«Аяулы күз, Алтын күз!»

«Аяулы күз, Алтын күз!»

Мақсаты

Міндеттері:

  1. Өлі және тірі табиғатпен байланыс, табиғаттың алуан түрлі құбылыстары мен тылысым тірлігін зерделеу.
  2. Табиғатты аялауға, күтуге деген сезімдерін ояту, қоршаған ортаны экологиялық талаптарға сай күтуге дағдыландыру, салауатты өмір салтын сақтай білуге тәрбиелеу.
  3. Табиғатты білуге деген құлшыныстарын арттыру және шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.

(Тәрбие сағаты оқушылардың күз тақырыбындағы тақпақтарынан басталады )

1Ой, балалар, балалар,

Қоңырқай күз болыпты.

Қурап жапырақ солыпты.

Ел егінін орынпты.

2. Жайдары күз, жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы ен далам,

Дариядай шалқып жүр.

 

3. Көк аспанның мөлдіреп,

Алтын күзім елжіреп.

Асыр салып жүре бер,

Сары көйлегің желбіреп.

          4. Алтын, сары, қызыл, көк.

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады жалбырап.

Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Мұғалім:

Жиып-теріп болатын,

Қамбаға астық толатын,

Қызыл қырман оайнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (күз)

Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай,
Ойнай алмай,
Денең мұздап тонады

Айтшы кәне, бұл қай кезде болады? (күз)

(музыка ойнайды, ортаға «Күз» шығады)

Күз:
Мейірлі күз, мырза күз.

Сыйлығына ырзамыз.

Аппақ арай таңында,

Шомыламыз нұрға біз.

Ой, алақай, тамаша,

Жабырқайды жапырақ.

Алтындай боп жарқырып,

Шашу шашты жапырақ.

  • Балалар, айтыңдаршы, табиғаттың осы келбеті ұнай ма?

Ән: «Күз жомарт»     

Мұғалім:
Армысың, Алтын күз, армысың!

Жайқалған шуақ таңбысың.

Еңбекке жинап, ел-жұртты,

Мезгілсің өзің ең құтты.

1-оқушы: Жанерке

Заңғар көкке жол сызып,
Құстар қайтып барады.
Бұл құбылыс тек қана

Күзде ғана болады.

Жеміс пісіп, қамабаға,

Алтын астық толады.

Бұл құбылыс тек қана

Күзде ғана болады.

(оқушылар күзігі көкөніс, жемістерді сахналайды)

«Көкөністер дауы» қойлымы:

1.Сәбіз:

Менің атым-сәбіз,

Маған шын сеніңіз,

Дәрумендер толы бойымда,

Сенбесеңіз, жеңіз.

Мен адамға ең қажеттімін деп ойлаймын.

4.Күз:
Дауласқаннан қызанақ,

Қызылшарар қызарған.

 

5.Қызылша:
Ақ түсім бар қант алар,

Қызыл түсім-қанға нәр.

Ал, балақай, біліп қой,

Қызылшамын пайдам бар.

Сәбіз, сененде қажетті менмін.

6.Орамжапырақ:
Бақшаларда тізіліп,

Қаперсіз мен жатамын.

Қабат-қабат киініп,

Орамжапырақ атандым.

Мен неге осы үндемей қалдым. Менде керекпін. Не сонда үндемегенге мен жалғыз қалады деп тұрсыңдар ма?

        6.Қияр:
 Қияр деген атым бар,

Жасылданған түсім бар.

Түрлі асқа қосылып,

Дәмін ашар өңім бар.

Достар, менде қажеттімін.

9.Күз:
Ой, достар, тыңдаңдар.

Еш асығыс қылмаңдар.

8.Сәбіз:
Әй, қияр менің тілімді сен әбден қышытың ғой. Барлық суды бізден көп ішкен сен емессің бе?  Суға бөккен түрің құрысын. Менен әрі тұр.
15.Картоп:
Картоп-менің атым,

Жер астында жатырмын.

Бір тамырдан таралған,

Көп ағайынды батырмын.

Ой, менен бақытты ешкім жоқ шығар, сірә. Кезкелген тағамға қосыламын, бәрі ұнатады.

10.Қызанақ:
Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып.

Тұрған ол мен-қызанақ,

Күнге қарап ұялып.

Ой, достар қойыңдаршы. Сендерге не болды? Бәріміз де керекпіз. Сәбіз сен үнемі сондайсың? Сенде аз су ішіппең. Не болды? Санасып. Қойыңдар, кәне. Сенде бар дәрумен менде де бар.

17.Күз:

Дауды қойып, достар-ау,

Маған өнер берсең-ау.

 

12.Күз:
Жер бетіне мен келдім,

Шартапрапты сарғайтып.

Шуламаңдар достарым,

Ойланыңдар, байыптап.

19.Баклажан:

Біреу есік қағып тұр,

Сыртта біреу келіп тұр..

14.Пияз:
Пияз өзі- асылы,

Жүр қулығын асырып.

Көрсетпейді сақалын,

Топыраққа жасырып.

— Адамдардың ең сүйікті асы мен шығармын. Суды көп қажетсінбеймін. Ал сендер, көп күтімді қажет етесіңдер.

20.Көкөністер: Мынау, Дәрігер Айболит қой!
16.Баклажан:
Күзді күтіп жатырмын,

Жиып нәрді бойыма.

Баклажанмын, жараймын.

Салат жасап қоюға.

— Әбден шудан жалықтым. Мені қашан қазып алар екен. Пияз сен несіне керексің. Жесе аузың, аршысаң көзің ашиды. Қараш өзін.

21.Айболит:
Әрине бұл менмін ғой,

Таңданғаның жөн беді.

 

 

18.Көкөністер: Дауласқаннан еш нәрсе шықпас.

(есік қағалады)

 22.Пияз:
Айтыңызшы дәрігерім,

Адамға ең қажетті қайсысымыз?

24.Айболит:
Дені сау болуы үшін адамның,

Бәрің қажет, бәрің де  керексің.

Сондықтан да достарым,

Дауласпаңдар, татулассаң қайтесің.

Ешқашанда бөлінбеңдер, өйткені.

Достық деген ең маңызды білгейсің.

23.Сәбіз:
енді түсінген жайым бар,

Барлық емге дәрімізде дәруміз.

Сондықтанда дауды бастаған мен едім,

Кешіріңдер, енді қайталамаймын демекпін.

  Күз бен Айболит (бірге)

Бәрекелді, жарайсыңдар, достарым.

«Картоп жина» ойыны:

Ойыншылар екі команда болып тұрады, белгі берілгенде жылдам картоп жинаулары керек. Қай топтың себеті толады, сол топ жеңеді.

Күз:

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет не?

Оқушылар: Жапырақ!

«Жапырақтар» биі

Мұғалім:

Жайқалған, нәзік жапырақ,

Куншуақта маужырап.

Жер бетіне жайлдың,

Бейне кілемдей атырап.

(жапырақ билеген қыздар жұмбақ жасырады)

Сабина

Жүрегімнен шуақты жыр естіріп,
Жазым өтті отты тіл үлес қылып
Қарасам жан- жағыма күз келіпті
Сұрша бұлтқа күрсініс ілестіріп

Назым

Күн де тұнжыр ала бұлт аспанымда,
Көңілім пәс, десем де баспа мұңға
Көктем – пейіл бәйшешек жыр іздесе,
Жазда өтіп кетіпті –ау қас қағымда

Жанерке

Күздің желі гуілдейді бір сарын,
Ұшсын желмен жүрегіме тұнса мұң.
Қоштасады шыр айналып жапырақ
Қоштаспасын тек жаздағы жыр- сағым

 

  1. «Алма жинау» ойыны.

Шарты: Тақтада алма ағашы. Онда аламалар өсіп тұр.  Екі команданың оқушылары сол ағаштағы алманы себетке жинаулары керек. Олардың аяқтарына пластик бөтелкесінің кесілген аяқ киімі.

Мұғалім: Жарайсыңдар! Барлық жұмбақты шештіңдер, енді кезекті ойынға берсек.

 «Көженің көкөкністері»  ойыны.

(кострюльге көже пісіруге қажетті көкөністерді жинайды)

Оқушылар тақпақтары:

  • Балалар күзде қандай айлар бар?

Даулет-Қыркүйек

Шоғы толған гүлдей жайнап

Жарқырады Алтын күз

Сайраңдап күліп ойнап

Келіп кетті қыркүйек

 Асланбек- Қазан

Қазан айы молшылық

Дәулет қорын қалады

Заңғар көкке қол созып

Құстар ұшып барады

Нұрсайын-қараша

Құстар қайтты қыс болды

Сұр бұлт жапты аспанды

Жапырақ түсіп, гүл солды

Қараша ызғары басталды

 «Қар көшкін» ойыны

2 ойыншының үстінде (күрте, шәпке, шарф) олар киініп алған. Олар музыка ырғағымен сыныпқа кіреді. 1,2,3 деген белгіден әр қайсысы қай жерден белгі шығады сол жерге киімдерін шешеді. Барлық киімдер шеілген соң, Қар жауды деген белгі болғанда, ол тез жаңағы киімдерді киіп алуы керек. Өз киімін бірінші тауып киінген ойыншы жеңеді.

Аружан

Бұлттанып заңғар аспаным

Толтырды жасқа жанарын

Құстар да қайта бастады

Суықтың сезіп хабарын

Ж. Дильназ

Жайдар күз,алтын күз

Аяулы күз,алтын күз

Дәнге толып ен далам

Дариядай шалқыған

Қамба толды астыққа

Алғыс саған Алтын күз!

Бір уыс дән шаштық та

Қап-қап бидай алдық біз

Алақай, алақай

Шаттанды балақай

Күз түсті, дән пісті

Айтамыз алғысты

 Аяулым

Бүгін мейрам,бүгін той

Қуаныш күн біліп қой

Күзгі бақтай сыңғырлап

Алақанды соғып қой

Мұғалім:

Диас

Әр мезгілдің бар ерекше асылы,
Күзге, бірақ, көңілім сәл жасыды
Қалғытпа тек қысы – жазы жырымды,
Жаз- ғұмырдың жүректегі жасыны.

Досжан

 Күз келді,сары күз келді

Тау ызғарлы түз желді

Тыраулатып аспанда

Тырналарын тізді енді

Даулет

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

Нұрсайын

Қызыл қырман басында

Ақ бидайды сапырған

Диқандардың қасында

Күз есепші отырған

Асланбек

Ашылып күз құшағы

Жүрді еріп бізбенен

Жапырақтар ұшады

Жез алқадай жүздеген

Күз: Қазір біз сендермен «Күз белгісі неде?» деген ойын ойнаймыз.Мен күз мезгіліне байланысты сөздер айтамын, сендер аяқтайсыңдар

-Күзде жапырақтар ………….(сарғаяды).

-Күзде күн …………………(суып, жаңбыр жауады).

-Күзде құстар …………….(жылы жаққа ұшып кетеді).

-Күзде жемістер мен көкөністер………….(піседі).

(бәріне Күз өз сыйлықтарын үлестіреді)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныптан тыс шараны өзіндік талдау

Мұғалім: Бекетова Д.А.

Тақырыбы:   «Аялы күз,алтын күз.»

Мақсаты:

Қазақ тілінде өлеңдер мен жұмбақтарды еркін айта білуге тәрбиелеу.

Міндеттері: 1.  Өлі және тірі табиғатпен байланыс, табиғаттың алуан түрлі құбылыстары мен тылысым тірлігін зерделеу.

  1. Табиғатты аялауға, күтуге деген сезімдерін ояту, қоршаған ортаны экологиялық талаптарға сай күтуге дағдыландыру, салауатты өмір салтын сақтай білуге тәрбиелеу.
  2. Табиғатты білуге деген құлшыныстарын арттыру және шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.

(Тәрбие сағаты оқушылардың күз тақырыбындағы тақпақтарынан басталады )

 

Сынып аралық шара  болды. Онда барлық оқушы  қатысты. Тақпақтар оқып, өлең айтып,түрлі ойындар ойнап,көкөністер қойылымында ортаға салды.

Қатысқан барлық оқушылар мен  көрермендер ата-аналар күздің әкелген  сыйлықтарын алды. Тәрбиелік шара  қызықты өтті. Оқушылардың қуанған жүзіне қарап, жақсы өткендерін көздерінен көруге болады.