«Жас зияткерлер» математикалық ойыны.
«Жас зияткерлер» математикалық ойыны.
Мақсаты:
- Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
- Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.
- Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Көрнекілігі: Презентация, безендендірілген кабинет, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел. «Жас зияткер – 2011» деген лента, оқушылардың сыныбы, аты жазылған алдарына қоятын қағаздар.
Түрі: топтық сайыс сағаты
Типі: ойын түрінде
Жоспары:
1.Таныстыру. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі;
2. Логикалық сұрақтар;
3. Homework; /музыкалық үзінді/ 6 «А» сынып
4. Сіріңкелермен ойын;
5. Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер);
6. Сергіту сәті (терминдерді сайысы); /музыкалық үзінді/ 6 «В» сынып
- Полиглот;
- Топ басшылар сайысы // жанкүйерлер сайысы.
Қолданылған нақыл сөздер:
1. “Білімді, интеллектуалды адамдарсыз, озық ғылымсыз Қазақстанның перспективасы жоқ. Қазір адамдардың бәсекелестігі, білімнің бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде. Бұған дайындалу қажет.”
Н.Ә.Назарбаев
- «Логика өнері — адамның ақыл-парасатын жетілдіруге көмектесетін құрал.»
Әбу Насыр Әл-Фараби
- «Математика — барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те»
Р.Бэкон
Барысы:
Болат А.: Құрметті оқушылар! Бүгінгі сайысымызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастайық: “Білімді, интеллектуалды адамдарсыз, озық ғылымсыз Қазақстанның перспективасы жоқ. Қазір адамдардың бәсекелестігі, білімнің бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде. Бұған дайындалу қажет.” Осы сайыста көрсеткен білімдерін күнделікті жақсы оқығандарың — өздеріңнің болашаққа алғашқы қадамдарың болып табылады
.
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар.
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар.
2- жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Сіз оқытқан окушылардың,
Сәті келді сыналар.
1-жүргізуші: Есепті түрлі-түрлі шығарамыз,
Арасында ойын ойнап жарысамыз.
Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар.
Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.
2- жүргізуші: Олай болса, тұрмайық,
Кешімізді біз бастайық,
Әділ бағаға қалтасы толы,
Әділқазыларды шақырайық.
1-жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау
Үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс
шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған.
2- жүргізуші: Шын жүйрік шабасынан табылады.
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
Әр команданы ортаға шақыра, кешіміздің өтілу тәртібімен таныстырайық.
- Таныстыру.Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі; 5 ұпай
2. Логикалық сұрақтар. Жүргізушілер кезекпен сұрақтар қояды.
— 1 жүргізуші: Қазір сендерге логикалық сұрақтар қойылады. Кім бірінші қол көтереді, сол жауап береді.
— 2 жүргізуші: әр дұрыс жауабына – 1 ұпай.
1) Екі әкесі, екі баласы үш алманы қалай бөліп жейді. (атасы, баласы, немересі).
2) Ұшақ А қаласынан В қаласына дейін 1 сағ 20 мин ұшады да, қайтарда 80 минут ұшады. Себебін түсіндір? (Екеуі бірдей 1 сағ 20 мин = 80 мин).
3) 5 жұмыртқа 12 минутта піседі, 10 жұмыртқа ше? ( 12 минута, бәрін бірге саламыз).
4) Бір жанұядағы 5 ұлдың бір бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала бар? ( 6 бала ).
5) 1 тонна мақта ауыр ма, 1 тонна темір ауыр ма? (бірдей).
6) Төрт пен бестің арасында арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық 5-тен кем сан шығады? (үтір).
7) Үш пар ат 30 км-ге шапса, әр ат қанша км шапқан? (30).
8) Төрт қойдың неше аяғы бар? (16).
9) Үш майшам жанып тұрды, екеуін сөндірсе нешеуі қалады? (екеуі, біреуі сөндірілмегесін жанып кетті).
10) Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (4).
- Homework. 5 ұпай
— 1 жүргізуші: Әр командаға үй тапсырмасы ретінде ребус берілген. Соның шешімдерін тексереміз.
/музыкалық үзінді/ 6 «А» сынып
- Сіріңкелермен ойын. әр тапсырмаға — 5 ұпай
Үйшік. Сіріңкелерден үйшік салынған. Сіріңкелерді ауыстырғанда үйшік басқа жағынан көріну керек.
Шаян. Үш сіріңке ауыстырғанда шаян төмен қарай жүру керек.
- Ойымды жалғастыр. (мақал-мәтелдер);
1 – жүргізуші: топтар кезекпен жауап береді.
2 – жүргізуші: әр дұрыс жауабы топка 1 ұпай әкеледі.
- Жеті жұрттын тілін біл, (жеті түрлі білім іл.)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар )
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досынды үш күн сынама, ( үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға, ( екі елі қақпақ )
6. Жүз сомын болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отыз тістен шыққан сөз,(отыз рулы елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
9. Бір кісі қазған құдықтан,( мың кісі су ішеді) - Сергіту сәті. (терминдер сайысы);
1 – жүргізуші:
А . Ш. П. К. С. Әріптерінен біреуін таңдап алып математикалық сөздерді жазады.
2 – жүргізуші: Әр терминге – 1 ұпай.
/музыкалық үзінді/ 6 «В» сынып
- Полиглот.
1 – жүргізуші: Егер жауабы дұрыс болып, аудармасы жоқ болса, 1 ұпай алынады. Ең көбі – 3 ұпай.
Доп емес, дөңгелек емес,
Ұқсас бірақ достарым.
Фигура ол ең негізі
Дәл жауапты қостадым.
(шеңбер – окружность — circle)
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
(сызғыш — линейка — ruler)
Алды-артымыз шексіз де
Жете алмайсың біздерге.
Сәулеменен кесілді
Шықан тегін білсе де.
(түзу — прямая — line)
Көк құтанша ақ айдында,
Бір аяқпен тұрады.
Тұмсығымен ол мұнда,
Шыр айналып шығады.
(циркуль – циркуль — сircle)
Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай.
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағыңа қарамай?
(натурал сан – натуральное число – natural number)
Атадан он баламыз
Бір-бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз
Көбейіп те аламыз.
(цифрлар – цифры — figure)
- Топ басшылар сайысы. // сонымен қатар жанкүйерлер сайысы.
Пантомима /теріс сан және бөлшек ұғымдарын іс-қимылмен көрсету/
/циркуль және процент ұғымдарын іс-қимылмен көрсету /
Жанкүйерлерге сұрақтар:
- Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? ( 5 )
- Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)
- Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.
Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )
- Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4 сағат)
- Төрт пен бестің арасында қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен
кем сан шығады? ( үтір )
- Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы
бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? ( 2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы- 6адам)
- Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)
- Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)
- Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)
- 4 ұл да неше саусақ бар? ( 80 )
1-жүргізуші: Санаңды сенің толтырар,
Есептану пәні бар.
Сабағынды егер оқысаң,
Өмірде саған жол болар.
2-жүргізуші: Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.
Ал, қазыр әділқазылар сөз алады.
Сайысымыздың жеңімпаздарың анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.
Мұғалім: Жас зияткер жан-жақты дамыған: білімді де, өнерлі де тұлға болуы тиіс. Қазір біз, 6 сынып оқушылары, «Қара жорға» биін қалай билейтінін тамашалайық.
Қорытынды.
Әділқазылар алқасы ойын жеңімпазын анықтап, белсене қатысқан оқушыларды марапаттайды.