Мен енгізген өзгерістердің тиімді екенін қалай түсінемін?

Мен енгізген өзгерістердің тиімді екенін қалай түсінемін?

          Мектептерде оң өзгерістер жүргізу құралы ретінде мұғалімдердің ынтымақтастығы мен алқаластығы өте пайдалы,-деп Рожен Холц                                                                                                                                                айтқандай,тәжірибені өзгерту – бұл істеп жатқан ісімізді өзгерту, яғни осы өзгерісті жүргізу құралы ең бірінші  мұғалімдердің  ынтымақтастығы екені түсінікті. Бұл- біздің қалай ойлайтынымызды өзгерту, жағдайды өзгерту, бір-бірімізге деген қарым-қатынасымызды өзгерту дегенді білдіреді. Мұғалімдер мектеп зерттеуімен айналысу арқылы өз сыныптары туралы білім түзеді. Менің «мектептегі тәжірибе»  кезіндегі негізгі мақсатым,  мектеп  жүйесін   жан  -жақты  дамыту  үшін    әріптестерге  қажетті білімдер  мен  дағдыларды  үйрете  отырып ,  әртүрлі әдіс -тәсілдерді  қолдану  арқылы  өз  мектебіме аз да болса өзгеріс    енгізуге   ықпал  ету болатын. Мектепті дамыту жөніндегі іс -шараларды жоспарлауда төмендегідей нәтижелерге, яғни, әр мұғалім бағалауды қандай мақсатта, кім үшін және қалай өткізуі керектігін, қалай бағалай алуын топтық жұмыстарда  түсінуін, мұғалімдер оқытудағы бағаның ролін анықтай алуын, мұғалім қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыстың маңыздылығын түсінуін, оны жүзеге асыру жолдарын көрсете алуын көздедім. Күтілетін нәтижеге жетуде жоспар  бойынша атқарылған  жұмыстар семинар, коучинг   және  тәлімгерлік   үдерісі,шығармашылық топ отырысы, дөңгелек стол  болды. Осы енгізілген өзгерістердің тиімді болғанын қалай білдім? Атқарылған  іс –шаралардың  нәтижесін, тиімді болғаныны зерттеу барысында дерек  жинау әдістері  кәсіби сұхбат,  күнделік  жазу, бейнекамера , фотоға түсіру, сауалнама  алу, әрбір шараның соңындағы  кері байланыс, оқушы үні, сабақтарға қатысу, коучингті бақылау, бaқылay пapaқтapы, тәлім алушының бірінші сабағы мен соңғы өткізген сабағын, бастапқы сауалнама мен соңғы сауалнамаларды  салыстыру, мұғалімдердің, ата — аналардың пікірлерін тыңдау  арқылы  анықтай алдым. Тәжірибе кезінде өткізілген   коучингтер   бағалаудың түрлерін білудің маңыздылығы туралы пікірлесу, тиімді жолдарына  бағыттау, дұрыс пайдалану жолдарын үйрету  мақсатында болды. Ең алдымен мені мұғалімдердің осы өткізілген коучингтен  алған білімдерін, идеяларын сабақтарында қалай қолданып жатқандығы ойландырды.  Коучингке  қатысушылар   сабақтан  соң,  коучинг қызықты өтті, бағалау түрлерін білдік,   сабақтарда  қолдансақ тиімді екен   деп  айтқандай , сол кезде мен оларға  қажетті дүние бере алдым  ба,  тиімді болды ма, мені осы қызықтырды. Сол себепті коучингке қатысқан    әріптестерімнің  сабақтарына қатысу, қадағалау арқылы   коучингтің қаншалықты тиімді  болғанын біліп отырдым   және  мұғалімдердің өздерінің бір-бірінің сабақтарына қатысуына ұсыныс   жасадым.   Себебі  бір-бірінің сабақтарын көріп көмектесіп, кемшіл   тұстарын  айтып, пікірлесіп тұрса, идеялар бөліссе тиімді болады. Алғашқы сабақтарында бірден  бағалау түрлерін   «керемет»  меңгеріп,  қолданып кетпейтіні   белгілі. Әр коучингтен кейін мұғалімдердің өз сабақтарында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін

қаншалықты ендіріп,жаңаша сабақ өтудегі өзгерістерді бақылау мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.О әріптесімнің қазақ әдебиеті пәнінен 9б сыныбындағы сабағына қатыстым. Сабақтың сәтті жағы: мұғалім ынтымақтастық аясын құра отырып, оқушылардың пікірімен топтың ережесін бекітті. Әр оқушыға Б.Б.Б. кестесі беріліп, сол кестені бірлесе отырып толтыру туралы нұсқау берілді. Әр топтағы кейбір оқушылар өз кестесіне жазған ойларымен бөлісті. Келесі тапсырма әр топқа 4 сұрақ жазылған қима парақтар таратылып, 5 минутта жауаптарымен бөлісті.Әр топтың ортасына А4 парағы тасталып, сол парақтың төрт бұрышында отырған оқушылар сұрақтарға жауап берді. Сабақты оқушылар Б.Б.Б. кестесін аяқтап, түйінді ойларын ортаға салумен қорытындылады. Сәтсіз тұстары: мұғалім сабақта бағалау жүйесін үстірт жоспарлаған. Себебі 19 оқушыдан 5 оқушы бағаланды. Уақытты тиімді пайдалана алмады. Көшбасшылар сайланғанымен оларға топта белсенді жұмыс жүргізбеді. Бұл сабақтан түйгенім: мұғалімнің бойында сабақ жоспарлауда оқытудағы жеті модуль, бағалау жүйесі туралы нақты түсініктің нақты қалыптаспағандығы байқалды. Сабақтарында    оқыту үшін бағалау мен оқу үшін бағалау қаншалықты  тиімді болғанын  әріптестермен сұхбат   алу барысында  білдім. Тарих пәнінің  мұғалімі  әріптесім  Н  сaбaқтapындa фopмaтивтi бaғaлaуды тиiмдi қoлдaнy  apқacындa оқушылардың  қызығyшылықтapы oянa бacтaғанын айтты. Сабақта оқушылардың бағалау парағын пайдаланып өздерін бағалауын қалыптастырып,  бұл тәсіл оқушының  жауапкершілігін арттыруда, топ  үшін  жауапкершілікті сезінуге ықпал ететінін байқағанын  айтты. Әріптесімнің өткен сабағынан соң, оқушылардан сұхбат алу барысында   жұмыстың нәтижелі болғанын   анықтай алдым. 9 — сыныпта  А. есімді  оқушымыз сабақтағы топтық жұмыстың  тиімділігін, бағалауда ынталандыру, марапаттау болғаны жақсы әсер еткендігін, критерий арқылы бағалау анықтық, шынайылық, талпынушылық секілді мүмкіндіктерге қол жеткізгендігін , бұрынғы сабақтарда сөйлейтін оқушыға да, сөйлемейтін оқушыға да бірдей баға қойылып келгенін,ал осы сабақта топта бірін — бірі бағалауы, өзін — өзі бағалау жүргізілгені туралы  айтып өтті. Бұдан мен өзіме мұғалімдеріміз бағалау түрлерін сабақта тиімді пайдалана бастағанын білдім. М. есімді әріптесімнің орыс тілі  сабағына қатысқан кезде  оқушыларды топқа бөлуде сабақтың біраз уақытын алып жатты. Бұл балалардың бұрын сабақтарда топқа бөлініп дағыдыланбағандығының нәтижесі   деп ойладым . Сонымен қатар топқа бөліну кезеңінде   кейбір  балалар    отырмаймын деп келіспеушілік танытқанын  байқадым. Бұл дәстүрлі сабақтардан кейін балалар  жеке басты болып, ынтымақтастықтың, өзара әрекеттесудің  жоқтығы анықталды. Оқушыларды   өзімшілдіктері басым екендігін аңғардым. Әріптесім топқа бөліп, бірлесе жұмыс атқаруға бағытталған тапсырмалар беру барысында , оқушылар  құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы  белсенді түрде білім жинақтай алды. Сабақ барысында  оқушының белсенділігін  арттыруда,  формативті бағалау  әдістерін қолданып отырды.

Ал  шығармашылық топтағы  А  есімді әріптесімнің сабағына қатысқанда     оқушылар топтық жұмыстарды орындауда қызығушылық танытқанмен, қиындық өзара бағалауда кездесті.   Оқушылардың бір-бірін асыра бағалауы    көрініс тапты. Әріптесіме оқыту үшін бағалау мен оқытуды бағалау әдістері бойынша түсіндіріп, тәжірибеде қалай қолдану керектігін үйрету керек екенін ойладым.

Сабақтар соңынан оқушыларда өзгерістің болғандығын анықтау үшін екінші рет сауалнама алдық. «Сендерге топта жұмыс істеудің пайдасы болды ма?», «Топта жұмыс істеу қиындық тудырды ма?», «Сабақтағы бағалау сізге ұнады ма?» деген сұрақтарға оқушылар   ашық жауап берді. Көпшілік оқушыға топтық жұмыс ұнайтыны, сабақта бағалау түрлерінің әр сабақта қолданса жақсы болатынын түсіндім.

Тaғы дa кoучингтiң бepгeн нәтижeсi қaтыcқaн мұғaлiмдepдiң  apacындaғы бaйлaныcтың нығaя түcкeнiнeн,  қолданыстағы оқу тәжірибелерімен,  идеялармен бөлісіп жатқанын,  сабақтан соң мұғалімдер бөлмесінде өзара талқылап жатқанда аңғардым.  Осы жерден  бaйқaғaным олардың  тoптық жұмыcтың тиiмдiлігiнe, қaлыптacтыpyшы бaғaлayдың poлiне дeгeн көзқapacтapы өзгepгeн. Сонымен мен өзімнің тәжірибемде бағалау туралы мектебімдегі біраз әріптестеріме қалыптастырушы бағалау туралы мәлімет бере алдым және олардан қозғалыс көре алдым.

Бірінші коучинг аяқталған  соң, әріптестерге кері байланыс   парағын ұсынғанда, Б  есімді  әріптесімнің    пікірі мен  үшін құнды болды : « Осы уақытқа дейін жаңа технологияларды сабаққа енгізіп өту  қаншалықты нәтижесін береді дейсің, деп іштей қарсылық білдіруші едім. Дәстүрлі  сабақ  өтіп –ақ,  кезінде небір мықты  мамандар шығардық қой  деп ойлайтынмын. Бүгінгі өткен коучингтен кейін , бұл ойым өзгерді. Әр нәрсе өзінің заманына сай болу керек екен . Бірлесіп , оқушылар өздері құрған  сабақ шынымен-ақ тиімді болатынын дәлелдеу үшін, сабақта  жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып , сабақ  өткіземін» деп жазған .  Ал  әріптесім   Қ география  пәнінің мұғалімі төмендегідей өз ойын білдіріпті :  « Бұл әдіс — тәсілдер өзімнің пәніме онша келіңкіремейді деп ойлайтынмын,  олай емес екенін  бүгінгі мұғалімдермен бірлесе талқылау барысында, пікірлерін тыңдай отырып көз жеткіздім. Қай пән болмасын әр мұғалім шығармашылық ізденіс арқылы өз пәніне лайықтап алуға болады  екен. Мысалы сайыс түрінде топтық немесе жұптық жұмыстарды ұйымдастырсам, балалар келесі топтан қалып қоймау үшін өздерінің бар ынтасымен, шығармашылықпен жұмыс жасайды  екен  ғой  деп болжап  отырмын және бағалау критерийлерін оқушылар сабақта өздері жасап, бір -біріне бағалау жүргізссе тиімді болатынына көзім жетті». Әріптестерімнің   коучингтен  кейін ойының  өзгергені  мені қуантты. Іс –әрекетімдегі   жұмысымның нәтижесінің   алғашқы  белгісі көрінді.

Ал енді тәлімгерлік үдеріске келетін болсақ анықтадық.Таңдап алған

тәлім алушымның 6 сыныбындағы  дәстүрлі  сабағына қатысып, сабақ өткізу тәсілдерін,оқушының сабақ үстіндегі іс-әрекеттерін, жалпы сабақтың өткізілу барысын  бақыладым. «Биосфера туралы ұғым» туралы  дәстүрлі сабағында мұғалімнің әрекеті көп, ал оқушы аз сөйледі. Бірақ мақсаттары нақты емес ұзыннан ұзақ қойылған. Тәлім алушының сабағын мұқият қадағаладым . Сабағында оқушылармен топпен  жұмыс  жасау  мүмкіндігі  бар, әдіс –тәсілдер  түрлерінің   де   элементтері  байқалды, бірақ  нақты  емес  екенін байқадым .   Тақырыпқа  сай  жабық  сұрақтар  қойылып  жатты, бірақ  оған   кеңейтілген   түрде  жауаптар  алынған  жоқ, тек  қана  « дұрыс», «дұрыс  емес»  деген   жауаптар  қайтарылды. Оқушылар білімін бағалауда мақтау, мадақтауды қолданбайды.Тек отыр бес, төрт, үш деген сияқты бағалау жүргізілді. Бақылау  нәтижесінде ,сабақтың   бірсарындылығын ,  яғни   бір  ізділігін  байқадым . Содан  кейін тәлім  алушының   жүргізген    сабақтарының   бейне жазбасына    сүйеніп,біраз кедергілерді анықтадық. Яғни, SMART мақсат қою,оқушылар білімін нақты бағалау,топтық жұмысты орындау. Тәлім алушының екінші сабағы «Тірі ағзалардың алуан түрлілігі және тірі ағзалардың таралу заңдылықтары». Сәтті жақтары:  сабақтың   мақсаты, күтілетін   нәтиже оқушыға бағытталып тәлімгермен бірлесе қойғандықтан дұрыс қойылған, пихологиялық жағымды ахуал қалыптастыра білді, сыныпты  бағалау  кезінде   ой  қорыту  және  басқа  да   әртүрлі   тапсырмалар  бойынша   түрлі-түсті  бетшелер  жинау  арқылы   оқушыларды    тәлім   алушы   «өте  жақсы» , «жақсы»   және «орташа»    деген    бағалармен  бағалады. Сәтсіз тұстары: қойылған бағаларға   оқушылардың    қандай  дәрежеде   қолдары   жеткенін    түсіндіріп айтпады, негізінде ескертіп, айтып  түсіндірме беру   міндетті  жұмыс деп есептеймін, сабақтың  соңында  балалардан    кері байланыс болмады,олардың  көңіл- күйлері  және  сабақтан  алған  әсерлері туралы стикерлерге  жаздыртамын деп жоспарлаған,бірақ уақыты жетпей қалды. Тәлім алушының келесі сабағында алдыңғы сабақтарға қарағанда өзгеріс бар екенін сабағына қатысу арқылы көрдім. Тәлім алушының үшінші сабағы «Тірі ағзалардың жер қабықтарына әсері» тақырыбында өткізген сабағында аз да болса ілгерлеушіліктің бар екені көрінді. Балалардың жасаған іс-әрекетінен ынтымақтастық атмосферасы қалыптасып келе жатқаны байқалды. Оқушылар өз ойларын жеткізуге тырысты, бірақ әлі де тұжырымды ой айта алмайтыны сырт көзге бірден көрініп тұрды. Сабақтың ең тиімді, ұтымды жері мұғалімнің сабақ соңында кері байланыс ұсынуы болды. Оқушылардың әр орындаған тапсырмаларына мұғалім аз да болса қолдау көрсетіп, мақтау, мадақтау білдіріп отырды. Сабақ  барысында  оқушыларды «Жарайсың!», «Ақылды!», «Сен өте қабілеттісің!»    «Бәрекелді»,  «Тамаша»,   «Керемет »  деген    сөздермен ауызша мадақтап  отырғанда , оқушылардың  белсенділігі, көңіл –күйлері көтеріліп отырды.  Жалпы сабақ жоспарындағы табыс критерийлеріне қол жеткізілді. Табыс критерийлері мен жұмыстың мақсаты сәйкес, өйткені табыс критерийінің өзі мақсаттан шығатыны белгілі. қамтылған табыс критерийлеріне қол жеткізіліп, сабақ нәтижелі болды деп айтуға болады. Ендеше тәлімгер тәлім алушыға үйрете білді. Бұл менің көшбасшы ретіндегі көрсетілген кәсіби қолдауымның нәтижелі болғаны. Демек жұмыс алдағы уақытта осылай өз жалғасын тауып жатса, әрине біз бұған қуанамыз. Тәлім алушымның рефлексивті есебін оқи отырып, тәлімгерлік үрдісінің тиімді болғанын   анықтай алдым. Тәлім алушым  рефлексивті есебінде өзінің  тәжірибесіндегі өзгерістерді былай сипаттаған: « Тәлімгермен бірге бірлесіп  жұмыс істеу барысында, жақсы қарым -қатынаста болдық. Коучинг сабақтарына  қатысу, жеке сұхбаттар арқылы деңгейлік оқытудың  басты мақсаты және мазмұнымен таныстым. Әсіресе тәлімгеріммен бірлесіп  сабақ жоспарын    жасағанның   нәтижесінде  сабақты қызықты да, тиімді өткізе алдым.  Сабақ барысында топтық жұмыста  барлығын өзі ғана орындаймын деп қарсылық білдірген оқушылар болды. Бақылау барысында  топтық жұмыстың ережесін  пысықтай отырып,  қарсылық танытқан оқушы  балалармен бірлесе жұмыс жасады.  Постермен жұмыс қызықты болды ,бірақ уақытты үнемдей алмадым.  Дәстүрлі  сабақта  «Тақырыпты түсіндіңдер ме?»  сұрағын қойып, қорытындылайтынмын, ал  бұл әдіс арқылы  барлық оқушыны  қамти отырып,  көз жеткізе алдым. Оқушылар ынтасын көтеруде қалыптастырушы бағалаудың маңыздылығын түсіндім. Сабақ соңында үнемі кері байланыс алып отырдым , ол маған келесі сабақты жоспарлауда көп көмегін тигізеді. Бұрынғы сабақтарымды жаңа әдістерді кіріктіре отырып өткізген сабақтарыммен салыстырсам, айырмашылығы жер мен көктей.Өзім және шәкірттерім әр сабағыма оң баға берудеміз. Тәлім алушының  тәжірибесіне аз да болса өзгеріс енгізгіп, ықпал ете алдым.  Тәлім алушыға   тәлімгердің  кәсіби жетілу жолында көмегінің тигеніне   қуандым. Міне, жасалған сараптамалық талдау негізінде аңғарып отырғанымыздай, іс-тәжірибе кезеңінде оқушылар бойында топпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыра отырып, оқыту үдерісінің барлығын оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауға негіздеп алдым. Яғни, оқыту үшін бағалау жне оқуды бағалау модулінің ерекшелігі неде? Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау стратегиясын әр сабақта қолдану арқылы оқушы белсенділігін артыруға ықпал етуге бола ма? Алты апталық іс-тәжірибе кезеңінде мектебімнің даму жоспарының басымдығы ретінде алған осы сауалдарға іс-тәжірибе кезеңіндегі жасалынған жұмыстар арқылы аз да болса өзгеріс енгізгенімді айта аламын. Осы мәселені басты нысанда ұстап, оқыту үдерісінде осы әдісті қолдану арқылы болашақта өз мектебіме толық енгізгім келді. Коучинг сабағымның негізгі тақырыптары ретінде алған идеяларды тәлім алушы мұғалім тарапынан өткізілген әрбір сабаққа арқау етіп ала отырып, топқа негізделген тапсырмаларға әділ бағалау арқылы оқушылардың сабаққа көзқарасын, сөйлеу шеберлігін қалыптастыруға ықпал жасай отырып, оқыту үшін бағалаудың тиімділігін бағамдадым. Сөз соңында айтарым: күнделікті сабақта барлық оқушының жазған кері байланыстарын оқи отырып, топтық жұмысқа негізделген оқыту үшін бағалау және оқуды бағалаудың сыныптағы оқушылардың оқу үлгерімін арттыруда пайдасы мол екеніне көзім жетті. Атқарылған зеттеу жұмыстарын қорытындылай келе оқушылардың белсенділігін арттыру үшін осы бағытта жүргізілген жұмысты жалғастыра отырып, мектептің білім деңгейін арттыру барысында терең жұмыстар жүргізу үшін төмендегі іс — әрекеттерді іске асыру ұсынылады:

  • Оқыту мен оқу әдістерін енгізуді жүйеге келтіру.
  • Әріптестерімнің дәстүрлі көзқарастан арылуына ықпал ету
  • Оқудағы жаңа әдістерді сабақ барысында қолдануға бейімдеп, шығармашылық тобымдағы мұғалімдердің үздік жұмыстарын әдістемеліккеңестетарату.
  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулінің оқушыны ынталандырудағы ықпалын дамыту.
  • Коучинг пен тәлімгерлік үдерісін жалғастыру
  • Кәсіби қоғамдастық ісін жетілдіру, кеңейту.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар

І (ілгері)  деңгей «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ

Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014 ж

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық І (ілгері) деңгей «Назарбаев Зияткерлік

мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014 ж

  1. Курсалды тапсырмалар І (ілгері) деңгей «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2014