«ӘДЕБИ ТАРТУ» байқауы

Жеткеншек МЕҢДІҒАЛИҰЛЫ,

№148 мектеп-гимназиясының мұғалімі

 

 

«ӘДЕБИ ТАРТУ» байқауы

 

Мақсаты: Халық өнерін игеруде-жастарды еңбексүйгіштікке, әсемдікке бағыттап, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, жақсы әдет, дәстүрлерді жалғастыруға баулу. Оқырмандарды ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрпын үйренуге және сыйлап құрметтеуге шақыру; ата дәстүр үрдісін ұстанғысы келетін кез-келген оқырманның күнделікті танымдық қоржынын қомақтандыру,ойөрістерін ұштау; ұлтына жанашыр ұрпақ тәрбиелеу.

1-жүргізуші: 

Ана тілім-сарқылмайтын бұлағым,

Ана тілім-қазынасы мұрамның.

Ана тілім-бостандығым, егемен,

Ана тілім-салт-дәстүрім, жыр-әнім.

2-жүргізуші: 

Әдебиетім-ойымның нық қазығы,

Жауқар жырлар-жүректің жан азығы

Әдебиетім-арманы мол бабамның

Болашаққа қосып кеткен наз,үні!

1-жүргізуші: 

Ассалаумағалейкүм, тереңге тамыр жіберген тарихынан тәлім алған, туған тілдің тұнығының нәрін алғандар!

2-жүргізуші: Армысыздар,бармысыздар, өрлі де асқақ рухты  тәуелсіз елдің  ұлағатты ұстаздары мен жас ұландары!

1-жүргізуші:  

Тіл апталығының  аясында 5-9-сыныптар арасында өткізіліп отырған әдебиет таруына қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: 

Сан ғасырлар бойы кең даланы шарлап, талай қиын — қыстау кезеңнен өткен ана тіліміз күні бүгінге дейін өз құдіретін жоғалтқан емес. Ана тілдің құдіреті шексіз.

2-жүргізуші: 

Сәби жарық дүние есігін іңгәләп ашқан сәттен бастап-ақ, ана тілінің құдіретін ақ жаулықты анасының ақ сүтімен бойына сіңіреді, бесікте жатқан сәтінде аяулы анасының әлдиімен құлақтан кіріп, жүрегінен ана тіліне деген құрмет пайда болады.

1-жүргізуші: 

Ана тілдің іргетасы, міне, осы сәттен бастап қаланады. Еліне, жеріне деген махаббатың бәрі осыдан туады. Сол себептен ана тілден шыққан әрбір рухты сөз жүрекке жылу, бойға қуат береді.

2-жүргізуші: 

Осы ана тіліміздің құдіреттілігі арқылы біз сан ғасырлық болған оқиға мен тарихты, керек десеңіз тәрбиені әдебиет деген ерекше әлем арқылы  біліп, ұрпақтан ұрпаққа туған тіліміз арқылы мұра болып келеді.

1-жүргізуші: 

Ал,әдебиет — адамды адам,нағыз азамат ететін, оны рухани шыңдайтын, жанына жолдас болатын ерекше ғылым және ғажайып өнер. Әдебиетті ұлағатты адамдар «адамтану» құралы десе, әдебиет пәнін «адам тәрбиелеу құралы» деуге болады.

2-жүргізуші: 

Ол жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржанының қырсырын үйренуден жай білім ғана беріп қоймайды, ең бастысы, өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы – адалдық, ізгілік, қайырымдылық, мейірімділік, әдептілік, кішіпейілділік, сыпайылық сияқты асыл қасиеттерді бойына сіңіреді.

1-жүргізуші: 

Әдебиет – барлық білім мен өнердің, барлық пәндердің атасы. Ой,ойлау, ойланту барлық пәндерге де керек. Ал, ойсыз өмір сүру мүмкін емес нәрсе.

 

2-жүргізуші: 

Ана тілім-аруақты айбаттым,

Қадіріңнен айналайын қайраттым

Сенің мерей,беделіңді көтерем,

Әніңді де әуелеттің,сайраттың.

 

1-жүргізуші: 

Әр кез әнмен басталған-ды ұлы той

Ән дегенің әдебиеттің жыры ғой

Әсем әнмен сана сергіп демалсын

Музыка ол-құдіреттің бірі ғой.

2-жүргізуші: 

Ортада –Мағжан! «Батырлар ұраны!» әні. Қабыл алыңыздар!

 

 1-жүргізуші: 

Бүгінде адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі әдебиет  пен мідениет, өнер мен ғылым тоғысқан  – білім қазынасы. Алғашында ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша түрде таралып, ауызша әдебиет болып  жетті.

2-жүргізуші: 

Тіпті арғы бабаларымыздың қанында бар қаһармандық ескерткіш болып тасқа қашалды.  Тіл деген құдіреттің арқасында талай ғасыр қорғандарын бұзып шығып қайта жаңғырды.

1-жүргізуші: 

Өңделді, хатқа түсті.Жазба әдебиеттің жарқын кезеңінде де түпкі тамырдан тыныс алып жатты. Әдебиет- баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.Одан әр бір қазақ баласы үлгі алуға тиіс.

2-жүргізуші: 

Тарихпенен тоңыстырған іргесін,

Әдебиеттің бастаудамыз жыр көшін

Әдебиетті ұлықтауың-парызың

Ал білмеуің, бізге сын!

1-жүргізуші: 

Ортада 7-сынып оқушылары Арнұр,Шұғыла және Оспан Әліби.

1-жүргізуші: 

Абайым — адамзаттың ғұламасы,

Атасы алты алаш, қыр анасы.

Бабамды барлық халық танығанда,

Қалайша шабыттанбай тұра аласың!?

2-жүргізуші: 

Атамыз, ұрпағың айтқанынды ұмытпайды,

Жыл сайын еске алып, ұлықтайды.

Өлеңіңді мәнерлеп жаттап алып

Жүрегінің түбінде мәңгі сақтайды!!!

1-жүргізуші: 

Ортада 8-сынып оқушылары:Анель, Ақпейіл,Тоқжан,Ерке Бекзат.

2-жүргізуші: 

Білуге тарихымды талаптандым,

Ақтардым өткен күннің парақтарын

Абайға шәкірт болған Шәкәрімнің

Оқимын өлеңдерін  санап бәрін

1-жүргізуші: 

Зайфун назерке мен Аружан бірге

 

1-жүргізуші: 

Дархан халықпыз, дәріптей алар ақынын,
Азаттық үні ер Махамбет батырым.
Еркіндік теңдік керек деп қозғай білді ғой
Ер көңілінің тұнығындағы асылын.

2-жүргізуші: 

Оттай қызулы, серпіні селдей жырлары,
Ақ жүректерге толқу салды тынбады.
Әлдилеген арманы болған азаттық,
Пір тұтамыз Махамбеттей тұлғаны.

1-жүргізуші: 

Маржан Ержанова,Райымбек Арнұр

 

(Карина,Ерасыл)

1-жүргізуші: 

Тынымсыз тау өзені күркілдеді,

Шабыстан тұлпар ақын іркілмеді.

Қазақтың ұлан-қайыр кең даласы,

Өлеңнің сабасы боп күрпілдеді.

2-жүргізуші: 

Сөздердің не сиқырлы сырын ашты,

Қопарып астан-кестен дүние астын.

Балқаштың бар толқыны жиылып кеп,

Бойында тулап жатыр Ілиястың.

1-жүргізуші: 

(Самарқан Әсемгүл)

 

1-жүргізуші: 

«Мағжан! Мағжан!.. Ерек есiм киелi

Ұмытпайды, халқың сенi сүйедi.

Күннен туған пайғамбары өлеңнiң

Алты алашың өзiңе бас иедi.

2-жүргізуші: 

(Байназар Аружан)

 

1-жүргізуші: 

Мұқан ата-алып бейне, тарланым,

Алатауым айбыны зор ардағым.

Поэзия құдіретін танытып,

Ақ бозымен көк аспанға самғадың.

 

2-жүргізуші: 

Мұқағали, мөлдір таза бұлағым,

Ашып берген поэзия әлемін.

Мейірімнің нұрын шашқан жүрекке,

Көкке өрлеп қанат қаққан сұңқарым

 

Қуаныш Аяулым,Жанель, С.Аяулым,Нұрлан,Мирас

 

 

1-жүргізуші: 

Қазақ тілінің байлығы – қазақ халқының, қазақ ұлтының байлығы. Осы байлықты бағалай білуіміз керек. Сонда ғана біздің Қазақстан кез келген жұртпен иық теңестіре алатын іргелі ел бола алады.

 

2-жүргізуші: 

«Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген Ахмет Байтұрсынов данамыздың сөзі де ұлттық рухани мұрамыз, әдебиетіміз бен мәдениетімізді және оны жеткізушіана тілімізді қадірлеуге, қастерлеуге шақырады.

1-жүргізуші: 

«Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады.» деп қазақ тың ұлы классигі М.Әуезов айтқандай әдебиетті сүю парыз!

 

1-жүргізуші: Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, аналық жүрегімен, ұрпақтарын игілікке, салауаттылыққа, адамгершілікке, үлкен білім жолына тәрбиелеп, ұзақ жылдар бойы қызығы мен қиындығы мол, ұстаздық жолында шәкірттерін жақсы істерге жетелеген, өз ісінің адал иегері бола білген Ұстаздардың ұстазы ҚР Білім беру Ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин атындағы төс белгісінің иегері, №148 мектеп-гимназиямыздың директоры Алиакбарова Фатима Маметқалиқызына береміз!

Қазақстан Республикасы Білім беру Ісінің үздігі, «Жыл мұғалімі-2008» республикалық байқауының жүлдегері, бүгінде  директордың  оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Карменова Аида Нұрсанқызына сөз кезегін береміз.

Қазақ тілі – дамыған, жетілген, бай, икемді тілдің бірі. Бұл пікіріміздің растығын кезінде кемеңгер Абай дәлелдеген болатын. Ол Пушкин, Лермонтов, Крыловтардың шығармаларын аударып бір дәлелдесе, солардай етіп, сөздің майын тамыза жазу арқылы екінші рет дәлелдеді.

1-жүргізуші: 

«Тіл ақылдың өлшемі» деп халқымыз бекер айтпаған. Олай болса, тіл мәдениетіне жастарды тәрбиелеу көркем — әдеби шығармаларын көптеп оқумен байланысты дей отырып, бүгінгі шағын кешімізді      әнге береміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Себебі көркем — әдеби туындыларды аз оқитын оқушылардың сөздік қоры аз, осыған орай, олардың дүние танымы да, сөйлеу мәдениеттілігі мен өз ойын логикалық баяндауы да төмен екендігі байқалады. Өйткені ақылдың көзі ойда. Логикалық жүйемен дұрыс ойлай білу тіл мәдениетін қалыптастырады. Дұрыс ойланып сөйлеген адамдар өз ойын толық жеткізе алады және өзін басқаларға тыңдатады да, өзі басқаның ойын тыңдай біледі. Елбасымыз Н. Ә Назарбаев «Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде» деген сөзі түсінген адамға көп мағына жатыр. Тілдің көмегімен өнер – білімді, ғылымды игереміз, өткен – кеткенімізді саралап, сабақ аламыз. Біз өз тілімізді құрметтей отырып, дініміз бен салт дәстүрімізге, тарихымызға көптеп үңілетін болсақ және оны өзіміз танып қана қоймай, сол асыл қазынамызды әлемге танытсақ келешек ұрпақ үшін көп жұмыс атқарған болып саналамыз [3]. Өйткені өз тілін, дінін, тарихын жақсы білмеген адам басқа тілдің қадірін білу мүмкін емес.

. Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса, адам баласының шаруашылыққа байланысты күнкөрісінен туған дүниелері материалдық мәдениетті құрайды. Қазақтың дәстүрлі мәдениеті, құдайға шүкір, ешкімнен кем емес. Мысалы, эпос жанрын алайық. Айтатынымыз да, мақтан ететініміз де – осы эпостарымыз. Кең қарымды, кең құлашты, қазіргіше айтқанда – поэмаларымыз. Әлемде эпос тудырған халықтар саусақпен санарлық. Батысымызда байырғы гректер «Иллиада» мен «Одессеяны» тудырса, Шығысымызда үнділер «Махабхарата» мен «Рамаянаны» тудырған, одан кейін Шығыс Европада «Үлкен Этта», «Кіші Этта», «Каллевала» сияқты құранды эпостар туған. Эпостық жырлары бар елдер осылар ғана. Мүйізі қарағайдай «ұлы орыс» халқының «Игорь жорығы туралы жыры» бар болғаны 8-ақ бет болса, мен қарасөзге айналдырған «Алпамыс батыр» эпосы 800 бетті құрады [1]. Мінеки, эпос деген осы. Эпостардың туу себебіне қатысты үлкен-үлкен өте жақсы ғылыми зерттеу еңбектер жазылған. Эпос – соны тудырған елдің этникалық қарымының нәтижесі. Демек, Евразияның ұлы даласындағы бабаларымыздың сөз өнерінің асқақ биігін туындатқанын байқаймыз. Тіпті, Европа әдебиетінің тарихына қарасаңыз, бірінші ауыз әдебиеті, содан кейін жазба әдебиеті дейді. Ал, бізде ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің арасында бес ғасыр жыраулар поэзиясы жатыр. Аталған бес ғасыр поэзиясы — тәңір тектес асқақ, сөз өнеріміздің ұлы құдіретті сипаты. Екінші, дәстүрлі мәдениетімізді, яғни қолөнеріміз жайлы ауыз толтырып айта аламыз

Тәуелсіз Қазақстанның тірегі мықты болуы үшін ең алдымен ұрпақ тағдырын ойлау керек. Осы орайда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» деген қанатты сөзі еріксіз ойға оралады. Бала тәрбиесіне, оның білім алуына салғырт қарау — баланың тағдырына ғана емес, қоғамымыздың өркендеуіне жауапсыздықпен қарау деген сөз.

Абай

Мұқағали

Ілияс

Мағжан

Махамбет

Қыз Жібек

Бейімбет

 

Нағыз ақын да, жазушы да — өзінің шығармашылық ерік еркіндігін алдымен ұлтына арнайды, содан бастау алады. Ол оған қол жеткізген кезде, оның шығармалары ұлттық игілікке үлес болып қосылады да, содан соң барып ол әлемдік, жалпыадамзаттық қүндылыққа айналады.

Өмір бар жерде поэзия бар. Ендеше, нағыз ақынның өмірлік өлмес өлең тудыруының (жазуының емес) сыры — кемел адамша ғұмыр кеше білуінде.

* * *

Өзінің уақытқа, қоғамға, ұлтқа және мемлекетке керектігін сезініп, сосын  олардан алып, оларға берері барлығын білген Ақын бақытты. Оның күрескерлігі де сонда.

 

 

Ұлы Абай қазақ халқының руханияты мен мәдениетінің символы болып табылады. Оның ілімі халықтың рухани жаңғыруымен тығыз бай­ла­нысты, ал даналығы қа­зір­гі заманмен үндес.

Абай мұрасы – түркі мәде­ниетінің бір бөлігі. Өзбек ғалы­мы Абдулла Рустамов Абай­ды «адам жанының емші­сі» деп атаған болатын. Ол пайым­дағандай, Абай шығар­малары ғасырлар сүзбесінен өткеннен кейін де өзінің өзектілігі мен маңыздылығын жойған жоқ.

 

.

Басқа жұрт өз өнерпаздарымен мақтанса, қазақ әдебиетi де бiр кезде суретшiлiк жөнiнен Мағжанмен мақтануында сөз жоқ. Жүсiпбек Аймауытов

 

.

Ана тілсіз өмір сүру, тіпті мұны елестетудің өзі қорқынышты. Тілдің өлуі ұлыстың жоғалуына әкеліп соқпақ. Қазағымыздың дара тұлғасы М.Әуезов атамыз «Ұлттың тілі сол ұлттың жаны» деген ұлағатты сөзі ана тілінің құдіреттілігін одан әрі айқындай түспек. Сондықтан, Қазақстанның көкірегі ояу, көзі ашық, жалындап тұрған жастары тілімізді шұбарлауға, таптатпауға ешқашан жол бермейік! Кең даланың құнарлы топырағын басып, таза, мөлдір ауасымен тыныстап, әсем табиғатынан нәр алып жүргендіктен бұл біздің «Мәңгілік ел» алдындағы ең үлкен парызымыз болуы керек екенін естен шығармайық. Менің болашақтағы арманым қара қылды қақ жарар, әділетті журналист болу. Ахмет Байтұрсынов айтқандай «Газет халықтың көзі, құлағы һәм жүрегі» арқылы өзімнің туған жер, елімде болып жатқан жаңалықтарды кеңінен таза әрі шырайлы қазақ тілі арқылы оқырмандарға жеткізу. Ана тілімнің қасиеті мен қадірін сезіну. Әрбір атқан таңды асыға қарсы алып, сүйікті мамандығымның майталманы болуға асығу. Журналистика саласының білікті маманы болу бұл менің алға қойған мақсатым. Ана тіліміздің құдіретін мәңгілікке көк аспанда самғатайық

 

 

 

 

 

1456-1473 ж.ж. – Керей хан. Болат сұлтанның баласы. 1473-1480 ж.ж. – Жәнібек хан Барақ ханның баласы. 1480-1511 ж.ж. – Бұрындық хан қазақтарды басқарды. Керей ханның баласы. 1511-1518 ж.ж. – Қасым хан билігі. Әз Жәнібектің ұлы. 1518-1523 ж.ж. – Қасымның баласы Мамаш хан болды. 1523-1532 ж.ж. – Қасымның немере інісі Тақыр хан болды. 1533-1534 ж.ж. – Бұйдаш хан Тақыр ханның інісі. 1534-1535 ж.ж. – Қожа Мақмұт хан болды. 1535-1537 ж.ж. – хан атағы болған сұлтандар: Тоғым хан, Ахмет хан, Хақназар, НаурызАхмет хан. 1538-1580 ж.ж. – Хақназар Қазақ хандығының ханы болды, Қасымның баласы. 1580-1582 ж.ж. – Жәнібектің КОНФЕРЕНЦИЯ КЕЊІНЕН ТАЛЌЫЛАНДЫ Үстіміздегі 2015 жыл елімізде тарихи атаулар мен мерейтойларға толы. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Қазақстан Халқы Ассамблеясына 20 жыл сияқты мерейтойлар еліміздің елдігін білдіріп, тарихымызды түгендеп, қоғамымызды жұмылдырары анық. ТОЃЫМ ХАН Тоғым хан —қазақ ханы. Туған жылы белгісіз, 1537 жылы 27 шілдеде болған ұрыста қаза тапқан. Тоғым хан — әзЖәнібектің немересі, Жәдік Сұлтанның ұлы. Тоғым хан Қазақ ордасындағы берекесі кете бастаған билікті қалпына келтіруге күш салады. Жанжақтан анталаған көршілерімен қорғаныс соғыстарын жүргізе отырып, елінің әскери қуатын арттыруға ұмтылады. сы. Қадырғали Жалайыр Тоғым ханның ұлдарын тоғыз сары деп атайтын деп жазады. Аталған қазақ тарихшысынан басқа ешбір ортағасырлық автордың еңбектерінде Тоғым хан туралы айтылмайды. «Мәлік ұлы Башибек сұлтанмен, тоғыз сары ұлдарымен Жағат уалаяты маңында шаһид болды. Отыз жеті сұлтан мәліммәшһүр еді», – деп баяндайды Қадырғали Қасымұлы. Өкінішке орай, аталған деректе Тоғым ханның 37 сұлтанмен бірге қаза болған ұрысының уақыты, кіммен ұрысы, жеңімпаздық есімі айтылмайды. Сол себепті де бұл мәлімет әлі күнге дейін зерттеушілер арасында талас тудырып отыр. Олардың пікірінше, Жағат – шағатай сөзінің қысқартылған түрі, жағат-белгілі бір жердің атауы; жағат — сібірдегі көшпелі халықтың аты. Сондай-ақ, Тоғым ханның кіммен шайқасқандығы және оның қашан болғандығы жөнінде де әртүрлі пікірлер бар. Көпшілік ойлар негізінен, шайқасты 1537 жылы қазақ-моғол қатынасында, Тоғым хан мен Рашид хан арасында болған деп болжайды. 1997 жылы шыққан 5 томдық Қазақстан тарихының ІІ томында бұл жөнінде: «… Бұл шайқас, қазақтар жеңіліс тапқан Тоғым ханның ұрыстарының бірі, бірақ ол 1537 жылғы қазақ-моғол қатынасына қатысы жоқ», – деп түсіндіріледі. Тарихшылардың айтуынша, Тоғым хан қаза тапқан Жағат уәлаяты – Амударияның төменгі ағысы бойындағы осы аттас қамал және қамал төңірегіндегі өңірлер болуы мүмкін. Мұнда XVI ғасыр басында шайбанилық әулеттің бір тармағының өкілдері билік басына келеді. XVІІ ғасырдағы Әбілғазы хан — осы әулеттің көрнекті өкілдерінің бірі. Жалпы, Хорезм билеушілері мен Дешті Қыпшақ билеушілері арасындағы саяси қарым-қатынастардың басты себебіне – Сырдың төменгі ағысы бойына иелік ету жатқаны белгілі. Мысал ретінде, ХІІІ ғасыр басындағы Мұхаммед Хорезмшах пен Қыпшақ хандары арасындағы қарым-қатынасты, XV ғасырдың 30-шы жылдары Әбілқайыр ханның Хорезмге жорығын айтуымызға болады. XVI ғасырдың 20-30-шы жылдары да бұл қатынас үзілмеген. Сондай бір күрестің бірінде Тоғым хан Хорезм жақтағы Жағат уалаятында 37 қазақ сұлтанымен бірге қаза тапқан дейді. Жоғарыда атап өткеніміздей, Қазақ хандығы үшін XVI ғасырдың 20-30-шы жылдары «уақытша әлсіреу» кезеңі болып саналады. Бұл кезеңнің тағы бір белгісіне – саяси бытыраңқылық жатса керек. Өйткені осы тұста Қазақ хандығында бірнеше хан бір мезгілде, бірнеше аймақта билік етеді. Оңтүстік-Шығыс бөлікте – алдымен Тақыр, одан кейін Бұйдаш хандар билікте болып, негізінен моғолдармен, қалмақтармен қарым-қатынаста болса, батыс бөлікте – Ахмет хан ноғай тайпаларымен күрес жүргізеді. Ал оңтүстік бөлікте Тоғым хан билеуші боп, негізінен Мауреннахрдағы және Хорезмдегі шайбанилар әулеттерімен қатынастар жасайды. «Уақытша әлсіреу» кезеңіндегі саяси бытыраңқылықта бір мезгілде Қазақстанның үш өңірінде үш билеуші билік етеді. Бұл XVІІ ғасырдағы үш жүздің пайда болуына негіз болады. Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ. немере інісі 80 жастағы Шығай таққа отырды. 1582-1598 ж.ж. – Шығай қайтыс болып, орнына баласы Тәуекел отырды. 1598-1628 ж.ж. – Есім хан билігі. Шығайдың баласы, Тәуекел ханның інісі. 1613-1627 ж.ж. – Тұрсын хан билігі. 1628-1652 ж.ж. – Жәңгір хан болды. Есім ханның баласы. 1680-1715 ж.ж. – Әз-Тәуке хан билігі. Салқам Жәңгірдің баласы. 1718-1726 ж.ж. – Батырдың билігі. 1726-1730 ж.ж. – Болат хан билігі. Болат-Тәуке ханның бел баласы. 1720-1740 ж.ж. – Ұлы жүзді Жолбарыс хан басқарды. 1718-1748ж.ж. – Әбілхайыр Кіші жүзге хан болды. 1748-1786 ж.ж. – Нұралы Кіші жүзге хан болды. 1791-1794 ж.ж. – Ералы Кіші жүзге хан болды. 1795-1797 ж.ж.– Есім Кіші жүзге хан болды. 1797-1805 ж.ж. – Айшуақ Кіші жүзге хан болды. 1805-1824 ж.ж. – Шерғазы Кіші жүзге соңғы хан болды. 1716-1719 ж.ж. – Орта жүз ханы Қайып хан билігі. 1719-1734 ж.ж. – Орта жүз ханы Сәмеке хан билігі. 1734-1771 ж.ж.– Орта жүз ханы Әбілмәмбет билігі. 1771-1781 ж.ж. – Орта жүз ханы Абылай билігі. 1781-1819 ж.ж. – Орта жүз соңғы ханы Уәли билігі. 1815-1817 ж.ж. – Орта жүз соңғы ханы Бөкей билігі. 1841-1847 ж.ж. – Кенесары қазақтың соңғы ханы. Кенесары – Абылай ханның немерес Қасым төренің баласы.