Сөздердің көп мағыналығы. Синоним. Омоним. Антоним

Мектеп: Әулиеағаш орта мектебі

Пәні: «Қазіргі қазақ тілі»

Күні:______________________

Сынып:11

Сабақтың тақырыбы:  Сөздердің көп мағыналығы. Синоним. Омоним. Антоним

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Омоним, синоним, антонимдер туралы түсініктерін тексеру, өткен тақырыптарға мысалдар келтіру.
    Дамытушылық: Өзіндік жұмыс түрлерін орындату арқылы ой — өрістерін кеңейту, шығармашылық тапсырмалар арқылы сөйлеу тілдерін дамыту, шығармашылық қабілетін жетілдіру.
    3. Тәрбиелік: Мақал — мәтелдерді орынды қолдана алып, оның тәрбиелік мазмұнын ұғынуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдістері: сұрақ — жауап, баяндау, талдау.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет

Сабақ көрнекілігі: кесте, венн диаграммасы.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:
  2. Оқушылардың сабаққа қатысуын, даярлығын тексеріп, назарларын сабаққа аудару;

Үйге берілген тапсырманы сұрау.   Пысықтау сұрақтары

  • Сөз деген не? Белгілі бір ұғым берілген атау.
  • Сөз мағынасы деген не? Сөздің ішкі жағы, яғни мазмұны.
  • Сөздің қандай мағыналары болады? Тура және ауыспалы мағыналары.
  • Сөздің тура мағынасы деген не? Негізгі, бастапқы мағынасы
  • Сөздің ауыспалы мағынасы деген не? Келтірінді мағынасы.

ІІ.  Жаңа сабақ

Сөздер өзінің негізгі мағынасынан басқа да мағынада қолданыла береді. Бірнеше мағынада қолданылатын сөздерді көп мағыналы сөздер дейді.

Көп мағыналы сөздер көркем шығармаларда жиі қолданылады.

Көп мағыналы сөздер мен омонимдерді шатастыруға болмайды. Көп мағыналы сөздердің әр мағынасы бір-біріне жақын, бір-бірімен байланысты болса, омоним сөздердің мағыналары бір-бірімен байланысты емес, мағыналары бүтіндей бөлек болады.

Венн  диаграммасы.

  1. Көп мағыналы сөздердің өзіне тән белгілері.
  2. Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің ортақ қасиеттері.
  3. Омоним сөздердің өзіне тән белгілері.

 

 

1 2

 

3
1.Бір сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуы

2. Көп мағыналы сөздер бір негізден

 

1.      Бір сөз байлығын көрсетеді

2.      Біркелкі дыбысталады

  1. Айтылуы бірдей мағыналары бөлек
  2. Әр сөз табынан болады,  соған орай атқарылатын қызметтеріле бөлек болады

 

  1. Синоним — мағынасы жағынан бір-біріне жақын сөздер. Мысалы: Қысқа-келте-шолақ; мықты — берік-күшті; сыйлау-қадірлеу-құрметтеу.
    2. Антоним-тіліміздегі кейбір сөздердің мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер. М: ұзын-қысқа, жеңіл-қиын, қара-ақ, ыстық-жылы.
    3. Омоним-тіліміздегі кейбір сөздердің дыбысталуы бірдей болғанымен, мағыналары бөлек сөздер. М: Ай — түнде жарық сәуле беріп тұратын планета. Ай — жылдың 12-ден бір бөлігін қамтитын мезгіл. Ара-жәндік, ара-құрал.

Шығармашылық тапсырма
1) Көп нүктенің орнына сол сөзге мәндес сөздерді тауып жаз және сөйлем құра.
Сұлу, … (әдемі, көрікті, ажарлы)
Атақты, … (әйгілі, белгілі, көрнекті)
Суық, … (мұздай, салқын)
2) Қарама-қарсы мағынасын тап.
Биік – Адал – Ашық –
Ақ – Қатты – Арзан –
Ұзын – Өтірік – Ыстық –
Жоғары – Жақсы – Батыр –
3) «Қай сөз артық»

Ас, тамақ, тағам, асаба, дәм
Аспан, көк, шарықтау, әуе
Үлгілі, өнегелі, тәрбиелі, тәртіпті, өнеге
Айтқыз, сөйлеткіз, сөйлеттір, айтқыш

ІV Жаңа сабақты пысықтау

Бірінші қатардағы сөздерге екінші қатардан қарама –қарсы мағыналы сөздерді тауып жаз.
Тар Қону
Жас Қатты
Қалың Қысқа
Кіру Жұқа
Көшу Кәрі
Жұмсақ Кең
Ұзын Шығу

Сөз дегеніміз не?
Сөз дегеніміз қандай да бір заттың, не қимылдың, не сапаның, не санның атауы.
Сөз неден құралады?
Сөз дыбыстан құралады
Сөз нені білдіреді?
Сөз мағынаны білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

V Сабақты қорыту

* Мағыналары бір-біріне жақын, бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы СИНОНИМДЕР деп аталады.
Мысалы: күшті, мықты, әлді, қарулы, қайратты, қажырлы
*Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер АНТОНИМДЕР деп аталады.
Мысалы: үлкен – кіші, суық – жылы, ескі – жаңа, қатты – жұмсақ

*Дыбысталуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздердің тобын ОМОНИМДЕР деп атаймыз. Мысалы: қара шаш, тақтаға қара
арық ат, су ағатын арық

Сауатты болу –мақсатым 

Құрамында көп мағыналы сөздері бар мақал – мәтелдерді жазу

Кісінің кілті- аспанда. Көңіл көзін сөз ашар.

VІ Үйге тапсырма

Көп мағыналы сөздерді тауып жазып келу.

VІІ Бағалау

 

Пән мұғалімі:                                              Б.Д.Мухтарханова

 

 

Тест

 

1 – нұсқа

  1. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.

Ол-сыныбымыздағы мінезі ауыр бала.

А. Ол

В. Сыныбымыздағы

С. Мінезі

Д. Бала

Е. Ауыр

  1. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.

Марат домбыраның құлағын бұрап берді.

А. Марат

В. домбыраның

С. Құлағын

Д. Бұрап

Е. Берді

  1. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.

Бәрін қойып, ашық әңгімеге кірісейік.

А. Бәрін

В. Қойып

С. Әңгімеге

Д. Ашық

Е. Кірісейік

  1. Көп мағыналы сөзді көрсетіңіз.

Біз таудың басына шығып келдік.

А. Басына

В. Біз

С. Таудың

Д. Шығып

Е. Келдік

  1. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді табыңыз.

Майра, жараның аузы ашылып кетпесін.

А. Майра

В. Жараның

С. ашылып

Д.  Аузы

Е. Кетпесін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            2 – нұсқа

  1. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді табыңыз.

Иненің көзінен жіпті өткізе алмадым.

А. Иненің

В. Жіпті

С. Өткізе

Д. Алмадым

Е. Көзінен

  1. Көп мағынаға ие болатын сөзді көрсетіңіз.

Жер бетінде тыныштық бола бергей!

А. Жер

В. Тыныштық

С. Бола

Д. Бергей

Е.  Бетінде

  1. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.

Бәрін қойып, ашық әңгімеге кірісейік.

А. Бәрін

В. Ашық

С. Әңгімеге

Д. Кірісейік

Е. Қойып

  1. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді табыңыз.

Майра, жараның аузы ашылып кетпесін.

А. Майра

В. Жараның

С. ашылып

Д.  Аузы

Е. Кетпесін

  1. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.

Олар футбол алаңының оң қанатына отырды.

А. Олар

В. Футбол

С. Қанатына

Д. Алаңының

Е. Отырды