№5 зертханалық жұмыс

«Бекітемін»

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:                    М.Камалова

 

Күні:  17.01.14

Сыныбы: 10

Пәні:физика

Сабақтың аты №5 зертханалық жұмыс
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Ø  Сұйықтың беттік керілуін анықтау жайлы мағлұмат беру

Ø  Сұйықтың беттік керілуін анықтау формулаларын есептер шығаруда   және күнделікті тұрмыста  қолдана білуге үйрету

Ø  Топта       бағалай  білуге   баулу

Күтілетін нәтиже Ø  Сұйықтың беттік керілуін анықтау жайлы мағлұмат алады

Ø  Сұйықтың беттік керілуін анықтау формулаларын есептер шығаруда  және күнделікті тұрмыста  қолдана білуге үйренеді

Ø  Топта       бағалай  алатын болады

Негізгі  идеялар Сұйық ішіндегі кеңістіктің басқа да молекулалармен толуынан беттік қабат сұйыққа молекулалық қысым түсіреді.

Сұйықтың беттік қабатындағы молекулалардың қосымша  потенциалдық энергиясын еркін энергия деп атайды.

Сұйықтың еркін бетінің ауданының кемуі кезінде молекулалық күштердің А жұмысының сұйықтың тегіне және сыртқы шарттарға тәуелділігін сипаттайтын σ шамасы сұйықтың беттік керілу коэффициенті деп аталады.

 

Тапсырмалар

 

Топтық жұмыс
Жеке жұмыс «жалғасын тап»

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

  • Сәлемдесу
  • Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
  • Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2 сандары арқылы 2 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5  минут)

  1. Сұйықтың қасиетін ата?
  2. Сұйықтың беттік қабатының қасиеттері жайлы не білеміз?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (4 минут)

  1. Сұйықтың беттік керілуі жайлы не білеміз?

ІҮ. Топтық жұмыс (26 минут)

Сіздің тобыңызда 5  рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт  сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген тапсырманы  топпен бірлесе отырып оқып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы  жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді

Бақылаушының  бағалау парағы

Бағалау өлшемдері Көш

басшы

Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Есептің шешуіне  үлес қосу        
2 Міндетін атқару        
3 Топтық жұмысқа атсалысуы        

 

 

 

 

Жұмыстың орындалу реті:

  1. σ— сұйықтың беттiк керiлу коэффициентi, r — қыл түтiк радиусы, pм>0 болса мениск дөңес болады, pм<0 -мениск ойыс болады.
  2. pa– қоршаған ортаның қысымы болсын. Сонда мениск астындағы сұйықтың қысымы мынаған тең болады: pa — 2σ/r . Кең ыдыстың ашық бетi деңгейiнде бұл қысымға, тығыздығы ρ сұйықтың көтерiлу деңгейiнiң FA салмағы әсерiнен түсiрiлетiн гидростатикалық қысымы pст қосылады:
  3. pст=FA/S = mg /πr2 = π r2hρg/ π r2 = ρgh.
  4. Тепе-теңдiк жағдайы орныққандықтан, астыңғы жағынан да, үстiңгi жағынан да сол деңгейге бiрдей қысым әсер етедi. Соның салдарынан
  5. pa— 2σ/r + ρgh = pa.

VІ. Жеке   жұмыс «жалғасын тап» (6 минут)

  1. Сұйықтың беттiк керiлу коэффициентi…………………………………………………..
  2. Беттік керілу күші………………………………………………………………………………………………………..
  3. Беттік керілу күші мен коэффициентiнің формуласы………………………………………

 

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ.  Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (2 минут)

Кейінгі тапсырмалар №587
Кейінгі оқу қайталауб