Ақпарат және ақпараттық үдерістері. Әлемнің ақпараттық бейнесі.  Техникалық қауіпсіздік ережесі

Сабақ жоспары № 1

 

Оқытушы: Байтемирова Гүлімхан Жаппарқызы

Пән: Информатика

Мамандық:  0112000 — «Исламтану» (011202 3 – Ислам негізінің мұғалімі)

І курс,  топ: 23-9-81, 82, 83

Күні

Тақырыбы: Ақпарат және ақпараттық үдерістері. Әлемнің ақпараттық бейнесі.  Техникалық қауіпсіздік ережесі

Мақсаты:  Студенттер ақпарат жайында толық мәліметтерді игеріп,  ақпаратты өңдеуге, жинауға зерттеуге ат салысады. Алған білімдерін тәжірибеде көрсете алады.

Күтілетін нәтиже:

  1. Қосымша ізденіс арқылы тақырыпты жүйелі түрде игереді.
  2.  Қауіпсіздік ережесі туралы түсінеді және соған сай жұмыс жасайды.
  3. Ойы толығады; өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстыра біледі;

Әдістері: Түсіндірмелі, өзіндік, топпен жұмыс

Сабақ жабдығы: Дербес компьютерлер, ноутбуктер, қосымша құрылғылар, графикалық сызба, плакаттар.

Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, математика, физика.

Негізгі әдебиет:   Информатика 10 сынып қоғамдық — гуманитарлық бағыт.

Б.Қ. Сапарғалиева, Н.Е. Масалимова, Г.А. Тезекбаева «Арман – пв» — 2014ж 5-16 беттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың барысы және уақытының өлшемі

Сабақ кезеңдері Кезең мазмұны Уақыты
1 Ұйымдастыру кезеңі Амандасу, студенттердің қатысуын және аудиторияның дайындығын тексеру, сабақ өткізу жоспары. 5 минут
2 Білімдерін тексеру

 

 

Білім бағалау өлшемі

Информатика пәні жайында білімдерін жалпы сұрақтар қою арқылы тексеру. Алдыңғы сыныпта өткен информатика пәнінен білімдерін бақылау.

 

Бес балдық бағалау

30 минут
3 Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі

 

 

 

 

 

 

Түсіндіретін сұрақтар тізімі:

«Ақпараттық дамытушылық» әдісі: Студенттерді ақпарат алмасуға бейімдеу арқылы жаңа тақырыпты ауызша түсіндіру, қысқаша бейне дәріс көрсету. Информатика пәнінің маңыздылығын түсіндіру, компьютердің мүмкіндіктері жайлы баяндау. Алғашқы ЭЕМ-дердің дамуы жайлы мәлімет айту. Жаңа АКТ –ның шексіз мүмкіндіктерін пайдалануға үндеу. Техника қауіпсіздігінің алатын орны ерекше екендігін үйрету. Ғаламтордан  түрлі бейне дәрістерді көрсету.

  1. Ақпарат ұғымына тоқталу;
  2. Ақпараттың қасиеттері;
  3. Техникалық қауіпсіздік ережесін қамту;
25 минут
5 Оқушылардың өздік жұмысы Жаңа тақырыпты конспектілеу. Жұптасып берілген үлестірмелі карточка бойынша сұрақтарға жауап беру. 20 минут
6 Тақырыпты бекіту Бірнеше сұрақтар қою арқылы

  1. Информатика пәні бізді неге үйретеді?
  2. Техникалық қауіпсіздік ережесін қалай ұстанамыз?
  3. Ақпарат термині туралы жаңадан не білдіңдер?
  4. Адам ақпаратты қандай сезім мүшелері арқылы қабылдайды?
5 минут
6 Сабақ қорытындысы Шәкірттерді біліміне қарай бағалау. 3 минут
7 Үй тапсырмасы

Тәжірибелік тапсырмалар:

Информатика 10 сынып қоғамдық гуманитарлық бағыт оқулықтағы   І тарау,  §1, §2 оқып келу 5-16 беттер, топқа бөлініп ғаламтордан ЭЕМ- дердің, ақпараттың дамуы жайлы мәлімет іздестіру. 2 минут

 

Оқытушының  қолы____________

Әдіскер: ____________________

 

Жаңа сабақты түсіндіру:

 

Информатика – адам өмірінің әртүрлі салаларында ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, оны іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолдану мәселелерін зерттейтін жас ғылыми пән.

Бұл ерекшелік көбінесе информатиканы компьютермен жұмыс істеу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы деген жалған түсінікті тудырады. Шындығында қазіргі замандағы информатика — өте көлемді, динамикалы, эмпирикалық материалдарды жинақтау және ойдан өткізу кезеңін кешіп отырған, бірнеше іргелі және қолданбалы пәндердің қиылысында қаланған ғылым. Қазіргі замандағы информатиканы 1978 жылы Халықаралық информатика конгресінде төмендегідей түрде анықтады:

Информатика ұғымы ақпараттарды өңдеу жүйелерін құру, жасау, қолдану және материалды – техникалық қызмет етумен байланысты облыстарды қамтиды, мұнда машиналар, жабдықтар, математикалық жасақтама, ұйымдастырушалық аспектілері, сонымен қатар, өндірістік, коммерциялық, әкімшіліктік және әлеуметтік әсер ету кешені де енеді.

Кең мағынада, информатика – ақпараттық іс-әрекет, ақпараттық үрдістер және олардың адам-машина жүйелерінде ұйымдастырылуын зерттейтін ғылым.

Кейбір батыс Европа елдерінде және АҚШ-да бұл ғылымға басқа термин қолданылады – «Computer science» (компьютерлік ғылым).

Ғылым тұрғысынан информатиканың пәні – ақпараттық үрдістерге (бұл ұғымның кең мағынасында) тән жалпы заңдылықтарды зерттеу.

Информатиканың іргелі ғылым тұрғысынан пәнін төмендегідей ұғымдар құрады:

— ақпараттық ресурстар, олардың мәні, өмір сұру заңдары, қоғамның басқа ресурстарымен әсерлесу механизмдері, әлеуметтік прогресске көрсететін әсері. Ақпараттық ресурс білім мен ақпараттың симбиозы түрінде алынады. Информатика АР-ды қоғамда алу, беру және қолданудың заңдарын зерттейтін ғылым тұрғысынан ақпараттық үрдістерді нығайтуға, АР қолдануға негізделген ЭЕМ-ді және автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді (АЖ) қолданудың теориялық негіздерін құрайды.

Практикалық(қолданбалы) информатика тұрғысынан пәндік аумақты келесі ұғымдар анықтайды:
— есетеу техникасы құралдарының аппараттық жасақтамасы;

— есептеу техникасы құралдарының программалық жасақтамасы;

— аппараттық және программалық жасақтамалардың өзара әсерлесуі;

— адамның аппараттық және программалық жасақтамалармен әсерлесу құралдары;

Информатиканың алдына қойылатын міндеттерді анықтау үшін оның қалыптасқан ғылымдар жүйесіндегі алатын орны маңызды рөл атқарады. Информатиканың ғылымдар жүйесінде алатын орны оның күрделі, кешенді, ғылыми-жаратылыстану пән екендігін көрсетеді.

Информатика профильдік емес пән мамандықтарында зерттеуге қоятын негізгі міндеттер:

— ақпарат, ақпарат құрылымы мен қасиеттері, оны алу сақтау, өңдеу және жеткізу әдістері туралы іргелі ұғымдарды беру;

— АР-тың қоғамды ақпараттандыру үрдісіндегі рөлін анықтау;

— есептеу техникасының аппараттық және программалық құралдарымен жұмыс тәсілдері мен әдістерін жүйелендіру;

Ал информатика негізгі профильдік пән болып есептелетін ғылыми-жаратылыстану және техникалық бағыттағы мамандықтар үшін зерттеуге қойылатын негізгі міндеттер:

— информатика мен есептеу техникасының базалық ұғымдары мен заңдылықтарын;

— информатиканың пәндік аймағы мен негізгі әдістерін;

— информатиканың даму тарихын;

— ақпаратты өндеуді автоматтандыруға негізделген жүйелерді құру тәсілдері мен әдістерін;

— аппараттық және программалық жасақтамаларды басқау тәсілдері мен әдістерін;

— компьютерлік программаларды құру тәсілдері, әдістері мен құралдарын;

— ақпаратарды қорғау тәсілдерін жалпылау, қорғау әдістері мен құралдарын құру;

— ақпараттық үрдістердің жасанды және басқару жүйелеріндегі жүру заңдылықтарын беру және қолдану іскерлігіне үйрету болып табылады.

Ақпараттың ең негізгі ерекшелігі – ол бар адамға интуитивті түсінікті, екінші жағынан оның ғылыми дәл анықтамасын беру мүмкін емес, сондықтан ақпарат туралы ұғым қолданылады. «Ақпарат» термині латынның «informatio» — түсініктеме, баяндама, хабар басу деген сөзінен шыққан.

                         Ақпарат және ақпарат үдерістері

 

Ақпарат – адамнан да ерте туған құбылыс. Ақпарат қоршаған орта мен онда болып жатқан әртүрлі құбылыстар туралы мәліметтер жиынытығын айтамыз. Ақпарат таңба мен стгналдардан тұрады. Аадамдар оны әртүрлі жағдайда қабылдайды. Ақпарат өзектілік және толықтылық деген қасиеттерге ие.

Ақпараттану (Информатика) — ЭЕМ арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән.

Ақпарат қамтамасыз ету Ақпараттық жүйе мен ақпараттық технологияға қажетті элементтерінің бірі басқарылатын нысанның күйін және басқару шешімін сипаттайтын ақпаратты бейнелейді.

 

 

 

Әлемнің ақпараттық  бейнесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ

Информатика кабинетіне рұқсатсыз кіруге болмайды.  Компьютер кабинетіне тыныш кіру және өз орнын алу керек. Информатика кабинетінде сырт киіммен отыруға болмайды. Тұрған компьютердің жарамсыздығының болмауына көз жеткізу  керек.  Кірерде есікке бір-бірін итеруге болмайды. Ақау болған жағдайда мұғалімге хабарлау қажет. Қосқыш сымдарды қозғауға болмайды, Жұмысты рұқсатпен бастау керек. Токқа қосқыш сымдарды түртуге болмайды. Басқа компакт дискі мен дискеттерді әкелуге болмайды . Ақауды өз бетінше жөндеуге тырысуға болмайды  Сабаққа қатысы жоқ ойындарды, музыканы, басқа бағдарламаны қосуға болмайды    Кір қолмен жұмыс істеуге болмайды. Пернетақтаны ұрмай ақырын басу керек   Экранға тиісуге, монитор артына, жүйелік блок артына тиісуге болмайды . Су қолмен жұмыс істеуге болмайды.  Мониторға 60-70 см қашықтықта отыру керек.  Пернетақтаны токқа қосылғаннан кейін басу керек. Компьютерге заттар қоюға болмайды Жұмыс біткеннен кейін жұмыс орнын  жинау  керек. Мұғалімнің рұқсатынсыз жұмысқа кірісуге болмайды . Желдеткіш тесіктеріне қаламды т.б. заттарды салуға тыйым салынады. Кабинетке вирустар мен зиян келтіретін бағдарламалар әкелуге болмайды Мультимедиамен жұмыста дауысты қатты шығаруға болмайды.

Тақырыпты бекіту : Жалпы сұрақтар қою арқылы:

  1. Информатика пәні бізді неге үйретеді?
  2. Техникалық қауіпсіздік ережесін қалай ұстанамыз?
  3. Ақпарат термині туралы жаңадан не білдіңдер?
  4. Адам ақпаратты қандай сезім мүшелері арқылы қабылдайды?

 

 Үйге тапсырма: Информатика 10 сынып қоғамдық гуманитарлық бағыт оқулықтағы   І тарау,  §1, §2 оқып келу 5-16 беттер, топқа бөлініп ғаламтордан ЭЕМ- дердің, ақпараттың дамуы жайлы мәлімет іздестіру.

Тәжірибелік тапсырмалар: топқа бөлініп ғаламтордан ЭЕМ- дердің, ақпараттың дамуы жайлы мәлімет іздестіру.