Сутек. Тотығу-тотықсыздану реакциялары тарауын қорытындылау

0Сынып: 8А                   өткізілген күні:                                                  Пән атауы: химия

Пән мұғалімі: Актаева А.С

Тақырыбы: Сутек. Тотығу-тотықсыздану реакциялары тарауын қорытындылау
Сабақ мақсаты Сутегі мен тотығу-тотықсыздану реакцияларының негізгі ерекшеліктері жайлы теориялық білімдерін практикамен ұштастыра отырып  салыстыру, анализдеу, есеп шығару арқылы логикалық қабілеттерін дамыту, білімдерін жүйелеу.
Күтілетін нәтиже: —          Тотығу-тотықсыздану реакциясының ерекшеліктерін сипаттай алуға дағдыланады ипаттай  салыстырып, анализдейді

—          Есеп шығару арқылы логикалық қабілетін дамытады

—          шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады, өзбетінше ізденеді;

—          білімдерін жүйелейді, жетілдіреді

Сабақтың түрі Білімді жүйелеу сабағы
Білім беру технологиясы Топтық және жекелей атқарылған жұмыстарға арналған
Сабақтың білім беру формасы Сыни тұрғыдан ойлау
Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдер Шатастырылған баулар, синквейін әдісі, Венн диаграмасы, ассоциация әдісі, деңгейлік тапсырмалар
Көрнекіліктер Презентация, постерлер, таратпа қағаздар, карточкалар, таймер
Сабақ барысы
                                               Мұғалімнің іс – әрекеті                                 Оқушының іс — әрекеті
Ұйымдастыру

( 3 мин)

1.Химиялық терминдерге (оттек, сутек, қышқыл, тұз, тотығу-тотықсыздану реакциясы) тірек сөздер тарату арқылы 5 топқа бөлу (Шатастырылған баулар). 1.Химиялық терминдер бойынша топқа бөлінеді. (оттек, сутек, қышқыл, тұз, тотығу-тотықсыздану реакциясы) Терминдер арқылы топқа сипаттама береді. Топ басшысы тағайындалады.
Қызығушылықты ояту    (5 мин) 2. Терминдер арқылы топқа сипаттама беру арқылы, топ басшысын тағайындау, бағалау парағын ұсыну.

3. Анагромма құрау арқылы сабақ тақырыбын анықтату, бірлесіп мақсат қою.

2. Терминдер арқылы топқа сипаттама береді. Топ басшысы тағайындалады.Бағалау парағы ұсынылады.

3. Анагромма құрау арқылы сабақ тақырыбын анықтап, мақсат қояды.

Мағынаны ажырату

( 10+15 мин)

 

 

 

 

 

 

 

4. Өткен тақырыптар жайлы теориялық білімдерін жетілдіру мақсатында топтарға тапсырмалар беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5. «Білім баспалдағы» деңгейлік тапсырмалар (А,В,С,) бойынша есептер беріледі.

 

4. Берілген тапсырамаларды орындай отырып теориялық білімдерін жетілдіреді.

І топ: Оттек пен сутек элементіне сипатамма беру (Синквейін әдісі)

ІІ топ: Қышқылдар мен тұздар класына сипаттама беру. (Венн диаграммасы)

ІІІ топ: Химиялық реакциялардың жіктелуі (ассоциация әдісі)

ІV топ: Тотығу-тотықсыздану реакциясы теңдеуін құрастыру (көзге көрінетін айғақтар

Ү топ: Терминдерді кластарға жіктеу (көзге көрінетін айғақтар)

Таныстырым әзірлейді, қорғайды Топтар бір – бірін формативті бағалайды.

«10 баллдық жүйе»

«бутерброд»

«3 шапалақ» арқылы бағалау

«Смайлк арқылы бағалау»

«2 жұлдыз 1 тілек»

 

 

5. «Білім баспалдағы» деңгейлік тапсырамаларды орындайды,.

А деңгейі:  Генетикалық байланысты аяқтаңыз.

Al(OH)3  Al2O3  AlCl3  Al(NO3)3

В деңгейі: 12,04∙1022 магний атомы күкірт қышқылымен әрекеттескенде түзілетін сутектің массасы

A) 6,5 г B) 0,4 г C) 0,5 г D) 20 гE) 0,2 г

С деңгейі: Берілген тотығу-тотықсыздану әрекеттесуіндегі барлық коэффициенттер қосындысы

A) 15  B) 16 C) 12 D) 17 E) 18

Есептердің номері бойынша жаңа топ құрылып, талдайды. (әр есепке оқушылар шығып, тақтаға түсіндіреді.)

Топта талдап, бір-бірін бағалайды

Ойтолғаныс

( 5 мин)

 

6. «Бір сөйлеммен түйінде..» әдісі бойынша тақырыпқа қатысты оқушылардың ой пікірлерін білу.  Мысалы «егер де оттегі элементі жетіспесе?» (оттек, сутек, су) 6.Оқушылар тақырыпқа байланысты ой пікірлерін бір сөйлеммен түйіндейді.
Бағалау  (2 мин) 7.Топ басшының бағалауы тыңдалып, мұғалімнің қорытынды бағасы 7.Топтардың бағасын ескере отырып, мұғалімнің суммативті бағасы
Үйге тапсырма

(1 мин)

8. Тарауды қайталап, бақылауға дайындалу 8. Тарауды қайталап, бақылауға дайындалу
Рефлексия ( 4 мин) 9.Кері байланыс. Эдвард де Бононың «ойлаудың алты қалпағы» әдісін пайдаланып, оқушылардың ой-пікірін білу. 9.Эдвард де Бононың «ойлаудың алты қалпағы» әдісін пайдаланып, оқушылардың сабақ бойынша пікірлерін тыңдау.