ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ БІРЛІКТЕРІ ЖӘНЕ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«№ 17 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕБІ» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖОБА

Тақырыбы:

ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ БІРЛІКТЕРІ ЖӘНЕ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕР

 

 

 

 

Орындаған:7  «Ә» сынып оқушысы

Қайратұлы Ізбасар

Жетекшісі:математика пәні мұғалімі

Рахимова Нургуль Ергалыкызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2018-2019 оқу жылы

Мақсаты:

Қазақ халқының өмірінде қолданылған ескі өлшемдер мен оның қазіргі кездегі өлшемдермен байланысын зерделеу.

 

Болжам:  Осы ғылыми жобам арқылы, қазақтың ескі өлшем бірлектерінің

тарихымызда ұмыт қалмауына жол бермекпін. Менің ойымша әрбір халық өз халқының омір сүру тұрмысында қолданған даналығын білгені абзал. Өйткені ол тарихымыздың бір бөлігі деп санаймын.

 

 

 

Зерттеу кезеңдері:

 

  • Тақырыпты негіздеу, мақсаттары мен міндеттерін айқындау;
  • Тақырыпқа байланысты теориялық мәліметтер жинақтау, әдебиеттерге шолу жасау, талдау;
  • Халқымыздың ескі өлшемдерін халықаралық жүйедегі өлшемдермен салыстыру;
  • Тақырыптың мағынасын ашу, ескі өлшемдерінің түрлерін, шығу тарихын нақты мысалдар арқылы корсету;
  • Жұмысты қорытындылау;

 

 

 

Жұмыстың нәтижелері мен қорытындылары:

 

Жинақталған мәліметтер мен келтірілген мысалдар нәтижесінде, қазақ халқының өмірінде қолданылған ескі өлшемдер мен оның қазіргі кездегі өлшемдермен байланысы анықталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Өткен ғасырларда халықымыздың таным-түсінігі табиғат тылсымымен үйлесіп қана қоймай, құпияларын ғылыми-негізбен ұштастыра  жете түсіндіретіні таңданарлық.  Әр халықтың күнделікті өмір сүру, тұрмыс қажеттілігінен туған қарапайым өлшемдері болған. Өз уақытының өлшемін меңгере білген қазақ халқы өз ұрпағының табиғат құбылыстарын сезініп-біліп өмір сүруге қажетті құбылыстарын біліп отыруға пайда-зиянын мөлшерін есептеу жүргізген. Қазақ халқының дүние танымында халық өлшемдерінің алатын орны ерекше. Ата бабаларымыз ғасырлар бойына қолданып және сол арқылы өлшем негіздерін жасаған. Халық өлшемдерінің түрлері әрқилы болып келеді.

Қазақтың барлық сөзінің шегі, өлшемі болған. Адамдар әрбір өлшемнің атқаратын міндеті бар екенін білген, сөйтіп оны ішкі рухани салмақтың сыртқы көрінісі деп қараған. Заттың сыртқы өлшемі, оның биіктігі мен тереңдігі, қаттылығы мен жұмсақтығы – бәрі түйсікке әсерін тигізетін құбылыстар. Мысалы «жұп» сөзін алайықшы, «тең» дегенді білдірмей ме ? Адамзат ана мен әке болып тең бөлінеді. Тау болса, ойпат неге болмасқа ? Яғни, әлем қарама – қарсылықтан жаратылған.

Қазақтың байырғы өлшем сөздерінің өзін нақтылы, жобалы өлшемдер, жер арақашықтығын білдіретін, салмақты, ұзындықты, көлемді, уақытты, жас мөлшерін білдіретін, қатты және сұйық заттардың өлшем бірліктері бола алатын түрлерге іріктеуге, саралауға әбден болады. Сондай-ақ уақыт мөлшерін болжауға Күннің, Айдың немесе басқа да аспан шырақтарының көкжиекпен салыстырғандағы орны алынған.

Жыл қайыру, жыл мезгілдерінде ауа-райының өзгеруін біліп қоймай, ғасырлар қойнауында кеткен оқиғалардың уақытын есептей білу халқымызды ауызша компьютер десек те артық емес.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Байырғы қазақ өлшемдері – қазақ халқының тұрмыс-салт ерекшеліктеріне, кәсіптік қажеттілігіне байланысты қалыптасқан өлшем бірліктері. Мысалы, “бір қыдыру жер”, “түстік жер”, “айшылық жол” деген сөз тіркестері қашықтықты білдіреді. Шығыс халықтарының көбісінде ең кіші салмақ өлшеміне арпа дәні алынған. Кейбір жазба әдебиеттерде сақталған мәліметтер бойынша арпа дәні алтын мен асыл тастардың салмағын теңеуге арналған қазыналық өлшем ретінде қолданылған Оған қарағанда бір арпа дәні шамамен 45 мг болған. Басқа жерде осы арпа дәні ұзындық өлшемі ретінде де пайдаланылған. Ал, арпаның алты дәнінің еніне тең өлшем бармақ деп аталған. Сондай-ақ, уақыт мөлшерін болжауға Күннің, Айдың немесе басқа да  аспан шырақтарының көк жиекпен салыстырғандағы орны алынған. Егін шаруашылығымен айналысатын аймақтарда уақыт мөлшерін судың белгілі бір ыдыстан ығысып шығу мерзімі бойынша анықтаған. Жетілдіре келе бұл ыдыстар су сағатына айналған. Мұндай бірліктердің басын көпшілігі адамның көзбен шамалауымен, жұмсалған күш сезімімен, белгілі бір қашықтықты жүріп өту мерзімімен мөлшерленген. Сондықтан халық арасында жылқыға байланысты «ат шаптырым жер», « бие сауым уақыт», «екі елі қазы» тәрізді қашықтықты, уақытты, қалыңдықты білдіретін өлшемдік мәні бар сөздер жиі айтылады.

Халық арасында сұйықтықты (қымыз,шұбат,т.б) сақтайтын [[көнек,жанторсық,торсық,мес,саба тәрізді мал терісінен жасалған ыдыстар сол сұйықтықтын мөлшерін шамалауға жиі қолданылған.Мысалы,торсыққа жеті – сегізаяқ (литр) қымыз сыйса, местің сыйымдылығы екіжарым- үш торсыққа тең. Заманда ата-бабаларымыздың кеңінен қолданған «қолдың қары» өлшемі ағылышын «ярдымен» шамалас. Ал, Ресейде 17-20 ғасырларда қолданылып келген ағылшын футы (foot-табан) байырға қазақ өлшемі «табанға» жуықтау келеді: «табан» өлшеміне қазақ табынның енін алса,  ағылшын футы – қазақ халқының байырғы «бармақ» өлшеміне («бармақ елі қазы») сәйкес келеді. Орыстың «верстасы» мен қазақтың «шақырымы» орыстың «долясы» мен қазақтың «мысқалы» сондай-ақ ағылшынның «фунты» мен қазақтың «қадағы» шығу төркіні, атқаратын қызметі жағынан төркіндес, тектес деуге әбден болады. Орта Азия мен Қазақстанда ұзындықтың ең көп тараған байырғы өлшемдері қолдың қары немесе қары- кеуденің орта тұсынан кере созылған қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі аралыққа (80-85см шамасы ) тең ұзындық бірлігі. Кейде оң иықтан бүкіл кеудені бойлай өтіп, кере созылған сол қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі аралықта (шамамен 1 м) қары ретінде алынады. Қарыс – толық жазғандағы бас бармақ пен щынашақ ұштарының арасына тең ұзындық (шамамен 19-20см) бірлігі. Ол тұрмыста, құрылыс жұмыстарында пайдаланылған. Мысалы, киіз үйдің уығы он екі – он алты қарыс мөлшерінде жасалады. Қарыстың туынды бірлігі – сүйем, ол кере созылған бас бармақ пен сұқ саусақ ұштарының арасына тең (шамамен 17-18 см). Ал, бармақ пен бүгілген сұқ саусақтың арасына тең өлшемді сынық сүйем дейді. Сүйем – шамамен аршынның ширегіне (төрттен бір бөлігіне) тең. Елі – сұқ саусақтың еніне тең ұзындық бірлігі (шамамен 2см). Қазы майының қалыңдығы, ою-өрнектің мөлшері, т.б. елімен өлшенген. Буын – ортаңғы саусақтың ұшынан оның ортаңғы буынына дейінгі аралыққа тең ұзындық (шамамен 5-6 см) бірлігі. Сәулетті сарайлар мен түрлі ғимараттардағы ою – өрнектің мөлшері осы буынмен өлшенген. Ол тігуін, киім пішу жұмыстарында да қолданылған. Қадам – адамның бір адымына тең ұзындық (шамамен 60-70 см) бірлігі. Құлаш — иық деңгейіне сәйкес кере созылған екі қол ұшының арасына тең ұзындық бірлігі. Орта Азия мен Қазақстанда кеңінен тараған кейбір салмақ өлшемдері: Табақ – шамамен он екі орыс фунтына тең салмақ бірлігі. Ол үлкен табақ (шамамен 11,7-12кг) және кіші табақ (шамамен 3,9-4 кг) болып екіге бөлінеді. Үлкен табақ  астық салығын төлеу кезінде, ал кіші табақ сауда-саттық, алыс беріс жұмыстарында қолданылған. Қап – негізінен астық мөлшерін өлшеуге арналған салмақ бірлігі. Ол Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік – шығыс аудандарында шамамен 65-66 кг – ға, ал кей жерлерінде алты пұтқа (96кг), тең болған. Батпан – Ресейдің шет аймақтарында (негізінен азиялық  бөлігінде) пайдаланылған салмақ бірлігі. Көне орыс жазбаларында ол 10 фунтқа тең делінеді. Қадақ ертедегі шығыс елдерінің көбісінде қолданылған салмақ бірлігі. Ол Еуропада кең тараға фунт өлшеміне сәйкес келеді. Мысқал – Шығыс елдерінде кең тараған салмақ бірлігі. Мысқал араб елдерінде, Үндістанда, Шығыс Африкада, орта  Азия мен Қазақстанда қазыналық өлшем ретінде пайдаланылған. Мысқал 4,31 г-ға тең болған, алтын мен күміс ақшалардың, бағалы заттар, дәрі – дәрмектер мен бояулардың өлшемі ретінде қолданылған. Қазақ халқының егін шаруашылығымен айналысқан жерлерінде жер аумағын өлшеу үшін қолданған өлшем бірліктерінің ішінде ең көп тарағаны-танап. Қазақстанның суармалы егіншілік аудандарында (Тараз, Қазалы, Шымкент,т.б.) 1820,83 шаршы метрге тең.  Алайда түрлі тарихи себептерге байланысты өлшемдік мәні бар терминдеріміз нақты мәнге ие бола алмаған. Мұның үстіне уақытпен бірге өлшемдер жиі өзгеріске ұшырап отырған. Мұнайды қазанмен өлшеу күлкілі көрінер, әрине. Құлағымыз алғашқыда бейтаныс көрінген «баррель» өлшеміне де әбден үйреніп, өз сөзіміздей қабылдай береді бүгінде. Ал алтынды жануарлардың тұяғымен өлшесек, «еее, ескі заманның ангімесі ғой бұл» деп тағы да еріксіз жымиясыз. Өйткені бүгінде алтынды унциямен таразыға тартамыз. Бұғанда үйреністік. Ауылдағы қарт әжелеріміздің өзі «өнзия, өнзия» деп өздерінше атау қойып алған. Осылайша, қазақтың байырғы өлшемдері тарихи таным түрінде ғана белгілі бүгінде. Көбі ұмыт болған, қалғаны ұмыт болып барады. Деседе ол өлшем атауларының әлі-ақ жаңғыртатына сенетіндер бар екен. Қызылордалық мұғалім Асхат Әбутәліп оларды жаңғыртудың жолын да ойлап қойыпты… Асхаттың жаңалығы – аспаннан аян боп түскен керемет «эврика»  да емес, қарапайым ғана тәсіл. Бастысы — әлгі байырғы өлшем атауларының қоғамдағы қолданысын күшейту қажет. Мәселен, жоғарыда атап өткеніміздей, ел ішінде мұнайды қазанмен емесе тайқазанмен өлшеуді тәжірибеге енгізсе болғандай. «Бұл экономика үшін тиімді болмақ. Бізде Қашаған бар, Құмкөл бар, мұнай деген жетерлік. Оны қашанға баррельмен өлшеп отырамыз? Баррель-бар болғаны 159 литр. Ал тайқазан – 1117,23 литр.

Міне, қазақтың мұнайы осындай тайқазандармен өлшену қажет» -дейді А.Әбутәліп. Сырбойылық ұстаз алтын және өзге де қымбат тастар мен түсті металдарды тұяқпен өлшеуге болатынын айтады.  Мәселен, бағалы тастарды – ешкі тұяғымен, жартылай бағалы тастар мен түсті металдарды – түйе не тай тұяғымен өлшеуге болады. «Қазақ халқы алтынды расымен бұрыннан тұяқпен өлшеген. Зерттеулер бойынша, қазақ зергерлері ХІХ ғасырдың басынан бастап металды, күмісті, алтынды Орта Азияның, Шығыс Түркстанның базарларынан сатып алатын болған. Сонымен бірге металдарды, әсіресе, ХІХ ғасырдың екінші жартысынан Қазақстанға көптеп келген татар көпестерінен де сатып алып отырған. Әлбетте, сатып алу үшін оның өлшемі мен бағасы болу қажет қой. Күміс салмағының бір бірлігі 4 грамға тең келген және 20 тиын тұрған. Бір бірлік деп отырғанымыз – мысқал. Ал күміс кесек — кесегімен сатылғанда, тұяқтар қолданылған. Айталық, кесек тай тұяғында болса, тайтұяқ аталып, 80 мысқалға теңелген, 45 мысқалдық қой тұяғындай болса, қойтұяқ аталған, ал 30 мысқалға теңелгені – бір сиыр көз аталды. Міне тұяқпен бірге жануар көзімен де өлшеуге болады» дейді Асхат мұғалім. Әлбетте, өлшем бірлігінің көбі халықаралық аренада тең қолданылатындықтан, оларды өзгерту оңайға соқпас. Оның тиімділігі болады деп те алмаймыз. Десек те, Асхат бауырымыздың қазақ өлшемдерінің ұмытылмай, қайта жаңғырғанын қалайтын ақ ниеті көңілімізді марқайтып тастады. Бірақ жақсы, мұнай мен алтынды сол баррель мен унциямен өлшей берелік, ал қазір өндірісіне ерекше көңіл бөліп жатқан қазымызды, шұбат – қымызымызды, құрт – ірімшігімізді тарихи өлшемдерімен атауға болады емес пе? Қымызды – сабамен (10-15 литр), сүтті – көнекпен (6-7 литр), айранды – торсықпен (6-7 литр) айналымға шығарсақ, жарасып жатыр емеспе?! Асхаттың бастамасы бізді осындай ойға жетелеп отыр… Қазақтың өлшем бірліктері бәрі – халықтың тұрмс-салт ерекшелітеріне, кәсіптік қажеттілігіне байланысты қалыптасып отырған. Мәселен, көшіп – қонып жүрген халық жолды өлшеуде айшылық, күндік, түстік дегендей бірліктерді қолданған. Қазақта дене өлшемдері де кең қолданыста болған. Оған елі, табан, қары кісі бойы деген тектес өлшем бірліктер дәлел. Шынына келгенде, бұлайша өлшеу әлемнің көптеген елдеріне тән дүние. Айталық, ағылшын – футы (foot-табан) дене мүшесіне сәйкес алынған. Кең қолданыстағы «дюйм» де – үлкен саусақ деген мағынаны береді. Айта берсек, қазақтың байырғы өлшем бірліктерінің шығу тарихтары әркелкі де қызықты. Өкініштісі, тарихи өлшем бірліктерінің бәрі бүгінгі ұрпаққа тек әдеби еңбектер арқылы ғана жетіп отыр. Өйткені олардың көбі қолданыстан мүлде шығып қалған. Тұрмыссалттың өзгеруі ол өлшем бірліктердің бәрін пайдаланудан ығыстырып шығарды. «Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктері» тақырыбын зерттеген Аягөз Жүсіпқызының жазуынша, қазақ халқының мақал – мәтелдерінде өлшем бірліктерінің атауы молынан кездеседі. «Екі елі ауызға – төрт елі қақпақ», «Ауру батпаңдап кіреді, мысқалдап шығады», «Көңіл азып, тоң тозса, берген көйлек кез болар» және басқалар. «Халық ауыз әдебиетіндегі «Батырлар жырында» алып батырлардың күрзісі үнемі батпан өлшемімен көрсетіледі. Егер Бұхарада бір батпан 7 пұт не 32 фунтқа тең болса, Талас өңірінде 12 пұтқа тең болған. Батпаңға ұқсас қазақта «дыр» деген сөз бар. Дыр – үлкен, ірі, зор деген мағына береді. Батпан да, дыр да – өлшем. Өлшем – өлшеу бірлігі мөлшер, шама. Заттың көлемін, салмағын, қысымын, ыстық-суықтығын, басқада сапаларын белгілі өлшем арқылы анықтайды. «Батпан», «дыр» — көлемдік өлшемдер. Көлем —  белгілі бір заттың аумағы, мөлшері, бір нәрсенің шегі, аясы. Көлемдік өлшемдер – көлемге лайықты, аумақтық, мөлшерлік өлшемдер.  Өте аз көлемдік өлшемді білдіретін өлшем сөздердің бірі-шынашақ. Шынашақ — саусақтың  кішкентайы. Оның былай аталуы бітіміне байлаысты туған. Түркі халықтарының бірі – құмық тілінде «шинченки» сөзі қазақ тіліндегі «болмашы өте кішкентай» мағынасында қолданылады. Осы «шинченко» сөзі енді «шынашақ» тұлғасында өз тілімізде аталып жүр. Ал «Әшмөңке», «түйірдей», «тырнақтай», «кенедей», «тұрымтайдай», «тарыдай», «титтей», «уыстай», «тоқымдай», «мытым», «шымшым», «ұлтарақтай», «тілдей», «тістем», «мысқал» және тағы басқа сөздер кішкене деген өлшемді білдіреді» деп жазады А.Жүсіпқызы.

Зерттеу бөлімі

Салмақ өлшемдері;                                                                                                                           Батпан-300-450кг                                                                                                                                   Дағар-100-130кг                                                                                                                               Найза қап, қанар-70-80кг                                                                                                                      1 қап шамамен-50-60кг                                                                                                                             1 арқа (жүк)-45-50кг                                                                                                                          Қоржын-40кг                                                                                                                                            Пұт-16кг                                                                                                                                              1 жамбы күміс-6кг                                                                                                                                1 пітір бидай-3кг                                                                                                                                                        1 қадақ-400г                                                                                                                                                 1 ширек шай-250г                                                                                                                                     1 әшмөңке шай-50г                                                                                                                                                    1 таймөңке шай-25г                                                                                                                            1 қайнатым шай-6,5г                                                                                                                                      1 шөкім тұз-12,5г

Мысалдар:Ұзындық — құлаш, қадам, көз көрім

Аудан — түймедей, табандай

Көлем — тарыдай, жұдырықтай, үйдей

Салмақ — қаңбақтай, зілдей, бураның сабындай

Көлем өлшемдері:

“Ауру батпандап кіреді, мысқалдап шығады”

батпан — 15-40кг

мысқал — 1/400 батпан

пұт — 16,3805кг

40 қадақ — 1 пұтқа тең

Қашықтық:

адым – 1м

таяқ  тастам – 10-15м

әй дейтін жер – 100м

дауыс жететін жер — 250-300м

шақырым — 1км

бір төбеден кейін, иек астында – 4-5км

тай шаптырым – 4-5км

Қозы көш жер – 5-6км

көз ұшында – 6-7км

құнан шаптырым – 8-10км

ат шаптырым – 25-30км

бір күндік  жер, айшылық жер, т.б. Бұл межелдер ауыл ішінде жиі қолданылады.

Ұзындық:

елі – 1,5см

сынақ сүйем – 14-15см

сүйем – 17-18см

қарыс – 20-22см

кез – 50см

аршын – 75см

құлаш – 1,8-2,0м,т.б

Балтасап, кебіс басындай деген балық өлшемдері де бар.

Уақыт өлшемдері:

Таң қыла бере, таң сібірледі, таң білінді, таң шеті сөгіле, таң рауандағанда,  күн іргеге түскенде-таң сәрі, таң атты, жер жарықтады, жер кыза, шалшык тус, сәске, күн төбеге таман, тус ауа, күн еңкейе, ымырт, жамыла, ел орнынға отырған кез, намаз шам кез, жұлдыз сөне.

Мерзім өлшемдері:

Көзді ашып жұмғанша…… 1 сек

Сүт пісірім………………… 5-10 мин

Бие сауым……………….. 1,5 сағ

Ет пісірім………………….. 2,5-3 сағ

Бір күн бір түн…………..24саг

Апта…………………………7кун

Тоқсан………………………3ай

Ғасыр……………………….100жыл

Жас………………………….1жыл

Мүшел……………………… 12жас

Қазіргі кезде қолданыста бар өлшемдерге: елі, пұт, қарыс, құлаш,көзді ашып жұмғанша, сүт пісірім, бие сауым, ет пісірім, бір күн бір түн, мүшел, адым, таяқ тастам, шақырым, тай, құнан, ат шаптырым, қозы көш жер, көз ұшында, т.б. жатады.

Қазіргі таңда қолданудан шыққан өлшемдерге: батпан, мысқал,  қадақ, сынық-сүйем, кез, балтасап, аршын, кебіс, дауыс жететін жер, бір төбеден кейін, иек астында, т.б. жатады.

Кейбір өлшемдерде қазақша және “СИ”жүйесі бойынша салыстыру жұмыстарын жүргізгенімді айта кеткен дұрыс болар. Мысалы:

Қазақтың киіз үйінің өзі тұнып тұрған өлшем ғой.

а)бас кереге -1,5;  кереге (4 қанаты үйде)- 12 шаршы метр;

ә)Қазақ даласының шиі – 2-2,5м болған;

б)Бас құр, аяқ құр 4қанатты үйде 9;9,5-10 метрге дейін;

в)желбеу – шаңырақтан ілініп?жер қазыққа жел,боран болганда ілінеді.Кіші үйдің желбауының ұзындығы – 5м

г)Жел – арқан.10-15 метрдей. Киіз есік,текемет,алаша,сырмақ,кілемдер –ауданды есептейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Жоғарыда айтылып өткен түрлі өлшемдерге сай халық даналығы бейнелі сөздер мен мақал-мәтелдер де қалдырған. Мысалы:”Жүзден сұңқар,мыңнан тұлпар”,”Аурудың астымен, жеңілдің үстімен” деген мақал-мәтелдердің халықтың өлшемдерге қатысты алатын орны ерекше. Ұлы дала мәдениеті, оның ішінде қазақ мәдениеті мен ұлттық болмысына керағар еткен кешегі кеңестік кертартпа саясат біздің көп рухани асыл мұраларымызды жоққа шығарды. Соның теріс әсері ұлттың тарихы, мәдениеті ұмыт қалып барады. Біздің негізгі парызымыз ұлттық құндылықтарымызды ұмыт қалдырмау.

Сонымен қатар халық салыстырмалық теорияны жақсы қолдана білген. Мысалы: тау басынан күн кете, көлеңке көлбей бере. Уакыт аралығын ат терлегенше, шай қайнағанша, сүт пісірім, көз шарымын алғанша, ет асым уақыт өткенше, қойдың терісін сыдырғанша, т.с.с. толып жатқан тұрмыстағы әрекеттерге терең өлшейтін халқымыздың өзіндік ерекшеліктегі өлшемі бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  • «Қазақ совет энциклопедиясы» т.т, 1-9 – Алматы 1972-79ж.
  • Құралұлы А. «Ұлттық дүниетаным» – Алматы: Өнер 1977ж.
  • Ысқақов М.О. «Халық календары»
  • «Алгорифм» журналы №4 2001ж.
  • «Орталық Қазақстан» , 21 қазан 2004ж.
  • google.kz