Әсем сазды табиғат

 

Сынып: 4а, б              Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Бөлім 4-бөлім. Табиғат құбылыстары
17-сабақтың тақырыбы Әсем сазды табиғат
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 4.1.1.1 – музыкалық көркемдеуші құралдардың көмегімен, әуеннің жанрын, көркемдік образдарын анықтау және салыстыру;

4.1.2.2 – түрлі сипаттағы әндерді айтуда жеңіл, созып орындау дағдыларын көрсету.

 

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:

  • Әртүрлі көңіл күйдегі музыкалық шығарма мен әндер көркемдеуіш құралдар арқылы табиғат құбылстарын бейнелей алатынын біледі;
  • Музыкалық шығарманың көркемдік бейнесін, мазмұнын ажыратады, түсінігін айтады;
  • Әнді орындау талаптарын біледі, мүмкіндігінше іс жүзінде пайдаланады;

Көптеген оқушылар:

  • Әртүрлі көңіл күйдегі музыкалық шығарма мен әндер көркемдеуіш құралдар арқылы табиғат құбылстарын бейнелей алатынын біледі;
  • Музыкалық шығарманың көркемдік бейнесін, мазмұнын ажыратады, түсінігін айтады;
  • Әнді орындау талаптарын біледі, мүмкіндігінше іс жүзінде пайдаланады;

Кейбір оқушылар:

  •  Әртүрлі көңіл күйдегі музыкалық шығарма мен әндер көркемдеуіш құралдар арқылы табиғат құбылстарын бейнелей алатынын біледі;
  • Музыкалық шығарманың көркемдік бейнесін, мазмұнын ажыратады, түсінігін айтады;
  • Әнді орындау талаптарын біледі, іс жүзінде пайдаланады;
Бағалау критерийлері Оқушылар мақсатқа жетті:

·         Музыкалық шығарма мен әндер көркемдеуіш құралдар арқылы табиғат құбылыстарын бейнелей алатынын біледі;

·         Музыканың көркем бейнесін, мазмұнын ажыратады, түсінігін айтады;

·         Музыкалық шығармаларды жалпы талдайды, салыстырады;

·         Әнді талап бойынша орындайды.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • Тыңдалған шығарманы талдайды және сипаттап береді;
  • Музыкалық шығарманың мазмұнын ашады және көңіл күйін көрсетеді.

 

Құндылықтарды

дарыту

Музыкалық шығармалар мен әндер арқылы табиғатын, туған жерін құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Пәнаралық

байланыстар

Дүниетану, әдебиет, бейнелеу өнері.
Бастапқы білім Мен өнерлі өренмін
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар
Сабақтың басы

 

1-тапсырма. Үй тапсырмасын тексеру.

 

1.Дирижерлік кесте дегеніміз не?

2.Музыкалық өлшем дегеніміз не?

3.Бас, баритон, тенор дауыстарына сипаттама бер.

4.Сопрано, альт дауыстарының айырмашылығы неде?

 

2-тапсырма. Тыңдау. Талдау.

 

(М,О) Т.Молдағалиевтің «Ақ боран» әнін оқып, өлеңдегі табиғат құбылыстарына сипаттама беру.

1.Ақын бұрқасынды немен салыстырып отыр?

2.Боранның дыбысын естідің бе?

3.Боранның дыбысын қандай музыкалық аспаппен беруге болады деп ойлайсың?

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

(М,О) 17-соната. «Буря». Людвиг ван Бетховен

Жыл мезгілдері «Гроза». Антонио Вивальди

1.Музыка тақырыбы мен мазмұнындағы үйлесімділікті әңгімеле.

2.Қандай музыкалық аспаптарда орындалды?

3.Людвиг ван Бетховеннің 17-соната «Буря» шығармасының құрылымындағы үш бөлімнің орындалу айырмашылығн байқадың ба? Музыкалық терминдерді қолдана отырып талдап бер.

4.Табиғат құбылысын бейнелеу үшін композитор қандай көркемдеуші құралдарды қолданды? Берілген суретпен байланыстыра отырып орындалуын сипаттап бер.

 

 

 

 

5.Музыкадан алған әсеріңді әңгімеле.

 

3-тапсырма. Шығармашылық жұмыс.

 

Топтық тапсырманы орындаңдар.

1-топ. Өлең жолдарына табиғат құбылыстарын көрсететін дыбыстық композиция құрастырыңдар.

2-топ.Ырғақтық және динамикалық ансамбльдерді сақтап, топ мүшелерімен шулы және ұрмалы музыкалық аспаптарды қолдана отырып орындаңдар.

 

4-тапсырма. Зерттеу.

 

(М,О) Зерттеу жұмысында оқушылар камералық музыка, соната туралы ақпарат алады.

Камералық музыка (латын тілінен аударғанда, саmera – бөлме) – музыканың бір жанры. Шағын орындаушылар тобына, ансамбльдерге арналып жазылған аспаптық немесе вокалдық шығарма. Камералық музыка көбінесе адамның көңіл күйі мен лирикалық жан сезімін паш етеді. Музыкалық үнін әшекейлей түсетін көркемдік тәсілдерді ұтымды түрде пайдалану – камералық музыканың негізгі бір ерекшелігі.

Соната (итальян тілінен аударғанда «үн», дыбыс шығару» деген мағынаны береді) – камералық аспаптық музыка жанрларының бірі. Сонатаның классикалық түрі үш бөлімді: тез, баяу және өте тез орындалатын формада құрылады.

 

5-тапсырма. Әнді орында.

 

(М,Ұ) Сабақта  жаңа ән игеріледі.«Сырғанақ»(Музыкасын жазған: Н.Дүкенбай, сөзін жазған: С.Баязит).

Оқушылар әнді тыңдау және үйрену барысында орындаушылық ерекшеліктерін сипаттап отырады. Ән әуенін үйрену төртінші сыныптағы оқушылар үшін қиындық келтірмейді.

 

Оқулық, үнтаспа

 

https://www.youtube.com/watch?v=7pUrCPl1t04

 

https://www.youtube.com/watch?v=6lT8it3eQls

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 

6-тапсырма. Бағалау.

1.Сабақта берілген тапсырмаларды қалай орындадым?

2.Орындағанда қандай қиындықтарға тап болдым?

3.Өз дайындығымды қалай жақсартар едім?

Рефлексия.

– Мен не білдім?

– Бүгін мен не үйрендім?

–Мен үшін қандай тапсырма қиын болды?

-Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым?