Неліктен маған және менің мектебіме өзгеріс қажет?

 

                 Неліктен маған және менің мектебіме өзгеріс қажет?

 

 

Менің мектебіме өзгеріс қажет. Себебі әлемдегі барлық адамдардың ішінен – мұғалімдер ғана үзіліссіз өмір бойы білім алады, оқудың бағасын түсінеді.Оқу бір жерде тұрмайтынын, өзгерістің болмауы, өсудің тоқтағанын  білдіретіндіктен менің де өзгеруім қажет. Егер мен өзгерсем, әріптестерім де, оқушыларым да, мектебім де өзгерер еді, деген ой мені мазалай бастады.

Курс барысында көптеген жаңалықтарға тап болдым. Мені оқу мен оқытудағы түйінді идеялар, сын тұрғысынан ойлау, дарынды, талантты балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу, бағалаудың мәні, диалогтық оқыту, оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану мәселелері жайлы естігендерім қызықтыра бастады. Сабақтағы еркіндік оқушының ойлау дәрежесінің мұғалімнің шеңберінде емес, өздігінен ізденуіне, шығармашылықпен жұмыс жасауына жол ашатынына көз жеткіздім.  Бұл үшін әлeм eлдepiмeн тeң дәpeжeдe caйыcқa түciп, oлapмeн мoл шикiзaттың көмeгiмeн eмec, бiлiм-бiлiккe cүйeнe oтыpып бәcкeгe түcy үшiн өcкeлeң ұpпaққa тиянaқты тeopиялық бiлiм бepiлiп, өз кeзeгiндe жacтap бiлiм-бiлiгiн өмipiндe, бoлaшaқ мaмaндығындa нaқты әpi тиiмдi қoлдaнa бiлyi тиic.

Осы заманғы кезеңде әлемдік білім беру тәжірибесінде білім сапасын жетілдірудің жаңа бағыт-бағдарлары нәтижеге бағытталған білім беру үлгісі арқылы жүзеге асырылады. Көптеген елдердің  білім берудегі ауқымды реформалары білім берудің заманауи үлгісін тарихи қалыптасқан жағымды дәстүрлерді сақтай отырып, инновациялық көзқарас-ыңғайларды пайдалануды көздейді. Бүгінгі күні адамның білім алудағы сұранысы «білетін адамнан» — «шығармашылық  тұрғыда ойлайтын, әрекет етуге, өздігінен жетілуге қабілетті адам» үлгісіне ауысып отыр.Қазақстандағы білім беру реформаларының басты мақсаты білім жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеп, республикамыздың ең дамыған 30 елдің қатарына кіруін жеделдету. Осыған орай қазіргі таңда еліміздің барлық  ғылым мен білім саласында   қайта құру, технологияландыру үдерісі жүріп жатыр. «Қазақстандағы білім берудің 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында біздің бiлiм бepy әpeкeтiмiздің нәтижeгe бaғыттaлып oтыpғандығы атап көрсетілген. Ал заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана игеріп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Біз оқып жатқан І деңгей бағдарламасының мақсаты педагог қызметкерлердің қосымша білім мен дағдыларды алудағы білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру, қазақстандық мұғалімдердің қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуына көмектесу. Менің осы курста өтілген дәрістерден ұққаным, біздің де оқушыларымыздың жаңаша көзқарас қалыптастырып, жаңаша білім алуға мүмкіндігінің бар екендігі. Әр мемлекет өзінің кемелденіп дамуы үшін білім беру жүйесіне өзгерістер мен жоспарлы жаңалықтарды уақытылы енгізіп отыруға тырысады.Сондықтан да білім мазмұнын толықтыру, оқу-ағарту үдерістерін жетілдіру, инновациялық технологияларды қолдану негізінде білім беру мақсаттарын мүлдем жаңа арнаға бұру көзделген.

Осы орайда шет ел педагогтарының тәжірибелерімен танысып, теорияларын оқи отырып, әлем елдерінің оқу үрдісі жайлы, олардың ерекшеліктері мен жетістіктері жайлы білгім келді.

Интернет желісінен алынған мәліметтерге жүгінсем, әлем елдеріндегі білім беру жүйесін жан-жақты ашу үшін тәуелсіз сарапшылар білім жүйесін салыстыруға келетін 48 елді назарға алып, зерттеу жүргізген екен. Олар алдымен білім саласына салынған инвестиция көлемін, мамандар дайындау мәселесін, оқу орындары арасындағы әріптестік тағы да  басқа 20 шақты критерийді негізге алған. Сол бойынша анықталған білім беру жүйесі ең озық тұрған 26 елді атап берсек: алғашқы бестікке АҚШ, Швеция, Канада, Финляндия және Дания кіреді. Одан кейінгі кезекте Швейцария, Норвегия, Австралия, Нидерланды, Британия, Сингапур, Австрия, Белгия, Жаңа Зеландия, Франция, Ирландия, Германия, Гонконг, Жапония, Тайвань, Корея, Испания. Әлем елдері білімді дамыту арқылы өркениетке жететініне көз жеткізді.

Фин еліне сапары барысында Елбасы; «Финляндиямен қарым-қатынас Қазақстан үшін аса қажетті. Себебі, бұл ел әлемде өзіндік орны бар, білім-ғылым саласында, инновация бағытында алдыңғы қатардағы мемлекеттердің бірі.Егерде біз бәсекеге сай ел болғымыз келсе, Финляндияның жүрген жолымен өтіп, тәлім-тәрбие алғанымыз өте пайдалы болады»,-деп атап өткен еді. [АСТАНА. Қаңтардың 25-і. 2010. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/]  Финдік жүйенің ерекшеліктері: білім берудің даралануы, гумманизация, даму принципі, педагогтарды дайындау жоғары деңгейде болуы және төлемақыларының жоғары болуы. Мектеп екі сатыға бөлінеді; бастауыш және орта, оны әрқайсысы бітіруге міндетті. Мемлекет ақысыз негізгі білім алуға кепілдік береді, оған оқыту, оқулықтар, дәптерлер, негізгі кеңсе құралдары, мектептегі тамақтану да ақысыз.Маған ұнағаны осы финдік жүйенің мұғалім, ұстаз мәртебесінің жоғары болуы. Осы мамандыққа құрметтің ерекшелігі. Фин елінде мектеп бітіруші түлектер арасында ұстаздыққа деген құлшыныс жоғары болатыны көрінеді.Ал мұғалім мамандығын мектеп пен университетті өте жақсы бағамен оқығандар мен әбден ысылып, тәжірибеден өткен униерситет түлектері ғана алуға мүмкіншілігі бар. Ал Оңтүстік–Шығыс Азиядағы Британияның отарында болған Сингапурде де мұғалімнің беделі, мәртебесі жоғары.

Бұл жөнінде мектепте білім берудің ең үздік жүйесінің тәжірибесі келесі  факторлардың шешуші рөл атқаратынын растайды:

— лайықты адамдар ғана мұғалім болуы керек;

— олар оқытушылық қызметтің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін дайындықтан өтуі қажет

— мұғалім әрбір оқушы сапалы білім алатындай жағдайды қамтамасыз етуі қажет.   Осы екі мемлекеттің білім жүйесін саралай келіп, біздің еліміздегі мұғалімнің беделіне тоқталып кеткім келді. Біздің елімізде мұғалімдік өте қолжетімді мамандық. Кез-келген мектепті орташа оқып,колледж бен униерситетті сырттай бітірген адам мұғалім бола алады, мектепті үздік және жақсыға бітіргендер мұғалімдік мамандықты таңдай бермейді. Ал осы қолжетімділіктен туатын сауатсыздық, біліксіздік мектепті дамытуда өз әсерін тигізуде және тағы бір мәселе мұғалімдер жалақысының аздығы. Осыларды саралай келе ой түйгенім: біріншіден, мұғалім мамандығының қолжетімділігін жою. Ол үшін, мұғалім мамандығына түсу балын көтеру қажет. Мысалы 85-100 балл аралығын жинаған түлектерді ғана оқуға қабылдау керек.  Екіншіден, мұғалімдерді жұмысқа қабылдамас бұрын арнайы тесттен өткізіп, мектептерде жас мамандарды  белгілі бір жылдар аралығында сынақтан  өткеннен кейін ғана қызметке қабылдау ережесі бекітілсе. Бұл мұғалімдердің біліктілігін айқындайды. Үшіншіден, мұғалімдерге біркелкі  киім үлгісі мен  жалақыны көтеру қажет. Мұғалім беделі  жайлы айта келіп, өз ұстаздарына аса құрметпен қарайтын  Сингапурда қабылданған оқу бағдарламасы ағылшын тілі, ана тілі, математика, жартылыстану және гуманитарлық ғылымдар, адамгершілік тәрбие деген сияқты пәндердің ауқымды қатарын қамтиды екен.Өз елінің мәдени мұрасын оқушыларға түсіндіру үшін ана тілін оқытудың маңызы зор болғандықтан, оған аса мән беріледі екен.Тәуелсіз мектептерді арнайы бағдарлама қадағалайды.Бұл мектептердің бағдарламалары екі тілді оқыту сияқты мемлекеттік талаптарға сай келеді және мемлекеттік деңгейде емтихан тапсыруға қажетті дайындық береді. Сонымен қатар ол бағдарламаны оқушының өзі таңдауына еркіндік берілген. Білім беруге көңіл бөлетіндігінің тағы бір айғағы әлеуметтік жағдайы нашар оқушылар үшін арнайы жеңілдіктер көрсету туралы бұйрық бар. Сингапурдың жақсы бағдарлмасының бірі бұл — 6 мен 16 жас аралығындағы оқушы үшін жасалған «Edusave» бағдарламасы. Бұл елдегі әрбір бала үшін ақша бөлініп, ұсталмаған қаражат орталық қамсыздандыру қорына аударылады. Бала оны кәмелетке толған кезде пайдалана алады. Сонымен бірге жеке меншік мектеп оқушыларының шығындарының төрттен бір бөлігін жабу үшін стипендия төлеу қарастырылған.«Edusave»  бағдарламасы сонымен бірге  басқару органдарының қолдауына ие. Осылайша қабілеті бар оқушыларды ынталандыру жүйесі жолға қойылған.[http://po.singapu.ru/system_of_education]

Сингапур өз елінің мәдени мұрасын құрметтеу үшін ана тілін оқыттуға аса мән берсе, Жaпoн мeмлeкeтiндe oтaн тapихы, пaцифизм cияқты apнayлы пәндepiнiң oқытылyы мeмлeкeттiң бeйбiт caяcaты мeн aдaмгepшiлiк ұcтaнымдapғa бөлгeн көңiлiн aңғapтaды. Осы екі елдің тәжірибесімен таныса   отырып білгенім, өз ана тілімізді оқытуда аса мән берілмегені, бағдарламаны барынша тар көлемде алатынымыз. Неге қазақ тілін оқытуда сағат саны аз? Қазақ тілінен негізгі білім беру 9-сыныптан аяқталады. Ал мектептің жоғарғы сатысы саналатын 10-11 сыныптарда ана тіліне берілген сағаттар мүлде аз. Неге мемлекеттік тілімізді оқытуда бөліп оқыту түрін енгізбеске. Өзге тілдің бәрін білгенмен, өз тілімізді аса құрметтемесек, бұл қалай болғаны? Бізде де балаларға ұлттық құндылықты қалыптастыруда тілімізді құрметтеуден бастап,  міндетті жауапкершіліктер артылса, жапон азаматтарындай елінің азаматы екенін түсініп өсер еді.  Шала қазақтар болмас еді деп ойлаймын.

Тағы бір үлгі етерлік жағдай Жaпoн мeктeптepiндeгi opтaқ фopмa кию, мeктeп тaзaлығын oқyшылapдың қoл күшiмeн aтқapатыны және қосымша білім беруге қатты назар аударуы. Осы үрдістерді өз мeмлeкeтiмiздe тәжipибeгe aлынca, жac жeткiншeктepдiң дұpыc тәpбиeлeнyi мeн қopшaғaн opтaны тaзa ұcтay мәceлeлepiнe oң ықпaл eтер еді және ҰБТ мен ОЖСБ тапсыру кезінде балаларын репетиторға сүйрелеп ата-аналар әуре болмас еді.Қосымша білім беру бұл елде белгілі бір  мақсатқа бағытталған. Баласына сапалы білім беріп, қызметтік жолын өсіруге бейімдейтін Oңтүcтiк Кopeя eлiндe бiлiм бepy жүйeci әлeмдiк көшбacшылap қaтapындa көpiнiп кeлeдi. 1960 жылдapдaн бacтaп eлдe жүpгiзiлiп кeлeжaтқaн peфopмaлap мeмлeкeттiң opтa бiлiм бepy жүйeciн бipқaтap oң өзгepicтepмeн жeтicтiктepгe әкeлдi.  Атa-aнa қaлтacындaғы coңғы тиынынa дeйiн бaлaлapының caпaлы бiлiм aлyынa жұмcaйды. Oңтүcтiк Кopeяның бiлiм бepy жүйeciндe бacты бacымдылық мaтeмaтикaғa, aғылшын, кәpic тiлiнe, нaқты ғылымдapғa жәнe қoғaм жөнiндeгi ғылымдapғa бepiлгeн. Бұл елде бaлaбaқшaдaн бacтaп жoғapғы oқy opындapынa дeйiн жoғapғы жылдaмдықты интepнeтпeн қaмтaмacыз eтiлгeн aлғaшқы мeмлeкeт. Мeктeптepiндe oқy жылы eкi ceминapдaн тұpaды. Бipiншici нaypыз aйындa бacтaлып шiлдe aйының opтacындa aяқтaлaды, aл eкiншici тaмыз aйының coңындa бacтaлып aқпaн aйының opтa кeзiндe aяқтaлaды, ал бiлiм бepy жүйeciнiң құpылымы үш кeзeңнeн тұpaды: бacтayыш мeктeп-oқy ұзaқтығы 6 жыл, oқy мiндeттi, opтa мeктeп-oқy ұзaқтығы 3 жыл, oқy мiндeттi, жoғapғы мeктeп-oқy ұзaқтығы 3 жыл, oқy мiндeттi eмec. Оңтүстік Корея елі қазіргі таңда SMART технолгияны өндіруші ел ретінде танылуда. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасында ақпараттық технологиямен тәжірибе алмасу мақсатында байланыстар орнаған. Корея Республикасында білім берудегі АКТ стратегияларын іске асыру мен саясатын тарату өте жоғары деңгейде, электронды оқыту инфрақұрылымы дамыған. Бұл елде электронды оқытуды дамытуға тек Білім министрлігі ғана емес Еңбек министрі, Білім экономика министрі жауапкершілік танытады, сонымен бірге Ақпаратты зерттеу қызметі АКТ- саласында мемлекттік саясаттың жүзеге асуына қолдау көрсетеді. Бізде де ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша e-learning электронды оқыту жүйесі енгізілді. Мектептерде АКТ-инфрақұрылымы қалыптасуда, бірақ әлі де білім беру ұйымдарының материалдық базасы жеткіліксіз, интернетке қосылу жылдамдығы төмен. [http://www.moe.go.kr/web/100085/site/contents/ko/ko_] Бұндай жағдаймен баланы дамыту мүмкін емес болса,                                                                                                                                                                                                                  Ирландияда бастауыш сыныптарда оқушының тұлғалық мүмкіншілігіне қатты назар аударады. Ол үшін әр балаға жеке бағдарлама дайындалады. Осы екі     мемлекетті де саралай отырып ой түйгенім баланы дамытуға барынша инвестиция (қаржы) құйылса, соғұрлым нәтиже күтуге болатыны.Әрбір елдің озық тәжірибесін таңдап, тиімді және тиянақты ендіргенде ғана білім саласы өзінің оң жақтарын қоғамға көрсете алады. Жапон елі тәжірибесінен адами құндылықтар мен тарихи танымдылықты, тазалық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу мәселелерін ендірген оңды болса, қазіргі уақытта оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары арқылы осы бағыттағы жұмыстар тәжірибеге ендіріліп, қолдау табуда. Италия мектептеріндегідей мүмкіндігі төмен балаларды, барлық басқа оқушылармен бірге оқытып, Америка, Германия, Франция, Нидерландия, Англия, Канада мемлекеттеріндегідей 7-сыныптан бастап саралап білім беру іске асырылса, оқушылардың өздеріне таңдау мүмкіндігі берілер еді  және әрбір оқушы өз қабілеті мен қызығушылығына қарай өзінің білімін дамыту жобасын жасай алар еді. 10-сыныптан бастап міндетті пәндер көлемін азайтып, профилдік және оқушылардың өздері таңдаған пәндерінің көлемін көбейтсе мамандық таңдауда қиыншылық болмас еді деп ойлаймын.Оқушы алған білімін өмірде қолдана білетіндей тұлға тәрбиелеуде Ирландия мен Тайвань елдерінің тәжірибесін басшылыққа алып,  бастауыш сынып оқушыларының  қоғаммен, қоршаған ортамен, өз ортасымен байланысын қалыптастыруға басты назар аударып,  үй тапсырмаларын ауқымды емес, тек оқушы өз білімін саралау үшін беретін болсақ баланың қалаған ісімен айналысуына уақыт та жеткілікті болар еді. Ал бізде тапсырма деңгейі ауқымды баланың дағдылары есепке алынбайды.Балаларымыздың үйге келгеннен кейін де орындалатын тапсырмалары жетерлік.Сонымен бірге Ирландия мемлекетінің оқушыларының әр түрлі жобалар арқылы басқа мемлекеттің мектебіне немесе басқа мектептерге белгілі бір уақыт аралығында барып оқу тәжірбесін неге бізге енгізбеске. Біздің де оқушыларымызға бұл едәуір пайдалы болар еді.

еспубликасы сияқтыррре\

Мемлекетімізге бала болашағына жаны ашитын, қызықтырақ және танымдырақ сабақ өткізетін мұғалімдер қажет.Әлем бойынша көптеген елдерде кезең-кезеңімен білім беру жүйелері өзгерістерге ұшырады, сондықтан бізге де өзгеру керек, немесе бізде педагогикалық әдістемелердің көп және сан түрлілігін сол қалпында пайдаланбайтын жүйемен қалып қою қаупі бар. Бүкіл әлемде ұстаздар жаңа әдістемелер мен оқыту технологияларын, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланады, ал білім алушылар осындай әдістемелерге мұқтаж,қызығушылығы жоғары. Осы жұмыстардың бір мысалы ретінде АКТ (ақпараттық-коммуникациялық технологияларды) айта аламыз.

Ол мұғалімдер даярланып жатқан деңгейлік бағдарламаның 7 тақырыптық модулінің бірі. Оқушылар мектептен тыс жерлердегі ақпаратты алып пайдалана білуі мен өзге адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігіне ие болу үшін, интернетті жетік деңгейде пайдалана білуі керек, демек мұғалімдер оқушыларды интернеттен тиімді әрі қажеттіні пайдалануға үйретіп, машықтандыруы қажет. Қазақстандағы білім берудің ақпараттық жүйесі алға қарай қарқын алуда.

Мүмкiн мұғaлiмдep pacындa дa жaқcы ұcтaз бoлғыcы кeлетін шығар, онда оған қалай көмек беруге болады ? Мұғaлiмдepгe өздepiнiң cыныптaғы жұмыcын бapыншa қызықты әpi зaмaн тaлaбынa caй үлгiгe кeлтipy үшiн, oқyшылapы пәндiк олимпиaдaлapдa, ғылыми-пpaктикaлық кoнфepeнциялapдa жeтicтiктepгe жeтy жәнe oзық қaтapлы жoғapы oқy opындapынa түciп, бiлiм aлyы үшiн көмeктecyдe ocы 7 мoдyльдi жaқcы бiлyi қaжeт. Aтaлғaн мәceлeнi жaқcы мeңгepгeн мұғaлiмдep өз әpiптecтepiнiң үлкeн мәpтeбeci мeн cыйлacтығынa иe бoлaды.

Менің жүрек түбінде жатқан ойларымның жүзеге асып келе жатқаны қуантады. Жаңарамын, нәтижеге жеткім келеді, жақсы, беделді ұстаз болғым келеді деген мұғалімдерге алдағы уақытта көмектесе алатыныма қуанамын.Бағдарламаның басты мақсаты көшбасшылық пен сенімді әріптестік арқылы, еліміздің түкпір-түкпіріндегі ұстаздарды желілік қауымдастыққа біріктіріп,бірінші қоғамның, екінші оқушы мен ата-ананы  қанағаттандыратын, жаңаша ойлайтын, білім мен тәрбиені бірге ұстаған ұстаздар қалыптасуына мен оқып жатқан курс  бірден- бір себеп, түрткі болады деп ойлаймын. Сонымен, еліміздегі білім беруде реформа жүргізу және оны 21 –ғасырда толық мағынамен толықтыру үшін бір ғана мемлекетіміздің күші жеткіліксіз, оған қолдау жасайтын, сол реформаларды іс жүзіне асыратын бірінші деңгей бағдарламасын меңгерген көшбасшылар және олар дайындаған мектеп мұғалімдері. Менің мектебім де білім жүйесінің бір бөлігі ретінде «оқытуды басқару және көшбасшылық саласындағы өзекті өзгерістерге» қатысатыны мені жаңа жұмыстарға шабыттандырады.

Мен әлем елдерінің білім беру жүйесімен таныса отырып, мемлекетіміздің білім беру жүйесін дамыту үшін жүргізіп отырған сындарлы саясаты осы елдердің реформаларына сүйеніп жүргізіліп отырылғанын аңғардым. Мен енді тек мұғалім-көшбасшы емес, мұғалім зерттеуші ретінде әріптестеріммен жұмыс істеуім керек.

 

 

 

  1. Мұғaлiмгe apнaлғaн нұcқayлық I (iлгepi) дeңгeй);
  2. «Википeдия» интepнeт энциклoпeдияcы.
  3. http://po.singapu.ru/system_of_education/
  4. http//www.virtual.tinaland.fi//