Білімді мыңды жығады

Білімді мыңды жығады

А.К.ИСМАГУЛОВА, №141 жалпы білім беретін мектептің математика пәні мұғалімі

Сайыс сабақтың мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, тапқырлыққа есепқұмарлыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру, мектеп пен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

Көрнекілігі: 9 көк, 1 қызыл, 1 қызғылт сары, 1 жасыл түске боялған 12 секторлы дөңгелек тақтайша, зырылдауық, қоңырау, құмсағат, табло, ұпайлар, «құпия піспе», т.б.

Ойынға қатысушылар.

1-топ: 6-сынып оқушыларынан құралған «Тұлпар» тобы.

2-топ: 9-сынып оқушыларынан құралған «Қыран» тобы.

3-топ: оқушылардың ата-аналарынан құралған «Сарбаздар» тобы.

Ойын шарты: 3 топ 3 үстелді дөңгелене отырады; Үстелдің ортасында секторлы тақтайшаға орналастырылған зырылдауықты әр топ кезекпен айналдырады.

*Зырылдауық бағыттаушысы көк секторға бағытталып тоқталса, тапсырма жеке беріледі. Сол сектордағы нөмірге сәйкес есептің жауабын айту керек. Тапсыраны алған топ дұрыс жауабын айта алмаса, басқа топтың дұрыс жауабын айтып, ұпай алуға мүмкіндігі болады. Сондықтан жүргізуші есепті толық оқып болған соң,  3 топқа да есептің негізгі бөлігі жазылған карточкалар таратылады. Дұрыс жауабын тапса, ұпай тапсырманы алған топқа, кері жағдайда, дұрыс жауабын тапқан топқа беріледі.

* Зырылдауық  бағыттаушысы жасыл түске тоқтаса, сұрақ жалпы қойылады. Әр топқа есептің жауабы жазбаша түрде беріледі. Дұрыс жауап берген топтың әрқайсысына 3 ұпай.

*Зырылдауық қызыл түсті секторға түссе, ойынның ең қызу бөлімі ойналады. Әр топқа жас ерекшеліктеріне қарай дайындалған сұрақтар қойылады. Әр топ 1 минутта қанша сұраққа дұрыс жауап беріп үлгерсе, сонша ұпай алады.

Әр бөлімге берілетін уақыт және ұпай саны:

Көк түс – 5 минут, 5 ұпай.

Жасыл түс – 3 минут, 3 ұпай.

Қызғылт-сары түс – 2 минут, 2 ұпай.

Қызыл түс – 1 минут, қанша сұраққа дұрыс жауап беріп, үлгерсе, сонша ұпай.

Ойын барысы: Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Сабақ мақсатымен, оның өткізілу түрімен, ойын шарттарымен, ойынға қатысушылармен таныстыру.

Ауыздан-ауызға таратылып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың ауызша есептері бүгінгі заманымызда да өңін түсірген жоқ. Бұл есептер логикалық шымырлығымен, ой ұшқырлығымен, қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Оларды шығаруда негізінен адамның жас ерекшеліктері емес, ең негізгісі адам ойының ұшқырлығы ескеріледі. Сондықтан да бүгінгі ойынымызға жас аралықтарында үлкен алшақтық бар 3 топ шақырылып отыр. 6-сынып оқушыларынан құралған «Тұлпар», 9-сынып оқушыларынан құралған «Қыран» тобы және 6-сынып оқушыларының әкелерінен құралған «Сарбаздар» тобы. Сөз кезегін топ басшыларына береміз.

«Тұлпар» тобы.

Білім нәрін тыным таппай жинаған,

Есептермен ақыл-ойды шыңдаған.

Жолымызды берсек егер біз бүгін,

«Ізеттілік белгісін» бұл деп білгін.

«Қыран» тобы.

Сәлем бердік інілерге талпынған,

Сәлем бердік ағаларға қолдаған.

Үлгі болар бүгін мына балалар,

Үлкендермен сынасуға қорықпаған.

«Сарбаздар» тобы.

Жеңісіміз деп ойламаймыз балалар,

«Ақыл жастан» деп айтқан ғой даналар.

«Тапқыр болсаң – талас жоқ» деп әкелер.

Жас талапқа әрқашан да жол берер.

Белгіленген шарт бойынша ойынның негізгі бөлімі жүргізіледі.

Негізгі бөлімді жүргізуге арналған тапсырмалар:

  1. Сауыр-сауыр құм етегін жайлаған ауылдың Қали есімді аңшы жігіті қыс бойы қоян, түлкі, елі аулап, әр жолы олжалы оралып жүреді. Ол аңнан қайтқан кезде ауылдастары алдынан шығып, шыралғы сұрауды дағды етіп алады. «Батырдан – олжа, аңшыдан – шыралғы» сұрау салтын қатаң сақтайтын жігіт мырзалығымен сыйлы да, сияпатты болады.

Қалың қарлы күнгі кеште ол үйіне оралды. Алдынан шығып, атын ұстаған әке қанжығадағы қояндарды көріп, азырқанып қалды.

  • Балам, бүгін тазыңның ауызы салымды болмапты ғой, — деді.
  • Тазыда кінә жоқ, әке. Ол көп-ақ ұстады.
  • Әуелі сұрағанға – әр жетінің бірін, одан кейінгісіне қалған қояндардың әр алтысының бірін, одан кейінгіге – әр төрттің бірін беріп келдім…

Әкесі қанжығадағы 3 қоянды шешіп алып, сәл ойланып қалды.

  • Барлығы қанша қоян ұсталғанын, төрт адамға қанша шыралғы бергеніңді енді білдім, балам.

Сұрақ: Аңшы жігіт қанша қоян ұстаған, оның қаншасыншыралғыға берген?

Жауабы: Аңшы жігіт 4 адамның әрқайсыныа 1 қояннан шыралғыға берген. Барлық ұстағаны 7 қоян, одан шыралғыға бергені 4 қоян.

2.2 бөлмеде 76 адам болғанғ олардың біреуінен 30 адам, екіншісінен 40 адам шығып кетенде бөлмелердегі адам саны тең болады. Алғашқыда әр бөлмеде неше адам болған?

Жауабы: 33 адам және 43 адам

3.Тырналар әдетте топпен ұшқанда үшбұрыш жасап ұшады: алдында бір тырна, екінші қатарда екеу, үшінші қатарда үшеу, тағы да сол сияқты. Егер соңғы қатарда 15 тырна ұшып бара жатса, тырналар тобында барлығы неше тырна ұшып барады?

Жауабы: 120 тырна

  1. Ақыртас ғимаратының үнсіз, тілсіз жатқанына талай-талай ғасырлар болды. Бірақ ол ғимараттың ірге тасын қалаған Алаңғасар есімді алып жігіт туралы әлі де көп әңгімеленеді. Атан түйе тарта алмайтын ауыр тасты арқан бойын жерге лақтырып жіберетін алып жігіт күндердің күнінде Түйме есімді ару қызға ғашық болып қалады. Бірақ сүйген қызына қосыла алмаған жігіт қатты күйіктен, бері жүр дее әрі жүретін, отыр десе тұратын, кел десе келмейтін, келме десе келетін кеселге душар болады. Сол заманда Тараз шаһарының іргесінде Талас өзені тасып, халық әбігершілікке түседі. Шаһар әкімі «Тасқынды Алаңғасар алып қана тоқтата алады,» — деп сәлем айтады әкім.

Арнайы жіберілген адам Алаңғасарға сәлемдемені сол күйінде айтады. Теріс айтылған сөздің оңына тақ тұратын алып кетпенін алып, жол серігімен Таразға қарай жол шегеді. 12 шақырым жүрген кезде қарсы жолыққан біреу оған : «Әкім тез келсін деп жатыр», — дейді. Алып кілт артқа бұрылып жүріп кетеді. Серігі оның 2 шақырым жерде қуып жетеді де, «Әкім келмесін деген»,-дейді. Ол шаһарға қайта беттеп, 20 шақырым жүргенде алдынан кездескен тағы біреу «Әкім келсін деді»,-дейді. Алып кілт бұрылып, 5 шақырым артқа тартып кетеді. Жол серіігі қуып жетіп, «келмесін» деген сөзді қайталап айтады. Енді алып серігімен 15 шақырым жер жүріп шаһар әкіміне келеді.

Алып ұзақ жүріп кешігіп келеді ғой, қанша шақырым жол жүреді екен?- депті әкім төңірегінде отырғандарға.

Сұрақ: Екі қаланың арасы қанша шақырым№Алаңғасар алып қанша шақырым жолжүрген?

Жауабы: Екі қаланың арасы 40 шақырым, Алаңғасар алып әрлі-берлі 54шақырым жүрген.

  1. Алқа қотан отырған төрт бес ауылдың адамдары айнала төңірегіне алыстан шолып отыру үшін биіктігі арқан бойы мұнара тұрғызуға кіріседі. Бес алты жігіт кірпіш күйдіретін құмдан сала бастайды. Тағы бір тобы отын дайындайды. Үш жігіт балшық илеуге бөлінеді. Ауыр жұмысты жеңілдету үшін сол үш жігіт үй орнындай жердің бетін тегістеп, оның қақ ортасына ұзын

Жауабы: Адам саны – 12, табақ саны – 5.

Жасыл түсті секторларға сәйкес тапсырмалар:

1.Екі таңбалы санның 1 цифрын сызып тастағанда алғашқы саннан 31 есе кіші сан шығады. Қандай санның қай цифрын сызып тастау керек?

Шешуі: 31  62  93      1   2   3

  1. 5 алма бар. Келген бала алтау. Осы бес алманы 6 балаға тең етіп бөліп беру керек. Бірақ ешбір алманы 6 бөлікке, не одан көп бөлікке бөлуге болмайды.

Жауабы:

 

 

 

 

  1. Жиені ағасынан сұрады:

— Сіз неше жастасыз?

Ағасы былай деді:

-Егер менің қазіргі жасымның жартысына 10 санын қоссаң, менің қазіргі жасымның төрттен үш бөлігін құрайтын сан шығады. Ағайы неше жаста болған?

Жауабы: 40(40/2+10=30; 40*3/4=30)

Қызғылт сары түсті секторға сәйкес тапсырмалар;

« Құпиялы піспеде» жасырынған заттарды жұмбасқтау.

1.Бұл заттың пішіні төртбұрыш тәрізді. Ол мектептен қашық тұратын оқушылардың көбінде бар. Мектепке жақын тұратын оқушылардың біреуінде де жоқ. Оны сен жай ала алмайсың. Мектебімізде оны тарататын адам бар. Бұл не? (Жол билеті)

2.Бұл зат біреуінің қалтасында, біреуінің сөмкесінде. Бетінде сандар бар. Ол сан заттар ауысып кетпеуі үшін жазылған. Оны жоғалтып алуға болмайды. Бұл не ? (Киім тапсырғанда бңрілетін белгіше)

3.Бұл құралды әдебиет мұғалімі ешқашан қажет етпейді. Ал математика мұғалімі бесінші сыныптан бастап қолынан тастамайды. Ол өзі бір ерекше зат: өлшеп-өлшеп алып, түр-түрге бөліп тастайды. Бетіндегі белгілерді ауырып, қызуың көтерілгенде мамаң да, дәрігер де қайта-қайта айтып қоймайды. Бұл не ? (Транспортир)

Қызыл түсті секторға сәйкес тапсырмалар:

«Тұлпар» тобына

1)60-тың 25 проценті (15)

2)3 кесіндіден құралған фигура (фигура)

3)180 градусқа тең бұрыш қалай аталады? (Жазыңқы)

4)Төртен үшке кері сан (үштен төрт)

5)Шеңбердің центірінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық   (Радиус)

6)Екі қатынастың теңдігі (Пропорция)

7)121 нешенің квадраты? (11)

8)7 жай сан ба, құрама сан ба? (Жай)

9)Дөңгелектің ауданын табуға арналған формула? ()

10)10 мен 15-тің ең кіші ортақ еселігі (30)

11)17 санының квадраты (289)

12) Ең кіші натурал сан (10)

13) Нүктеден таралған екі сәуледен құралған фигура (бұрыш)

14) Екі санның бөліндісін басқаша қалай атайды? (қатынас)

15) Параллелипипедтің үш өлшемі. (биіктігі, ұзындығы, ені)

16) Екі өрнектің қосындысы мен айырмасының көбейтіндісі неге тең? (Осы өрнектің квадратының айырмасына)

17) Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы қабырғасын қалай атайды? (Гипотенуза)

18) Үштің нешінші дәрежесі 729-ға тең? (Алтыншы)

19) Екінің жетінші дәрежесі неге тең? (128)

20) Нешенің квадраты 324-ке тең? (18)

«Қыран» тобына

1)Бұрышты тең екі бөлікке бөлетін сәуле (Биссектриса)

2)Синустың косинусқа қатынасы (Тангенс)

3) шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу (Жанама)

4) Неше градустық бұрыштың тангенсі 3-ке тең (60)

5) Жазықтықтағы қандай түзулер ешқашан қиылыспайды (Параллель)

6) Негізгі тригонометриялық теңбң-теңдік ()

7) 19 санының квадраты (361)

8) Мына формула бойынша нені табуға болады ()

9) 90 градустық бұрыштың косинусы неге тең (0)

10) Қыры 5 дм-ге тең кубтың көлемі (125дм)

11) Тригонометриялық функциялардың қайсысы жұп (Косинус)

12) Вектор дегеніміз не ? (Бағытталған кесінді)

13) Кез келген төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (360)

14) Қандай векторлар тең болады№ (Бағыттас және ұзындығы тең)

15) Түзуге қатысты симметрия (Осьтік симметрия)

16) Бұрыштың синусы (Қарсы жатқан катетің гипатенузаға қатынасы)

17) Неше градустық бұрыштың синусы мен косинусының мәндері тең (45)

18) Қандай фигураның ауданы диагональдарының көбейтіндісінің жартысына тең  (Ромб)

19) Қандай бұрыштың өлшемі өзі тірелетін доғаның жартысына тең? (Іштей сызылған бұрыш

20) Ұқсас үшбұрыштар аудандарының қатынасы неге тең? (Ұқсастық коэффициентінің квадратына тең)

«Сарбаздар» тобына

1)Сіз нешінші қабатта отырсыз (3-ші)

2) Дәптерге із қалдырған зат (Қалам)

3) Қандай санның квадраты 256-ға тең ? (16)

4) Тәуліктің төрттен бір бөлігі  (6 сағат)

5) Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы неге тең? (180)

6) Қолдың сағат тағатын бөлігі (Білек)

7) Перпендикуляр түзулер неше градус жасап қиылысады? (90)

8) Ең үлкен екі таңбалы сан (99)

9) Бір центнерде неше килограмм бар? (100)

10) Қолдағы ең кішкентай саусақтың аты (Шынашақ)

11) Екінің алтыншы дәрежесі неге тең? (64)

12) Ең үлкен уақыт өлшем бірлігі? (Ғасыр)

13) Жарты алманың жартысы неге теі№ (1/4)

15) Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда (Диаметр)

16) Өлшемдері 3 дм, 5 дм, 10 дм тік бұрышты параллелипипедтің көлемі (150)

17) Неше градустық бұрыштың тангенсі мен котангенсі тең? (45)

18) 225 нешенің квадраты? (15)

19) Ағысының жылдамдығы 3 км/сағ болса, меншікті жылдамдығы 15 км/сағ кеме 4 сағатта ағыспен қанша километр жол жүреді? (72 км)

20) Ең алғашқы әйел математик (С.Ковалевская)

Әр топтың жиналған ұпайлары бойынша ойынның қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталады.