Елін сүйген, елі сүйген-Елбасы

Тақырыбы: Елін сүйген, елі сүйген-Елбасы

Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру.

Оқушыларға Президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі – өнеге ету.

Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге , елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Суреттер, слайд, нақыл сөздер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Желтоқсаннан бастау алған егемен,

Егеменді елде берік керегем.

Қазақстан бірлігімнің айғағы,

Әлем білген басшысымен көреген.

1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы , Шамалған ауылы, Үшқоңыр жайлауында  Н.Ә.Назарбаев дүниеге келген.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

Осыдан 5 жыл бұрын ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі қарсаңында Қазақстан Парламентінің Сенаты «1-желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мерекесін бекіткен заңын қабылдағаны баршаға мәлім.

Бұл еліміздің тарихындағы ерекше күн.Нақтырақ айтсақ ,1991жылы 1-желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы болып сайланды.

 

Оқушылар Отан, Елбасы туралы тақпақтарын айтады.

«Бәйге ойыны». Сұрақтарға жауап беру.

«Менің Отаным» сурттер салу

«Егер мен Президент болсам…» тақырыбында өз ойларын айту.

Қорытынды:

Елбасы күні- елдікті еңселетіп, тәуелсіздікті тұғырлы ететін күн болсын деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйғыр ауданының білім бөлімінің «М.Жалилов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

«Елін сүйген, елі сүйген-Елбасы»