«Алаша»

Тәрбиеші: Картаева.Т.С.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Алаша»

Мақсаты: Балаларға кеңістікті бағдарлай білуге түсінік беру; балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, заттың  пішіні туралы білімдерін жетілдіру; жұмысты ұқыпты таза жасауға тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: тұрмыстық заттар туралы әңгіме өткізу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: тұрмыстық заттар туралы әңгіме өткізу.

Сөздік жұмыс: Алаша.

Билингвальды компонент: алаша — алаша (палас), жолақ — полоска.

 

 

Оқу іс-әрекет кезеңдері Педагогтің  іс-әрекеті

 

 

 

Балалардыңіс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Ғажайып сәт:

—    Балалар, бүгін біздің топқа қонақ келді. Қонақты қарсы алыа амандасып,танысайық.

—    Мяу, мяу, мяу,

Мен кішкентай мысық — марғау. Балалар, бүгін мен күнімді сендермен өткізгім келеді. Сендер мені қабылдайсыңдар ма?

Балалар марғаумен амандаып, танысады.

 

 

— Иә қабылдаймыз.

Ұйымдастырушылық – ізденістік —   Балалар,  тыңдаңдаршы, бір шуылдаған дыбыс естіледі. Бұл кім болды екен?

—   Балалар,  бұл сиқырлы алашасы бар сиқыршы ағай екен. Ол сендерден көмек сұрап келіпті.

—   Көмектесесіңдер ме?

Онда сиқыршы ағайдың сұрақтарына жауап берейік. Бәріміз суретке қараймыз.

Сиқыршы ағай:

—   Балалар,  суреттен не көріп тұрсыңдар?

—   Иә, дұрыс айтасыңдар, алашаның суреті берілген.

—   Алаша қандай  фигураға ұқсас?

—   Қандай түсті жолақтардан жасалған?

—   Сендерді өнерпаз балалар деп айтады. Сондықтан сендерден көмек сұрап келдім.

—   Балалар,  менің ертегілер әлеміндегі ханзадаларым қиындыққа тап болды. Ол арға ұшатын алашалар керек.

Сөздік жұмыс: алаша.

—   Балалар,  көмектесеміз бе?

Бүгін біз сендермен бірге ертегілер әлеміндегі ханзадаларға арналған алшалар жасаймыз.

Билингвальды компонент: алаша — алаша (палас), жолақ — полоска.

Біздің алдын ала үлгіден қиып алып дайындағанкөк және қызыл түсті жолақтарды кездестіре отырып, тігінен солдан оңға қарай үлгідегідей етіп жапсырамыз.

Сергіту сәті.

Алладиннің алашасы қолымда,

Жерге жайып жібердім мен тұрдымда,

Томпаңдадым, топылдадым үстінде,

Бұл менің өңім бе, әлде түсім бе?

                                  У. Оспанова

Сиқыршы ағай, марғау және педагог түсінбеген, қолының икемі келмейтін балаларға нұсқау беріп көмектеседі.

Сиқыршы ағай:

— Балалар, мен сендерге ризамын.

Жұмысты ұқыпты және мұқият істейді екенсіңдер. Менің ханзадаларым риза болатын болды.

Көмектерің үшін сендерге көп рақмет.

Балалар дыбысты мұқият тыңдайды.

 

 

 

—  Иә.

Балалар суретке қарап, сұрақтарына жауап береді.

—  Алашаны.

 

 

—  Тіктөртбұрышқа ұқсас.

—  Қызыл және көк.

—  Сиқыршы ағайды тыңдап, көмектесуге тілек білдіреді.

 

 

Қайталайды  алаша.

— Иә, көмектесеміз.

 

 

Қайталайды: алаша — алаша (палас), жолақ — полоска.

Балалар педагогті мұқият тыңдап, оның жұмысты көрсетеніндей орындайды.

 

 

 

Өлең мәтініне сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.

 

 

 

 

 

 

Балалар өздерін мақтағанға қуанып, жасаған жұмыстарын тақтаға іледі.

Рефлекциялық -түзетушілік Рефлекция

—   Алашаның түсі қандай?

—   Алаша қандай  фигураға ұқсайды?

—   Сендерге жасаған алашаларың ұнайды ма?

—   Жарайсыңдар, балалар, бүгін өте әдемі алаша жасадыңдар!

—   Сиқыршы ағай және марғау балалармен қоштасады.

—  Көк және қызыл жолақты.

—  Тіктөртбұрышқа.

—  Иә, ұнайды.

Балалармен сиқыршы ағаймен және марғаумен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

жасайды: заттарды қағаз бетіне дұрыс орналастыруды;

түсінеді: ұқыпты және нұсқаумен жапсыруды;

қолданады:  түстер мен пішіндерді ажырата білуді.