Ас қайда қорытылады?

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3 д

Жанды табиғат. Адам.

 

Мектеп:

Аймагамбетова Алия Гимеденовна

Қатысқандар саны: 24

Қатыспаған оқушылар:

Күні:  
Тақырыбы: Ас қайда қорытылады?
Сабақтың

мақсаты:

Адам ішкі ағзаларының орналасуын біледі;

Асқорыту жүйесінің тіршілікке қажетті энергияны алудағы рөлін сипаттайды.

Бағалау критерийі Асқорыту жүйесінің маңызын біледі;

Адамның ішкі ағзаларының орналасуы біледі;

Тіршілікке қажетті энергияны тамақтану арқылы алуға болатынын түсінеді;

Ақпарат көзінің түрлерін анықтайды.

Тілдік мақсат Тірек сөздердің мағынасын түсіне отырып, астың қорытылуын айтып береді.
Пәндік терминология мен тірек сөздер: Асқорыту.
Құндылықтар Оқушыларды өзара ынтымақтастыққа,  бір біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Дұрыс тамақтану  әдебін қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі, математика.
АКТ қолдану дағдылары Таныстырылыммен жұмыс
Алдыңғы меңгерілген білім Оқушылар 1-2 сыныптан  адамның негізгі дене мүшелерін және олардың қызметтерін біледі,  адамның өсу және даму қажеттіліктерін түсінеді.

 

Сабақ барысы
Жоспарланған уақыт Сабақта жоспарланғаніс-әрекет Ресурстар

 

Сабақтың басы

1 минут

 

 

 

 

3 минут

 

Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта ынтымақтастық ортасын орнату. Оқушылар төмендегі өлең жолдарын айтады.

—          Біз бақытты баламыз,
Ойнап күліп аламыз,
Жетілсін деп санамыз,
Оқып білім аламыз!

 

Сұхбат. «Микрофон» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру. Дұрыс тамақтану туралы білімдерін анықтау.

Сұрақтар:

  1. Адам өмірінде тамақтың алатын орны қандай?
  2.  Адамдар тамақтанбай ұзақ уақыт жүре ала ма?
  3. «Асқорыту» сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Жұптасыптысырып, дұрыс тамақтануға байланысты білімдерін жетілдіре мақсатында кластер құрылады.

Дұрыс тамақтану

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Слайд №1,2

 

 

 

 

 

Микрофон

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

2 минут

 

 

 

 

 

3минут

 

 

 

2 минут

 

 

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

 

2 минут

8 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Асқорыту қайдан басталады? Оқушылар екінші сыныпта тіс туралы өткен мәліметтерді еске түсіреді. Талқыланатын сұрақтар.

-Тістің қандай түрлері бар?

-Тістің пішіні мен са­улығы неге байланысты болады?

-Қандай тамақты оңай жұтуға бо­лады?

-Не үшін тамақты әбден шайнау қажет?

Асқорыту жүйесі. Оқушылар жұптасып, астың ағзада жылжу қозғалысы бойынша асқо­рыту жүйесі мүшелерінің атын атап шығу  ұйымдастырылады. Бұл тапсырмада асқорыту мүшелерінің атқаратын қызметтері айқындалады.

Зерттеу жұмысы.

Мақсаты: Адамның ішкі мүшелерінің орналасу ретін анықтап, асқорыту үдерісін бірнеше кезеңге бөлуге болаты­нын біледі.

Оқушыларды асқорыту мүшелерінің суреттері арқылы «Мозайка» әдісі арқылы топтарға біріктіру.

Ресурс таратып беру: ватман, маркер, ішкі ағза мүшелерінің суреттері, түрлі-түсті фломастерлер

Жүргізуге арналған нұсқаулық

• Адам сұлбасын салу.

• Ішкі ағза мү­шелерінің суреттерін қиып, оларды бояу.

• Ішкі мүшелердің аттары жазылған жапсырма­лар дайындау.

• Дайын жапсырмаларды асқорыту жүйесі мүшелерінің адам денесінде орналасуы бойынша адам сұлбасына жабыстыру.

• Асқорыту жүйесі мүшелерін белгілеп, асқорыту үдерісі кезеңдеріне сәйкес топтастыру.

• Топ ішінде асқорыту мүшелерінің атаулары мен орналасу тәртібін талқылау.

• Зерттеу жұмысын қорытындылау. Асқорыту үдерісінің  кезеңдерін анықтау.  Асқорыту мүшесінің маңыздылығын өзара талқылау.

• «Мен зерттеушімін» бөлімін жүзеге асыру.

—          Зерттеу жұмысы барысында қандай дереккөздер пайдаландыңдар?

—          Қай ақпарат көзі пайдаланған тиімді болды?

Мұғалімнің ауызша  бағалауы

Сен білесің бе?

Мақсаты:  Оқушылар асқорытуды жеңілдету жолдарымен таныса отырып, дұрыс шайналған және дұрыс шайналмаған астың ерекшелігін түсіну.

Сергіту сәті.

Бейнежазба әуенімен дене жаттығуларын орындау, билеу.

—   Дене жаттығуларын тамақтанған соң жасауға болады ма?

Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады.

32-жұмыс парағы. «Асқорыту мүшелері», 34-б.

Асқорыту жүйесі. Оқушылар асқорыту мүше­лерінің суретін салады, аттарын жазып, суреттерді бояйды. Сұрақтарға  жауап береді.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

—  асқорыту үдерісі қайда басталатынын түсінеді;

—  үдеріске қатысатын ағзадағы сұйықтықты атайды.

Қай сөз артық?  Оқушылар артық жауапты алып тастап, өз жауабын дәлелдеп береді.

Бағалау. Дескриптор:

— асқорыту мүшелерін біледі;

— өз жауабын дәлелдейді.

33-жұмыс парағы. «Асқорыту кезеңдері», 35-б.

Дұрысын тап. Оқушылар асқорыту үдерісінің ке­зеңдерінің ретін анықтайды. Жауабын жазады.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

—     ас бөліктерінің ауызда ұсақталуы, сілекеймен араласуын біледі;

—     астың қарапайым элемент­терге: нәруыз, май, көмірсуларға бөлінуін түсінеді;

—     құнарлы заттардың атай алады;

—     қорытылмаған және қажетсіз ас қалдықтары­ның сыртқа шығуын біледі.

Үдеріс формуласы. Оқушылар асты қорыту үдерісінің жетіспей тұрған бөлігін толықтырады.

Асқорыту. Оқушылар асқорыту кезеңдері сызба­сының жетіспейтін бөліктерін толтырады.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

— асқорыту үдерісін түсінеді;

— Асқорыту кезеңдерін ажырата алады.

Мұғалімнің жазбаша  бағалауы

Тістің суреттері

Слайд №4,5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Асқорыту мүшелерінің суреттері

Ватман

Слайд№5,6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс

 

Кері байланыс. Оқушылар кері байланысқа  сұраққа жауап берді:

1.      Бүгінгі сабақ саған қаншалықты ұнады?

2.      Тапсырмалар орындауға оңай болды ма?

3.      Қандай тапсырманы орындау кезінде қиналдың?

 

 

Тазалық тақтасы

Слайд №7

Сабақтың соңы

3 минут

 

 

Қосымша ақпарат
Саралауоқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? Бағалау — оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтау бойынша саралау:

—          Жоғары ынталы оқушыларды саралап оқыту мақсатында адамның тамақтануындағы су ішудің рөлі мен ерекшеліктері туралы буклет жасап, сыныпқа көрсету.

Тапсырмалар бойынша саралау:

—          Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру.

—          Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты әртүрлі тапсырмалар ұйымдастыру.

 

Қалыптастырушы бағалау құралдары:

-мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту);

— өзара бағалау: «Кімнің ас мәзірі ұнады?»

— мұғалімнің  жазбаша кері байланысы

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау;

 

-Сергіту жаттығуын орындау

— әрекеттерді жиі ауыстыру

— қауіпсіздік ережелерін сақтау