Түсінік хат. «Ғылымға құштар жас өрен» атты математика пәнінің даму

1.Түсінік хат

 

Математикалық білім мен дағдылар молайып, мазмұны тереңдеп, ауқымы кеңейген сайын , оны үйретудің , оқып үйренудің мәселелері де өзгеріп, күрделене береді , осылай әдістемелік жаңа тәсілдер пайда болады. Математиканың дамуына әсер ететін негізгі екі себеп бар: өмірлік практика мұқтаждығы және математика дамуының ішкі талабы.Математика мен математиканы оқыту тарихи тұрғыда қарбалас жүреді , өйткені адамзат қоғамының тіршілік етуінің негізгі шарттарының бірі – ұрпақтан ұрпаққа ғылым , білім ауысуы, яғни оқу оқыту дәстүрінің қалыптасуы болып табылады.  Математиканы оқытудың дәстүрлі әдістемесі тиісті математикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталғандықтан , оның аясында ережелерді жаттауға , формулаларды үйренуге , алгоритмдерді еске сақтауға көп көңіл

бөлінетіні түсінікті.

Мтематиканы оқытудағы жаңа бағыттар қазіргі білім беру жүйесінде қойылған мақсаттарға сай келеді де , мыналарды көздейді:

  • Оқу материалының мән-мағынасына бойлау;
  • Оқушылардың математикалық ойлау дағдыларын дамыту;
  • Алған білімімен әрекет ету және оларды іс жүзінде қолдану қабілетін қалыптастыру

Математикалық біліктіліктің үш деңгейі бар:

  • Математикалық фактілерді , әдістерді еске түсіре алу және есептеулерді орындау

1

  • Қойылған мәселені шешу үшін әртүрлі математикалық тақырыптардан алынған қажетті материалдарды байланыстыра және кіріктіре алу
  • Жалпылау мен интуицияны талап ететін математикалық ойлау

Математикалық білім сапасын арттыруда маңызды болып табылатын төмендегідей ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.

  1. Оқытудың әрбір сатысында берілетін математикалық білім мазмұнын анықталатын оқу бағдарламаларының көптүрлі болуы қажет.
  2. Біліктілікке негізделген оқу бағдарламаларында білім мен дағдыларды жетістікпен қолдануға басымдылық берілуі тиіс.
  3. Оқушылардың дайындықтарының деңгейін бағалау өтілген материалдарды формальды түрде тексеруге емес , алған білімнің мәнін түсіндіруге , оның функционалдығына , практикадағы қолданымына бағытталуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

2.Өзім туралы ақпарат

 

«Ұстаз болу – жүректің асылдығы » — дегендей ұстаз қызметі

бұралаңы көп , ауыр әрі қызығы мол , ізденуді талап ететін ұзақ жол.Бұл жолға  қыран қанатындай қажымас қанат , қиындықтан қайтпайтындай таудай талап керек. Оқушылардың жан-жүйесіне әсер етіп , білім мен тәрбие беруде өзінің беделі , өнегесі , өзіне және оқушыларға қатаң талап қоюмен қатар тәрбиеленушілердің әрбір жетістігін қалт жібермейтін , білім теңізінен нәр алуға деген ынтасын арттыратын сезімталдық қасиет ұстаз бойынан табылуы қажет.Осындай жақсы қасиеттерді бойыма сіңіре отыра 2001 жылы Есілбай жалпы орта білім беру мектебін тәмәмдәп ,сол жылы Павлодар педагогикалық – гуманитарлық колледжіне оқуға түсіп , 2004 жылы аяқтадым.. 2005 жылы ПМПИ-дің « Математика» факультетінде сырттай оқуымды жалғастырудамын. Осы жылдан бастап өзімнің туған жерім Есілбай ауылында ұстаздық қызметімді бастадым. Бүгінгі таңда 6,7,8 сыныптарға сабақ беремін.

Сабағымда Ж. Қараевтың деңгейлеп оқыту әдісі мен Жанпейісованың модульдеп оқыту әдістерінің ойын элементтерін қолданамын.

Модульдеп оқыту арқылы –  біріншіден , сабақ басталысымен оқушы өзінің не істеу керектігі , яғни сабақтың соңында өзінің нені біліп шығу керектігі жөнінде толық мағлұмат алады.

Екіншіден , топ ұжым болып жұмыс істеу кезінде оқушы өз пікірінің дұрыстығын немесе қателігін көрсетуге , онымен пікірлесе отырып ұжымдық шешім қабылдауға үйренеді.

Үшіншіден , өзінің жеке басының мүмкіндіктері мен қабілетін ескере отырып үлкен көлемдегі жазба жұмыстарын өз бетінше шығаруға өз уақытын жоспарлауға дағдыланады.

Төртіншіден , әр оқушының білім деңгейіне қарай тапсырмаларды әр түрлі деңгейде алуға болады.

Өзім жетекшілік ететін 9 сыныпта 11 оқушы бар .Оның 3-еуі оқу озаты , 3-еуі оқу екпінділерінің  қатарында. Жалпы мектеп ішінде өтетін шараларға сыныппен белсенді түрде қатысамыз.

Айына бір рет  «математика» бірлестігінен «Зерде» журналын шығарамыз. Бұл журналға оқушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарын тапсырады. Оқушылар қызықты  және логикалық есептерін ,  сөзжұмбақ , ребустарын тапсырып жатады.

Бұл жұмыстар бірлестікте және тілшілермен қаралып, журналға басылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4

  1. Пән жайлы ақпарат

Қазіргі қоғам дамуы барысындағы мектепте математикалық білім беруді қайта ұйымдастырудығы негізгі міндет- оқытудың әдістемелік жүйесін оның білім беру , ақпараттық функциясына қатынасына қарай дамытушылық функциясына шешуші рөл бере отырып қайта бағыттау және осы ақпараттарды пайдалану біліктерін қалыптастыруға басты назар аудару болып табылады.

Оқулық – мкетептің негізгі білім беру міндеттерін жүзеге асыратын , оқушыларды ғылым негіздерімен , мұғалім ұйымдастыратын оқыту процесінің моделі- білім , дағды жүйелерімен қаруландыратын негізгі оқыту құралы. Сондықтан мен өз сабағымда  көрнеккі құралдар, деңгейлік тапсырмаларды тиімді қолданып , жеңілден күрделіге көше отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуды негізге алдым. Жыл сайын пән бойынша ашық сабақтар өтіледі. Оқушылар жыл сайын  «Ақ бота » , «Кенгуру»  марафонына қатысып   тұрады. Өткен оқу жылында 2 оқушы  III орынды жеңіп алды. Оның ішінде математика пәнінен Машенова Г 18 ұпай , Абжатова Г 17 ұпай жинады.  Жалпы сыныптармен деңгейлік тапсырмалар, қайталауға арналған жаттығулар жиі орындалады. Математика факультатив сабақтарына оқушылар қызығушылықпен қатысып, берілген тапсырманы толық ,тиянақты орындайды. Математика факультатив сабақтарында қызықты есептер ,»Күн ойыны «, «Сиқырлы квадрат »  «Кім жылдам » , «Арифметика есептері»,

 

5

«Математикалық асхана » осындай қызықты тапсырмалармен  оқушылар жұмыс жасайды.

Геометрия пәніне келетін болсақ , бұл 7 сыныпта бірінші бастамасы болғандықтан , оқушылар мен жан-жақты жұмыс жасауға тура келді. Оқушылар пәнге деген қызығушылық танытып, белсенді түрде жұмыс жасады.

Геометрия пәнінен есептеу ,салу , дәлелдеу есептерін шығаруды жақсы меңгеріп , жекелей жұмыс нәтижесінде білімдерін көрсетті. Өздік жұмыстары, деңгейлік тапсырмалар өз деңгейінде алынды.

Практика мен теория , өткен сабақ пен жаңа сабақ байланыстырып отырылады.Салу есептері бойынша   негізгі 4 мәселені меңгерді.

  1. Анализ
  2. Салу
  3. Дәлелдеу
  4. Зерттеу

Бұл  4 мәселе геометрия пәнінің есеп шығару барысында

қолданылатын амалдың бірі.

Сабағымда математика пәнінен жаңа буын оқулықтарын қолданамын . Ондағы әр түрлі сұрақтар , есептер , көрнекі материалдар оқушыларлдың логикалық ойлау қабілетін жетілдіреді. Мектепте жылына бір рет өткізілетін мектепшілік пәндік олимпиаданың маңызы зор. Оқушылар пән олимпиадасына тегіс қатысады. Мектепшілік пән олимпиадасы жылдағы дәстүр бойынша өтіледі. Бірлестік мәселесінде талқыланып, қаралады.

 

 

6

Жалпы өткен оқу жылында 6-7 сыныптар арасында 14 оқушы қатысып, 12 оқушы жүлделі орынға ие болды. Оқушылары белсенді түрде қатысып,  мынадай  орындарға ие болды.

I орынға – 6 сынып оқушысы Машенова Г, Абжатова Г

7 сынып оқушысы Бексултанова Р, Хайрудинова Р

II орынға -6 сынып оқушысы Каллемова А, Камзина А

7 сынып оқушысы Муталяпова С, Наманаева Н

III орынға -6 сынып оқушысы Галлямова Н

7 сынып оқушысы  Нұртазин О

IV орынға -6 сынып оқушысы Жунуспаева А

7 сынып оқушысы Танырбергенова Д

Осы аты аталған оқушылар марапаттауларға ие болды.

Мұғалімнің негізгі мақсаты:

  • математикалық ойлауды қалыптастыру арқылы оқушыны өздігінен оқытуға үйрету;
  • Оқушыларды біліммен қаруландыру;
  • Оқушылардың бойындағы есептерді шешу кезінде теорияны қолдана білу біліктілігін қалыптастыру;
  • Оқушылардың логикалық ойын дамыту;
  • Сабаққа дайындықты дұрыс ұйымдастыру
  • Математиканың мектепке арналған курсының кез келген есебін шешу;

 

 

7

 

 

Математика пәнінен өткен үш жылдық үлгерім және білім сапасына тоқталсақ,

 

 

Осы кесте арқылы математика пәнінің білім сапасын байқауға болады. Келешекте сапаны одан әрі көтеру үшін оқушылармен жеңілден күрделіге көше отырып, пәнге деген қызығушылығын ояту пәннің сапасын заман талабына сай жақсарту.

 

 

 

 

 

8

4.Пән жағдайын проблемалық бағыттылық талдау

Математиканы оқыту өзара тығыз байланысты үш сауалға жауап береді.

— Математиканы не үшін оқыту керек ?

— Нені оқыту керек және қандай тәртіппен , ретпен оқыту керек ?

— Математиканы қалай оқыту керек ?

Осыған сәйкес математикада үш негізгі проблема туындайды. Жалпы білім беретін мектептерде математиканы оқытудың   мақсаттарына , оқушылар тұлғасын тәрбиелеу мен дамытуға қол жеткізу менің ойымша мына факторларға байланысты:

— Оқыту мазмұнына , оқыту процесінде оқушылардың қандай

білім , білік дағдылар игеруіне , осы білім , білік және дағды          оқушыларға қандай үйлесімджікпен берілуіне , сол білімдердің   кеңдігімен тереңдігіне , білік пен дағдының қаншалықты берік   болатындығына ;

— Оқыту математиканың қоршаған ортамен қаншалықты  байланысты болатындығына, абстрактілі математикалық

ұғымдардың күнделікті өмірде қандай түсініктер , құбылыстар

мен деректер негізінде қалыптастырылады ;

— Математиканы оқыту қандай жүйеде , басқа пәндермен қандай байланыста болатындығына , математиканы оқыту білім мен білікпен толық қаруландыруы ;

— Математиканы оқытудың ұйымдастырылуына , оқыту процесінде қандай әдістер мен тәсілдер қолдануға , білім оқушыға догматикалық түрде беріле ме, әлде , ол білімді оқушы мұғалім

 

9

басшылығымен өз бетінше , белсенді түрде жұмыс істей отырып игере ме, білім мен білік қаншалықты саналы және берік , терең білімге негізделелуі ;

Сабақ беруде мұғалім ойында мынадай мақсаттар тұрады:

Мұғалім тарапынан оқыту , үйрету, шәкірт тарапынан оқу ,үйренуді қамтитын екі жақты процесс.

Менің пәнге қояр мақсатым – оқушыларды ауызша және жазбаша математика тіліне үйрету, математика бойынша алған білім , дағдыларын оқу және өз бетімен білім алу барысында белсенді түрде пайдалана білу.

Жас маман болғандықтан , тәжірибелі ұстаздармен қарым-қатынас жасап, тәжірибе алмасып тұрамыз. Сондықтан бар әдістемелік мүмкіндіктерді пайдаланып оқушылардың математикаға деген көзқарасын қалыптастыру мұғалімнің басты міндеті . Сондықтан есеп шығаруға қойылатын негізгі талаптарды орындау :

  • қатесіз шығару ;
  • негіздеу ( дәлелдеу ) ;
  • толық шығару ;
  • мүмкіндігінше тиімді жолмен шығару ;

 

 

 

 

 

 

10

  1. Пәннің бүгінгі жағдайы

Математикалық білім беру –  тұлғаның жан –жақты іс -әрекеттік қабілетін кеңейтіп , жас жеткіншектерге  заман талабына сай  білім беру. Математикалық білім беруде оқушының дұрыс ойлау қабілетін қалыптастырып , оны дамыту барысында атқаратын ең басты міндеті ретінде тәрбиеленушіге дәйекті аргументациясының толыққандылығын ұғындыру және оның бойына сіңіру болып табылады.

Мұғалімдердің алдына қоятын ең басты міндет – оқушыларды

сабаққа ынталандыру, көрнекі құралдарды тиімді қолдану , сабағын тартымды өткізу оқушыларды өзіне баурап алу мұғалімнің шеберлігінде.

Сондықтан әр мұғалім оқушыларды ықыласпен тыңдап , оның жауабын дәл сезініп, дұрыс баға беруі керек. Әр сабаққа тек мектеп оқулықтарымен шектелмей , басқа да кітаптардан әр түрлі қызықты есептерді , түсіндіру үшін , алынған білімді баянды ету үшін нақты сұрақтарды таңдап алуы қажет.

Қазіргі кезде сабақты дұрыс жүргізуге қойылатын негізгі

Талап – оқушылардың белсенді іс-әректтік сезімін оята отырып ,                  оларды басқара білу.

Ол біріншіден , дайын ақпаратты фактілер , ережелер күйінде ғана

беріп  қоймай , оқушыларды өз бетінше іздендіретін , одан жаңа ақпарат алатындай оқу материалын берудің қайта құруды талап етеді.

 

11

Яғни, мұғалім  өзі белсенді жасампаз күш болатын , оқытудың ұйымдастырушысы болуы қажет. Ол оқытудың әр кезеңінде :

  • үй жұмысын тексерген кезде
  • Оқушылардың жаңа білімді меңгеруге дайындығы кезінде
  • Жаңа білімді енгізіп, оны тұжырымдаған және оларға сүйенген кезде , алынған білімді қорытып , бір жүйеге келтірген кезде  де көрініп отыруы керек.

С.М.Ломоносов  былай деген екен : «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек». Сол себепті математиканы оқытуда сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың алатын орны ерекше.

Математикалық сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс деп мұғалімнің оқушылармен басқа уақытта жүргізілетін жүйесін айтамыз.

Менің ойымша математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды екі түрге бөлуге болады.

  1. Бағдарламадағы материалдарды толық түсінбеген оқушылармен жүргізілетін жұмыс;
  2. Математикалық қабілеттері жоғары математика пәніне асқан қызығушылықпен қарайтын оқушылармен жүргізілетін жұмыс ;

Мұндай жұмыстар білім деңгейлері бірдей болатын оқушыларды 3-4 тен топтастыра бөліп алып , сабақтан тыс уақытта қосымша сабақ беру арқылы жүргізіледі.

 

 

12

Математикалық қабілетті жоғарғы деңгейдегі оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру ;

  • Бағдарламада қамтылған сұрақтарды тереңірек және кеңірек оқыту ;
  • Оқушылардың математикалық қабілеттерін , іздену дағдыларын арттыру ;
  • Математикалық ойлауын тереңдету ;
  • Ғылыми- көпшілік әдебиеттерді өз беттерімен пайдалана білуге үйрету;

Қазіргі кезде мектеп алдында тұрған басты мақсат – оқушылардың жалпы білім деңгейін арттыру, өз бетімен білім алу жолдарын үйрету , болашақта алған білімдерін практикалық тұрғыда пайдалана алатын жолдарға бейімдеу болып табылады.

Математикалық білімдеріді толықтырудың басты көзі — кітап , ғылыми -көпшілік әдебиеттер. Оқушыларды қосымша әдебиеттермен жұмыс істей білуге үйрету – мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. Сондықтан елу елдің қатарына ену үшін , білімді ұрпақ тәрбиелеу баршамыздың  міндетіміз.

 

 

 

 

 

 

 

13

 

  1. Бағдарлама кезеңінің мақсаттары мен міндеттері

 

 

Мақсаты: Сапалы да саналы білім беру, тәрбиелеу, практикалық білік дағдыларын дамыту , оқушылардың бізді қоршаған ақиқат болмысты танып білудің математикалық әдістерін игеруге

бағыт – бағдар беру.

 

Міндеттері:

  • Математикалық білімін молайтып, шеберлігін дамыту ;
  • « Мұғалім- оқушы » тұлғалық бағдарлы байланысын жүзеге асыру ;
  • Оқушылардың ақыл-ой қабілетін , шығармашылық дарынының дамуына өз әдістемелік қабілетінді ұштастыру ;
  • Оқушылардың оқу – танымдық әрекетін ұйымдастыру ;
  • Оқушының білім сапасын арттыру ;

Оқушыларға білім бере отырып дамыту мен тәрбиелеу

 

Қазіргі дәуірдематематиканың негізін меңгеру, жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің бірден- бір негізгі элементі болып табылады. Математиканы оқытудың білімдік мақсаты— барлық оқушыларды математика ғылымның негізі болатын білімдер жүйесімен  және ол білімдерді саналы түрде қолдана алудың іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру болып таблады.

 

14

 

Тәрбиелік мақсаты— оқушылардың математикалық мәдениеттілігі мен математикалық іс-әрекеттер арқылы халық мәдениетінің элементтерін қолдана алу іскерліктерін қалыптастыру.

Дамытушылық мақсат— әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойының дамуына адамгершілікке ұмтылып, әдемілікті сүюге және шығармашылық даму мүмкіндігіне жағдай жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15

Бағдарламаның негізгі бағытары мен іске асыру жолдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16

Есілбай жалпы орта білім беру мектебі

 

 

 

 

 

 

 

«Ғылымға құштар жас өрен» атты математика пәнінің даму

бағдарламасы

 

 

 

 

 

 

Шарбақты ауданы

Павлодар облысы

Математика пәнінің мұғалімі

А.С. Абылгазинова