Алынбайтын асу жоқ
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: Қаблиса жырау атындағы орта мектеп Мерзiмі:
Тақырып: Алынбайтын асу жоқ
Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: Дұрыс ой,әдет,тәртіп.
Мұғалiмі: Жайнарбекова Қ.А. Сынып: 10
Сабақ мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу, өз мақсаттарын жүйелі іске асыра білуге ықпал ету, адам мүмкіндіктері туралы түсініктерін одан әрі тереңдету. Міндеттері: 1.Оқушыларды дұрыс ойлауға дағдыландыру. 2.Оқушылардың бойында жағымды әдеттерді дамыту. 3.Тәртіпті болуға тәрбиелеу |
Ресурстар:
|
І.Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену.»
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру Н.Айтұлының «Күлтегіннің көк тасы» атты өлеңін оқып үйден талдау берілген. 1.Неліктен автор «Исі түркі жұртының тұмарындай Көктасым», деп толғанады? 2.Тасқа түскен жазулардың руханилық күші неде деп ойлайсыздар? 3.Рухани байлық дегенді қалай түсінесіздер? |
Ескертулер:
Әдістемелік құрал Мұқажанова Р.А, Омарова Г.А.
10 сынып «Өзін өзі тану» оқулық. 28-29 бет |
ІІІ.Жағымды ой пікір (Дәйексөз)
«… Егер өмірде өзіңе – өзің сенімді болғың келсе, қиындықпен бетпе-бет кездесуден қорықпа. Үнемі өмір сынақтарынан жасқанып, қашқақтай берсең, кезең — кезең қиындықтар туындай береді, өзіңмен өзің әлектене бересің. Сондықтан жеңіл жол іздеме, қиындықпен күресе біл» Мун Сон Мён 1.Осы айтылған ойды қалай түсінесіздер? 2.Қиындықты, мақсатты жеңу жолында адамдарда қандай қасиеттер болуы керек? 3.Дәйексөздің бізге берер өсиеті ?
Қорытынды: Қиындықты күш-жігер, шыдамдылықпен, төзімділікпен,табандылықпен жеңе білген адам ғана өзіне-өзі сенімді болады,көздеген мақсат, мұратына жетіп асулардан асады. |
Интернет желісі.
Мун Сон Мён , 25.02.1920ж. Жапонияның Тэйсю империясында дүниеге келген,2012 жылы 3 қыркүйекте Корей Республикасы Капхенда дуниеден өтті. Кореяның қоғам қайраткері, көшбасшысы. «Бейбітшілік үшін қызмет етемін», «Барлық әлемге бейбітшілік федерациясы», «Федерация женщин за мир во всем мире» Халықаралық қоғамдық ұйымдарының негізін қалаушы. Гумманитарлық көмек қорларын құрған.
|
ІҮ.Оқиға айту (Әңгiме)
Мұғалімнің сыйы Видео «Алынбайтын асу жоқ» 1.Осы видеодан қандай әсер алдыңыздар, қандай сезімдер пайда болды? 2.Энтони Роблстың осындай жетістіктерге жетуіне бойындағы қандай қасиеттер көмектесті? 3.Неге осы спорт түрін таңдады деп ойлайсыздар?
|
Интернет желісі
Энтони Роблс-20.06.1988 жалғыз аяқты мүгедек спортсмен. Студенттер арасындағы бірінші лига чемпионатының еркін күрестегі 125 фунт аралығындағы алтын жүлдегері.Туғаннан бір аяғы жоқ,3 жасыннан бастап протез киюден бас тартқан,8 сыныптан бастап күреспен айналысқан. Биылғы жылы 36 рет жеңіске жетті. |
Ү.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Санау арқылы 1,2,3 үш топқа бөлу. Кітапта берілген Бейбіт Сапар Алидің ғарышкер Тоқтар Әубәкіров туралы шығармасынан алынған үзіндісімен оқушылар танысады.Үзінді бойынша 3 топқа 3 сұрақ қойып тапсырма беріледі: 1.Ғарышкердің орнында болсаңыздар, сіздер ғарышқа не алып ұшар едіңіздер? 2.Тоқтар ағаның бойындағы қандай қасиеттері ғарышкер болуына көмектесті? 3.Ғарышкер Тоқтар ағаға қандай тілектер айтар едіңіздер? Қорытынды: Әр адам өз Отанын сүйеді, алыста жүрсе сағынады. Отанын шын сүйген адам өзінің бар мақсатын , күш-жігерін табандылықпен Отанына қызмет жасауға бағыттайды. |
10 сынып «өзін өзі тану» оқулықтағы мәтін 35-36 бет, ватман, маркер, стикерлер. |
ҮІ.Топпен ән айту.
Чемпиондар Байрағы еңселі елімнің Тізгіндеп алтын мен күмісін Қайырмасы: Вот последний рывок и победа. Припев: Қайырмасы: |
Интернет желісі http://kazchords.kz/?p=2077,
Музыка — Ермек Елгезеков, |
ҮІІ.Үй тапсырмасы.
38- бет, Д.Аллен үзіндісін оқып , талдап келу.
|
10 сынып «өзін өзі тану» оқулықтағы мәтін 38 бет |
ҮІІ.Сабақтың қорытынды сәті.
Соңғы тыныштық сәтi. -Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік.Бүгінгі өткен сабағымыздан өзімізге қандай жақсы қасиеттерді алдық,қандай пайдалы заттарды алдық сол жөнінде ойланайық.Осы жақсылықтың барлығын жүрегімізге салып, санамызға түйіп алайық.Жайлап, көздеріңізді ашуға болады. |