«Жануарлар әлемі» қазақ тілінен ҰОҚ

 

Оспанова Гульзат  Сағынтаевна

қазақ тілі  мұғалімі

 

        Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы,

      «Солнышко бөбекжай» коммуналдық мемлекеттік

қазыналық кәсіпорыны

 

 

 

           

 

«Жануарлар әлемі» қазақ тілінен ҰОҚ

 

ҰОҚ бөлімдері: шаттық шеңбер, мотивация, «Сабақ бастар» тапсырмалары, дидактикалық ойындар, сергіту сәті. ҰОҚ мотивациясы: «Сабақ бастар» ішіндегі тапсырмаларды қонақтармен бірге орындау. ҰОҚ бірыңғай сюжеттік желі бойынша құрылған. ҰОҚ «Сабақ бастар» дәстүрімен басталады. Балалар қонақтармен бірге тақпақ айтады, саусақ ойынын ойнайды, жұмбақ шешеді. «Тышқанның аңқау баласы» ертегісін сомдайды. ҰОҚ соңында қонақтар балаларға жылы лебіздерін білдіріп, «Сабақ бастар» ішіндегі сыйлықтарды үлестіреді.

 

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

ересектер тобы

Білім беру  саласы : Қатынас

Бөлімі: Қазақ  тілі

Тақырыбы:«Жануарлар әлемі»

Мақсаты: Жануарлар тақырыбын оқыту барысында балаларға үй жануарларының, жабайы аңдардың және төлдерінің атауын белсенділік сөздік қорына енгізу.

Білімділік: Үй жануарлары және олардың төлдері  атауының дұрыс айтылымын  дидактикалық,  сөздік   ойындарын қолдана отырып, айтылым, тілдесім, тыңдалым әрекеттерін қалыптастыру.

Дамытушылық: 2-3 сөзден сөйлем құрастырып, тілдесімді жетілдіру. Балалардың сөздік қорларын байытып, тіл мәдениетін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Үй жануарлары мен жабайы   аңдарға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Сөздік жұмысы : көжек, бөлтірік,  қонжық, мыршай, тышқаншық.

Құралдар: «аңдар» маскалары, үй жануарларының және жабайы аңдардың суреттері, «Сабақ бастар»

ҰОҚ  барысы:

Мұғалім: Құрметті қонақтар, біздің сабағымызды «Сабақ бастар» дәстүрімен бастауға рұқсат етіңіздер. Сіздің алдыңызда сандар жазылған карточкалар жатыр. Кім каңдай карточканы алады, сол  санмен белгіленген «Сабақ бастарды» ашады.

Ұлттық киім киген балалар әуенмен  кабинетке кіреді. Қолдарында  «Сабақ бастар» ұстап  келеді. Оларды қонақтардың алдарына үстелге қояды.

Балалар шеңберге  тұрып, хормен айтады.

Шаттық шеңбер:

«Шеңбер  жасап, тұрамыз,

Көңілдіміз   бәріміз.

Қол ұстасып тұрамыз,

Ойнауға дайынбыз!

Кездесуді бастаймыз.

Балалар қонақтарға жылы тілектер айтады.

Жылы тілектер:

Аспанымыз ашық болсын!

Күн сәтті өтсін!

Деніміз сау болсын! …. т.б.

Мұғалім: Құрметті қонақтар!

Сабағымыз басталады.

Сіздерге де тапсырма  болады.

Орындасаңыздар, көңіліміз толады!

Біздің  қонақтар тапсырма орындап, «Сабақ бастарды» ашады.

1-ші  «Сабақбастарды» ашуға  №1 карточкаға ие болған қонақты  шақырамыз.

Конаққа тапсырма: Балалармен бірге күз туралы тақпақ айту:

-Алақай, алақай
Шаттанды балақай.
Береке -жомарт күз!
Мереке -алтын күз!

Қонақ  «Сабақ бастарды» ашып, ішіндегі балаларға арналған  тапсырманы оқиды.

1-ші тапсырма: Суреттегі жыл мезгілін атап, оның үш айларын дұрыс атау. Балалар сурет бойынша жыл мезгілін және оның үш айларын атайды.

2-ші  «Сабақ бастарды» ашуға  № 2 карточкаға ие болған қонақты  шақырамыз.

Конаққа тапсырма: балалармен саусақ  ойынын  өткізу.

«Бала, бала, балақан,

Кәне, қайсы алақан.

Саусақтарын әйбат,

Былай-былай ойнат….!
Қонақ  «Сабақ бастарды» ашып, ішіндегі балаларға арналған  тапсырманы оқиды.

2-ші тапсырма:1-ден 10-ға дейін тура және кері санау. Саусақтарын көрсетіп, санамақ айту.

Балалар  саусақтарына  «Сақина» киіп, санамақты хормен айтады:

1-деген балға

2-деген ер

3-деген үй

4-деген тауық

5-деген балық

6- деген ағаш

7-деген жылан

8-деген сағат

9-деген  тақия

10-деген ою.

3-ші  «Сабақ бастарды» ашуға  № 3 карточкаға ие болған қонақты  шақырамыз.

Конаққа тапсырма: Жануарлар туралы балаларға жұмбақ жасыру.

а)«Киелі бір жануар,

үстінде екі тауы бар» (түйе)

б) «Қыста ақ,

жазда сұр.

Бұл қай аң?» (қоян)

Қонақ «Сабақ бастарды» ашып, ішіндегі балаларға арналған  тапсырманы оқиды.

3-ші тапсырма: Үй жануарларын және жабайы аңдарды атап, оларды мекендейтін жерлеріне қою.( «орманға» немесе «қораға»).

Дидактикалық ойын: «Не қайда болады?»

Балалар  үй жануарларының және жабайы аңдардың ойыншықтарын алып, оларды атап,  «орманға» немесе «қораға» қояды. Мысалы:

— Мынау аю. Аю-жабайы аң. Аю орманда мекендейді.

Мұғалім: Құрметті қонақтар, ал біздің балалар жануарлар туралы тақпақтар біледі.

Балалар тақпақтар айтады:

Настя: Кірпі, кірпі, кірпі.

Үстің толған ине.

Бірін берсең, шіркін,

Қадар едім түйме.

Кира: Барлық аңды  алдайтын,

Тауықтарды  ұрлайтын.

Жүрген жері шу болатын.

Түлкі деген аң болады.

Полина: Мен тиінмін, тиінмін,

Қысқа жылы киіндім.

Қоймам толы жаңғаққа,

Іші жылы үйімнің.

4-ші  «Сабақ бастарды» ашуға  № 4 карточкаға ие болған қонақты  шақырамыз.

Конаққа тапсырма: Балалармен сергіту сәтін  өткізу.

4-ші тапсырма: Үй жануарларының төлдерін атау.

Балалар  үй жануарларының төлдерін атайды.

Ешкінің төлі — лақ.

Түйенің төлі- бота.

Сиырдың төлі- бұзау.

Жылқының төлі – құлын.

Қойдың төлі- қошақан.

Төлдердің  маскаларын бастарына киіп,«Қошақаны қойдың…» өлеңін орындайды.

Сергіту сәті:

«Қошақаны қойдың…»

Қошақаны қойдың

Қайда қалып қойдың?

Бұлтиып тұр бүйірің,

Қай өрістен тойдың?

2.Секең- секең, ей лақ,

Жүрмін саған кейіп-ақ,

Тыным тамсаң, болмай ма,

Секірмей- ақ, кей уақ!

3.Томпаң- томпаң, бұзау,

Дауысыңның зоры- ай!

Дөкей бола қаласың,

Толысымен он ай.

4.Ботақаны нардың,

Жарға неге бардың?

Тілерсегің дірілдеп,

Секіре алмай қалдың.

5.Құлыншағым мазасыз,

Ойнап ойнақ саласың,

Тай – құлынмен жарысып,

Жерден топырақ қабасың.

5-ші  «Сабақ бастарды» ашуға  № 5 карточкаға ие болған қонақты  шақырамыз. Қонаққа тапсырма: Жалғастырыңыз-қоян қорқақ, түлкі…( қу), аю…  (маймақ), қасқыр… (долы).

Қонақ  «Сабақ бастарды» ашып, ішіндегі балаларға арналған  тапсырманы оқиды.

5-ші тапсырма:Суреттер бойынша жабайы аңды атап, оның баласының атауын атайды және суретін көрсету.

Балалар үстелде жатқан жабайы аңдардың баласын суреттерден тауып көрсетіп, атын атап, тақтаға анасын жанына іледі.

Мысалы: Мынау бөлтірік. Бөлтірік- қасқырдың баласы.

Аюдың баласы — қонжық.

Түлкінің баласы – мыршай.

6-ші  «Сабақ бастарды» ашуға  № 6 карточкаға ие болған қонақты  шақырамыз.

Конаққа тапсырма: Жануарлар туралы ертегілерді  атаңыз.

Қонақ  «Сабақ бастарды» ашып, ішіндегі балаларға арналған  тапсырманы оқиды.

6-ші тапсырма: «Тышқанның аңкау баласы» ертегісін көрсету.

Балалар қонақтарға «Тышқанның аңкау баласы» ертегісін көрсетеді.

Автор: Інде жатып  тышқан түнде

Тышқаншыққа жыр айтты:

Тышқан-ана:

-Ұйықта, күнім, ұйықтай ғой,

Ұнтақ нанды беремін.

Тышқанның баласы:

Дауысың тым нәзік.

Күтуші ізде маған, ана,

Құр бекерге шиқылдама.

Автор:

Кез боп еді үйрек қана:

Тышқан-ана:

Бөбегім бар, досым үйрек

Тербетер ең бізге келсең.

Үйрек  -Қа-қа-қа  ұйықта ,бөбек,

Жауыннан соң терген,

Құрт әкеліп берем,

Тышқанның баласы:

— Жоқ , дауысың жаман,- деді,-

Тіпті жайсыз маған,- деді.

Автор: Зыр жүгірді тышқан- ана,

Кез  боп еді мысық қана:

Тышқан-ана:

-Бөбегім бар, мысық  мырза

Тербетер ең бізге келсең.

Мысық:

-Мияу- мияу, жақсы бала ғой,

Менімен бірге жүре ғой.

Тышқанның баласы:

Дауысың  сенің жақсы,

Жүрегіме жақты…. (мысықпен кетеді)

Автор: Жүгіріп келді  анасы,

Жоқ ешқайда баласы.

Хормен:

Тіл алсаңдар балалар,

Қуанады  аналар.

Қырсық мінезді жақсы демеспін,

Кім мұқият тыңдамаса,

Біз  кінәлі емеспіз!

Қорытынды: Мұғалім алгоритм бойынша ҰОҚ қорытындысын өткізеді.

Біз сабақта не істедік? Қаңдай тапсырмаларды орындадық? т.б.с.с.

Балалар алгоритм бойынша жауап береді.

7-ші  «Сабақ бастарды» ашуға  № 7 карточкаға ие болған қонақты  шақырамыз.

Конаққа тапсырма: Балаларға  жылы тілек айтып, тәттілерді сыйлау.

Қонақ  «Сабақ бастарды» ашып, ішіндегі сыйлықтарды балаларға үлестіреді.