Отбасы құндылықтары

 

 

Сабақ: Мектеп: «Н.Төреқұлов атындағы №13жом»
Сынып: 5 Мұғалімнің аты жөні: Акшаева А
Күні: Қатысқандар: Қатыспағандар:
Бөлім / тақырып Отбасы құндылықтары
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу 5. А/И 4.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар орындай алады:

Хат, өлең жазу үшін мәтіннен керекті ақпаратты ала алады.

 

 

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Хат, өлең жазу үшін оқиға желісін мәтін бөлімдерімен сәйкестендіреді

 

 

Кейбір оқушылар орындай алады:

Көркем шығармадан алған әсерін өмірмен байланыстырып, өз көзқарасын білдіреді.

 

Бағалау критерий:

 

1. Хат, өлең жазу үшін мәтіннен керекті ақпаратты  алады.

2. Хат, өлең жазу үшін оқиға желісін мәтін бөлімдерімен сәйкестендіреді

3 . Көркем шығармадан алған әсерін өмірмен байланыстырып, өз көзқарасын білдіреді.

 

Тілдік мақсат: Оқушылар орындай алады:

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Шүбәланған жоқ, қуаныштан есі шығып, беті ерте піскен алмадай  алабұртып, кіржиді, секектеп, тырайып ұйықтап қалды, күңкілдеп, баланың көздері кешегідей ұшқын шашып, жүзі де бал- бұл жана қойған жоқ, томаға-тұйық күйге енгендей.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Неліктен бала өз анасын сағынады?

Ана мен баланы сағыныш құрсауына ораған заман ба, тағдыр ма?

Бала ана мейіріміне мұқтаж боп,  шөлдеп жүр ме?

Ананың өз баласынан жырақта болуы оның тәрбиесіне кері әсерін тигізбей ме?

Ананың ақ сүтімен бала бойына даритын қасиеттерден бала құр алақан қалмай ма?

Бала өскенше ананың аялы алақанында болуы керек пе?

Анаңды қатты сағынсаң оған өлеңмен хат жаза аласың ба?

Құндылықтарға баулу:

 

 

«Мәңгілік ел” идеясының Құндылықтарын оқушы  бойына қалыптастыру  мақсатында отбасы құндылықтарын бағалауға, туыстық қарым- қатынастардың маңыздылығын сақтауға баулу.
Пәнаралық байланыс:

 

 

Өзін-өзі тану, қазақ тілі
Алдыңғы оқу:

 

 

Жазылым және айтылым дағдысы қалыптасқан, қарапайым үлгідегі өлең, хат түрлерін жаза алады.
Жоспар:
Жоспарланған уақыт: Жоспарланған жаттығу түрлері: Ресурстар
      2 минут

 

 

 

 

 

 

 6 минут

Топқа бөлу:

Қоржыннан нөмірленген асықтарды тарқатып, үш топқа бөлемін.

1.топ «Әке- асқар тау» тобы

2.топ « Ана- қайнар бұлақ» тобы

3.топ «Бала- жағадағы құрақ» тобы

Ширату жаттығуы:

«Миға шабуыл» әдісі арқылы өз жыр қоржынымнан «Бақыт құсы өзі-ақ қонар бағыңа!» деген өлеңімді мәнерлеп жатқа оқып беремін.Тыңдаушыларға ой салатындай, бағыт -бағдарымызды айқындап алу үшін төмндегідей сұрақтарды  қоямын:

1. «Бақыт құсының басқа қонуын» қалай түсінесіңдер?

2.Әрине, сендер үшін бақытты болу «білім шыңдарын»  бағындыру шығар? Бәлкім?

3.Сендер кімнің арқасында бақытқа кенеліп жүрсіңдер?

4.Бақытты болуларыңа септігін тигізген ең қымбат жан кім деп ойлайсыңдар?

5.Сөзсіз, ол жан анаң шығар?

6.Анаң сенің ішкі жан дүниеңді, толғанысыңды, тамырыңның бүлкілін тап басып сезе ме?

7.Анаң жаныңда болса да, оны сағынасың ба?

8.Ал егер анаң сенен тым жырақта болса, сағынышыңды тұсаулап, сабырмен оның оралуын күтер ме едің?

9.Өмірде ең жаманы- ең жақын адамыңды күткен болар?

10.Әсіресе, анаңды…

 

 

 

 

 

 

 

 

Өз жыр қоржынымнан

«Бақыт құсы өзі-ақ қонар бағыңа!» өлеңі

 

 

 

 

 

       5 минут

 

Тапсырма

1.Мәтінді түсініп оқы.

2.Мәтіндегі қажетті ақпаратты анықта және өзіңе керегін ал.

3.Өз пікіріңді тұжырымдап баянда.

 

 

 

Т. Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала» әңгімесі

 

Бағалау критерий:

 

Хат, өлең жазу үшін мәтіннен керекті ақпаратты ала алады.

 

Дескрипторлар:  

 

 

1.Мәтін мазмұнын ұғына алады.
2. Мәтіннен қажетті ақпаратты алады.
3.Өз пікірін тұжырымдап баяндайды.
     15 минут

 

 

2.Тапсырма 

 «Маңыздылық аймағы» әдісі арқылы мәтіннің оқиға желісіне талдау жасаймыз.

1.Туындының ең маңызды болып тұрған тұсын анықта.

 

 

 

 

 

 

2.Маңызды тұсы неде деп ойлайсың?

3.Аса маңызды емес тұсын анықта.

4.Мүлдем маңызы жоқ тұсы бар ма?

Кесте, маркерлер

А4 қағаз

«Маңыздылық аймағы» бойынша жұмыс жасаған негізгі идеяға сүйене отырып, «Ойлан, тап!» әдісімен кестедегі өлең ұйқастарын сәйкестендіріп, екі жолды егіз ұйқастарын жаса.

 

Ана ынтық балаға Сағынады баласын
«Ана»  аты болғасын Кетпейді ол санадан
Бәрі туды анадан Тербететін ғаламды
Жақсы көрем анамды Бала ынтық анаға
Анашымды сағындым Жылулық  бар сөзінде
Мейірім бар көзінде Сағыныштан сарылдым

 

 

Бағалау критерий:

 

Хат, өлең жазу үшін оқиға желісін мәтін бөлімдерімен сәйкестендіреді

 

Дескрипторлар:  

 

 

1.Мәтіндегі оқиға желісінің маңызды, ең маңызды тұстарын анықтайды.
2.Ең маңызды оқиғаны негізгі бөліммен сәйкестендіреді.
3. Оқиға желісі бойынша өз пікірін айта алады.
   15 минут 3.Тапсырма

1.Мәтіннен тірек сөздерді тап.

2.Алған әсеріңді ауызша баянда.

3.Көркем шығармадан алған әсерің бойынша өмірмен байланыстырып, авторға хат немесе өлең жаз.

                                             

 Маркерлер

 

 

 

 

Бағалау критерий:

Көркем шығармадан алған әсерін өмірмен байланыстырып, өз көзқарасын білдіреді.

 

Дескрипторлар: Дәптер, қалам
Мәтіннен тірек сөздерді таба алады.
Алған әсерін ауызша баяндай алады.
Көркем шығармадан алған әсерін өмірмен байланыстырып, авторға хат немесе өлең жазады.
     2 минут Кері байланыс

«INSERT» әдісі бойынша сабақты қорытындылау

Білемін Білдім Білгім келеді Мен үшін жаңа ақпарат
 

 

     
А4 қағаз
Қосымша ақпарат
Саралау

Оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларға тапсырмаларды қалайша күрделендіресіз?

 

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Денсаулық сақтау технологияларын сақтау.

 

Саралау Блум таксаномиясының негізінде жүргізілді. Тапсырмалар қарапайымнан күрделіге қарай, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып берілді.Топтар бір-біріне қолдау көрсетеді. Анағұрлым қабілетті оқушыларға өзі жазған туындысының хат немесе өлеңінің көркемдік ерекшелігін талдауды тапсырма етіп беремін.Өлеңнің, хаттың сәтті шығуына мұрындық болған теңеу, эпитет, метафора тағы басқаларын тауып, дұрыс қолданылғандығын  дәлелдейді.

Анаңды қатты сағынсаң оған өлеңмен хат жаза аласың ба?

«Бас бармақ», Қошемет көрсету, «Бағдаршам», Смайликтер. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтарын ескеру.
Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

 

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды.  Бүгін оқушылар сабақта мәтіннен алған ақпаратты, тірек сөздерді жүйелі пайдаланып,  хат, өлең жазуға дағдыланды. Сабақ жақсы деңгейде өтті. Жоспарланған саралау жақсы іске асты, тапсырмалар оқушылардың деңгейіне сәйкес болды. Уақытты үнемді пайдаландым. Тренердің кеңесіне сүйене отырып, жоспарымның түртіп алу кезеңіне өзгеріс енгіздім.Тренер «Маңыздылық аймағы» әдісін оңтайлы қолданудың көзін үйретті.

Қорытынды:

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1: Ширату жаттығуы сәтті шықты.

2: «Маңыздылық аймағы» әдісі.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді ( оқыту мен оқуға қатысты)?

1. Жұптық  жұмыс   оқушылардың  белсенділігін  арттырады.

 2.«Белсенді жазу»  әдісі  оқушылардың  топпен жұмыс жасап, талабын ұштауына ықпал етеді.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1:Шығармашылық жұмысты  орындау барысында оқушының сөздік қоры маңызды.

2:Жас ақындардың қаламын ұштауда шабыт беретін жағдаят пен ақпарат маңызды.