Жүгіру  және секіру дағдыларын  жетілдіру(жеңіл атлетика)

Дене шынықтырудан қысқа мерзімді сабақ жоспары

1-бөлім: Жүгіру, секіру,лақтыру дағдыларын дамыту. Мектеп: Мамлют қазақ мектеп-интернаты
Күні: 19.09.2018 ж. Мұғалімнің аты-жөні: Сыздықов М.Т.
Сынып: 6 Қатысқандар саны: 13

Қатыспағандар саны:0

 
Сабақ тақырыбы Жүгіру  және секіру дағдыларын  жетілдіру(жеңіл атлетика)

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 5.1.4.4.Қимыл-қозғалыс сапаларын орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктіліктерін білу және анықтай білу.
Сабақ мақсаттары  

Барлығы: 1.Қауіпсіздік ережелерін сақтай алады

2.Жалпы жүгіру мен секіруді дамыту жаттығуларын орындай алады  түсінеді

Көбі:   Дұрыс жүгіру  мен секіру техникаларын біледі, талқылайды.

Кейбірі: Жүгіру мен секіру кезіңдегі қимыл-қозғалыс комбинацияларын орындайды көрсетеді.

Құндылықтарды

дамыту

Мәңгілік ел. Елімізге деген отансүйгіштік  сезімін дамыту. Ел қорғауға деген ұмтылысын арттыру, Отанын сүюге,қорғауға,еңбекке жарамды мықты азаматты тәрбиелеу
      Бағалау                     кр     критерийлері Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін білу және орындау
Тілдік  мақсаттар

 

Пән лексикасы және терминология: жүгіру мен секіру техникалары мен түрлері

Сөре, мәре (старт,финиш)

     Пәнаралық

    байланыстар                                   

жаратылыстану
    АКТ қолдану

     дағдылары

Ғаламторды   пайдалану, сабақты видео құралдарға жазып алу.
   Алдыңғы оқу

 

5.1.3.3.Қарапайым арнайы спорттықтехникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті білу және анықтау.
                                                           Сабақ барысы
Сабақтың жоспарлан-ған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет  

 

Ресурстар
 Сабақтың

басы

 

10 минут

 

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі.

Сабақтың тақырыбын таныстыру

ЖДЖ

Оқушылардың уәжін көтеретін

ертеңгілік бой сергіту жаттығулары

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

 

 

 

Әр әрекет үшін үлкен бос кеңістік.

 

Сабақтың ортасы

 

30 мин

Саралау арқылы оқушыларды топқа бөлу

1-топқа.№1 тапсырма: Дене қозғалыстарын реттеу мен жүгіру мен секіру техникаларды дамыту жаттытулар:

Кіші  спорт алаңды  аяқтың ұшымен, өкшемен, сырты және ішімен, жартылай, толық отырып жүру. Жүгіру бір қалыпта,спорт алаңын айналып жүгіру.

Ұзындыққа, алға, артқа оңға, солға секіру техникасын  орындау
2-топқа.№2 тапсырма:

Кезең кезеңімен орындау:

1.Бір аяғын қолымен ұстап, екіншісімен секіру 15 рет

2. Тізелерін сәл бүгіп, жүрелей  жүру 25 рет

3. Жүресінен отырып, жоғары секіруді 10-12 рет қайталау;

Барлық  жаттығуларды орындаған оқушыны  мадақтау,

Оқушылар өздерін өзі және өзара бағалайды

Кейбір оқушыларға орындау техникасын көрсете отырып орындату және алдын  ала дайындалуға, жасап көруге мүмкінділік беру

Бағалау критерииі;  А) Секіру:  (серпілу: аяқ ұшымен итерілу) дұрыс -1балл   бұрыс-0 балл

Б)Жүрелей жүру: (тізе бүгулі, дене тік)

С)екі аяқпен жерге қону: (аяқтың дұрыс түсуін)

Модел ретінде жақсы секіретін оқушы

Кім жылдам. Ойын аулада, спорт залында, класс комнаталарында ойнала береді. Ойыншылар ойынға екі-екіден қатынасады. Ортаға шыққан екі оқушы бір-біріне арқасын беріп, екі жаққа қарап тұрады. Аяқтарының арасын иықтарының деңгейімен бірдей етіп ұстайды. Сонан соң ойын жүргізуші екеуінің аяғының арасына ұзыннан-ұзақ белбеу тастайды да «бір, екі, үш» деп санайды. «Үш дегенде кім еңкейіп белбеуді бұрын алса, соның жеңгені. Бұл адамның өз денесін еркін меңгеріп, тез қимылдауының нәтижесінде жүзеге асады. Ойынға басқа ойыншылар шығады. Ойын жалғаса береді. Екінші кезекте әр жұптың жеңімпаздарымен арадағы жарыс болады. Ең соңында жеңген екі ойыншы қалады. Сол екеуінің қайсысы жеңіп шықса, сол жеңімпаз атанады

 

Секундамер

Жалауша

смартфон

Сабақтың

соңы

5 минут

 Сергіту жаттығулары:  Қолмен  көрсет

—          Екі қолды көтер:   білдім,  үйрендім

—          Бір қолды көтеру  —  түсініксіз

Қолдар төменде  — Әлі де жұмыс жасау керек                       Рефлексия:

1.      Жүгіру мен секіру жаттығуларын қалай орындайды?

2.      Дұрыс жүгіру мен секіру техникасын кім көрсетеді?

.
Дифференциалды оқыту:    — көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз?                           -кабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? Бағалау:                                                                      – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? Пәнаралық байланыс:                    — денсаулық және қауіпсіздік ережелері.              — АКТ.                                           — құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)
Топтық және жекелей жұмыстар қолдану арқылы  үлгерімі жақсы оқушылардың көмегімен қабілеті төмен оқушыларға қолдау жасауды жоспарладым. Оқушылар жүгіру мен секіру  тактикасы  мен стратегиясы не екенін біледі. Олар жүгіру мен секірудің жаттығуларын жасай алады, тактикалық әрекеттерді бірге қарастырады.

Өзіндік талдау және қалыптастырушы бағалау арқылы  сабақ барысында бағалау жүргізіледі.

Оқушылар сабақ барысында ҚТ ережелерін сақтайды.
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

 

 

 

Дұрыс  қойылған

 

Барлығы қол жеткізді

 

 

Дұрыс жүргізілді

Сақталды

 

Ауытқулар жоқ