Ұлттық ойындар арқылы еңбекке тәрбиелеу

Ұлттық ойындар арқылы еңбекке тәрбиелеу.

 

Ойын-оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы,әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категориия. Сонымен бірге  ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде де қолдануға болады. Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал.Сондықтан да бастауыш,дайындық сыныптарда сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді.Оларға пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады.Мысалы дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ,сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшеліктеріне сай болып күрделенген жөн.

Абай Құнанбаев «ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болама?»-деп айытқандай баланың өміріңде ойын ерекше орын алады.Әсіресе ұлттық ойындарды ойнатқан жөн деп санаймын.Мысалы: «Ойна да ойлан» атты тәрбие жұмысында балаларға сан,пішін,көлем,кеңістік,уақытты бағдарлауға үйретуде қазақтын ұлттық ойындары «Теңге алу», «Бәйге» «Көңілді керуен» «Қыз қуу» ойындарын ойнатуға болды.Көрнекті құралдарға ұлттық бұйымдар мен ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдаланып,мысалы: «Киіз басу,құрақ құрау»ойындарын ұйымдастыру.

Балалар ұлттық ою — өрнектердің бейнелеу нақыштарының сырын ұғынып,ойындар арқылы ою тармақтарының нені бейнелейтіні жайлы түсінік алады. Ойынның мақсаты:

Балаларды ою-өрнекпен таныстыру және ұжыммен жұмыс істеуге үйрету.Қазақ халқы саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысын,қабілетін дамытқан «Бес саусақ, Қуырмаш. Санамақтар» ойындарын ойнату арқылы.

Ойынның түрлері көп.Ойынның түпкі нысаны балалардың ойына,қиялына қанат беріп, ойын ұштау.Балалардың бойына халықтық педагогиканың тағлымдарын дамыту үшін әр сабағымызды түрлендіріп, ауыз әдебиетінің үлгілерін, ұлттық ойындарды пайдалану.Бұл бір жағынан ұлттық дәстүрді біте-бірте үйретуге бағытталса, екігшіден баланы білуге, үйренуге деген қызығушылығын  арттырады. Мысалы «Алты қақпа» ойының «Жануарлар дүниесі», «Жыл мезгілдері», т.б. тәрбие жұмытарында пайдалануға болады.Барлық тәрбие сәттері баланың тілін дамытуға, ойлануға, санап үйренуге,бейнелеу,мүсіндеу өнерінің қарапайым тәсілдерін меңгертуге сан алуан тәрбие тағлымдарын ойын арқылы жүзеге асыруға болады                                                                                   .Үйренген білім дағдыларын бекіту үшін «Ғажайып алаң» ойының ойнатуға болады.Дене тәрбиесі сабағында жәнеде басқа сабақтарда «Алтыбақан», «Көкпар», «Арқан тарту» т.б.Ойындарды ойната отырып,балаларды батылдыққа,шапшандылыққа, ептілікке баулимыз.Қазақ халқының ойындарын ойнату арқылы балаларды қазақ халқының дәстүрін,әдет-ғұрпын жоғалтпай,одан әрі дамытуға,өз ұлтына деген сүйіспеншілігі жастайынан сініріп,оны құрметтеуге тәрбиелейіміз керек.Халықтық әдет-ғұрпын, дәстүрін жас ұрпақтың бойына сіңіру,ойын арқылы дарытып,көңіліне қондыра білу,өмір қажетінен туып отыр.Өйткені баланы нәресте шағынан басатп адалдыққы,мейірімділікке,еңбек етуге тәрбиелеудің құралы ойын.Ойын-тәрбиенің бастауы.

Ойын түрлері:

Бәйге ойыныңда екі топтан екі оқушымен ойналады.Екеуі келіп сұрақтар алады.Кім тез жауап берсе , сол дереу тақтадағы өз жорғасын мәреге жеткізеді.

Хан талапай ойыныңда Балалрды үш топқа бөліп,алдарына асықты шашамыз. Олар асықтағы нөмірмен сұрақтарға жауап береді.

Орамал тастамақ ойыныңда ойын ұжыммен ойналады. Ойынды алдымен өзім бастап кезкелген өрнекті дауыстап айтып (2+3), орамалды бір оқушының алдына қоямын.Сол оқушы бөгелместен 2мен3-тің қосындысы 5-ке тең деп айту керек.Ары қарай балалар ойынды өздері жалғастырады. (басқа пәндерге де пайдалануға болады).

Ойын- баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады. Сонымен қатар, ойын- тынысы кең, алысқа меңзейтін, ондай- ойға жетелейтін, адамға қиял мен қатар беретін ғажап нәрсе.

Ойын- тиімді тәсіл.

Жалпы бастауыш сырып оқушыларының мектепке дейінгі еңнегізгі ісі ойын болғандыктан, оқытып үйрету барсынында олар біртіндеп ойын әркетінен танып әрекетіне түрлі ойындарды ойнау барысында бейімделуі тиіс.

Я.А. Каменский: «Ойын – айналадағы дүниені танудың тәсілі», — деп атап көрсеткен болатын. Осы сөздің өзінен – ақ  балалардың танымдық әрекетін қалыптастыруға ойынның қаншалықты маңызы бар екенін түсінуге болады.