Кітап-білім бұлағы шығарма

Кітап-білім бұлағы

Кітап-рухани байлық. Көлемі кішкене ғана болғанымен, берер білімі терең. Кітап оқыған сайын оқи бергің келеді.

Мен бос уақытымда мектеп кітапханасына барамын. Өз жасыма сай шағын әңгіме, ертегі кітаптарын алып оқимын. Ішінде даналық сөздер болса жазып қоямын. Кітап оқығанда уақыттың қалай тез өткенін байқамай қаласың. Дана халқымыз “Білім кені-кітапта“ деп бекер айтпаса керек.

Қазіргі таңда көпшілігі ғаламторға көп көңіл бөледі. Кітапханаға баратын оқушылар некен-саяқ. Мен қасымдағы достарыма кітап оқуға кеңес беріп отырамын. Бірге кітапханаға ертіп апарамын. Сонымен қатар, оқыған кітабымды тап-таза күйінде кітапханашыға тапсырамын. Кітапханашы апай маған қандай кітапты оқу керектігі жайлы кеңес береді.

Кітап оқуды жанына серік еткендер ешқашан білімсіз болмайды. Керісінше, терең біліммен қаруланады. Достар, сендер де бүгіннен бастап кітап оқуға кірісңдер.

 

Жанерке Жоламан

№73 жалпы білім беретін орта мектептің 1 а сынып оқушысы

Жетекшсі Ерлепесова Ақмұнар