Халық композиторы және кәсіби композитор

 

Пән: Музыка  

Бекітемін:               Макаримова Г.А

 

Мектеп: М.Б.Ықсанов атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп

 

 

Күні: 11.12.2018 Мұғалімнің аты-жөні: Бисекова Камила Ерболатовна
Сынып: 4а                  Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Бөлім 4-бөлім. Мамандықтар әлемі
12-сабақтың тақырыбы Халық композиторы және кәсіби композитор
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 4.​1.​1.1 – музыкалық терминдерді пайдаланып, әуеннің жанры мен музыкалық көркемдеуші құралдарын анықтау және салыстыру;
4.​1.2.2 – ырғақтық және динамикалық ансамбльдерді сақтай отырып, аспаптарда ойнау дағдыларын көрсету.

 

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:

–  музыкалық терминдерді пайдаланып, әуеннің жанры мен музыкалық көркемдеуші құралдарын анықтап және салыстырады;

Көптеген оқушылар:

– ырғақтық және динамикалық ансамбльдерді сақтай отырып, аспаптарда ойнау дағдыларын көрсетеді;

Кейбір оқушылар:

–  музыкалық терминдерді пайдаланып, әуеннің жанры мен музыкалық көркемдеуші құралдарын анықтап және салыстырады;

– ырғақтық және динамикалық ансамбльдерді сақтай отырып, аспаптарда ойнау дағдыларын көрсетеді.

Бағалау критерийлері Оқушылар мақсатқа жетті:

– музыкалық терминдерді пайдаланып, әуеннің жанры мен музыкалық көркемдеуші құралдарын анықтап және салыстырады;

ырғақтық және динамикалық ансамбльдерді сақтай отырып, аспаптарда ойнау дағдыларын көрсетеді.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

• вокалдық, аспаптық бағдарламалық музыканы біледі;

• музыкалық ұғымдарды, шығармаларды талдау барысында қолдана алады;

• мамандықтар әлемі ерекшеліктерін сипаттай алады.

Құндылықтарды

дарыту

Халық музыкасын тыңдау арқылы мәдени тұлғаларды тәрбиелеу
Пәнаралық

байланыстар

Тарих. Әдебиеттік оқу
Бастапқы білім Терме-ақыл, нақыл, өсиет
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар
Сабақтың басы

 

Мамандық әрбір адамның болашағы, сондай-ақ шаруашылық көзі болып табылатын сүйікті іс. Кез-келген адам өз мамандығына құрметпен қарайды. Мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Әлемде 40 мыңға жуық әртүрлі мамандық бар екен. Сонымен бірге әр мамандықтың ерекшеліктері де бар. (Оқушылар мамандықтарды атайды).

Дәрігер, ұстаз, құрылысшы, есепші, заңгер бұл тізімді бүгін біздер тағы бір ғажап мамандық музыкант мамандығымен толықтырамыз.

Жәй ғана құлаққа естілгенде құрғақ, жансыз біртектес…

Бірақ тереңіне үңілсек музыкант мамандығы керемет, сезімтал, мейірімді, білмейтіндерге қол ұшын созушы,жаңалыққа жаны құмар жандар.

Музыка дегеніміз сырлы дыбыс. Біз ол музыканы сезінуге, түсінуге, естуге үйретеміз. Музыка көңілді көтереді, бойды сергітеді, жанға жайлы эмоция тудыртады. Музыка адамға қанат бітіріп, бүкіл әлемді бағындырғандай күй тудырады.

 

1-тапсырма. Үй тапсырмасын тексеру.

1.Ақан сері деген кім?

2.Оның қандай әндері бар?

3.Ақан сері «Маңмаңгер» әнін неге арнап шығарған?

4.Термені орындайтын адамды кім деп атаймыз?

 

Б.Әлімжанның «Ұрпақпыз біз батыл» әнін оқушылар балалардың музыкалық аспаптарының көмегімен орындайды.

2-тапсырма. Ақпарат іздеу.

Сабақта халық композиторлары және кәсіби композиторлар тусінік беріледі.

Оқылым.

(М,Ұ) Халық композиторлары – халық арасынан шыққан, арнайы музыкалық сауаты болмаса да, туындылары қазақ даласына кең тарап, халық жүрегінен орын алған өнер адамдары. Әдетте өзі шығарған музыкасын композитор өзі орындайтын болған. Мысалы: Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет т.б. Кейін сол шығармаларды шебер орындаушы олардың шәкірттері мен ізбасарлары кейінгілерге жеткізді. Мысалы, Құрманғазының күйлері бізге оның шәкірті Дина Нұрпейісова арқылы жетті. Ал Қорқыттың күйлерін Ықылас Дүкенұлы толықтырып, жетілдірді. Тәттімбеттің күйлерін Сүгір, Тоқа т.б. күйшілер жеткізсе, Ақан сері, Біржан салдың әндерін Балуан Шолақ, Әсет, Мұхит, Мәди т.б. дарынды әнші-композитор әрі шебер орындаушылар жалғастырып әкеткен. Осылайша халық композиторларының шығармашылығы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, халық жадында сақталды.

Кәсіби композитор (латын тілінен compositor – құрастырушы) – арнайы кәсіби музыкалық сауаты бар, жоғары көркем музыкалық шығармалар (симфония, опера, балет, кантата, оратория т.б.) жазатын өнер иесі. Кәсіби композитор жазған музыкалық шығармаларды арнайы кәсіби білімі бар орындаушылар сахнада орындап, тыңдарман қауымға жеткізеді.

Кәсіби композиторлар өте коп. Соның ішінде В.А.Моцартты, Л.В.Бетховенді, И.С.Бахты атап өтуге болады.

Вольфганг Амадей Моцарт (1756-1791) Вена классикалық композиторлар мектебінің жарқын өкілі. Асқан шебер скрипкашы, клавесинист, органист, дирижер болған. Музыкаға деген қабілеті 3 жасынан көріне бастаған. Моцарт әлемдік музыка мәдениетіне зор үлес қосқан. Шығармалары: «Реквием», «Сиқырлы флейта», «Дон Жуан», «Фигароның үйленуі» т.б.

Людвиг Ван Бетховен (1770-1827) 1770 жылы Германияның Бонн қаласында дүниеге келді. Неміс композиторы, пианист, Вена классикалық мектебінің өкілі. Ол көптеген опера, драмалық қойылым, хор шығармаларын жазған. Фортепианоға арналған соната, концерттердің авторы. Шығармалары «Фиделио» операсы, «Элизаға», «Соната №5» т.б.

Бүгін біз Бетховеннің ең атақты да, құнды шығармасы болып табылатын «К. Элизе» атты шығармасына тоқталайық. 1965 жылы биограф, композитор, әрі музыкант Людвиг Ноль, Мюнхень қаласынан «К. Элизе» деген Бетховеннің жеке қолжазбасы мен ноталарын тауып алады. Бұл қолжазбада «Элизаға мәңгілік ескерткіш» деген Бетховеннің қолы қойылған ноталар жазылған еді. 1867 жылы Людвиг Ноль бұл шығарманы жарыққа шығарады, бірақ осыдан соң бұл қолжазба жоғалып кетеді. «К. Элизе» шығармасының шығу тарихында Бетховен бұны өзінің өте жақсы оқушысы және шығармаларының ерекше, тамаша орындаушы Элизабет Рекельге арнаған. Тіпті ол қызды қатты ұнатып, үйленуге ұсыныс жасаған, бірақ ол жақтан қарсы жауап алады. Бұл шығарманың нотасы көпке дейін Элизабеттің қолында болған.

Иоганн Себастьян Бах (1685-1750) неміс композиторы, органшы, капельмейстер, музыкалық педагог. Мыңдаған музыкалық шығармалардың авторы. Шығармалары: органға арналған «Соль минор фугасы», клавирға арналған «Ре минор концерт», «Ре минор» токкатасы және фугасы.

Қазақ елінің композиторлық мектебінің қалыптасуына Еуропа және Ресейдің ұлы композиторларының әсері мол болды. П.И.Чайковский, М.И.Глинка, С.В.Рахманинов т.б. композиторлардың шығармалары қазақ сахнасында қойылып, қазақ кәсіби музыкасының қалыптасуына өз әсерін тигізді.

Петр Ильич Чайковский (1840-1893) Орыс композиторы, педагог, дирижер. Шығармалары: «Воевода», «Ундина», «Евгений Онегин», «Чародейка», «Лебединое озеро», «Щелкунчик», «Ромео и Джульетта» т.б.

Михаил Иванович Глинка (1804-1857) орыс композиторы. Шығармалары:»Руслан и Людмила» операсы, Камаринская» симфониялық шығармасы, «Жаворонок» т.б.

Сергей Васильевич Рахманинов (1873-1943) орыс композиторы, пианист, дирижер. Шығармалары: «Көктем» кантатасы, «Фортепианоға арналған прелюдия», «Колокола» поэмасы, «Симфониялық би» т.б.

Евгений Брусиловский (1905-1981) – Қазақстан кәсіби музыкасының негізін қалаушылардың бірі. Қазақ елінің тұңғыш операсын жазған. 9 опера, 4 балет, 9 симфонияның авторы. «Қыз Жібек», «Жалбыр», «ЕрТарғын» тағы басқа опералары, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Амангелді» балеті, «Құрманғазы» атты симфониялық музыкалары қазақ музыкасының алтын қорына енді.

Латиф Хамиди (1906-1983) – Қазақстан композиторлық мектебінің қалыптасуына еңбегі сіңген композитор. «Абай», «Төлеген Тоқтаров» (Ахмет Жұбановпен бірлесе жазған) операларының авторы. Музыка мәдениеті тарихында халық музыкасын жинап-зерттеуші, музыка оқулығын жазған адам ретінде қалды.

Мұқан Төлебаев (1913-1960) – көрнекті қазақ композиторы. Музыкалық мәдениеттің қалыптасып, дамуына өз үлесін қосқан өнер иесі. М.Төлебаев жазған «Біржан-Сара» операсы әлемге танымал шығармалардың бірі. Е.Брусиловскиймен бірігіп «Амангелді» операсын, ән-романстар, ораториялар жазды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық, балалар аспаптары

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық, слайд, композиторлардың суреттері,үнтаспа

Сабақтың ортасы

 

3-тапсырма. Әнді орында.

 

(М,Ұ) Сабақта  жаңа ән игеріледі.«Нота үйренеміз» (музыкасын жазған: Б.Жүсіпалиев, сөзін жазған А.Асылбек).

Оқушылар әнді тыңдау және үйрену барысында орындаушылық ерекшеліктерін сипаттап отырады. Ән әуенін үйрену төртінші сыныптағы оқушылар үшін қиындық келтірмейді.

 

(О) Оқушыларға берілетін тапсырма:

1. «Нота үйренеміз» әнінен алған әсеріңмен бөліс..

2. Әнді үйрену барысында біз қандай нотамен таныстық?

3.Әнді үйреніп, балалар аспаптарының сүйемелдеуімен, көтеріңкі көңіл күйде орында.

 

Оқулық, балалар аспаптары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 

4-тапсырма. Бағалау.

Түрлі түсті жұлдызшалардың көмегімен оқушыларды бағалаймын.

 

 
Саралау –

Оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау –

Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға әнді орындау барысында музыканың көркемдеуіш құралдарын анықтауға тапсырма беруге болады. Бақылау;

Бағалау өлшемдері мен дескрипторлар бойынша;

Ән орындау кезінде оқушылар бірін-бірі өзара бағалайды.

 

Денсаулық сақтау технологиялары

 

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанада берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
 
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз):

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

Сабақ тақырыбы «Музыка және сурет» сабақ жоспары

Бүркітова Жанна
Жаңаөзен қаласы
Жаңаөзен мектеп- гимназиясы
Тәрбие жөніндегі орынбасары.

Мектебі: Жаңаөзен мектеп-гимназиясы Жаңаөзен мектеп-гимназиясы
Мұғалімі: Буркитова Жанна
Пәні: Музыка
Сыныбы: 6-сынып
Уақыты: 21.04.2016ж
Тоқсанның тақырыбы: «Музыка және сурет»
Сабақтың тақырыбы: Музыкадағы табиғат бейнесі
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері: Музыка мен сурет өнеріндегі табиғат көрінісі жайлы әңгімелеу
Білімділік: Музыка мен сурет өнерінің байланысын түсіндіру
Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, музыкаға қызығушылығын арттыру
Дамытушылық: Топтық ойлау әрекетін қолдану. Алған теориялық білімдерін ойындар арқылы жинақтап, ой-өрістерімен рухани мәдениетін эстетикалық талғамдарын анықтай отырып, оқушылардың танымдық қасиетін арттыру. Балаларды музыканы тыңдау арқылы ырғақты сезінуі және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Айналамыздағы қоршаған табиғатты бейнелей отырып, олардың көзқарасын, ұғымын қалыптастыру, табиғатты аялауға тәрбиелеу. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру
Түрі: Кіріктірілген сабақ, топтық ойлац
Жаңа материялды түсіндіру
Қолданылатын педагогикалық технологиялар: 1.АКТ
2.Топтық жұмыс
3.Бейнеролик көрінісі
4. Криталды бағалау

ІІ.Үй тапсырмасы: 1. Оқушылармен амандасу;
Саламатсыз ба!
2.Оқушыларды түгендеу;
Сабақта жоқ оқушыларды анықтау;
3.Оқушыларды 4 топқа бөлу;
1-топ «Әншілер»
2-топ «Күйшілер»
3-топ «Көңілді бояулар»
4-топ «Сиқырлы сызықтар»
Топ басшыларын сайлау
Әншілер» тобының басшысы:
Күйшілер» тобының басшысы:
«Көңілді бояулар» тобының басшысы:
«Сиқырлы сызықтар» тобының басшысы:
Орындарымыздан тұрып дауыс жаттығуын жасаймыз.
Шаттық шеңберіне тұрады.Бір- бірлеріне тілек айтады.
Мұғалім: Ән «Дос туралы жыр»

Қазақ батырларының өнеріндегі көркемдік бейнесі:
Мұғалім:
Енді отке сабағымызды еске түсіру үшін нота астына жасырынған жұлдыздардың сұрағына жауап берейік.
«до» нотасы (Мадина Садуақасова) Әдебиеттегі батырлар есімін білесің бе? 1-бал
«ре» нотасы (Тамара Асар) Графика дегеніміз не? 1-бал
«ми» нотасы (Қайрат Нұртас) Евгений Сидоркин шығармашылығы туралы не білесің?
«фа»нотасы (Маржан Арапбаева) Литография, линогравюра дегеніміз не?
«соль»нотасы (Жанар Дұғалова) Евгений Сидоркин шығармашылығының негізгі тақырыбы?2- бал
«ля»нотасы (Алмас Кішкенбаев)
«си»нотасы (Мейрамбек Беспаев) күйші композиторлар батырлар бейнесін қалай бейнелейді? 2-бал
Мұғалім:
Оқушыларды бағалау критерлері арқылы топ басшылары әр айналымнан соң бағаланып ұпай саны айтылып тұрады. Мұғалім жауап берген оқушыға нота кілтін беріп отырады.
1.Оқытушымен амандасу;
2.Кезекші оқушының есеп беруі

Оқушы үй тапсырмасын жеткізе білуге бағыттылады. Нақты толық жауап беру.

Оқушы бар зейінімен сабаққа көңіл аударуы. Оқушылар сабақ бастацға дайын
ІІ. Жаңа материалды игеру: Мұғалім: Бейнефильм
Бұл бейнефильмнен не көрдік?
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын,қалай атаймыз?
Музыкадағы табиғат бейнесі.
Сендерге берілетін тапсырма.
Оқулығымызды ашып мәтінді оқып шығамыз.Екі топқа бір мәтіннен беріледі.Әр топ үш сұрақ дайындаймыз.
1.«Әншілер» мен «Күйшілер» тобына Музыкадағы
табиғат бейнесі.
2. «Көңілді бояулар» мен «Сиқырлы сызықтар» тобына Әбілхан Қастеев шығармашылығы туралы. Оқушылар жаңа сабақты қабылдайды, қабылдаған ақпаратты талқылап,талдайды,ақпарат негізінде білімін жүйелейді,жинақтайды,одан қорытынды шығара алады.
Мұғалім: Ендігі тапсырма «Әншілер» тобының бір оқушы «Күйшілер» тобына осы тақырыпқа сәйкес сұрақ қояды.(үш сұрақ қойылады).Олар жауап береді.Кері сұрақ беріледі. Келесі «Көңілді бояулар» мен «Сиқырлы сызықтар» топтары да осылай сұрақ-жауап алады.
Мұғалім: Тапсырма: Бүгінгі сабақтан түйген ойларын түйіндеп, тақтадағы Ә.Қастеевтің екі суретіне назар аударыңыздар.Тыңдайтын екі күйімізді суретпен сәйкестендіріп,көрейік.
Бейнелеу пәні мұғалімі: Бұл суреттер бейнелеу өнеріндегі қандай жанрға жатқызуға болады?Енді оқушылар табиғат тақырыбына сурет салайық Оқушылар суреттер мен күйлерді
сәйкестендіреді.

Оқушылардың жауабы, сурет салады.
Музыка тыңдау
Жаңа ән үйрену,орындау Құрманғазы «Алатау» тыңдау
Мағауия Хамзин «Жайлау» тыңдау
Н.Тілендиев «Алатау» үйрену Күй тыңдап,ұғымы кеңейіп
музыка тыңдайды.
Оқушының танымын кеңейтіп, қызығушылығын арттыру.
Жаңа сабақты бекіту.

Мұғалім: Мен сендерге бүгінгі өткен жаңа сабағымыз бойынша бекіту сұрақтар қоямын.

1.Табиғатты бейнелейтін күйлер мен әндерді ата? 2бал
2.Ә.Қастеевтің «Қарлы Алатау» суретінің мазмұнын қалай түсіндіресің? 2 бал
3. Суретші жазғы жайлауды қалай бейнелейді? 2бал
4.Құрманғазы «Алатау» күйін қалай бейнеледі? 2бал
5. М.Хамзин «Жайлау» күйін қалай суреттеді? 2бал
6. Құрманғазы мен М.Хамзин екеуін не жақындатты? 2бал Түсіндірілген тақырып бойынша
жауабын ойша іздейді,жауап
береді.

Қойылған сұраққа жауап беру арқылы оқушы жаңа материалды қорытындылайды.

Бағалау Оқушылар жұмысына жалпы сипаттама беру;
Тақырыпты қорғаудағы жетістіктеріне баға беру;
Кемшіліктерді ашу,олардың алдын алу жолдарын көрсету. Балдық жүйемен баға қою/
10-8 бал/-5
7-5бал/-4
4-3бал/-3

Сабақты ойша зерделейді;
Жетістіктер мен кемшіліктерді қабылдайды.Баға алған оқушы күнделіктеріне бағаларын қойғызады.
Үй тапсырмасы «Музыкадағы табиғат бейнесі» тақырыбын оқып келу.
М.Хамзин туралы реферат жазу.
Табиғат туралы суреттер салу. Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады, оны орындауды түсінеді. Оқытушымен қоштасады. Оқушылар өздігінен үйге берілген тапсырманы орындай алады.