Тарих пәнін талдау барысындағы мониторингтің тиімділігі

Маликова Майгуль Избасаровна

Алға ауданы,Нұрбұлақ орта

мектебінің тарих пәнінің мұғалімі

 

             Тарих пәнін талдау барысындағы мониторингтің тиімділігі

Егер есті кісінің қатарында болғың келсе,

күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасына бір,

ең болмаса айында бір, өмірді қалай

өткізгенің жайында өзіңнен өзің есеп ал.

Абай

 

Мониторинг дегеніміз не?

Мониторинг (латынның «monitor» — деген сөзінен) – сақтандыру, ескерту деген мағынаны білдіреді.

«Білім туралы» заңда «Білім беру мониторингі – білім беру процестерін жүзеге асырудың нәтижелері мен шарттарының, білім алушылар контигентінің, білім беру ұйымдары желісінің жай-күйін және өзгерістер серпінінжүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау» деп көрсетілген.

Мониторинг жүргізуді ұйымдастыруды, үндеуді мұғалім өзі іске асырады. Алынған мәліметті жалпылау, талдау және тарту да мұғалімнің жұмысы болып есептелінеді. Себебі оқу-тәрбие үрдісін жүзеге асыратын мұғалім. Өзімнің жүргізетін тарих пәнінен мониторинг жүргізіп отыруды әдетке айналдырдым. Мониторинг жүргізуде төмендегідей мақсаттар айқындалды:

  • Басты нәрсе – диагностика, болжау, білім беру үрдісіндегі оқушының жеке тұлғасының дамуы және бағыт-бағдар берілуі
  • Оқушылардың пәндік білім деңгейін зерттеу
  • Болып жатқан өзгерістерді, олардан туындаған әр түрлі факторларды дер кезінде айқындау, келеңсіздік жағдайлардың алдын алу
  • Оқушылардың білім алуы және дүниетанымдық қызметінің қалыптасуының деңгейі туралы ақпараттардың жинақталуы
  • Оқушылардың жекелей өзіндік қызметінің бақылауға алынуы

Тарих пәнін талдаудағы мониторингтің негізгі міндеттері:

  • Оқушылар жетістігі динамикасының мониторингі
  • Нәтижелерді әріптестердің нәтижелерімен салыстыру
  • Өзгерістерді уақытында анықтау және жұмыс жоспарына түзетулер енгізу

Мониторинг барысында

  • Оқушының дамуы
  • Оқу үрдісі
  • Оқушы мен мұғалімдердің өзара қарым-қатынасы анықталуы тиіс.

Білім беру жүйесінің басты міндеті – Ұлттық және жалпы адамзаттық  құндылықтар  жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру, дамыту және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Ал қоғамдық пәндердің алдында тұрған талаптар:

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы Қазақстан халқына арналған жолдауында барлық қазақстандықтардың өсіп — өркендеуі, қауіпсіздігі және әл — ауқатының артуына бағытталған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін сапалы білім беруді жақсарту, ғылыми — инновациялық жұмыстардың өндіріспен байланысын жандандыра түсу, білім беру ісіндегі тәрбиенің рөлі мен қатар, оқытудың әдіс — тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыру қажеттілігі көрсетілген болатын.
Мониторингтің сабақ барысында пайдаланудың тиімді жолдары:

  1. Тарихқа деген қызығушылығын тереңдету. Тоқсандық тақырыптарды меңгергендігін мониторинг арқылы көрсетіп отыру, сыныпаралық мониторинг жасау;

Мысалы: оқушылардың Қазақстан тарихы пәнінен І және ІІ тоқсандық білім көрсеткіші

сыныптар 5 6 7 8 9 10 11
І тоқсан 65 73 85 56 65 73 60
ІІ тоқсан 66 75 85 60 71 78 67
  1. Шығармашылық күш-қуатын дамытуға дағдыландыру (білім сапасын көтеруде септігін тигізетін қосымша элементтерді енгізу, тарихи деректерді оқып үйрену), айлық тест-сынақ алып отыру;

5-11 сынып аралығындағы Қазақстан тарихы пәнінен айлық сынақ көрсеткіші

сыныптар 5 6 7 8 9 10 11
Қыркүйек 63 70 80 50 62 70 57
Қазан 65 73 85 56 65 73 60
  1. Конференция сабақ (әр елдер бойынша берілген хабарлама, баяндама, рефераттарды тыңдау, жұмыстарын қорғау мониторингі);
  2. Әр тараудан соң тест-интервью алу, талдау жасау
  3. Әр тоқсанның аяғында өтілген барлық материалдар бойынша мониторинг жасау;
  4. Оқушылардың оқу жетістіктерінің динамикасы («жақсы» және «өте жақсы» оқитындар саны)
Сыныптар 5 6 7 8 9 10 11
жақсы              
Өте жақсы              
көрсеткіш              
  1. Тарих пәнінен республикалық пәндік олимпиада болсын, білім сайыстары немесе ғылыми жоба қорғап жүрген оқушыларға жүргізілетін мониторинг:

Тарих пәнінен олимпиадаға қатысу туралы мәлімет

жылы Мектепішілік олимпиадаға қатысқан оқушы Аудандық  олимпиадаға қатысқан оқушы саны Облыстық   олимпиадаға қатысқан оқушы саны Республикалық    олимпиадаға қатысқан оқушы саны барлығы
саны жеңімпаз саны жеңімпаз саны жеңімпаз саны жеңімпаз  
                   
  1. Білім сапасының тағы да бір көрінетін жері – ол ҰБТ тапсыру, оның көрсеткіші білім сапасының көрсеткіші болатындығы, сондықтан ҰБТ тапсыратын оқушылардың көрсеткішін апта сайынғы тест пен ай сайынғы сынама тест қорытындысына мониторинг жұргізіп отыру қажет.

Қазақстан тарихы пәнінен ҰБТ (айлық) қорытындысы

Оқушының аты-жөні қыркүйек қазан қараша желтоқсан қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр
балы бағасы балы бағасы балы бағасы балы бағасы балы бағасы балы бағасы балы бағасы балы бағасы балы бағасы
                                     
                                     

 

Қазақстан тарихы пәнінен ҰБТ (жылдық) қорытындысы

          2012-2013 2013-2014 2014-2015
Барлық қатысқаны Барлық қатысқаны Барлық қатысқаны
     
балл балл балл
                       
«5» «4» «3» «2» «5» «4» «3» «2» «5» «4» «3» «2»
                       

 

Соның ішінде мониторингтің тиімділігіне тоқталатын болсақ оқушылардың білім сапасы оқу жылының басындағы нәтижеге қарағанда өседі, сабақтан ешкім тыс қалмайды және бір-бірімен бәсекеге қабілетті оқушы пайда болады.

Мониторинг білім беру мекемелерінде білім берудің сапасын басқару үшін нақты, дәл ақпарат алу мақсатында жүргізіледі. Мониторингтің негізгі идеясы – бұл білім беру үрдісінде қатысушылардың іс-әрекетін бағалауды басқару болып табылады. Әр пәннің басқаруы, бағалауы, жоспарлауы, талдауы болған жағдайда ғана мақсатына жетіп, алға қадам басады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

1.Ә.Байбатша. «Қазақ даласының ежелгі тарихы». Алматы, «Санат»2001ж
2. «Қазақстан тарихы» әдістемелік журнал
3. В.Ф.Шаталов «Тірек-сызбалары», Алматы, 1989жыл
4.Педагогикалық ізденіс. Алматы, Рауан, 1983

  1. Қазіргі мектеп менеджменті. Алматы 2013