Курстың қысқаша түсініктемесі, мақсаты мен мазмұны.

          Курстың қысқаша түсініктемесі, мақсаты мен мазмұны.

 

«Экология және экономика» пәнінің негізгі мақсаты мен мазмұны оқушыларға дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның жұмысын, уақыт тұралы негізгі түсініктекрді, атмосфералық қысым, оларды өлшейтін приборлар мен құралдарды, күн радиациясын, ауа ылғалдылығын, топырақтың су сіңіруін және атмосфераның жылу режимдерін, жауын – шашын түрлері, бұлттылық, атмосфера құрылымы, су айналымы, атмосфераның қазіргі жағдайдағы проблемалары, жел, оның түрлері атмосфера үйлестіруші факторлар, климат туралы мәліметтер жиынтығын беру. Оқушыларды осы пәнді толық игеруі нәтижесінде олардың дүниежүзіндегі елдердің бір-бірімен қарым-қатынастарының қандай жүйе және одақ ұйымдарымен жүргізілетіндігін білдіру және олардың географиясын анықтаудағы білімдерін көтеру болып саналады.

«Халықаралық экономикалық қарым-қатынастар географиясы» пәнінің міндеттері:

  • дүниежүзіндегі халықаралық экономикалық қарым-қатынастардың түрлерін және олардың құрылымымен таныстыру.

Пәнді оқып үйрену нәтижесінде оқушылар білуі қажет:

  • Халықаралық экономикалық қарым-қатынастардың түрлерін;
  • Құрылған одақпен ұйымдардың атқаратын қызметінің ерекшеліктерін;
  • Халықаралық экономикалық қарым-қатынастардың жетістіктері мен кемшіліктеріне талдау жасай білуі қажет;

Пәнді оқып үйрену нәтижесінде мыналарды игере білуі қажет:

  • Халықаралық экономикалық қарым-қатынастарын байланыстырушы жүйелерін;
  • Халықаралық экономикалық қарым-қатынастардың мемлекеттер арасындағы байланысының дамуы;
  • Жүргізіліп жатқан қарым-қатынастардың экономикасының дамуына тигізетін әсерін игеруі қажет;

Пәннің пререквизиті

          «Экология және экономика» пәнін толық меңгеру барысында  педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, оқушыға ұсынылған әдебиеттермен, алынған мәліметтерді анализ жасай білуі, жиналған құжаттармен  және компьютер, интернетпен жұмыс істей білуі керек.

 

Пәннің постреквизиті

Осы пәнді үйрену үшін оқушылар мына пәндермен таныс болуы керек: Жалпы жертану, геоморфология, материктер мен мұхиттар физикалық географиясы, биология, химия, физика, астрономия. Сонымен бірге, оқушы жалпы жаратылыстану ғылымына қатысты басқа да пәндерді игеріп, өзінің білімділігін тәлім – тәрбиелігін, өзіндік білімін дамытуды қалыптастыруға жетісіп, білікті географ маманы болуына қол жеткізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күнтізбелік – тақырыптық жоспар

(Экология және экономика курсы, 1 сағат)

Тақырыбы Сағат саны Мерзімі
1 Экология  және  табиғатты  қорғау пәні, мақсаты, міндеттері, салалары  мен  мазмұны  және  оның  басқа  пәндермен  байланысы  туралы  кіріспе. 1  
2 Халықаралық экономикалық қарым-қатынастар географиясына кіріспе.    
3 Қазақстанның  географиялық   жағдайларының   экологиялық   зерттеулері.

 

1  
4 Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымы.    
5 Қазақстанның  экологиялық,  климаттық  жағдайының   сипаты.

 

1  
6         Экологиялық    құрылымның    экологиялық   жағдайлары    мен

қалыптасу    кезеңдері.

 

1  
7         Биологиялық    әр  түрлілікті  сақтау.

 

1  
8 Ландшафтардың   экологиялық  қасиеттері 1  
9 Қайталау. Тест    
10 Қазақстанның  табиғат  зоналары.

 

1  
11          Қазақстанды геоэкологиялық аудандастыру. Геоэкологиялық

аудандастырудың    маңызы   мен   мазмұны.Геосаяси жағдайы.

1  
12 Антроногонез және  Қазақстанның  қоршаған  ортасы.

 

1  
13 Қоршаған   орта   және  табиғи  қорлар.

Қоршаған  ортаның  химиялық  ластануы

1  
14        Қазақстан  топырақтары,  олардың  геоэкологиялық   жағдайлары.

 

1  
15          Қайталау. Тест    
16 Топырақтың  сорлануы, жел  және  шайылу  эрозиясы. 1  
17    Аймақтық  экологиялық  проблемалар

 

1  
18 Каспий, Арал  экологиясы.

 

1  
19        Алматы  қаласының  және  Қазақстан  ірі  өндірістік  қалалардың ауа   бассейінінің  ластануы.

 

1  
20 Халықаралық еңбек бөлінісі. «Даму стратегиясы»    
21 Халықаралық сауда.    
22 Халықаралық сауданың формалары. 1  
23 Төлем балансы.    
24 Халықаралық валюталық, қаржылық қатынастар. 1  
25 Қайталау. Тест 1  
26 Халықаралық валюталық жүйенің даму эволюциясы    
27 Капитал миграциясы. 1  
28 Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы. 1  
29 Халықаралық экономикалық интеграция. 1  
30 Елдердің сауда-экономикалық одаққа кіруінің экономикалық салдары. 1  
31 Халықаралық экономикалық ұйымдар. «Индустриалды-инновациялық реформа» 1  
32 ЮНКТАД-тың негізгі қызметі 1  
33 Қазақстан республикасының халықаралық ұйымдарға қатысуы. 1  
34 Қайталау. Тест 1  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер тізімі

 Негізгі:

  1. С.С. Байталанов «Метеорология және климатология» Алматы 1993. В.И.Ворбьев «Синоптическая метеорология», Ленинград «Гидрометеоиздат».
  2. С.П.Хромов, М.А.Петросянц «Метеорология және климатология» Ленинград «Гидрометеоиздат». 1993.
  3. Г.К.Турилина, Р.К.Кожахметова «Практикум по метеорологии и климотологии», Алматы «Қазақ университеті» 1998.
  4. Турсункулов Э., Турсункулова Л.А. «Метеорология және климатология» Шымкент
  5. Ә.Бейсенова, К.Картеков. Қазақстанның физикалық географиясы Алматы 2004

Қосымша:

  1. Қ.Құрманов «Физикалық география терминдері мен ұғымдарының орысша-қазақша анықтамалық сөздігі». Алматы «Рауан» 1993.
  2. Научно-прикладной справочник по климатам ССР Серия 3. многолетние данные. Серия 4 «Климатические ресурсы» Ленинград «Гидрометеоиздат».1991.
  3. М.С. Стернзат «Метеорологические приборы и измерения». Ленинград «Гидрометеоиздат». 1981.
  4. Н.Қ. Мамыров, Д.М. Мадиярова, А.Е. Қалдыбаева ”Халықаралық экономикалық қатынастар“ Алматы 1998ж.
  5. В.П. Максаковский ”Дүниежүзінің әлеуметтік –экономикалық

географиясы“ Алматы 1998ж.

  1. Ю.Н. Гладский, С.Б. Лавров ”Дүниежүзінің экономикалық және

әлеуметтік географиясы“ Алматы 2002ж.

 

 

Интернет:

  1. http://WWWru/satmare/marinte.
  2. http://WWWru/432 htmt.
  3. http://WWWru/assek html.

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

Келісемін.                                                             Бекітемін.

Оқу ісінің орынбасары                                    № 7 жалпы орта мектеп

Ш.Кулажанова                                                 директоры

Ж.А.Орынбаев

___________________                                             _________________

 

 

 

 

 

 

Бейіндік: оқытудың бағдарлы (таңдаулы, қолданбалы) курсына арналған

6 «Ә», 6 «Б»  сынып

 

 

БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

 

 

Бағдары: жаратылыстану

 

 

 

Тақырыбы: Жалпы жертану негіздері

 

 

 

 

 

Пән мұғалімі: Таженова Л.М.

 

 

 

 

2018-2019 оқу жылы

Ленгер қаласы