзбен көрудің негізінде бақылауды қалыптастыру үшін де елеулі орын алады.

Баланы ұлттық сәндік өнерге тән – кесте тігу, қуыршақ киімін дайындау, түрлі-түсті жүнді пайдаланып ши орау, ши тоқу т.б. сияқты іс-әрекеттерге қалыптастыру, қазақ халқының тұрмысында кең тараған, қазіргі кезге дейін қолданып келе жатқан дәстүрлі сәндік бұйым үлгілерімен мақсатты түрде таныстыру, бұйымдардың әсемдік нақышы туралы балалардың өз ойын пайымдай білуге баулу көркемдік талғам өрісін кеңейте түсудің бірден-бір сындарлы жолы.