2019 — Жаңа жылдық мереке

                                     

                                     2019 — Жаңа жылдық мереке

Балалар әуенмен залға кіреді

1 Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме,құрметті қонақтар,Жаңа жылға арналған ертеңгілігімізді бастаймыз

2 Жүргізуші:Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне сұлу шыршамыз

Тұр ғой көптен күтіп сағынған

 

Тақпақтар; Анеля, Санжар, Нұртас, Арьям, Сардар

 

1 Жүргізуші:Шыршаларың қандай әдемі,тек шамдары ғана жанбай тұр

Барлығымыз бірге: «Бір, екі,үш Шырша,шырша жарқыра»

Шыршаның шамы жанбай қалады. Карға ұшып келеді.

Қарға :Кар-кар! Бұл жерде не болып жатыр, қолдарынды шапалақтап сиқырлы сөзді ұмытып кеттіндер ме? Мен сиқырлы сөзді білемін, Өтінемін, плиз!

Осы сөздерді айтсаңдар ғана шамдар жанады

2 Жүргізуші: Бұл тағы қандай сөз ? Плиз?

Қарға: Бұл ағылшын тілінде -Өтінемін! Мен әлемнің әртүрлі жеріне ұшып барамын, әр түрлі тілдерді білемін, Мен халықаралық байланыстарды құрамын. Міне қазір маған Халықаралық кездесуге бару керек. (Ұшып кетеді)

1-Жүргізуші: Міне ұшып кетті. Қанекей келіндер біздің шыршамызды жандырайық. Бір , екі, үш Біздің Жана жылдық шыршамыз жансын!

(Шыршамыз жарқырап жанады)

2-Жүргізуші: Қане ортаға тұрайық, Жана жылды жалғастырайық

                                         

  1. Ән «  Жаңа жыл»

 

1-Жүргізуші:Жана жыл мерекесінде ең басты кейіпкеріміз кім? Бүгін бізге сыйлықтармен кім келеді?

Балалардың жауабы: Аяз Ата

Жүргізуші: Иә, әрине, Әр жыл сайын біздің мерекеге көп сыйлыктармен Аяз ата келеді.

Сыйлыктың ішінен Эльф (гномик) шығады. Жүргізушілер келіп, тұруга көмектеседі. 

 

Эльф:  Ой-ой-ой маскара, Барлығына калай үлгереміз?

(Шашылып қалған сыйлыкты жинайды.)

1-Жүргізуші: Сәлеметсіз бе,сіз кімсіз? Сізге не болды ма?

Эльф: Не болды? Не болды? Уакыт болса аз калды, ал біз әлі үлгермей жатырмыз! Ал Жана жыл болса жақындап қалды!

Шанадағы бұғылар жоқ… Шұлықтарға сыйлықтар қойылмады…

2-Жүргізуші: Қандай шана? Қандай шұлық? Мен ештене түсінбедім!

      Эльф Бірақ ол әлі сақалын алған жоқ! Оған әлі көзілдірігін сүрту керек, белбеу мен етігін тазалау керек!

1-Жүргізуші: Балалар, ештене түсінбей жатырмын, кімге не үшін сақалын алу керек? Қандай көзілдірік? Қандай белбеу?

       Эльф Қайда ол жүр екен? Неге ол кешігіп жатыр екен?

2-Жүргізуші: Кымбатты досым, кім ОЛ? Кімді жоғалтып алдыңыз? Кімді асыға күтіп тұрсыз?

Эльф: Біздің Санта жоғалап кетті! Санта! Санта! (шақырады)

                   (Санта Клауз шыгады Джингл Белг Музыкасы қосылады)

      Санта Клаус: Хо! Хо! Хо! Хэппи Нью Еа, май фрэндз!

1-Жүргізуші: ААА, енді барлығы түсінікті балалар, бұған не үшін қажет болды, өйткені Санта Калус бұғы шанасымен аттанды. А Біздің Аяз Атамыз кайда?

Эльф: Үш жылқымен жегілген шанада келе жатыр.

2- Жүргізуші: Бізге шұлықтарда керек емес, өйткені Аяз ата сыйлыкты қапқа салып әкеледі гой!

Санта Клаус: Хэллоу, чилдрен!

 

1-Жүргізуші: Не? деп айтты ? түсінбей жатырмын ? не істейміз ?

                                                 ( қарға ұшып келеді)

Қарға: Қап, Халықаралық кездесуге кешігіп қалдым

 

(Қарға Сантаға тұз қосылған гамбургер береді)

 

Қарға: Міне,айналайын, саған тұз қосылған гамбургер

Санта- Клаус: О, ес, ес.

(Санта бір рет тістеп,тыржияды).

Қарға: Қарны ашқан ғой,түрі де жүдеу екен?

Санта- Клаус: А эм Санта Клаус!

Қарға: Бізге не айтқаның кім аударып береді екен?

Қарға: Мен, Әрине аударып берейін!

ОЛ айтты Менің атым Санта Клаус деп!

Санта Клаус(Эльфқа карап). Висиз май фрэндз!

Қарға: Ду Ю спик раша?

Санта Клаус: Ноу!

Қарға: Бұл жаман болды гой

 

 

2-Жүргізуші:  Енді Санта бізге қонаққа келгенсін, оған бізбен бірге қыстың ән-биін билеуге мүмкіндік берейік!

 

 

 

        

  1.     Ән -би  « Хоровод англ»

Санта: ху из ху?

шыршаны көрсетеді

1-Жүргізуші: Карға бізге аударып берші.

Қарға: (Қолындағы блокнотын ашып, қазақша аударған болады)

-«Қандай әдемі шырша, оны қалай әдемі қылып безендірдіңдер»- дейді?

 

                               3.Ойын : «Шарларды ілейік» (екі шыршаны безендір.)

Балалар ойнайды,отырады

2-Жүргізуші Әрине, біз қуаныштымыз, Санта-Клаус, сіз біздің мерекемізге келдініз, ал сен Дед мороз деген әріптесіңізбен таныссыз ба?

Санта: ноу ноу!!!

1-Жүргізуші :  Санта бізбен қала тұрыныз, біз қонақ күтіп отырмыз Солтүстіктен –Дед мороз бен  Снегурочканы!

Санта: Әрине  осындай маңызды қонақтарымызды күтемін. Бірақ біз оларды тосқанша көңілді көтере тұрайық!!!

Тақпақтар; Аида, Амина, Аңсар, Олжас, Ясмина

                                       

  1. Би « Жұппен» (барлығы)

 

Қарға:  ойын ойнайық

  1. Ойын :« Қар лақтыру» ата-аналар ойнайды

 

 «Три белых коня» музыкасымен Дед Мороз бен  Снегурочка кіреді

 

Дед Мороз: Здравствуйте, детишки, девчонки и мальчишки! Всех приветствую!

Снегурочка: Здравствуйте! Очень рады с вами встрече!

Балалар амандасады

Санта Клаус: Хеллоу! Хау ду ю ду.

Жүргізуші: Здрвствуй  Дедушка Мороз!

Дед Мороз: Ого-го-го! Ушам своим не верю! Санта Клаус на нашем празднике! Рад видеть вас друзья  мои! Значит праздник наш вдвойне веселей! Становитесь в хоровод, ведь сегодня Новый год!

                                   

                                6.Хоровод « Музыкальная игра»

 

2- Жүргізуші: Ал, Балалар, қанекей, Аяз атаны шақырайық!!!

 

(Өлең жүреді «Жаңа жыл» гр. «жігіттер» . Аяз ата мен Ақшақар шығады)

 

 

 

Аяз Ата:

Жана жылда бакыт кандай, нұр кандай!

Бар алемге салтанатын кұрғандай.

Әрбір халык сөйлеген мен әртілде,

Сенің арқан ел боп менің жатқаным.

Ақшақар:

Тойга келген халайық

Көніл хошын табайық

Жана жылдык сарай төрінде

Құтты болсын мереке.

Аяз-Ата: Сәлеметсіздер ме, балалар!

Ақшақар: Сәлеметсіз бе! Сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын!

1-Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Аяз Ата! Ақшақар

2-Жүргізуші Қандай керемет, Аяз атаның бізге карнавалға келгені! Келіңіз, Келіңіз! Біз сізге өте қуаныштымыз.

 Аяз ата: Ого-го-го! Мен көзіме сене алмаймын! Санта Клаус біздің мерекемізде! Дед Мороз!! Достарым сіздерді көргеніме өте қуаныштымын!

(  Аяз атамен Санта Клаус, Дед мороз құшақтасады)

Аяз ата: Мерекеміз екі есе көңілді өтеді, дөңгеленіп тұрамыз, өйткені бүгін Жаңа жыл!

  1. Хоровод «Шырша жыры»

                                               (шыршаны айналады)

1-Жүргізуші:

Біздің балалар сіздерге арнап өлеңдер мен әндер дайындады.

Сафина, Сабина, Амаль, Айбатыр, Алихан, Әбдікәрім

                                                   8.Ән « Аяз ата»

Аяз Ата: Жаксы! Тамаша!

2-Жүргізуші: Біз білеміз, Аяз-Ата шығыста тұрады. Сондықтан, ол Шығыстық биді жақсы көреді.

Аяз – Ата : Балалар би билегенді жақсы көремін!

  1.      Би: «Шығыс биі» орындалады.

Санта- Клаус: Хэппи Нью Еар.

 

Аяз ата: Ол не сұрап жатыр? Кәнекей халықаралық маман,аудар!(қарғаға қарап)

Қарға: Хэппи… хэппи… ААААА…. жақсы көреміз ба біз Жаңа жылға жаңа сыйлық алуды? Иә ,әрине, жақсы көреміз. Кім жақсы көрмейді? Бізде ақымақтар жоқ!

Аяз ата : Жоқ біз сыйлықты алу емес , сыйлауды жақсы көреміз! Аударшы оған.

Қарға: Лав ю даринг подаркинг. (Қолдарымен көрсетеді)

Санта- Клаус: О, ес,ес! Ай, хэв ту гет баск?

Аяз ата: Олар не айтты?

Қарға: Оларға кету керек өз балаларына , Лондонға

Аяз ата: Сау болыңыз, Санта Клаус! Сау бол Дед мороз

 Дед Мороз:Досвидания

Санта- Клаус: Гут бай

Кетеді

Қарға: Сау болыңдар,Гудбай май лав! (Орамалмен бұлғайды)

Аяз ата:

Жаңа жылда балалар,

Тек куаныш көріңдер

Аурымандар ешқашан

Үнемі көңілді жүріңдер

Ақшақар:

Тілеймін мен бар әлемгге тыныштық

Тілеймін мен бар адамға

Жаңа бақыт жаңа жыр

Құтты болсын Жаңа жыл!

 

                                                10.Би «Аққала » ұлдар билейді

 Аяз ата: Ал енді , сендермен бірге ойын ойнайық.

                                       11.Ойын «Орындық»

 «Орындық» (4 орындық, бес бала, кім бірінші орындыққа отырады).

Ақшақар: Ата , сіз шаршаған боларсыз, отыра тұрыңыз, балаларға қарай тұр, ал олар саған тақпақтар айтсын.

Тақпақтар: Ислам, Айлина, Аружан, Мағжан, Айнель, Айлин

                                      

                                      12.Ойын «Пима»

 ( аяқтарына пима киіп, кім бірінші шыршаны айналып,бәйгеге бірінші болып жүгіріп келсе,сол жеңеді)

Ақшақар: Аяз Ата,балаларға сыйлықтар тарататын кез де келді

Аяз ата: Дұрыс айтасың,Ақшақар(таяқпен ұрып айтады)

-2019  Жаңа жыл ортаға келсін!!!

              

     (Осы кезде Доңыз  шанамен сүйреп сыйлықтарды кіргізеді)

Доңыз: Сәлеметсіңдер ме, Балалар , Аяз Ата мен сіздің тапсырған сыйлықтарыңызды ала келдім.

                     

 

  1. Барлығы бірге «Жаңа жыл» әніне тұрады

 (Аяз ата мен  Ақшақар және Доңыз сыйлықтарды таратады)

Аяз ата; Жаңа жылымыз құт береке әкелсін!

Ақшақар:Жаңа 2019 жыл бізге тек қана жақсылық әкелсін!

Бәрі бірге; Құтты болсын,құтты болсын Жаңа жыл!