§9,5 Толық тізбек үшін Ом заңы

 

Күні:

Сыныбы: 10а

Пәні:физика

Сабақтың аты §9,5 Толық тізбек үшін Ом заңы
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Ø  Толық тізбек үшін Ом заңы жайлы мағлұмат беру

Ø  Толық тізбек үшін Ом заңының формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету

Ø  Топта       бағалай  білуге   баулу

Күтілетін нәтиже Ø  Толық тізбек үшін Ом заңы жайлы мағлұмат алады

Ø  Толық тізбек үшін Ом заңының формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді

Ø  Топта       бағалай  алатын болады

Негізгі  идеялар Ток көзінде Аб=qε бөгде күштердің жұмысы есебінен электр өрісі пайда болады. Бұл өріс сыртқы тізбекте де (тұтынушы) Aэл1=UR∙q, ішкі тізбекте де (ток көзінің ішінде) Аэл12=Ur∙q зарядтың орын ауыстыруы бойынша жұмыс атқарады. Энергияның сақталу заңына сәйкес Аб=Aэл1эл2 немесе εq=URq+Urq, яғни ε=UR+Ur

UR=I∙R, Ur=I∙r

I= ε/R+r

Тұйық тізбектегі ток күші ток көзінің ЭҚК-нің шамасына кері пропорционал және тізбектің ішкі, сыртқы кедергілерінің қосындысымен анықталатын толық кедергісіне кері пропорционал.

Егер R>>r болса, онда I= ε/R  немесе ε=IR, яғни ε=U

Егер R=0 болса, I= ε/r=max. Бұл құбылыс қысқа тұйықталу деп аталады.

 

Тапсырмалар Топтық жұмыс
Топтық жұмыс
Жеке   жұмыс

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

  • Сәлемдесу
  • Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
  • Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2 сандары арқылы 2 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5  минут)

  1. Тізбекті жалғаудың қандай түрлерін білесіңдер?
  2. Тізбектей жалғаудың қандай артықшылығы мен кемшілігін білесіңдер?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (4 минут)

  1. Толық тізбек үшін Ом заңы жайында не білесіңдер?

ІҮ. Топтық жұмыс (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5  рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт  сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді   топпен бірлесе отырып оқып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы  жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді

Бақылаушының  бағалау парағы

Бағалау өлшемдері Көш

басшы

Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Есептің шешуіне  үлес қосу        
2 Міндетін атқару        
3 Топтық жұмысқа атсалысуы        

 

Ү. Топтық   жұмыс (есеп шығару) (5 минут)

1 топ

Рымкевич есептер жинағы №805

ІІ топ

Рымкевич есептер жинағы №806

VІ. Жеке   жұмыс «Блум таксономиясы» (12 минут)

 

1 Білу Толық тізбек үшін Ом заңы    дегеніміз не?  

 

2 Түсіну Толық тізбек үшін Ом заңының формуласын жаз?  

 

3 Қолдану Қандай жағдайда қысқа түйықталу болады,  түсіндір?  

 

4 Талдау Тізбек бөлігі үшін және Толық тізбек үшін Ом заңын    салыстыр?  

 

5 Жинақтау Рымкевич есептер жинағы №808  
6 Бағалау Толық тізбек үшін Ом заңын білудің маңызы неде?  

 

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ.  Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (2 минут)

Кейінгі тапсырмалар 18ж
Кейінгі оқу §9,5 Толық тізбек үшін Ом заңы