«Жаңа модульдің жеті кереметі»

Көшпелі тәжірибелі сабақ (КТС)

Функционалдық оқу  сауаттылығы мен құзыреттілік тәсіліне бағытталған коучинг сабағы

КТС базасы: Қарағанды қаласы Ғ.Мұстафин атындағы  «№83 ЖББОМ» КММ

Күні: 26.10.2018 жылы

Өткен орны: Қарағанды қаласындағы Ғ.Мұстафин атындағы  «№83 ЖББОМ» КММ

Тақырыбы: «Жаңа модульдің жеті кереметі»

Мұғалімнің аты-жөні: Малгабылова Макен Мажитовна,қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Коучингсабағының  жоспары

Тақырыбы «Жаңа модульдің жеті кереметі»
Өткізген мерзімі,уақыты 26.10.2018 ж.  50 минут
Мақсаты Әріптестерімді жеті модульдің  негізгі ұғымдары мен  тәсілдерімен таныстыра отырып, өздерінің іс-тәжірибелерінде  пайдалану жолдарын ұсынамын.
Күтілетін нәтиже Жеті модуль  әдіс-тәсілдерін өз тәжірибесіне жинақтайды.
Түйінді идея Оқушының қызығушылығын арттыратын тәсілдер.
Ресурстар Маркер, парақтар, стикерлер, бейнежазбалар

 

Уақыты Коучинг сессияның өтілу кезеңдері Коучердің іс-әрекеті Мұғалімнің (тыңдаушының) іс-әрекеті Қолданылған құралдар
3 минут Ұйымдастыру

 

Сәлемдесу.

-Армысыздар, құрметті әріптестер!. Бүгінгі коучинг сабағыма  қатысқандарыңыз мен үшін үлкен құрмет!Қош келдіңіздер! Осы жерде өзін таныстыра кету.Мен осы коучинг сабағымды: «Сабақ беру-үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жетілдіруді қажет ететін,үнемі жаңалық табатын өнер»,-деп баға берген Жүсіпбек Аймауытовтың сөзінен бастағым келді.Менің ойымша,бүгінгі коучингтен өздеріңізге керекті әдіс-тәсілдермен таныса отырып, алдағы уақытта тәжірибеде қолдана аласыздар деген үміттемін.

Назарын коучерге аударады. Сәлемдеседі.

 

 
 

5 минут

Психологиялық ахуал Танысу. «Шаттық шеңбері»

-Құрметті әріптестер, барлығыңызды шеңберге,яғни «Шаттық шеңберіне» тізбектеліп тұруларыңызды сұрай-мын. Шеңбер жасап орналасып болсақ,мен қолымдағы гүлімді оң жағымда тұрған адамға беремін. Бұл адам гүлді алып, өз есімін айтады да,өз есімінің бас әріпінен бастала-тын  сын есім қосып,өзін таныстырады да,допты келесі адамға береді.Өзімнен бастайын.Менің атым –Мәкен, мейірімдімін. Осылайша, екінші адам гүлді алып, алдыңғы адамның есімін айта отырып, өз есімін жариялайды. Доп менің қолыма жеткенше процесс осылайша жалғаса береді.

Сұрақ:

-Сіздерге танысудың бұл тәсілі ұнады ма?

-Бұл танысудан сіздер нені түсіндіңіздер?

Эмоционалдық көңіл-күйін көтереді, бір-бірімен танысады. Гүлді кезекпен алып, өздерінің есімдерін айта отырып, топ мүше-лерімен  танысады.Оның аты-Мәкен. «Мәкен-мейірімді»  деген сөздерді қайталау арқылы гүлді бір-біріне ұсынады.Осылайша, өздеріне ахуал туғызады. Сұрақтарға өз пікірлерін айтады. Гүлдер
2 минут

 

 

 

 

 

 

 

Топтастыру Топқа бөлу.Шеңбердегілер әр түрлі гүлдерді бір-біріне ұсынады.

І топ «Ақ», ІІ топ «Қызыл», ІІ топ «Жасыл», ІV топ «Қызылғылт»

Нұсқау: —Құрметті әріптестер, біз әуелі топ ережесін құрып алайық. А3-ке  топ ережесін жазамыз.

Сұрақ:-Сіздер топ ережесін құру мен топқа бөлуден қандай ой түйдіңіздер?

-Топ ережесі мұғалімге немесе оқушыға  не үшін қажет деп ойлайсыздар?

Гүлдердің түстеріне қарай, топқа бөлінеді. Әріптестер өз ойларын білдіреді.

Ережелерді әріптестер құрады.

 

Нәтижесінде 3 топқа  құрылады.

А3 әріптестер құрған ережені алдағы уақытта қолданатынын растап, қолдарын қояды.

А3, маркер,гүлдер

 

 

 

2 минут «Психологиялық тест» Миға шабуыл.

Мұғалімдерге «Психологиялық тест» ретінде  слайдтағы сурет бойынша не көргендігі және неше  аңның суретін көргендігі жайлы  баяндау.

Сұрақ:-Сіздер бұл тапсырмадан түйген ойларыңызды өз сабақтарыңызда қалай қолданар едіңіздер?

-Құрметті әріптестер,өз сабақтарыңызда қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді атап шығуларыңызды сұраймын.

-Сонымен, бүгінгі тақырыбызды ашайық, бүгінгі коучинг семинарымыздың тақырыбын кім атайды?

Топтағы  әрбір қатысушы тақырыпты толғанып, өз ой-пікірлерін айтады.

Мұғалімдер бүгінгі тақырыпты көз алдарына елестеді.Өздеріне таныс әдіс-тәсілдерді атап шығады.

Коучингтің мақсаты мен міндетімен таныстырады.

Интерактивті тақта,

презентация

 

3 минут Тақырыпты  анықтау

 

Мұғалімдерге бүгінгі «Жаңа модульдің жеті кереметі» тақырыбы  бойынша қысқаша мәлімет беріледі. Мұғалімддір бүгінгі тақырыпқа байланысты жеті модульмен қысқаша таныстырып шығады. Сұрақ-жауап
3 минут Бейнежазба көру Ой толғаныс .«Әлемнің 7 кереметі» (көру,есту,түйсіну,дәмін көру,сезіну,күлу,сүю)

Сұрақ:-Бала бойындағы кереметті қалай анықтауға болады?

Мұғалімдер бейнежазбадан көргендері туралы өз пікірлерімен бөліседі. Презентация
7 минут Топтық  жұмыс Постер қорғау.

Нұсқау:1-тапсырма. «Менің мамандығымның жеті кереметі» тақырыбы бойынша жеті басты қасиеттерін қағазға түсіреді.

Мұғалімдер өздеріне берілген тақы-рыптарды талдайды және жұптық жұмыс жасай отырып, тақырыпты ашады.Түйген ойларынан постер дайындайды.

Постерде жазылған ойларын басқа жұптармен бөліседі.

А3,

маркер

 

3 минут Оқыту мен оқу үшін бағалау. Талдау, өзара,өзін-өзі бағалау.

Нұсқау: —Барлық топ өз пікірлерін айтып болған екен, олай болса өзара бағалау әрекетін жасаңыздар. Тақырыпты ұтымды ашты деген топқа қалыптастырушы бағалау жасаңыздар. Яғни, ұтымды пікір айтқан топтарға қай тұстары ұтымды шыққандығы және неліктен олай болғандығы жайлы өз пікірлеріңізді стикерге жазып, сол топтың  постеріне жабыстырыңыздар.

Сұрақ: -Сіздер осы тақырыпты талдай келе нені түсіндіңіздер?

-Қай топтың тапсырмасының сұрақтары дұрыс қойылған деп ойлайсыздар?

-Тапсырманы жан-жақты талдау үшін қандай сұрақтар қояр едіңіздер?

-Сабақтарыңызда оқушыларыңызды топқа бөліп жүргеніндеріңізді  айта аласыздар ма?

Топтағы мұғалімдер ақылдаса отырып, тақырыпты толық аша алған топқа қалыптастырушы баға береді. Неліктен олай шешкендігі жайлы өз пікірлері жазылған стикерді  постеріне жабыстырады.

Сұрақтарға өз пікірлерін айтады.Шапалақпен бағаланады (қол шапалақтау арқылы)

Стикер

 

10 минут Дарынды, талантты баламен жұмыс Топтық жұмыс.Бейнетаспадан «Әрбір бала-дарынды» атты бейнежазбаны көреді. 2-тапсырма «Ойынмен расталған көшбасшылық».Мұғалімдерге (елбасы,әкім,директор ) сөздер жазылған кеспе-қағаздарды таратылады,сол бойынша мұғалімдер көрініс көрсету керек.

 

ІІ тапсырма. «Ойынмен расталған көшбасшылық» (Елбасы, әкім, директор). сөздер жазылған кеспе-қағаздарды таңдап, сол бойынша өздерін жарнамалап таныстыру.

ІІІ тапсырма. Топтар бір-бірінің көшбасшылық қасиеттерін  бағалайды.

Түрлі-түсті маркерлер,

А4

5 минут Сергіту кезеңі  «Ой қиялы» атты тренинг.                                               Сұрақ: —Сіздер бұл сергіту сәтінен не түсіндіңіздер?            -Сіздер сұрақты дұрыс құру сабақта қаншалықты маңызы бар деп ойлайсыздар? Мұғалімдер берілген тапсырмалар-ды орындай отырып,бой сергітеді.

Сұрақтарға өз пікірлерін айтады.

Презентация
3 минут Жас ерекшелік-теріне сай  оқыту

 

«Бұзылған телефон» Мәтін.

Біздің мектеп ұжымындағы әйелдер қауымын  қалалық кәсіподақ комитеті  жетінші наурызда  2018  жылы сағат бірде облыстық мәдениет сарайында өтетін  «8 наурыз -халықаралық әйелдер күніне» орай  «МУЗАРТ»  тобының концерттік кешіне шақырады.

Сұрақ:-Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сай оқыту сіз үшін маңызды ма? Несімен?                                                       Ұзақ мерзімді жады түрлерімен таныстыра отырып, алған мәліметті рәсімдік, эпизодтық, семантикалық есте сақтау жолдарымен байланыстыру

Берілген ақпарат жасы үлкен  адамға жеке айтылады.

Ол адам өзінен жасы  кіші адамға айтады.ол келесі…Соңында ақпараттың үлкен өзгеріске ұшырағанын байқаймыз.

Төрт топтан жас ерекшеліктері әр түрлі адамдар шығады
3 минут Кері байланыс.

 

Нұсқау: «Бес саусақ» Коучингтің сәтті, сәтсіз тұстары және сіздің ұсынысыңыз.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға және уақыт тауып катысқандарыңызға рахмет! Келесі коучинг семинарларында көріскенше күндеріңіз сәтті  болсын!

 

Кері байланыс парағаның сұрақтарына жауап ретінде өз пікірлерін жазады. Сурет,

слайд.

4 минут Рефлексия. Төмендегі сұрақтарға өз пікірлеріңізді жазуларыңызды өтінемін. Сауалнама тарату.

 

«Менің таңдауым» (дәстүрлі, жаңа жеті модуль) Сауалнама толтыру. Сауалнама
  Сілтеме Деңгейлік бағдарлама, мұғалімдерге арналған нұсқаулық   МАН