Ауа неден құралады?

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3-сынып

Тарау: Заттар және олардың қасиеттері. Ауа мен су.

Мектеп: Мектеп:«Сарқан ауданының  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Мұхамеджан Тынышбаев атындағы орта мектеп»  коммуналдық  мемлекеттік мекемесі

Мұғалім: Мулкибаева А.

Қатысқандар саны:       Қатыспаған оқушылар:

Күні:19.12  
Тақырыбы: Ауа неден құралады?
Оқу мақсаты:  3.3.2.1 ауаның құрамын сипаттау;

3.3.2.2 ауаның жануды қолдайтын қасиетін сипаттау;

3.1.2.3 тәжірибені жоспарлау және жүргізу.

Сабақтың мақсаты: Ауаның құрамын сипаттайды.
Бағалау критерийі Ауа құрамын сипаттайды;

Ауаның жануды қолдайтын қасиетін біледі;

Тәжірибені жоспарлайды және жүргізеді.

Тілдік мақсат Ауаның құрамын сипаттап айта алады.
Пәндік терминология мен тірек сөздер: Азот, ауаның құрамы.
Құндылықтар Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуін тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі, математика
Алдыңғы меңгерілген білім Атмосфера туралы біледі.
Сабақ барысы
Жоспарланған уақыт Сабақта жоспарланғаніс-әрекет Ресурстар

 

Сабақтың басы

1 минут

 

 

5 минут

 

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында бір-біріне «Ыстық алақан» ойыны арқылы  тілек білдіреді.

Күндей жылы бол!
Алмадай тәтті бол!
Доптай көңілді бол!
Айнадай жарық бол!

Шешіп көр.

Оқушылар жұптасып жұмбақтың шешуін табады. Жұмбақтың шешуінің қасиеттерін сипаттау үшін жетекші сұрақтарды «Доптың сұрағы» ойыны арқылы қою.

— Біздің өміріміз үшін қандай заттар қажет?

— Жұмбақта жасырылған зат қандай күйде болады?

— Біздің өміріміз үшін қажетті қандай зат газ күйін­де болады?

— Бірінші шартты белгі қандай қасиетті меңзейді?

— Екінші белгіде не бейнеленген?

— Үшінші белгі нені білдіреді?

Сұрақтар бойынша барлық жауаптар талқыланып, қорытынды шығарылады.

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

 

 

 

 

Доп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

7 минут

Айырмашылығын тап.

Мақсаты: Заттардың се­беп-салдар байланысын анықтау, Жер ғаламшары мен Марс (Қызылжұлдыз) ғаламшарларын салыстыру.

Оқулықта берілген ғаламшарлардың суреті бойынша әңгімелеу. Сұрақтарға жауап беру.

Жетекші сұрақтар:

— Жер ғаламшары мен Қызылжұлдыздың түстері қандай?

— Ғаламшарлардың қайсысы қызыл түсті?

— Жер туралы не айта аласың?

-Қызылжұлдыз ғаламшары неліктен қызыл түсті деп ойлайсың?

— Қызылжұлдызда тіршілік бар ма? Неге олай ойлайсың?

— Оқулық кейіпкерлерінің қайсысын Қызылжұлдызға жіберер едің? Неліктен?

— Скафандр не үшін қажет? Ойыңмен бөліс.

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Ауаның құрамы.

Мақсаты: Ауа құрамын анықтап, ауада қандай зат көбірек кездесетінін сипаттау.

Жетекші сұрақтар арқылы ауаның құрамымен танысып, олардың атауларына назар аудару. Сұрақтар:

—          Диаграмма неге ұқсайды?

—          Торттың ең үлкен бөлі­гі қайсысы? Оны қалай атайды?

—          Ауадағы оттек қайдан пайда болады?

—          Оттекті фотосинтез үдерісі кезінде өсімдік­тер бөледі.)

—          Дем шығарғанда қандай газ бөлінеді?

—          Ауадағы басқа да газдар қа­лай пайда болады?

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

От пен ауа.

Мақсаты: Оттың жану себептерін анықтау.

Оқушылар жұптасып, оқулықта берілген суретті талдайды. Суретшінің қандай қате жібергенін анықтап, оттың қай кезде жанатынын және қай кезде жанбайтынын сипаттайды. Әр жұп өз ойларымен бөлісіп, қорытынды шығарады. Кесте толтырады.

 

Отты тұтандырады Отты өшіреді
   
   
   

ҚБ. «Смайликтер» арқылы тапсырманы бағалау.

Зерттеу жұмысы.

Мақсаты: Оттың жануына ауа қажет деген болжамды қалай дәлелдеуге болатынын анықтау, оттың жануы үшін ауа қажет екенін түсіну.

Ресурстар таратылады: Үш балауыз шам тәрелкелердің дәл ортасына бекітіледі, бір литрлік және үш литрлік құтылар.

Зерттеудің болжамын анықтау:

-Оттың жануына ауаның қажеті бар ма әлде жоқ па екендігін болжау;

— Оттың жануына ауаның қажетін дәлелдеу.

Зерттеу жұмысын оқушылар жұптасып жүргізеді.

Зерттеу жүргізуге нұсқаулық:

— Балауыз шамдарды жағып, екі балауыз шамның үстіне бір уақытта бір литрлік және үш литрлік құтыларды қойып, біреуін ашық қал­дырады.

— От жану үдерісін бақылайды.

— Қорытындыны жазып, зерттеушінің қойын дәптері­не жасалған тәжірибенің суретін салады.

— Тәжірибе жүргізуге арналған жоспар мен тәжіри­бенің жүру барысын салыстырады.

Саралау: Ынтасы жоғары оқушылар жұбына немесе жеке оқушыға бұл тәжірибені басқаша жасау жолын құрастыру ұсынылады.

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Сергіту сәті.  Бейнежазба әуенімен дене жаттығуларын орындау, билеу.

Мұғалім-оқушы диалогі. Ойлан.

Мақсаты: Ауаның құрамы неліктен өзгеріске ұшырайтынын анықтау. Жетекші сұрақтар арқылы ауылды жерлер мен өнеркәсіп орындары бар жерлерде тыныс алудың маңызы туралы ой қорытады.

Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады.

49-жұмыс парағы. «Ауаның құрамы», 51-б.

Ауа неден құралады? Диаграммада берілген орынға сәйкес келетін газ атауын жазады; диаграммадан тірі ағзалар тыныс алғанда жұтатын газды анықтайды да, осы жерді қызыл түспен бояйды; адамдар мен жануарлар дем шығарғанда бөлінетін газды жасыл түспен бояйды.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

—          Ауа неден тұратынын анықтайды;

—          Адамдар мен жануарлар дем шығарғанда бөлінетін газды біледі.

Құрамының өзгеруі. Ауадағы газдың көлемін кө­бейтетін заттардың атауын сәйкес шеңбердің тұсына жазып шығады.

50-жұмыс парағы. «От», 52-б.

Орналастыр. Оқушылар отты тұтандыратын жағдай­ларды тауып, сызбаның сәйкес бағандарына жазу.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

—          Отты тұтандыруға қатысты суреттерді анықтайды;

—          Отты өшіруге қатысты суреттерді анықтайды;

—          Сызбаның сәйкес бағдарына тиістісін жазады.

Қауіпсіздік ережелері. Оқушылар үйде өрт шығу­дан сақтайтын қауіпсіздік ережелері туралы сөйлем­дер құрап, оларды жазып қояды.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

—          Өрттің алдын алу жолдарын біледі.

ҚБ. Мұғалімнің жазбаша қалыптастырушы бағалауы.

Оқулықпен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Картоннан жасалған ауа құрамы диаграммасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үш балауыз шам тәрелкелердің дәл ортасына бекітіледі, бір литрлік және үш литрлік құтылар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс

 

Сабақтың соңы

4 минут

—————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————

Кері байланыс. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін параққа жазады.

Эссе парағы

Эссе парағы

 

Қосымша ақпарат
Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? Бағалау — оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы
Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру. Сабақ барысында

-мадақтау, қолдау сөздер айту арқылы бағалау.

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау.

Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау.