Оқу-тақырыптық жоспар Учебно-тематическое планирование

Утверждено на педагогическом                                        Рассмотрено на ШЭС

совете школы протокол №1                                              Протокол  №1

от 26 августа 2015 года                                                      от 25 августа 2015года

___________ Ш.Валиева

 

 

 

 

Оқу-тақырыптық жоспар

Учебно-тематическое планирование

 

 

Таңдауы пәні бойынша

Занятие по выбору     _______________________________

 

Cынып

Класс          _________

 

Мұғалім

Учитель       ______________________________________

 

Барлық сағат саны

Количество часов всего      ______

 

аптасына

в неделю         _______

 

 

 

 

ГУ «Рудененский городской отдел образования»

КГУ «Средняя школа №13 акимата города Рудного»

 

 

 

 

 

 

Таңдауы пәні бойынша

«Қызықты математика»

1 «Ә» сыныбы

Бағыты — М

 

 

 

Құрастырушы: Кусманова Г.Ж. бастауыш сынып мұғалімі.

Қолданушы: Алиева Б.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рудный қаласы 2015 оқу жылы

Түсінік  хат

 

6-7 жастағы баланың абстрактілі ойлау деңгейі-дәстүрден тыс және  қызықты тапсырмаларды орындауға қажетті логикалық пайымдаулар құру,  ой қорытуды жүргізе алу біліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар  жүргізуге мүмкіндік береді. Сондықтан бірінші сыныпқа арналған «Қызықты  математика» арнайы курс бағдарламасы осы ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған.

Қоғамның қазіргі даму кезеңінен туындап отырған сұранысқа орай  анықталған мақсаттар мен міндеттер бастауыштың математикалық білімінің  жаңа мазмұнын жасаудың, онымен үйлесімді оқытудың әдіс-тәсілдерін,  құрал-жабдықтарын және ұйымдастыру түрлеріндегі математикалық  сауаттылықты анықтаудың қажеттілігін көрсетеді. Осыған орай бүгінгі күн  талабына сай даярланған, көзі ашық, білім дәрежесі жоғары, жан-жақты  дамыған адамды қалыптастыру үшін сапалы білім беру қажеттілігі туындап  отыр. Бүгінгі күні математиканың қолданылмайтын жері жоқ. Сондықтан әр  оқушыны математикалық сауаттылықтың жоғары деңгейіне жеткізу міндеті  тұр. «Қызықты математика» бағдарламасы арқылы оқушылар тез ойлау, жылдам есептеу дағдылары қалыптасады. Бұған қоса математикалық,  логикалық, танымдық мағлұматтарды меңгереді, ақыл-ойы, ойлау қабілеті  жетілдіріледі.

«Қызықты математика» курсы 1 сыныптағы оқу жүктемесінің көлемі: аптасына 1 сағат, жылына 33 сағат жүктеме берілген.   Бірінші сыныпқа арналған арнайы курс «Қызықты математика»  дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындау үшін қажет пайымдау  жасау, ой қорыту білігін қалаптастыру бойынша жұмысты жалғастырады.  Тапсырмалардың мазмұны бірінші сынып оқушыларына математиканы  оқыту әдістемесін дамытудағы қазіргі тенденцияларды ескере отырып  құралған жаттығулар жүйесіне негізделген.

Балалардың танымдық қабілеттерін дамытып пәнге деген  қызығушылықтарын арттырудың негізгі бір жолы — дидактикалық  материалдар мен қызықты тапсырмалар. Есеп зерделілікке, қиялдауға,  тапқырлыққа, шапшаң есептеу қабілеттерін дамытуға тәрбиелейді.

«Қызықты математика» бағдарламасы арқылы оқушылар қоршаған  ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, моральды, дүниетанымды сезіне  бастайды, сөйлеуге дағдыландыруда оқушының өзіндік ерекшелігі  айқындала түседі. «Қызықты математика» бағдарламасы арқылы оқушылар  тез ойлау, жылдам есептеу дағдылары қалыптасады. Бұған қоса оқып—үйрену барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, ақыл-ойы, сөйлеу дағдылары жетілдіріледі.

Көңілді жаттығулар, викториналар, қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді.  Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуге икемдейді. Өтілетін жұмыстар мен тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, білімдерін жетілдіріп, дамытуға арналған.

«Қызықты математика» арнай курс бағдарламасында келесі  тапсырмалар түрлері енгізілген:

-геометриялық мазмұндағы және кеңістік ұғымын дамытуға арналған  тапсырмалар;

-заңдылықтарды, реттілікті анықтауға арналған тапсырмалар;

-жиынмен байланысты амалдарды орындауға арналған тапсырмалар;

-өзара-бірмәнді сәйкестік;

-математикалық басқатырғыштар;

-логикалық қортындылар;

-лабиринттер;

-көңілді жаттығулар (блиц-әртүрлі тапсырмалар);

-сөзжұмбақтар;

Мақсаты:

 

Оқушының логикалық ойлау қабілеттерін және шапшаң есептеу дағдыларын  жетілдіріп, өздігінен жұмыс жасай алатын жеке тұлға тәрбиелеу.

 

Міндеттері:

— Логикалық тапсырмалар арқылы жеке зейінін дамыту және қалыптастыру;

— Назар аудару ,елестету,есте сақтау, сұрыптау;

— Ойша тұжырымдама жасау.

 

Маңыздылығы:

Оқушыларды есептеу біліктілігі мен дағдыны қалыптастыру үрдісінде өзін- өзі бақылай алуға үйрету, негізгі математикалық тілдік ұғымдармен  таныстыру.

 

Күтілетін нәтиже:

— математикалық түсініктерді меңгереді;

— оқушылардың оқу, математикалық сөйлеу дағдылары ұштаса түседі;

— бір амалмен шығаратын қарапайым есептерді түсініп шығарады;

— өз бетінше есептерді құрастыра біледі;

— дұрыс жазу ережесін меңгереді;

— шығармашылық қабілеттері артады;

— есте сақтау қабілеті артады;

— қиялдау қабілеті кеңейеді.

 

Білім, білік, дағды деңгейіне қойылатын талаптар

Білімі:

— көрсетілген тәсілдерді пайдалана отырып, өрнектердің мәндерін ауызша  есептей алу:

-есеп құрылымын;

— шамаларды;

 

Біліктілігі:

— математикалық білімді күнделікті өмірде қолдана алу;

— өтілген материалдар бойынша оқушылар тарапынан жиі жіберілген  қателерді анықтай алу;

— шапшаң есептей алу.

 

Дағды:

— тез ойлау;

— жылдам есептей алу;

— математикалық ұғымдарды меңгеру;

— шығармашылық және логикалық қабілетін арттыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызықты  математика оқытуға арналған сабақтардың  тақырыптық  жоспары

1-ші сынып

2015-2016 оқу жылы

(Аптасына  1сағат,жылына  33-сағат)

Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі
1  Кіріспе 1  
2 Математика әлеміне саяхат 1  
3 Қызықты фигуралар 1  
4 Құрастыр 1  
5 Сандар әлемі 1  
6  Сандар әлемі 1  
7 Артық. Кем. Тең 1  
8 Сана. Салыстыр 1  
9 Сандар сыр шертеді 1  
10 Сандар сыр шертеді 1  
11 Санамақ айтып үйренейік. 1  
12 Уақыт 1  
13 Тәулік. 1  
14 Апта. 1  
15 Ай. 1  
16 Жыл. 1  
17 Бүтін. Бөліктерге бөлу. 1  
18 Есеп. Есеп шартын құрастыру 1  
19 Есеп. Есеп шартын құрастыру    
20 Қосындыны табуға арналған есептер. 1  
21 Азайғышты табуға арналған есептер. 1  
22 Бірнеше бірлікке азаюға берілген есептер. 1  
23 Белгісіз қосылғышты табуға арналған есептер 1  
24 Жұмбақты есептер 1  
25 Қалдықты табуға берілген есептер 1  
26 Қалдықты табуға берілген есептер 1  
27 Айырманы салыстыру 1  
28 Ой ұшқырлығына берілген есептер. 1  
29 Ой ұшқырлығына берілген есептер. 1  
30 Белгісіз қосынды мен айырманы табуға  арналған есептер. 1  
31 Математикалық жұмбақтар 1  
32 Тест 1  
33 Қорытынды 1  
  Барлығы 33 сағат.

 

                           

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

1..Бастауыш сыныптарға арналған дайындауыш немесе  55  сабақ «Шикула  және К» Шымкент 2007жыл

2..Қызықты грамматика Г.Тайсюганова,З.Рахмет  Алматы кітап 2007

3.Жұмбақ  ұйқастар.Н.Ораз .2007 жыл

4.Қанат  және Қаламқас Н.Мұқатов .

5.1-4 сыныптарға арналған  мақал-мәтелдер. Өнер -2007

6.Ата-баба  мұрасы      «Аруна» баспасы

  1. «Керек кітап» өлеңдер  жинағы  Ө.Ақылбекұлы  «Алматыкітап»