Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Ф дыбысы мен әрпі. Ашық сабақ.

 

Оқу ісі жөніндегі орынбасары:                     Б.Ниязова

  Пәні: Сауат ашу Мектебі: № 248  
  Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Салт- дәстүр және ауыз әдебиеті  
  Күні: Мұғалімнің аты-жөні: А.Алдажарова  
  Сынып: 1 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:  
  Сабақтың тақырыбы: Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Ф дыбысы мен әрпі. Ашық сабақ.  
  Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа  әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

 
  Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар: Жаңа білімді меңгереді.

Көптеген оқушылар: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбір оқушылар: Алған білімді өмірде қолдана алады.

 
  Бағалау критерийлері  Дыбыстардың сөздегі қызметін  түсінеді.

Оқу түрлерін қолданады.

Каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады.

 
  Құндылықтарды дарыту Оқушыларды адам бойындағы жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.  
  Пәнаралық байланыс    Дүниетану, көркем еңбек  
  АКТ қолдану дағдылары Видеожазба , таныстырылым.  
  Тілдік құзыреттілік  Фонарь-шам-lamp, фотоаппарат-суретке түсіргіш-camera, фонтан-су бұрқақ-fauntain.  
  Бастапқы білім Я дыбысы және әрпі  
  Сабақ барысы  
  Сабақтың жоспарланған кезеңдері 40 минут Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар  
  Сабақтың басы

5минут

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Ертеңгілік шеңбері

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

-Балалар, стол үстіндегі екі түрлі шар бар. Сол шардың түсі арқылы біз не істейміз қазір?

– Топқа  бөлінеміз.

– Дұрыс айтасыңдар.

Сынып ережесін қайталау:

Бір бірімізді мұқият тыңдаймыз, уақытты үнемдейміз, бір бірімізге кедергі келтірмейміз.

–  Балалар бүгін сендер тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайсыңдар. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттерді өз  бойларынына   жинайсыңдар.

 

 

Шаттық шебері

 

 

 

 

 

 

 

 

Топқа бөлу

 

 

 

Сынып ережесі

 

 

 

 

 

 

 
  Сабақтың ортасы

25  минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

2 минут

 

-Балалар, сабақты бастамас бұрын мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Сендер мұқият тыңдаңдар. Қанекей, кім жылдам?

 

Қос бүйірін таянып,

Тұратұғын қай әріп?

                                              Фф

 

ҚБ. Ауызша мадақтау.

Ф дыбысы – тіс  пен еріннің жуысуынан жасалатын  қатаң дауыссыз дыбыс

Ф дыбысы сөздердің қай жерінде келеді?
Басында, ортасында, аяғында келеді, демек барлық буындарда айтылады.

Ф орыс тілінен енген әріп, сондықтанда қазақша сөздерде қолданылмайды.

— Балалар, сендер жұмбақты өте жақсы шешеді екенсіңдер. Енді мен сендерге тағы да бір жұмбақ жасырайын.

 

№1.  «Ойлан, тап!» стратегиясы.

 

Бір құсым бар жаны жоқ,

Қанатының саны жоқ.

Кісіге өзі тым жақын,

Сөйлесуге дамыл жоқ.

Телефон

 

Телефон сөзіне магнитпен дыбыстық талдау жасату.

ҚБ. «Смайлк» әдісі арқылы бағалаймын.

 

Ұжымдық жұмыс

2 Оқылым.

–         Балалалр, тақтада берілген сөздерді қайталап, хормен оқып шығайық.

Әр сөздің мағынасын ашу.

Кофе-хош иісті сусын түрі.

Кафе-тамақтанатын шағын жер

Ферма-шаруашылық орталығы

Фирма-мекеме, жұмыс орындары

Фото-сурет

Факс-телефон арқылы жіберілетін хат

Телефон – сөйлесу құралы

Телеграф-телефон соғу орталығы

Африка – елді мекен

 

Оқушыларға тізбектей оқыту

КОФЕ   ФЕРМА   ФОТО   ТЕЛЕФОН      ФУТБОЛ

КАФЕ   ФИРМА   ФАКС   ТЕЛЕГРАФ    АФРИКА

Кері байланыс:

Қандай дыбыспен таныстық?

Ф дыбысы қандай дыбыс?

ҚБ: «Қошемет » көрсету арқылы бағалау

 

Суретпен жұмыс.(3тілде айтуды ұсыну)

Фонарь-шам-lamp, фотоаппарат-суретке түсіргіш-camera, фонтан-су бұрқақ-fauntain.

Кері байланыс:

Біз неше тілде айттық?

Қандай тілде таныстық?

ҚБ. Ауызша мадақтау.

Топтық жұмыс:

№3 тапсырма

Өлеңді  дауыстап, қатесіз оқыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Футбол, кино, ертегі –

Бірі қызық бірінен,

Қуат ұзақ елтеді,

Айнымай сол күйінен.

Қастек Баянбай

1. Өлеңде кім туралы айтылған.

2. Өлеңде не туралы айтылған?

3. Қуаттың қылығы дұрыс па? Неліктен?

 

Дескриптор:

— өлеңді қатесіз оқиды;

— өлеңді  мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.

 

-1936 жылы 15 қарашада Алматы облысы Алакөл  ауданында туған. Қастек  Баянбай – балалар жазушыс, ақын.

Жұптық жұмыс

«Қай әріпті жоғалттық?» ойыны.

2 қатарға тапсырма беремін, тақтаға орындайды.

1-жұп:  Жоғалған  әріпті жазады

2-жұп: Дыбыстық талдау жасайды

Мысалы: теле..он, …акс, …ото, ка…е.

Кері байланыс:

Тапсырма қиын болды ма?

Қай әріп жоғалған?

ҚБ: «Смайлк» арқылы бағалау

 

Жеке жұмыс

№4. Жазылым.

Дәптермен жұмыс

Дәптерімізді ашайық,

Салақтықты тастайық.

Қолға қалам алайық,

Әдемілеп жазайық.

Фф дыбысының таңбасы Фф әрпі.

Фф әрпінің жазылуымен таныстыру.

-Тақтада жазып көрсету.

-Ауада жазып көрсету.

(Жазу ережесін айта кетемін.)

Сөздерге дыбыстық талдау жасап, әдемілеп сөздерді көшіріп жазады.

 

Бала, бала, балапан,

Қане, қайсы алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

 

Топтық жұмыс:

-Балалар,ұлттық кейіпкерлер туралы не білесіңдер?

Қазақтың қандай ертегілерін білесіңдер?

№5. Тыңдалым.

–         Балалар, бірде Қожанасыр келе жатып, жолдан ұялы телефон тауып алады………….. осы мәтінді ары қарай жалғастырыңдар.

(Оқушылардың жауаптарын тыңдаймын)

–         Жақсы балалар, маған сендердің әр айтқан ойларың құнды.

–         Сонымен жақсы адам не істер еді?

(біреудің затын алмайды, иесіне қайтарып береді).

Дескриптор:

-мәтін бойынша өз ойын ата алады.

-мәтінді толық аша алады.

 

Алдаркөсе, Қожанасыр – ұлттық кейіпкерлер.

Аңыздарда олар ақылды, әділ, тапқыр, аңғал кейіпкерлер ретінде танылды.

 

Ел арасында Қожанасыр сияқты халықтың жағдайын ойлаушы, айлакер адам бар. Ол кім?

–         Алдаркөсе.

–         Алдаркөсе деген әрдайым байды алдап жүретін орақ ауыз, өткір тілді тұлғаның бірі.

Топтық жұмыс

№6 тапсырма

-«Алдаркөсе мен ұры» мультфильмін естеріңе түсіріңдер.

– Ендеше мына суретке назар аударыңдар.

– Берілген сурет  бойынша әңгімелеп көріңдер.

Кері байланыс:

-Алдаркөсе  қандай адам?

-Сендерге Алдаркөсе несімен ұнайды?

ҚБ: топ бір-бірін 2 жұлдыз, 1 ұсыныс арқылы бағалайды

 

 

 

 

 

Ауызша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақтамен жұмыс

 

смайлк

 

 

 

 

 

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қошемет

 

 

 

 

 

 

 

Ауызша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушыларға

мағлұмат беру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

смайлк

 

 

Дәптермен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаттығу жасайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 жұлдыз,1 ұсыныс

 
     
  Қызықты тапсырма

5 минут

 

Жұптық жұмыс.

Адамның бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттерді іріктеу.

Кері байланыс:

-Тапсырма ұнады ма?

-Сенің бойыңда жағымды қасиет бар ма?

ҚБ: «Смайлк» арқылы бағалау

Суреттер

 

 

 

 

 

смайлк

 
  Сабақтың соңы

3 минут

 

-Балалар , бүгін біз қандай  дыбыспен таныстық;  Оның қандай ерекшелігі бар?

Рефлексия

Жасыл түс- түсіндім

Сары түс – жартылай түсіндім

Қызыл түс — түсінбедім

 

 

 
  Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?    4-5  смайлк  «5»

3-2 смайлк «4»

1-0 смайлк «3»

Әр тапсырма бойынша қалыптастырушы бағалау ретінде смайлктер таратып отырамын. Соңғы жиынтық бағаларын өздері шығарады.

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

 
  Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

 

Оқушылар өздері жасаған  бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

Әр оқушыны мадақтаймын, мақтаймын, ынталандырамын.

 
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?