Өсімдік тіршілігіне судың әсері.

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3 «Г»

Күні:

Тақырыбы:

Өсімдік тіршілігіне судың әсері.

Мектеп: №116 Д. Нұрпейісова жом

Мұғалім: Кенжебаева Ф.Е.

Қатысқандар саны: 30

Қатыспаған оқушылар: 0

Оқу мақсаты: 3.2.1.2 өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына (жылу, жарық, ылғал) бейімделу жолдарын түсіндіру;

3.1.2.3 тәжірибені жоспарлау және жүргізу;

3.1.2.4 жүргізілген тәжірибе нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау .

Сабақтың

мақсаты:

Өсімдік тіршілігіне судың әсері туралы біледі.
Бағалау критерийі -Ылғалдылығы әртүрлі орта жағдайында өсімдіктердің тіршілік етуге бейім­делу тәсілдері туралы біледі;

-Әр өсімдіктің ылғалды сіңіру ерекшелігін салыстыра алады;

-Зерттеу нәтижесін диаграмма күйінде рәсімдейді.

 

Тілдік мақсат Пәндік терминология мен тірек сөздер: Булану.
Судың өсімдіктерге әсері туралы айтып бере алады.
Құндылықтар Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуін тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс Қазақ  тілі, математика.
АКТ қолдану дағдылары Таныстырылыммен жұмыс
Алдыңғы меңгерілген білім Оқушыларда екінші сыныпта шөлге төзімді және ылғалсүйгіш өсімдіктер мен олардың айырмашылығы туралы түсінік қалыптасқан.
Сабақ барысы
Жоспарланған уақыт Сабақта жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

 

Сабақтың басы 1 минут

 

 

 

 

 

2 минут

 

Шаттық шеңбері. Оқушылар бір-бірін қолдарынан алып, бір-біріне жылуын сыйлайды.

 Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан күнге.

Міне, менің қолым бос,

Жылуыма жылу қос.

 

Мұғалім-оқушы диалогі. Өсімдіктерге судың не үшін қажет екендігін талқылау. Судың қасиетін ескере отырып, оның маңызын айту. Сұрақтар:

Жер бетіндегі барлық өсімдік біркел­кі суарыла ма?

Егер олар көбірек суарылса не болар еді?

Ал аз суарылса ше?»

Көңілді әуен қосып қою.

Слайд №1,2

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

5 минут

 

 

2 минут

 

 

5 минут

 

 

 

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

7 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Тіршілік ету ортасы.Өзара жұптасып, тұңғиық пен жусанның тіршілік ету орта­сын талқылау. Оқушылар берілген суреттердегі жоғары температурада өсуге қалай бейімделгенін анықтайды. Қорытынды жасайды.

Тамыр.Өсімдіктердің тамырыларын салыстыра отырып, олардың ерекшеліктерін атау. Өсімдіктердің құрғақ және ылғалдыжерлерге бейімделуін талдау. Қорытынды жасау.

Жапырақ.

«Асық» арқылы топқа бөліп, кесте толтыру арқылы жапырақтардың ерекше белгілерін тауып, өсімдіктің ерекшелігін анықтау. Жапырақтың ерекшелігін сипаттау.

Мұғалімнің әңгімелеуі.

Жапырақтың пішіні мен көлемі өсімдік­тің қоршаған ортаға бейімделгенін көр­сетеді. Өзен жағасында, батпақта өсетін өсімдік ылғалдың мол болуына бейім­деледі. Бұл өсімдіктер су тапшылығына шыдамайды. Ыстық әрі құрғақ аймақта өсімдік бойындағы ылғал тез буланады. Ылғалды сақтау үшін кейбір өсімдіктің жапырағы жұқа балауызбен, кейбірінің жапырағы түкпен қапталады. Ал кейбір өсімдіктің жапырағы жіңішке әрі ұзын болып келеді.

Өсімдіктің көбі тіршілігіне қолайсыз жағдайда жапырағына, сабағына ылғал сақтау арқылы өзін құтқарады. Шөлді жә- не далалы аймақ өсімдіктері құрғақшы- лық түскенге дейін тез өседі. Олар өте қысқа уақыт ішінде жетіліп, тұқым түзеді. Мысалы, қызғалдақ сияқты өсімдіктер ерте көктемде гүлдеп, жаздың ыстық күндері жуашықтарын топыраққа жасырады.

Зертте. Зерттеуге арналған барлық топқа екі стақандағы бұршақ өсін­дісін тарату.

Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық

Зерттеу жүргізуге арналған сұрақтарды топта талқылау.

Сұрақтар:Өсімдікті сирек суарса, не бо­луы мүмкін? Өсімдікті жиі, бірақ бұрынғы­дан екі есе аз мөлшерде суарса, не болады?

• «Суару кестесін өзгерту өсімдіктің өсуіне қалай әсер етуі мүмкін?» деген сұраққа болжам жасау.

• Өзгеретін көрсеткішті/шаманы анықтап, «Нені өзгертеміз?» деп сұраққа жауап беру (Суару жиілігін неме­се суаратын судың мөлшерін.)

• Оқушылар нені өзгеріссіз қалдыруға болатынын және оны қалай істеу керектігін анықтайды. (Жарықты, су тем­пературасын, ауаны өзгеріссіз қалдырады.)

• Бақылау жасап, нәтижелерін кестеге түсіріп, зерттеу нәтижесін диаграмма күйінде рәсімдеу.

• Басқа топтардың нәтижелерімен салыстыру.

 

«Мұғалім-оқушы» диалогі.

Өсімдік өз қорегін өзі өндіретін тірі ағза. Ол үшін оған не керек екендігін мына «Сиқырлы қорапшаның» көмегіне жүгінейік (күннің жарығы, көмірқышқыл газ, су). Күн сәулесі жасыл жапыраққа түскенде, онда оттек пен қоректік зат – глюкоза түзіледі. Глюкоза өсімдіктің өсуі, дамуы үшін керек. Ал өсімдік ауаға оттек бөліп шығарады. Оттек барлық тірі ағзалардың тыныс алуына қажет.

Жер бетіндегі тіршілікке әсер ететін фотосинтез үдерісі осылай жүреді.

 

Ойлан.  Қарағай мен шырша неліктен қылқан жапырақтарын түсірмей, қыс бойы жасыл болып тұратынын талқылау. Жауап беру үшін қурап түсе бастаған ағаштың жапырағы мен қарағайдың қылқан жапырақтарын салыстыру­ ұсынылады.(Қылқан жапырақты өсімдіктердің ылғалды үнем­деуге және қыста жасыл күйінде қалуға бейімділі­гі болады. Қылқан жапырақтылар шағын аумақты қамтып, қалың қабықты, балауыз жұғыны бар боп келеді. Осының бәрі булануды едәуір баялатып, қыста өсімдіктерді қорғайды).

Сергіту сәті.

Бейнежазбадағы әуен ырғағымен билеу.

Сен білесің бе? Оқушыларға бетеге ұзаққа со­зылмайтын құрғақшылық кезінде ылғалды аз булан­дыру үшін жапырақтарын ішке қарай қайырып алаты­нын айтып беру.

—    Жазда дала шөптері суды үнемдеп жұмсайды. Мысалы, ыстықта бетегенің жіңішке жапырағы ылғалды үнемдеу үшін ішіне бүгіледі. Ауа ылғалды болса, қайта жайылады.

 Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады.

11-жұмыс парағы. «Өсімдік тіршілігіне су қалай әсер етеді?», 13-б.

Суды қалай сақтайды? Оқушылар өсімдіктердің суды қай мүшелерінде сақтайтынын суреттен табады.

(Жауаптары: Қараот суды қалың жапырағы мен сабағында сақтайды, жауын аз жауатын, температурасы жоға­ры аймақта тіршілік етеді).

Өсімдік тіршілігіндегі су. Бұл тапсырмада оқушылар қажетті сөздерді орнына қойып, сөйлемді толықтырады (Жауаптары: Өсімдіктердің жапырағы мен гүлі суды буланды­рады. Гүлдейтін өсімдіктерге өте көп ылғал қажет. Жіңішке жапырақтар ылғалды үнемдеп жұмсайды. Суды көп буландырғандықтан, жалпақ жапырақтардың беті жұқа түкшелермен қапталады. Кейбір өсімдіктер суды жапырағында, сабағын­да жинап, қуаңшылық кезінде пайдаланады).

12-жұмыс парағы. «Өсімдік суды қалай жұм

сайды?», 14-б.

Ойлан. Бұл тапсырма ылғалды үнемдеп жұмсау туралы алған білімдерін бекітуді көздейді (Жауаптары:

Жапырағындағы балауыз жұғыны, көлемінің кішіреюі, пішінінің тікенек боп өзгеруі).

Ерекшеліктерін анықта. Суретке суды аз және көп сіңіретін өсімдіктердің белгілерін жазады (Жауаптары:

Қызғалдақ пен бүлдіргеннің жалпақ жұқа жапырақтары, гүлдері мен жемістері ылғалды көп жұм­сайды. Түйе жантағының, селеудің жіңішке жапы­рақтары ылғалды үнемдеп пайдаланады).

Бағалау.

Бағалау критерийі Дескрипторлар
Өсімдіктердің бейімделуі -Өсімдік жапырағының қоршаған ортаға бейімделгенін біледі.

-Әр өсімдіктің ылғалды сіңіру ерекшелігін салыстыра алады.

Зерттеу жүргізу —      Зерттеу нәтижесін диаграмма күйінде рәсімдейді.
Тұңғиық пен жусанның суреттері

Слайд №3

 

 

 

 

Әр топқа кестені тарату

Слайд №4,5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Екі стақандағы бұршақ өсін­дісі, сызғыш, зерттеушінің күнделігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағай мен шыршаның суреттері

Слайд №6

 

 

 

 

 

http://balapan.kaztrk.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс

Сабақтың соңы

3 минут

 

 

Кері байланыс.

Қане, балалар!

Оқыдық, салыстырдық.

Тәжірибе  жасадық,

Соныменен сабақта

Нені оқып үйрендік?

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіп  сұрақтарға жауап  береді:

— нені білдім, нені үйрендім?

— нені толық түсінбедім?

— қандай жұмысты жалғастыру қажет?

 

 «Рефлексия» тақтасынан жеке парақшаларға жазылған сұрақтар

Слайд №7

 

Саралауоқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? Бағалау — оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралап оқыту үшін кейбір оқушыларға «Ең көп су қорын қандай өсімдіктердің жапырақтары жинай­ды?» деген тақырыпта зерттеу жасауды тапсыру.

Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру.

Сабақ барысында

-мадақтау, қолдау сөздер айту арқылы бағалау.

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау.

Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау.