Минералды тыңайтқыштар. Қазақстандағы минералды тыңайтқыштардың өндірілуі (п21.95-бет)

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пәні: химия.  Сыныбы: 9- сынып

Мектеп: Астана қаласы №53 МЛ

Пән мұғалімі: Схаг Аманкельди

Сабақ тақырыбы: Минералды тыңайтқыштар. Қазақстандағы минералды тыңайтқыштардың өндірілуі (п21.95-бет) уақыты
Мақсаты: Оқу материалын 63% меңгерту үшін логикалық, сыни тұрғыдан ойлау шапшандығын, сөздік қорын дамыта отырып, тыңайтқыштар жайлы түсінік қалыптастыру  
Жаңа технологиясы: БжС технологиясы, «Ауызша сабақ -2» картасы  
Құрал- жабдықтары: Орынға отырғызу матирцасы (ООМ), ПЖ кестесі, тірек сөздер  
І. Ұйымдастыру кезеңі:

Мотивация

Оқушылармен сәлемдесу. Қызығушылықты ояту. Сыныпты белсендендіру үшін көшбасшы сөзі. Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау. 2 мин
ІІ. Жаңа тақырыпты қабылдау Кіріспе сөзі.  Балалар, бүгінгі сабақта минералды тыңайтқыштар, олардың жіктелуі туралы ұғымдармен танысасыңдар. Өсімдіктердің толық өсіп жетілуіне қажетті химиялық элементтерді қоректік элементтер деп атайды. Фотосинтездеу кезінде өсімдіктер 50-ден астам химиялық элементтерді топырақтан алады екен. Құрамында осындай қоректік элементтер болатын заттарды тыңайтқыштар дейді. Сондықтан бүгінгі сабақта тыңайтқыштар туралы көптеген түсініктермен танысатын боламыз.

Оқушылар мәтінді мұқият зейінмен оқиды.  1 парағына-4мин. Тірек сөздерді тауып, айту. Тақтаға жазады. Тірек сөздің мағынасын мұғалім түсіндіріп өтуге де болады… Дайын  тірек сөзбен салыстырады.

Тірек сөздері:

1). Қоректік элементтер             2). Фотосинтез                            

3). Тыңайтқыштар                      4). Шығу тегі          

5). Агрегаттық күйі                     6). Азотты тыңайтқыштар  

7). Аммоний ионы NН4+               8). Нитрат ионы NО3

9). Минералдық тыңайтқыш    10). Органикалық тыңайтқыш

11).Фосфорлы тыңайтқыштар 12). Хлорофилл

13). Калий тыңайтқыштары     14). Сильвинит

15).Карналит                               16). Калий карбонаты -К2СО3

10 мин
ІІІ. Түсінуді ұйымдастыру Тірек сөздерді жаттауға уақыт беріледі 14 сөзге- 1мин 15сек. Жаттау уақыты аяқталған соң дәптерге жазу. Көршісімен алмасып, жазған тірек сөзін санау. 7 сөзден жоғары плюс алады. ООМ ұяшығына белгілеу. +плюс  алғандардың әділдігі тексеріледі. Матрицамен жұмыс. Тақтаға кезең нәтижесін жазу. 8 мин
ІҮ. Алғашқы түсінікті тексеру Қарама қарсы сұрау: мұғалім ООМ бойынша тақырыпқа байланысты сұрау. Оқушы жауап бермесе кез келген 2 оқушыдан сұрау.Егер жауап алынбаса сыныптан сұрау. Жауап берілмесе өзі жауап береді. Кезең аяқталған соң екі минусы бар оқушыға «Құтқару шеңбері» тасталып, сол оқушыларға ортақ үш сұрақ қойылады. Олар қол көтеріп, сұраққа жауап беру арқылы минустарын жоя алады.

Қиылыс сұрақтары:

1). Өсімдіктердің толық өсіп жетілуіне қажетті химиялық элементтердің аталуы? қоректік элементтер

2). Фотосинтездеу кезінде өсімдіктер топырақтан қанша химиялық элемент алады?  50-ден астам

3). Құрамында қоректік элементтер болатын заттардың аталуы? тыңайтқыштар

5). Өсімдікке аса қажет қоректік элементтер?Азот, калий, фосор

6). Тыңайтқыштардың шығу тегіне қарай жіктелуі? Органикалық, бейорганикалық

7). Тыңайтқыштардың агрегаттық күйіне қарай жіктелуі?

                                                                           Қатты, сұйық

8). Құрамында қоректік элемент азоты бар тыңайтқыштардың аталуы? Азотты тыңайтқыштар

9). Өсімдіктер топырақтан азотты қандай ион түрінде сіңіреді?

Аммоний ионы NН4+    және Нитрат ионы NО3

10). Қандай тыңайтқыштар минералдық және органикалық болып бөлінеді?     Азотты тыңайтқыштар

11). Мал қиы, құс саңғырығы, жасыл өсімдіктер шіріндісі қандай тыңайтқыштарға жатады? Органикалық тыңайтқыштарға

12). Карбамид тыңайтқышындағы азоттың үлесі?  46%

13). Сұйық тыңайтқышқа жататын  аммиак суының құрамындағы азоттың үлесі?  80%

14). Қандай қоректік заттың жетіспеуінен өсімдік баяу гүлдеп, жапырағы қара қошқылдану күйін кешеді? фосфор

15). Фосфорсыз өсімдіктің жасыл жапырағында не түзілмейді?

 Хлорофилл

16). Фосфор тыңайтқыштарының жіктелуі қандай?

                    Суда еритін, суда нашар еритін, суда ерімейтін

17). Қазақстанда Қаратау фосфорит кенінен әртүрлі фосфор тыңайтқыштарын алудың ғылыми негізін қалаған ғалым?

Академик Әбікен Бектұрұлы Бектұров

18). Құрамында қоректік элемент калий бар тыңайтқыштардың аталуы? Калий тыңайтқыштары

20) Калий тыңайтқыштарының жіктелуі?

Жай және кешенді тыңайтқыштар

21). Калий тыңайтқыштарының негізгі шикізаты өсімдіктердің күлінде қандай түрде болады?  Калий карбонаты -К2СО3

22). Құрамында қоректік элемент калий бар тыңайтқыштардың аталуы? Калий тыңайтқыштары

23) Калий тыңайтқыштарының жіктелуі?

Жай және кешенді тыңайтқыштар

24). Калий тыңайтқыштарының кендеріне не жатады?

Сильвинит және Карналит

25). Калий хлориді мен натрий хлоридінің біріккен NaCI *KCI тұзының аталуы? Сильвинит

8 мин
Ү. Бастапқы пысықтауды ұйымдастыру Бірінші нұсқа екінші нұсқаны тестілейді. І нұсқа тест тапсырмаларын құрастырып жатқан кезде, ІІ нұсқа оқушылары оқып дайындалады. ООМ ұяшығы бойынша сұрау. 8 мин
ҮІ. Талдау Жаңа тақырып бойынша түсінігіне жаттығу орындау Салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер:

а). NН4+3— Аммоний нитраты  (азотты тыңайтқыш)

ә). Са(Н2РО4)2— Қос суперфосфат   (фосфорлы тыңайтқыш)

б). К2СО3 — Калий карбонаты         (калийлі тыңайтқыш)

6 мин
Рефлексия Ең көп сөзі бар шығарма мен ең аз сөзді шығармалар оқылады. 2 мин
Бағалау Журналға баға қою нормативі: +4 болса «5»; +3 болса «4»; +2 болса «3»; «2» қойылмайды. 1 мин
Үй тапсырмасы «2», «3» алған оқушыларға үй тапсырмасы беріледі

(п21.95-бет)).

Салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер: