Б б дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Б б дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Б дыбысы мен әрпін таныту, сауатты оқуды жетілдіру.Еңбексүйгіштікке, инабаттылыққа, әділдікке, тазалыққа тәрбиелеу
Сөздік қорларын молайту, байқағыштық қабілеттерін дамыту
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,көрсету,ойын,сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: сюжетті суреттер, кеспе әріптер, магнитті суреттер,т.б
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
- Өтілген материалдарға шолу
а) дыбыстар мен әріптерді қайталау
ә) сөздерді оқу
ІІІ.Жаңа сабақ:
а) Қызығушылықты ояту: «Жұмбақ шешу»
Өзі біреу, көзі үшеу(Бағдаршам)
Қанаты жоқ ұшпайды,
Су астында қыстайды(балық)
Жазу жазып жалықпаған,
Жаза — жаза арықтаған(бор)
— Осы жұмбақтың шешулеріне назар аударайықшы!
Бағдаршам, балық, бор
Б – еріннің бір — біріне нық тиіп, артынша кілт ашылуынан пайда болатын, қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыс. Б – тек қана сөздің басы мен ортасында кездеседі. Мысалы:
— Бақа, бала, бор арба, дорба, барабан
— Балалар, менің тапсырмамды өте жақсы орындадыңдар. Енді, мен сендерге бізге келген қонақтың суретін көрсетейін. (Бақаның суретін тақтағы ілу).
— Қане, бақа деген сөзде бізге таныс емес қандай дыбыс естіледі?
-Бақа сөзіне дыбыстық талдау жасау
Сергіту сәті
Ойын «Қай дыбыстан басталады?»
Сурет атаулары қандай дыбыстан басталып тұрғанын тауып, тиісті әріпке сызық арқылы қос.
Алмұрт – А, шар – Ш, піл – П, радио – Р, нан – Н, уық – У, лақ – Л, тарақ – Т, йогурт – Й, ғарышкер – Ғ т. с. с.
Оқулықпен жұмыс
«Орман» мәтінін оқу
-Мәтін не туралы?
-Мәтінде неше сөйлем бар?
Ойын «Кім тапқыр»
Себетке Б дыбысы бар суретті салу.
Дәптермен жұмыс
Бб әрпін жазу
ІҮ. Сабақты қорыту
«Жеміс ағашы»
Әріптердің ішінен тек дауыссыз әріптерді жеміс ағашына ілу
-
Б әрпінен басталатын сөздер: бұлт, білезік, бөпе, бесік, бәйшешек
• Адам аттары: Берік, Бауыржан, Бердіғали, Бибінұр, Бекжан
• Адамның дене мүшелері: бас, бет, бел, бүйрек, башпай
Ү.Үйге: «Балабақша» тақырыбына әңгіме құрау
ҮІ. Мадақтау