Аннотация

                                             Аннотация

 

Зерттеудің  мақсаты: Әбіш Кекілбаевтің « Бәсеке»  шығармасындағы  айтылған  өсиетті сөздерімен мақал – мәтелдер арқылы болашақ ана ,қыз балаларға үлгі өнеге беру. Қойылған мақсатқа сүйене отырып, зерттеу міндеттерін қарастырдым:

Зерттеудің міндеттері: интернет желісін және әдебиеттерден әңгімелерін тауып оқып, мәлімет жинастыру. Қазіргі уақытта Әбіш атамыздың әңгімелерінің тәрбиелік мәні зор екенін көрсету.

Зерттеудің болжамы: Егер, Әбіш  әңгімелеріндегі өсиет сөздерді мақал – мәтелдермен салыстыра түсіндірсе, оқушылар Әбіш атамыздың көркем шығармаларын аса қызығушылықпен оқыр еді.

Зерттеу объектісі:Әбіш Кекілбаевтың  «Бәсеке» повесі

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, зерттеу бөлімі, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер.

Зерттеудің  жаңалығы: Зерттеу барысында интернет желісінен мәліметтер алып, әңгімелерін оқу арқылы қазақ қызына тән қасиеттерді нақыл сөздерді жазып жинадым. Оның әңгімесіндегі  сөйлемдерді оқи отырып, оны мақал – мәтелдермен салыстырдым. Өсиет  сөздерінің көбісінің  «Қазақ қызының» тақырыптармен үйлесімдігі бар екенін  дәлелдедім.

Зерттеудің өзектілігі: Еліміздегі болашақ жастар үшін Ә.Кекілбаев шығармаларының тәрбиелік мәні өте зор. Көбінесе ұлттық құндылық тақырыбындағы   шығармаларын көп оқыту керек. «Бәсеке»  шығармасында  айтылған өсиет сөздердің бүгінгі күнде өзектілігі зор екенін жан-жақты түсіндіру.

Зерттеу әдістері:жинақтау, талдау, салыстыру, зерттеу, суреттеу.

 

 

 

 

Кіріспе

Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы  ғасырлар тоғысында

өзінің арғы-бергі    жолын ой елегінен өткізіп,

«Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» деген
төңіректе ойлануы керек. Бұл әрбір азамат
тарих қойнауына ойша тереңдеу
арқылы өзінің ата-бабалары
қалдырған осындай кең байтақ жердің
лайықты мұрагері бола білуге
ұмтылсын деген сөз»   Н. Назарбаев

Әбіш әлемін тану — әр қазақ үшін қажет дүние. Елдің, ұлттың рухын көтеретін дүниелердің барлығы фольклордан, елдің ауыз әдебиетінен басталады. Халықтың санасына сіңген нәрселерді әр уақытта түп-түбірімен жеткізе білген ақын-жазушыларға қазақ халқы кенде емес.

Бірақ осы ХХ ғасырдағы ірі тұлғалардың көрнекті өкілі – Әбіш Кекілбаев. Әбіш ағаның әлемдегі 100 жазушының қатарына кіруі – соның айғағы.

Қалам ұстап жүрген халық көп болғанымен, ел мойындағаны – шанда-шанда. Әбіш ағаның туған елі, туған топырағы Маңғыстау үшін жасаған еңбегі — ұшан-теңіз. Қазақ елінің тәуелсіздік алып, тәй-тәй басқан тұста еткен еңбегі де көпшілікке белгілі.

Әбіш Кекілбаев – адам жанының шындығын танудың алуан түрлі тәсілін шеберлікпен игерген жазушы.

Ә. Кекілбаев кейіпкерлері қарапайым адамдар болғанымен, олардың өзіне тән өмірі, тағдыры, мінез-құлқы бар. Жазушы олардың жан дүниесінің тереңіне барады. Кейіпкерінің жеке басындағы түрлі сезім иірімін сипаттай отырып, олардың іс-әрекетіне баға береді. Жазушы кейіпкерінің ішкі толғанысын, жан күйзелісін, жүрек тебіренісін қара сөз құдіреті арқылы толғап жеткізеді.
Тектінің ұрпағы тектілік танытпаса, айыбы, аманатқа қиянат жасағаны. Әбіштің әлемі сол текті бабаның көріп-білген дүниесін балаға аңыз бен ертегі, әңгіме ретінде жеткізгенінен пайда болды.

Әбіш әлемі — өзіндік бір пәлсапалық, дүниетанымға толы әлем.
Маған оның әр шығармасындағы әр бөлімнің әр абзацын,әр сөйлемін  нақыл сөздермен жеткізу қабілеті ұнайды. Сондықтан мен оның әңгімелеріндегі нақыл сөздердің мақал — мәтелдермен байланыстыра   зерттегім келді. Сол себепті тақырыпты«Ә.Кекілбаевтың «Бәсеке» повесіндегі өсиетті сөздер мен мақал – мәтелдердің үйлесімі» деп алдым.

Алдыма мынадай мақсат  қойдым:

Мақсатым: Әбіш Кекілбаевтің « Бәсеке»  шығармасындағы  айтылған  өсиетті сөздерімен мақал – мәтелдер арқылы болашақ ана ,қыз балаларға үлгі өнеге беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Негізгі бөлім.

1.1  Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі

Әбіш Кекілбаев шығармашылығындағы ұлттық әдет – ғұрыптардың кең көрініс тауып, қызықты суреттелген тағы бір хикаясы бұл – «Бәсеке» повесі. «Бәсеке» хикаяты қазақ халқының бір кездері кең етек жайған, кейін ұмытыла жаздап, бұл күндері қайтадан жаңғырып дәстүрге енген қазақ отбасындағы қыз тәрбиесі,қызы бар үйге құда түсу, қыз айттыра бару дәстүрін қызық та, тартымды бейнелеген.
Жазушы өз шығармасында қыз айттыра келген құдаларды күтіп алу салтынан бастап, ертедегі ел ақсүйектерінің қызды тәрбиелеп өсіргенінен бастап қалай ұзататынына дейін керемет әңгімелеп берген.

оқып өссе қандай ғанибет!

Қазақ отбасында қызын халқымыз қалай тәрбиелеген екен, соған тоқтала кетейін.
Қазақ отбасының маңызды қызметтерiнiң бiрi-тәрбие. Ата-ананың мiндетi-жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет-ғұрпын, адамшылық, адамгершiлiк, инабаттылық, сыйлау қасиетттерiн сiңiру. Әсiресе қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда қыз бала тәрбиесi ерекше орын алады. Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған, оның көңiлiн қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсiрген және де оны қатал ұстап, оның тәрбиесiне ерекше көңiл бөлiп қараған.
Қыз бала тәрбиесiнде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесiнде әкеге қарағанда ерекше қызмет етедi. Қыз бала анаға бiр табан жақын ғой. Басқа ұлтқа қарағанда бiздiң қазақ қыз-келiншектердiң бойында iзеттiлiк, ар-ұят, ұялшақтық, үлкенге қызмет көрсету, үлкеннiң алдын кесе-көлденең кесiп өтпеу, жан ашу қасиеттерi басымырақ сияқты. Қыз баланы жастайынан үй сыпыруды, яғни үйдi таза ұстауға, төсек жинауға, ас пiсiру, шай құю, кесте тiгу тағы басқа жанұяның үй жұмысына үйретудi анасы мен әжесi өз мiндеттерiне алған.
 «Бәсеке»  шығармасында осындай қыз балаға тән қасиеттердi қызының бойына сiңiретiн ең бiрiншi-төл анасы екенін мына жолдарын оқи отырып ұғындым.

…«Балпан  қызы  құрғырыңның көзін құрт деп бәйбішесіне ымдады. Қашаннан Балпан байдың қасы мен қабағына қарап қалған бәйбішесі Ажарды апарып, Өтегеннің отауына кіргізіп, ұлық кеткенше көрінбе деп қамап қойды» 

…«Можанның қайын енесі пақыр да ұлды көп тапқан кісі еді, үйіне қашан барсаң да жан-жағыңнан бұзаушық бас қара бала толып жүретін; қашан барсаң да түбегі қаңсып, жөргек сасып отыратын. Асылы, әйел алсаң анасына қара, жолдас ертсең әкесіне қара дегенде баяғы шалдар қымыз ішіп, қызара бөртіп, шалықтап отырып емес, бастарына бірдеңе мықтап тиген соң айтқан болды ғой. Әй, аруағыңнан айналайын ата-баба, мал бағып, мақал шығарудан басқаны білмеген сендердің айтқандарыңды түгел орындап жүрсек те, басымыз бүйтіп айналмас еді-ау.» деп Әбіш ата осы сөздер арқылы өсиет айтқандай.

«Анасына қарап қызын ал,ыдысына қарап асын іш» деген мақалмен үйлесіп тұрғанын байқадым

Әр ата-ана өз ұлының болашақ қалыңдығын ерте іздейді. «Анасын көріп, қызын ал» деген қағиданы ұстанады. Яғни болашақ құдасын орынды жерден, жақсы кісілерден, аталы ауылдан қарайды. Тұқымында ауруы бар отбасының қыздарына сөз салмайды. Лайықты деген адамдардың аулына әдейі барып, балаларының болашағы туралы әңгіме қозғайды. Өздерінің құда болу ниетін білдіреді. Мұны «қыз айттыру»дейді. Қазақтың ертеден белгіленген заңы бойынша, жеті атадан бері қыз алыспайды.

…«Ежелден жүйрік көрсе аяғын сындырғанша, ару көрсе абыройы төгілгенше ішкендері ас болмайтын әдет бар емес пе, енді жұрт бұның жылқысынан гөрі қызына көбірек тиісетінді шығарды. Бұрын жылқысын қуалайтын науша. жігіттер енді түн ауа аулына тиіп, үйіне сүйкеніп ұйықтатпайды. Қыз қорыған — жылқы қорығаннан да жаман екен.

«Қыз баққаннан қысырақ баққан оңай» деген мақалдың жауабын тапқандаймын.

«Маржан ұстаған ыдыс-аяқтың сынса сынғаны бар шығар, оған біткен мал мен баста шығын жоқ. Бұрындары ырғалып-жырғалып жұрттың ең соңында қалатын бұл ауылдың көші ол келгелі елдің ең алдымен аттанатын болды. Ұстаса үйі сәнді, пісірсе асы тәтті. Маржандай әйел кемде-кем.»

— «Қызды қырық үйден тый» деген қайда? Үйде қонақ отырғанда үстіне неге кіреді? Аға-жеңгесінің отауына бара тұрса болмас па? Енді оны тұлымын желпілдетіп алдымызға алып отыратындай ес білмейтін бала емес қой. Аулымыздың үстінің ат көпір боп жатқаны мынау. Көрмей ме, білмей ме? Білмесе сен қайда жүрсің, ана жеңгесі Жазыл қайда жүр? Апырау, адам өзінен туған бала түгілі, есігінің алдындағы итке де жөн, әдеп үйретеді ғой.Осы жолдар арқылы кемеңгер жазушы

қыз баланың жақсы болып өсуiне оның өскен ортасының,  оның ішінде жеңгенің орны ерекше екенін айта кеткен. Қазақтың «қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «қызды қырық үйден тию» деген нақыл сөздерi сол өмiр тәжiрибесiнен алынғанның бір дәлелі.

 

1.2. Қыз қылығымен сүйкiмдi

Ата-бабамыз бойжеткен қыздың киiм киiсiне де ерекше көңiл бөлген. Мысалы: «адам көркi-шүберек, ағаш көркi-жапырақ» деп, қыз балаларға қынама камзол, дүрия пешпет, кәмшәт бөрiк, қос етек көйлек, биiк өкше етiк тiктiрiп, кигiзген. Және де қызға сырға, бiлезiк, шашбау, шолпы сяқты әшекейлердi тақтырған. Халқымыз қыз баланың көркiне оның ақыл-ойы және мiнез-құлаққа сай болуын қалаған. «қыз қылығымен сүйкiмдi», «қызым үйде, қылығы түзде», «қыз ақылы-шешеден» тағы басқа мақал-мәтелдер соған бағышталған.

… «Күн шыққан соң Жазыл бастаған бір топ келіншек нөкер қыздардың ортасына түсіп, қалыңдықты киіндірісті. Қыз аттанып кеткенге дейін басына асыл тастармен әшекейленген құндыз бөрік, үстіне төрт етекпен күлтелендіріп тіккен сарғыш қамқа көйлек киіп, сыртынан аймақы жасыл масатыдан желең шапан жамылмақ. Мойнына жақұт алқа тағып, екі қолына көзіне ұр тасын қондырған алтын білезік салады.»

1.3. Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмас.

   Бұрындары жағдайы бар байлар қыздарының жасауын алтынмен аптап, күміспен күптеп, тіпті алдына жеке бірнеше қанат үй тігіп, сансыз мал, дүние – мүлік беріп ұзатқаны бізге белгілі.
… «Бүгін кешке қызының жасауын тағы бір көріп шықпақ. Оны үстіне үй тігіп, бөлек көш қылып жөнелтпек. Қызға берілетін дүние, мал әлдеқашан іріктелген. Енді соны ақырғы рет қапысыз қарап алмақ. Болғалы тұрған тойдың ең үлкен қызығы, той тарқатар салтанаты – қызының көші. Әр түйенің омырау құйысқанына асыл алқа, күміс жүзік, моншақ тағылады, бұйдасы жібектен есіледі. Шаңырақ артқан түйеден басқаның бәріне бір — бір қалы кілем жабылмақ. Сондай сылдыраған — сыңғыраған сәнді көшті тарта жөнелгенде қыздың жаңғыз жеңгесі Жазыл жетектейді. Келіні басына үкілі сәукеле киіп, астына ақ шақан жорға мініп, күлтелі көшті жөнелгенде қыздың қасына еріп баратын қалың нөкер қапталдан жүре сыңсып жөнеле береді. Көшен ақын бөтен ауыл, жат босағаға аттанып бара жатқан қалыңдық пен артында жылап қалған ата — анасына термелеп басу айтады, сол арада Балпан ауылының адамдары ақын жігіттің қанжығасына екі өркеші баладай буаз ақ інгенді бұйдасынан байлайды. Ақын табан астында Балпанның осынша жомарттығына, көл — көсір тойына мақтап өлең шығарады. Ол тойға жиналғандардың бәрініңде құлағында қалады. Сосын Көшен ақын қыз барған ауылдағы тойға бәйгеге түсетін жүйрік аттар мен ортаға шығатын әнші — күйші, палуандарды бастап бір шоғыр боп бөлек аттанады.» («Дала балладалары» 22 — бет)
Міне, осындай тамаша, көл — көсір салт — дәстүр хикаятта әдемі бейнеленген. Бұл да болса қаймағы бұзылмаған ұлттық үрдісіміздің тағы бір қайталанбас қыры деп айтуымызға толық негіз бар. Осылармен қатар бұл шығармада халқымыздың дархан көңілі, қонақжайлылығы көрінеді. Суреткер қазақтың тойында болатын жөн — жоралғылар, қызықты ұлттық ойындар, бәйге жарысы, палуан күресі, өнерпаз жігіттердің айтысы сияқты ұлттық үрдісімізге тән жайттарды тамаша суреттеген. Бұлардың барлығы біздің жанымызға жақын, ұлттық болмысымызға тән әдемі суреттер, оқырманға берері мол рухани азық.
Әрине, «Дәстүрдің озығы мен тозығы бар десек те, жоғарыдағы аталған
салт — дәстүрлеріміздің біз үшін орны ерекше екені даусыз. Айшықты тіл иесі Әбіш Кекілбаевтың осындай жас ұрпаққа тәлім берер, әдет — ғұрыптарды дәріптеген тамаша шығармаларын мектеп бағдарламасына енгізіп, жас ұрпақ

1.4.Қыз, әйел – ұяттың ұясы   

Ал қазiргi замандағы отбасында қыз бала тәрбиесi қандай?
Қазіргі кейбiр отбасында бұл тәрбие өз мәнiн жоғалтқан десем артық болмас.Қазiргi қыздардың бойынан қазақ ұлтына жат қылықтар көптеп көремін. Мысалға айтатын болсақ: темекi тарту, жеңiл жүрiстерi, көпшiлiк ортада өзiн-өзi ұстау этикасын бiлмеуі, бейбастық сөздер айтуы, және де олардың ашық киiм киюi. Әсiресе қыз балалардың бойында бұрынғы аналарға тән инабаттылық, ұялшақтық қасиеттер азайып барады. Мiне, осындай жан түршiгерлiк қылықтардың бiздiң қазақтың қыздарының бойынан табылуы өзегімді өртейді.
Қазiргi кезде осындай кемшiлiктердiң болуына ата-аналар кiнәлi ма?-деп те қалам. Ата-ана бала тәрбиесiнде басты рөл атқарады. Күнделiктi тiршiлiктiң соңында жүрiп олар бала тәрбиесiне, соның iшiнде қыз бала тәрбиесiне жауапкершiлiктi азайтып алған сияқты. Сондай-ақ қыз бала тәрбиесiнiң төмендеуiне қазiргi көгiлдiр экрандағы көрсетiп жатқан шетел фильмдерi де әсер етеді деп ойлаймын. Осы фильмдерге қазақ қыздары елiктеп өздерiн тым еркiн ұстайды, тiптi кейбiр қыздар ата-анасын сыйламай, оларға қарсы келiп жатады. Әрине, бұған себеп тек шетел фильмдерi ғана емес, қыздардың әдеби кiтаптарды көп оқымауы, театр, музей, көрме залдарына жиi бармауы,т.б.жатады.
Ендi осы тәрбиенi жақсарту жолдары:
— жанұяда ұлттық тәлiм-тәрбие беру мәселелерiн көтеру;
-әрбiр ата-ана өз мiндеттерiн, жауапкершiлiгiн бiлу;
-ата-ана мектеппен, жоғары оқу орындарымен, яғни мұғалiмдермен тығыз байланыста болып көркем әдебиеттерді көп оқу керек деп ойлаймын.

Сонымен қазiргi заманғы қыздардың бойынан ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көрiктiлiк және де iскерлiк қәсиеттерi табылуға тиiс.

Халық «өнерсiз қыздан без, өнегесiз ұлдан без» деген. Жүсiп Баласағұн «ақылды әйел-iздесең сен, естi болса, төрт құбылаң теңелер», ал ұлы Абай атамыз «ары бар, ақылы бар, ұяты бар, ата-ананың қызынан қапы қалма» деген екен.
Демек, болашақ жас ұрпақты адамгершiлiгi мол, иманды, өнегелi, өнерлi етiп тәрбиелеу қазiргi отбасындағы үлкен мiндет. Сонымен қазақ отбасында тәрбиенiң негiзi- ұлттық сәлт-дәстүрлер.
Бiз келешек ұрпақ тәрбиесiн, соның iшiнде қыз бала тәрбиесiн дұрыс жолға қоя бiлсек ұлтымыздың алдыңғы қатардағы озық ұлттар қатарына қосылуына аз да болса үлес қосқан болар едiк деп ойлаймын. Тәрбие отбасынан басталады. Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесi түзелсе, яғни келешекте әрбiр ұлттық сәлт-дәстүрлермен тәрбиеленген қыздар ел қорғайтын ұлтжанды жас ұрпақты тәрбиелей алатынына бiз сенiмдiмiз.

Әбіш әңгімелеріндегі үлгі – өсиет, нақыл сөздер мен мақал мәтелдердің үйлесімі.Әбіш әңгімелеріндегі ерекшелік — аз сөзге көп мағына сыйғызу, мақал- мәтел мен нақыл (афоризмдерді)сөздерді орынды қолдану, әр әңгіменің соңында түйін тағылымдық сөздермен түйіндеу. Мақалдар мен мәтелдердің ғибраттық, өсиеттік мәні дүниетану қабілетіміздің дамуына баулумен және ұлтжандылыққа тәрбиелеумен қатар, өмір шындығының көрінісі ретіндеұлтымыздың тарихымен танысуға да септігін тигізеді.

Өзі өшсе де сөзі өшпейді дегендей, өзі жоқ болса да біз үшін оның әңгімелеріндегі нақыл, өсиет сөздері мәңгі өшпейтін мұра болып қалатыны туралы түсінік беруге тырыстым.

 Мұндағы мақсатым  Әбіш  атамыздың әңгімелеріндегі рухани – адамгершілік құндылықтар, нақыл сөздер туралы біле келіп, басқалар үшін де, аз да болса көпке татыр мәліметтерді тауып топтастырып ұсынуға жұмыс жасадым. Мен өз ғылыми — ізденістерім арқылы барлық қазақ қыздарының  бойында әдептілік, адамгершілік болса, жалқаулықтан  жаман қасиеттен аулақ болса деймін.

ІІІ.Қорытынды  Ертеңін ойлаған-ел азбайды

Әбіш Кекілбаевтың  өмірі жемісті, туған халқы үшін жасаған еңбегі елеулі болды. Жастардың  бойындағы асыл қасиеттерін жетілдіріп, ұнамсыз жақтардан аулақ болуға талмай еңбек етті. Мен оқушымын, өмір тәжірибем де аз. Өзім сияқты балалардың, достарымның бойында мәдениет, адами қасиеттер қалыптастыру мақсатында айтылатын әрі әсерлі, әрі ойда сақталып қалатындай мәнді мақал-мәтелдер, ақыл-насихат, өнеге-өсиет төл әдебиетімізден көптеп табылатынына көзім жетті. Біз қоғамның қамын ойлайтын азамат болып өсуіміз керек. Осы Әбіш Кекілбаев  елеулі еңбегіне бізде қарыздармыз, өйткені ол туған жерді сүюге,және ұлт құндылығын маңызды екенін ашып көрсетті. Біз бұрынғылардың ақыл-кеңесіне құлақ тоссақ, адаспай -абыржымай, жаңылмай, жаза баспай, арман-тілегімізге неғұрлым тезірек жетуімізге жол табылады. Халқымыздың сөз мәйегі мақал-мәтелдер бізді ізгілікке,имандылыққа, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке, ұлтжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелейді.

«Мақал – сөздің атасы» дегендей, өмірде мақал- мәтелдің қажеттілігін түсіне отырып, санамыздың өсуіне ықпал ететін ұлттық мұраның сақталуы біздің қолымызда. Халық педагогикасының қағидалары қатарына қосылатын туған халқымыздың кез келген мақал-мәтелімен сусындап өссек, жемісіміз молығады, толығады. Нақыл сөздер мен мақал – мәтелдерді сусындап оқысақ, өмірде кездесетін оқиғалардың бәріне де лайықты жауап табамыз. Осы зерттеу жұмысының қорытындысы ретінде өркениетті елдердің өрге тартқан көшінде халқымыздың мерейін көтеруге, қасиетті қызыл тіліміздің үстемдігін көтеруге үлес қоссам деген тұжырымға келдім.Әбіш Кекілбаев туған халқы үшін жасаған ереулі еңбегі әр ұрпаққа өсиет ретінде табылады, Әбіш жаққан шам шырақ қазақ балаларына мәңгі жарық сәулесін береді.

 

«Аталар сөзі ақылдың көзі» демекші, бұрынғы өткен ұлыларымыздың әйел затының тәрбиесіне байланысты айтқан түйінді сөздеріне бір сәт көңілімізді бөле кетейікші: «Әйелі ақылдының еркегі бақырлы болады, береке мен бірлікке шақырғы болады», «Алысты жақын, дәмсізді дәмді етеді», «Берекесіз әйел байды жарлы етеді, жарлыны сорлы етеді», «Ұйқышыл жалқау келеді, тілі ащы шайпау келеді», «Ердің қосағы түзелмей қосы түзелмейді», «Әйелің адал болса алаңың жоқ, арам болса амалың жоқ», «Қанаттандыратын да, қанат талдыратын да әйел», «Жақсы әйел жаман еркекті ер етеді, жаман әйел жақсы еркекті қор етеді», «Ақылды жарың – байлығың барың», «Жақсы қыз ибалы келін болады», «Жақсы келін – келін, жаман келін – өлім болады», «Еркек – түздің қыраны, әйел – үйдің шырағы», «Әйел үйдің туы, оттың қуаты». Міне ата-бабамыздың мағыналы да маржанды асыл сөздерін жұмыр жүрегіне тізбектеп тізіп, ақылымен елді аузына қаратқан, тәрбиелі де үлгілі ұрпақ таратқан, аты аңызға айналған, адалдығынан әулие деген атақ тағылған ару қыздарымыз бен қасиетті аналарымыз көп болған қазақта. Олар ерін пірім деп сыйлаған. Ұрпағының басына адамдық қасиет дарытқан. Ұлын ұлағатты, қызын парасатты қылып тәрбиелеген. Осындай адамгершіліктің ең жоғарғы сатысына самғап, өз қадір қасиетін толық сақтай білген асыл жанды да ардақты аналарымыз бен осы бағытты ұстанған болашақта ана болатын бүгінгі аруларымызға да шексіз алғысымызды білдіреміз. Ал, өз қадірін білмей, жаман жолға салынып, жағымсыз іске малынып, «Ана» деген ардақты есімге кір жағып, көргенсіз қылықтарын құлағына сырғадай тағып, өмірден өз орындарын таба алмай жүрген бойжеткендер мен аналарыма айтарым :

Қарындасым сені ойлап қайғырамын,
Мына заман жамандықтың жайды бәрін.
Жер бетін қаптап кетті күнәлі іс,
Тап-тап барады сәулелі жүрек нәрін.

Сөздеріме құлақ түрші қарындасым,
Жүзіңде ұят, жүректе иман жалындасын.
Қадіріңді түсірме бұл жалғанда,
Ар-намысың шалшық суға малынбасын.

Аналар қор қылмашы есіміңді,
Жаса өзің әділ боп кесіміңді.
Ұрпаққа салауатты тәрбие бер,
Түзетіп сыны кеткен бесігіңді.

Айыпты «ана» өзі арқалайды,
Ана бермей тәрбие тарқамайды.
Ананың өзі болмай тәрбиелі,
Бүткіл елдің басынан кетпес қайғы — дей келе барша болашақ аналарымызды ақылы мен парасаты арқылы бас идіретін даналы да ибалы, мейірімді де жайдарлы болуға ұлы Аллаһтан шын көңілден тілей отырып, сіздермен қош айтысамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. 1. Қ.жарықбаев.Ақылдың кені.-Алматы:1991.-256 б.
  2. Омарбаева М.Әдептілік.-Алматы:2005.
  3. Сейіт Кенжеахметұлы» Жеті қазына» жиған-терген-Алматы «Ана тілі» 2000 ж.
  4. Ә.Кекілбаев «Бір шоқ жиде» повесі.// Дала балладалары.2014 жыл.

5.Ә.Кекілбаев. 2 томдық таңдамалы шығармалар. -Алматы: Жазушы, 1989.

6.Ә.Кекілбаев. //Егемен Қазақстан. 1993, 16 қазан.