МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҮРДІСТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ

ҮРДІСТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Жарқынбекова Анар Серікбайқызы – 103-17 тобынының 2 курс студенті

Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., доцент м.а. Бахрамова Г.А.

 

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университеті

«Психология» кафедрасы

 

Мектепке дейінгі жаста бала біршама тұрақты жан дүниесіне ие болады, ал мұның өзі әлі де болса, толық қалыптаса қоймаған, бұдан әрі де дамып жетілуге қабілеті бар, жеке адам деп санауға бастапқы негіз болады.

Мектеп жасына дейінгі баланың даму шарттары алда өткен жас кезеңі шарттарынан айтарлықтай өзгеше. Оған үлкендер тарапынан қойылатын талаптар да едәуір арта түседі. Қоғамдағы жалпыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелерін, қоғамдық мораль нормаларын сақтау — өзекті талапқа айналады.

Қоршаған дүниені танудың өскелең мүмкіндіктері баланың ынтасын өзіне жақын адамдардың тор шеңберімен шығарып, іс-әрекетті өзара қарым-қатынас формалары мен байсалды түрлерін (оқу, еңбек) үлкендер арасында болатын алғаш игере бастауға жеткізеді. Бала өз құрдастарымен бірлескен іс-әрекетке кіріседі, өз іс-әрекеттерін олармен келісуді жолдастарының ықылас, пікірлерімен санасуды үйренеді. Мектепке дейінгі бүкіл балалық шақ бойына балалар іс-әрекетінде қабылдау, ойлау, есте сақтау және басқа психикалық процестерде ғана емес, сонымен бірге өз мінез-құлқын ұйымдастыра білуге де жоғары талаптар қоятын өзгерістер мен бетбұрыстар орын алады.

3-тен 6 жасқа дейінгі аралықты мектепке дейінгі кезең деп есептейді. Бұл кезде бала алғышқы кезеңмен салыстырғанда тез өсіп, салмағы тез артады. Жоғары жүйке жүйесінің дамуы да жоғарылайды, бойының өсуінде де өзгерістер байқалады. Мысалы, 5 жасында 6-7 см-ге артса, 6 жаста 7-8 см өссе, 7 жасында 10см өседі. Баланың кеуде клеткасының өсуіне байланысты аяғы мен дене пропорциясы өзгереді. Бұлшық еттері дамиды, денесі кішкене кезеңмен салыстырғанда сымбатты бола бастайды. Қимыл қозғалысының дамуы бұлшық етінің дамуына үлкен әсерін тигізеді. Сонымен қатар қанайналым жүйесінің жұмысында да өзгерістер байқалады. Жүрегінің көлемі 4 жас пен 1 жасты салыстырғанда 4-5 есе артады. Сәбилік кезеңмен салыстырғанда қан тамырларының соғуы да жиілейді. 5-6 жаста қан тамырларының соғуы төмендейді, бірақ ересек адаммен салыстырғанда баланың қан тамырының соғуы жиі болады. 7 жасқа келгенде бас миы салмағы артады, яғни 3 жаста 1200 грамм болса, 7 жаста 1250 грамм болады. 3 жасқа дейін баланың екінші сигналдық системасының дамуы психикасының дамуына өзіндік сепігін тигізеді. Өйткені бала құрбы-құрдастарымен, айналасындағы үлкен адамдармен жиі-жиі тілдік қарым-қатынаста болады, бұның өзі баланың логикалық ойлауына ерік сапасы мен есінің, қабылдауы мен қиялының, зейінінің дамуына әсер етеді. Соның нәтижесінде баланың алдыңғы кезеңдермен салытырғанда қоршаған ортамен қарым-қатынасы артып, жас кезеңіне тән өзіндік ерекшелігі қалыптасады.

3 жастан кейінгі кезең сәбилік кезеңнен мектепке дейінгі өту кезеңі деп есептеледі. Осы кезде бала заттармен өз бетінше әрекет етуге талпынады, бірақ әлі де болса үлкендер тарапынан қамқорлық күтеді. Сөйлеуі дұрыс дамып жетілуіне байланысты, сөзі анық емес, түсініксіз болады.

3 жастан жоғары қарай сөздік қоры дамып, өзінің ана тіліндегі барлық сөздерді меңгеріп, түсінеді, тілдік қарым-қатынасы жоғары сатыға көтеріледі. Ойлауы көрнекі амалдық, бейнелік болып, кейбір мәселені өздігінен шешіп ой қорытындысын шығара алады. Баланың санасының мазмұны күрделеніп, 3 жастың соңына қарай мазмұндық рөлдік ойындар ойнайды.

4 жасқа келгенде денесінің бұлшық етінің күші артып, ептілігі, икемділігі, қозғалысқа икемділігі байқалады. Доптың немесе басқа бір заттарды нысанаға лақтырып қағып алуды үйренеді, бірақ көргені мен естігенін ұзақ есінде сақтап, өз мағынасында тез жаңғыртып бере алмайды. Рөлдік ойындарын да күнделікті көріп жүргендерін ғана бейнелейді.

5 жасқа келгенде қимыл-қозғалысының нақты дамуына байланысты, жүру,жүгіру, секіру, қабырғадан өрмелеу, еңбектеу, шаңғы, шана, велосипед тебуді үйренеді. Үлкендермен еркін қарым-қатынас жасауына байланысты баланың граммматикалық сөздік өоры молайып, тәрбиешінің айтқан сөздерін жақсы түсініп, оған өзінің түсінігі бойынша жауап береді. Осы кезде тәрбиешінің тапсырмасын және қарапайым еңьек әрекеттерін де орындайды. Үлкендердің басшылығымен көптеген әдет-дағдыларды меңгеру де бала психикасының дамуына көп ықпалын тигізеді. Ертегі дәне әңгімедегі кейіпкерлерге өзінше баға беріп, талдау жасайды, соның нәтидесінде қиял, ойлау, есте сақтауының дамығандығын байқаймыз. Бала ұжыммен бірігіп, ойнап, еңбек әрекеттерінің нәтижесінде өзінің жасаған жұмысына эмоциялық баға беріп, эстетикалық талғамы артады.Бала 6 жасқа келгенде ерекше қарқынмен дамып, дене бітімі күрделенеді,Барлық органдарының жұмыс істеу қабілеті артады, оқу әрекетін орындағанда да, қағаз-қарындашпен де еркін әрекет ете алатын болады. 6 жасқа келгенде сөздің тура және жанама мағынасын түсінеді. Бұл жаста ойынның мазмұны күрделеніп, өмірдегі барлық шындықты бейнелеуді көздейді.

Мектепке дейінгі балалардың жүйке жүйесінің дамуы және оның қызметі

Баладың жүйке жүйесінің күшті немесе әлсіздігін өмірдегі мынадай көрсеткіштер дәлелдейді. Оның ұйысының тыныш болуы, тез ұйықтауы немесе тыныш ұйықтай алмауы, қатты ұйықтауы сол сияқты жүйке жүйесі күшінің жылдам немесе жай қалпына келмеуінен де байқалады. Бала ашыққан кезде өзін қалай ұстайды, оны уақытымен тамақтандырып отырмаса айқайлап жылап немесе көңілсіз, әлде тыныш бола ма соған да байланысты, яғни сыртқы ортаның әсер еткен әр түрлі тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі тепе-теңдігі, бір қалыптылығымен де жауап қайтарады. Жүйке жүйесінің күнделікті өмірдегі негізгі көрсеткіштері ұстамдылық, тұрақтылық, тыныштық, көңіл-күй қалпының өзгеруімен жіне бірден жарқырап қуанып, жабырқап, қайғыруынан байқалады. Сөзі мен қимыл-қозғалысының біркелкі болмауы да осыған мысал бола алады. Жүйке жүйесінің қозғыштығының көрсеткішіне өзін қоршаған ортаға жаңаны тез қабылдап, бағдарлай алуы,өмірдегі өзгерістерге тез бейімделуі, естеліктер мен дағдыларды тез игеруі көпшілік ортада өзін еркін ұстап, жаңа ортаға тез бейімделуі, жан-жақты қабілеттілік әрекетінің бір түрден екінші түрге тез ауысуы, еске тез сақтап, қайта жаңғырта алуы, шапшаң қимылдап тез сөйлеу, сезгітікті пайда болуы мен көрінуі де жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Жүйке жүйесінің әсерлегіштігі сырттан әсер ететін тітіркендіргіштерге жауап беру қабілеттілігінен де көрінеді. Кейбір балаларды ашуланшақ, күгелек, шыдамсыз десек, енді біреулердің қуанғаны да, ренжуі де түсініксіз дейді, Енді біреулерді икемді, етпі десек, оған қарама- қарсы ебедейсіз, олақ, бейімділігі жоқ та балалар бар. Бұл қасиет баланың сыртқы әрекеттердің әсеріне оңай бейімделе алмауынан, көп күш жұмсауынан көрінеді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың темперамент типінің ерекшелігінің мәні

Темпераменттің табиғи қарапайым көріністері балалық шақта жақсы байқалады. Бала өскен сайын оның сыртқы ортамен қарым-қатынасы күрделене түседі де, оның айналасындағы үлкендерден алатын әсері де мол болады. Соған байланысты темпераменттің өзгеріске түсетін ерекшкліктері бүркемеленеді. Темперамент баланың жеке басының реакциясынң негізгі түрі болып келетін қасиет. Балалық шақта сол таза күйінде де кездеседі. Бірте-бірте өмір сүру барысында саналық өзгеріске түсіп отырады. Даму барысында темпераменттің бір белгісінің әлсіреп, екіншісінің күшеюі салдарынан мінез-құлықтың кейбір жақтарының өзгеріске ұшырап отыруы да ықтимал. Даму барысында туындайтын осындай сапалы өзгерістердің осы күрделі үрдісінің бәрі сайып келгенде тұрмыс-салтына әрекеттері мен тәрбиесіне тәуелді. Өйткені өмір жағдайлары темпераментке материалдық негіз болып табылатын жүйке жүйкесі қызметінің өзгешеліктеріне ықпал жасайды. Мысалы бір жағдай психикалық үрдістердің әсерлілігі мен эмоциялық қозуына ағысы мен күшінің дамуына жағдай туғызуы, ал басқа жағдайлыр керісінше психикалық даму қарқынын баяулатып, оның белсенділігін басып, тежеуі мүмкін.

И.П.Павлов шартты рефлекстер әдісі арқылы жоғарғы жүйке қызметінің және жүйке жүйесінің, негізгі қозу және тежелудің заңдылықтарын ашты. Жүйке жүйесінің негізгі күші тепе-теңдік қозғалғыштығы бойынша төрт тип те жиі ұшырасады. Бұлардың үшеуін күшті тип, біреуін әлсіз тип деп атайды. Мысалы күшті типтің біріншісі ұстамсыз тип. Олардың жұмыс істеу қабілеті күшті, қозу тежелу үрдістері бір-бірімен сәйкес келмейді. Қозу типі басым келіп отыратын ерекше қозғалыстағы тип күшті типтің екіншісі ширақ тип. Мұның қозу мен тежелу үрдістері бір-біріне тең келіп тез алмасып отырады. Күшті типтің үшіншісі қозу мен тежелу үрдістері баяу көрініп отырады. Ұстамсыз тип -холерик, сангвениктерде ширақ тип, қозу мен тежелуі тең, қозғалысы баяу – флегматик, жүйке жүйесі әлсіз тип – меланхолик деп анықталған. Бір топтағы немесе сыныптағы балалардың ішінде әртүрлі темперамент типтерінің өкілдері кездеседі. Кеңес психология ғылымының профессоры Вольф Соломонович Мерлин темпераменттің көрінуі түралы сапалы психологиялық қорытынды таблица жасады.

Сангвиник Күшті қозғалғыш тепе-теңдік тип. Реакция туғызу қабілеті жоғары. Кейде әлсіз нәрсеге де, қатты мардымсыз бір нәрсеге де ашуланып қалады. Оның мимикасы қимыл қозғалысы белсенді. Өмір жағдайының өзгеруіне тез бейімделгіш. Өзінің көңілі ауған іс-әрекетіне барлық ынтасымен кіріседі. Іс-әрекеттің бір түрінен екінші түріне тез ауысып, бейімделіп кетеді. Оның бет бейнесінен көңіл-күйі, адамға деген ықылас-сезіміанық көрініп тұрады. Өзінің зейіні тез шоғырланады.Ұшқыр ойлы, өткір тілді, бірақ әлі де түйсінуі өте сезгіш. Жоғарғы табалдырығы төмен жарық тітіркендіргіштер мен дыбысты жақсы ажырата алмайды. Белсенді, күшті, қайратты, батыл, үнемі мен айтамын деп қолын жиі көтеріп отырады. Ол тірбиеге тез үйренеді. Өзінің сезгіш ерік күші жақсы дамыған, өзін көпшілік ортада жақсы ұстайды. Жылдам қимылдайтын, тез сөйлейтін, жаңаны тез қабылдағыш, зейінді, айналасындағылармен тез тіл табысып кететін, көпшілік ортада да өзін еркін көңілді ұстайтын тип.

Холерик Бұл күшті тип. Кез келген ісе барлық күш жігерімен кіріседі. Белсенді бірақ реакция туғызу қабілеті белсенділігіне қарағанда басымырақ. Сондықтан да бетімен кеткен ұстамсыз, шыдамсыз, күйгелек, сангвенник сияқты тез икемделгіш емес.

Флегматик Күшті, тепе-теңдігі бір қалыпты, тыныш тип. Эмоциялық қозу бір қалыпты, жайбарақат, оның жарқырып қуануы да, қайғыруы да қиын. Бүкіл тотағы балалар бір затқа қатты күліп жатса, ол өзінің сабырлы қалпын сақтап қала береді. Тіпті үлкен қолайсыздық пен сәтсіздікке жолықса да өзін байсалды ұстайды. Эмоциялық күйі бет бейнесінен байқалмайды. Қимыл-қозғалысы, сөйлеген сөзі бірқалыпты, қайрат-жігері күшті, жұмысқа қабілеттілігімен ерекшеленеді. Реакция туғызғаннан белсенділігі басымырақ, шыдамды, өзін – өзі ұстай білуімен ерекшеленеді. Тапқырлығы, зеректігі жоғары, зейінін жылдам шоғырландыра алмайды. Икемсіз әрекеттің жаңа түріне үйрену жаңа ортаға бейімделіп күтуі қиын жүзеге асады. Тез тіл табысып кете алмайды. Өз пікірін сыртқа шығарып айтуға да қиналады.

Мелонхолик Әлсіз тип, өте сезімталдығы жоғары, тез жараланғыш, оларды әлсіз тітіркендіргіштер мазалайды. Сондықтан да сәл ұсақ түйектің барлығына қатты мұңаяды немесе ашуланады. Бұлар болмашы нәрсеге көзіне жас алып, жылай алады. Мимикасы, қимыл-қозғалысы мәнерсіз болады, сөйлегнде дауысы естілмейді, жай жылайжы, сирек күледі. Белсенділігі төмен сабақта қолын ирек көтереді. Оның өзінде бір көтеріп, бір түсіріп, өзін-өзі күмәнданып отырады. Қорқақ, жалтақ, ерік күші әлсіз, табансыз жұмсақ қабілетсіз, тез шаршайды. Зейіні ырықсыз, тез ауытқып кетеді, психологиялық шапшаңдығы баяу.

Мектепке дейінгі кезеңде темперамент типтерін ажыратуда жас ерекшеліктерін білудің маңызы зор. Сол сияқты жүйке жүйес қызметі қасиеттерінің тұрақсыздығын да ескеріп, басшылыққа алу керек. Мысалы жүйке жүйесі қызметінің типі адамда іштен туа қалыптасады және оны түгелдей өзгеріске ұшырату неғайбыл. Дегенмен Н.Н.Павлов жүйке жүйесі қызметі типтерінің жекелеген қасиеттерін өзгертуге болатындығын тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Мысалы қозу процесі тежелуінен басым, күшті, ұстамсыз типі анықталады. Жаттығу арқылы өзінің тежелу үдерісі күшін біршама арттырып, оны қозу үдерісімен теңестіруге болатындығы дәлелденген. И.П.Павлов күшті қозғалғыш типтерді жаттықтыру арқылы тежелу үдерісінің күшін арттырып, бір-бірімен теңестіруге болады деген қорытындыға келеді.

Кейде ұстамсыз типтің бірнеше варианты болатынын ескеру керек. Өйткені қозу үдерісі шегіне жетіп, тежелуі әлсірейтін тип те болуы мүмкін, немесе екі үдеріс те күшті, бірақ қозуы шамадан тыс келетін тип те ұшырасады. Сөйтіп уақыт өткен жай қайталап отыратын жаттығулар арқылы ұстамсыздықты кейіннен біршама түзетуге болатындығын дәлелдейтін ерекше фактілерді жиі кездестіреміз, яғни жаттаықтыру арқылы нерв жүйесінің әлсіз типін шынықтыруға болады. Баланың қолайлы тәжірибенің нәтижесінде кез келген қиындықты ойдағыдай жеңе алатындығы сөзсіз. Баланың жеке басының дамуя мен қалыптасуына тек жасының өсуі ғана емес, сонымен қатар темпераментінің де ықпалы бар.

Мектепке  дейінгі  кезеңдегі  ойын  рөлінің  өзгеруі  жас  кезеңіне  қарағанда,  негізінен  балада  көптеген  пайдалы  жеке  даралық  сапалардың  дамуы  мен  қалыптасу  құралының  қызметін  атқаратынымен  байланысты. Мектепке  дейінгі  баланың  ойынында  тәрбиелік  функциясы  баланың  әртүрлі қажеттілігін  қанағаттандыру  құралымен,  оның  мотивациялық  ауқымының  даму  қызметін  атқарады.  Ойында  баланың  жаңадан  қызығушылықтары  мен  іс — әрекеттің  жаңа  мотивтері  пайда  болып,  бекиді. Мектепке  дейінгі  баланың  ойынына: «Символикалық ойын»  бір заттың орнына ұқсас екінші бір затты қойып, оның бастапқы атымен емес, соңғы атымен атаушы ойын түрі және рольдік-сюжеттік ойындар.

Мектепке  дейінгі   ойын  және  еңбек  іс — әрекет  арасындағы  ауысулар  едәуір  келісім  шартты  болып  келеді,  өйткені  балада  бір  іс — әрекет  түрі  байқаусыз  жайлап  екінші  түріне  немесе  керісінше  ауысып  отырады.  Егер  тәрбиелеуші  баланың  қарым – қатынасында  және  еңбегінде  қандай  да  бір  жеке  даралық  сапаның  жеткіліксіздігін  аңғарса,  онда  ең  алдымен  баланың  ойынын  ұйымдастыруда  сәйкес  сапалардың  пайда  болуы  мен  қалыптасуына  көңіл  бөлу  керек.  Егер  баланың  оқуында,  қарым – қатынасында  және  еңбегінде  кейбір  жеке  даралық  сапалар  байқалса,  онда  осы  сапаларды  басқара  отырып  едәуір  күрделі  жағдайында  жаңа  сапаларды  құрудың  дамуын  жоғарылататын  ойындарды  ұйымдастыруға  болады.

Олар  — өзін — өзі  бағалау,  талап  ету  деңгейі  тасқа  жетудің  қажеттілігі,  дербестігі,  бастамашылдығын (ынталы   бастауы)  мойындауға  ұмтылысын  т. б.  Жас  кезең  — сензитивті  кезеңінің  бастамасы  осы  жеке  адамнық  сапалардың  маңызды  кешенінің  қалыптасуы.  Айнала  қоршаған  адамдармен  өздерін  салыстыруы  көптеген  балаларда  3 жасар  шамасында  нақты  бір  өзіндік  бағалау  пайда  болады.  Ол  дұрыс  қалыптасса  (өте  жиі  кездесетін  жағдайлар,  мысалы:  баланы  асыра  мақтау  немесе  сөгу).  баланың  психикалық  дамуына  пайдалы  болады.  Өзіндік  бағалауы  «төмен»  балалар  әдетте  өздеріне  деген  сенімі  жоқ,  сондықтан  табысқа  жетуге  мүмкіншілігі  бар  жерде  талпынысы  аз  және  күш  салуға  әрекеттенбейді.  Ал  өзіндік  бағалауы  «жоғары»  балалар  керісінше,  өз  мүмкіншіліктерін  асырып  онша  күш  салмайды.  Баланың  өзіндік  бағалауының  дұрыс  қалыптасуына  1,5 жастан  бастап  көңіл  бөлу  керек.

Егер  ересектер  баланы  тәрбиелеуде  оның  табысына  көңіл  бөліп  сәтсіздіктерге  назар  аудармаса,  онда  балада  табысқа  жету  қажеттілігі  көбейіп,  тұрақталып,  қалыптаса  бастайды.  Мұндай  бала  белсенді  түрде  кез – келген  жұмыста  осы  сапалардың  қалыптасуында  бірнеше  адамгершілік  қасиеттері  пайда  болады,  мысалы  табандылық,  мақсатты  бағыттылық,  жұмысқа  қабілеттілігі,  өзіне  деген  сенімі   сондай – ақ  жауапкершілік  пен  міндет  туындайды.   Жас  кезеңде  баланы   өнегелік  санасын  емес,  әңгіме  өнегелі  сезімін  қалыптастыру.  Өнегелі  сезімді  құрайтын  эмоциялар  жүйесі  негізінде игілікті,  бекзатты  сезімдер  бар:  адалдығы,  мейірімділігі,  қайырымды – ықыластығы,  ақ  пейілдігі  және  т. б.  және  игіліксіз  сезімдер  болады:  қызғаншақтық,  зұлымдық,  қатыгездік,  дұшпандық,  қастық,  өшпендік  т. б.  Өнегелік  сезімдердің  тууына  балада  өнегелі  пікірдің ,  қылықтардың  қалыптасуы  себеп  болады,  сондықтан  дәл  осыдан  өнегелі  тқасиеттерді қалыптастыруды  бастау  қажет,  балада  осы  кезеңде  айналасында  қоршаған  адамдармен  қарым – қатынас  жасауға  қажеттілігі  жоғары  дамыған.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / — 2012.
  2. “Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы” В.С.Мухина,-Алматы 2016 ж.
  3. Интернет көзі: http://www.bankreferatov/index.php.
  4. http://www.stud.kz