4 сыныптар үшін қазақ тілі пәнінен мектепішілік олимпиада Диктант Иткөйлек

4 сыныптар үшін қазақ тілі пәнінен мектепішілік олимпиада

Диктант

Иткөйлек

Иткөйлек — нәрестеге арнайы тігілген көйлек. Иткөйлекті кіндік шешесі дайындайды. Жұмсақ матадан жағасы ойылып, жеңі мен бойы тұтас пішіліп,тігісін бүкпей тігеді. Иткөйлектің етегі, жеңі мол болады.Тігіп қайырмайды. Өскенде пейілі кең, мінезі жақсы, мырза болсын деген.Ұзақ өмір сүрсін, таршылық көрмесін деп тілеген.                                                                                                                                              Иткөйлекті бала қырқынан шыққанша киеді.Нәресте қырқынан шыққан күні иткөйлекті дәмге толтырып, ит мойнына байлайды. Балалар қуып кетеді. Нәрестенің бойындағы жамандық, ит мінезі қалсын дегені. Енді азамат болды. Жаңа киім киеді деген ой болған. (78 сөз)

 

 

 

Тапсырма:

  • Мәтінде неше құрмалас сөйлем бар?
  • Екінші сөйлемде сөз тіркестерін сызба арқылы көрсет.
  • Сегізінші сөйлемді (Иткөйлекті бала қырқынан шыққанша киеді) құрмалас сөйлемге айналдырып жаз және сөйлем мүшелеріне талда.