Көмекші сөздер

Қазақ тілі Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Көмекші сөздер
Сілтеме Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Такта,флипчарт,оқулық, сұрақтарға жауап беру, салыстыру, постер салу, дәптермен жұмыс,рефлексия жасау
Жалпымақсаттар Білімділік:  көмекші сөздер туралы алған білімдерін пысықтау,етістіктің түрлерін ажырата білуге үйрету
Дамытушылық: сөйлем құрау, етістіктерге тұлғалық талдау жасау дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету
Тәрбиелік: мысалдарды талдау арқылы ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу
сабақ түрі: топтық, ұжымдық жұмыс
Сабақ әдісі: Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту әдісі
Сабақ тәсілі: сұрақ-жауап, жаттығу, іздену
Сабақ көрнекілігі: интербелсенді тақтадағы слайдты кестелер, перфокарталар
Оқыту  нәтижесі
Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 — топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 — топ, көктем айындағылар 3 — топ, жаз айындағылар 4 — топ болып бөлінеді.
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу «Қара жорға » биін билету арқылы сыныпта психоло-гиялық ахуалды қалыптастыру

 

Ортаға шығып «Қара жорға» биін билеу арқылы көңіл күйлерін көтеру
Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

 

1.Көмекші сөздер нешеге бөлінеді?
2.Көмекші есім дегеніміз не?
3.Көмекші есімдерді ата.
Мағынаны тану

 

Көмекші сөздер — Лексикалық мағынадан айырылып, грамматикалық қызметке ауысқан, сөйлемде жеке қолданылмай, толық мағыналы сөздерге тіркесіп, түрлі грамматикалық мағыналар үстейтін сөздер. Мыс., ең әдемі, көре алады, барса екен, айтуы керек, т.б. Көмекші сөздер көмекші есімдеркөмекші етістіктер, шылаулар, модаль сөздер болып бірнеше түрге бөлінеді. Көмекші сөздер тілдің грамматик. құрылысына кең таралған.

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау

Сергіту сәті Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс Мәтінді түсініп оқыңдар. Көмекші есімдерді өзі байланысып тұрған зат есімдермен бірге теріп жазыңдар.
Астана
Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы – Астана. Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан.
Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді. Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бой көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған. Қаланың ортасында 5 жұлдызды «Алатау» қонақ үйі салынды.
Астана қаласында 100 — ден астам ұлт өкілдері тұрады.
Қала тұрғындарының саны 518 мың адам.
Астана — болашағы үлкен қала.
Үй тапсырмасы Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
 Бағалау    Бағалау парақшаларын үлестіру   Өзін өзі бағалау
Кері байланыс