Рационал сандарға амалдар қолдану
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарға амалдар қолдану
Сабақтың мақсаты:
- Рационал сандарға амалдар қолдану тарауынан алған білімдерін қайта пысықтау, толықтыру;
- Оқушылардың ойлау, есте сақтау, жалпы қабілеттерін дамыту;
- Оқушыларды математикалық дәлдікке, сауаттылыққа, шапшаңдыққа, адамгершілікке баулу.
Сабақтың түрі: білімді жүйелеу, сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырма
Көрнекілігі: ту, фигуралар, тірек-сызбалар, нақыл сөз, координаталық түзу, семантикалық карта.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, геометрия
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
- Сәлемдесу
- Түгендеу
- Сыныпты екі топқа 1. «Оң сандар»
- «Теріс сандар»
ІІ. Мақсат қою: Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту
ІІІ. Кіріспе сөз:
Ақыл – шырақ қара түнді ашатын,
Білім – жарық нұрын соған шашатын
ІҮ. Қызығушылықты ояту:
- «Сиқырлы квадрат» сұрақтарға жауап беру
1 | 2 | 3 |
4 | 5 | 6 |
7 | 8 | 9 |
1. а) Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең?
б) 20-ға қарама-қарсы сан? |
0-ге тең
-20 |
2. а) Теріс санға қарама-қарсы сан?
б) Оң санның модулі? |
оң сан
сол санның өзіне тең |
3. а) Рационал сан деген не?
б) оң санға қарама-қарсы сан? |
бүтін, бөлшек сан
теріс сан |
4. Теріс сандарды қосу үшін:
|
1) модульдерін қосу керек;
2) шыққан санның алдына «-» таңбасын қою керек. |
5. Таңбалары әр түрлі сандарды қосу үшін:
|
1) үлкен модульден кіші модульді азайту керек;
2) шыққан санның алдына модулі үлкен қосылғыштың таңбасын қою керек. |
6. Екі теріс санның бөліндісі
|
оң сан |
7. Таңбалары әр түрлі санның көбейтіндісі мен бөліндісі | теріс сан
|
8. а) қарама-қарсы сандардың модульдері қандай?
б) -11-ге қарама-қарсы сан? |
Тең
11 |
9. Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын қалай табамыз? | Оның оң жақ шеткі координатасынан сол жақ шеткі координатасын азайту керек. |
Ү. Мағынаны тану стратегиясы
«Рационал сан еліне» саяхат
Есептерді тақтада шешіп, шыққан мәнін координата жазықтығына белгілеу. Сонда «пропорция» деген сөз шығады. Анықтамасы мен негізгі қасиетін сұрау. Қасиеті: шеткі мүшелерінің көбейтіндісі ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісіне тең.
|
ҮІ. Сергіту стратегиясы
Семантикалық карта
1-топ «+» және «-» таңбасын бірінші рет енгізген ғалым.
1489ж чех ғалымы Я.Видман.
шешімі
берілгені |
-12 | 10 | 2 | -10 | -5 | -21 |
-6+(-6) | В | Т | Л | М | Н | О |
-8-2 | Ж | С | К | И | П | Р |
-5*(-2) | Л | Д | К | Г | Х | Ц |
-60:12 | Й | Н | И | К | М | А |
(-7)*3 | Е | Ы | Р | Т | И | А |
(-3)+5 | З | Ч | Н | Р | К | Я |
2-топ «*» және «:» таңбасын енгізген ғалым.
1684ж «:» және 1698ж «*» таңбаларын неміс ғалымы Г.В.Лейбниц енгізді.
шешімі
берілгені |
-4 | -8 | -7 | 80 | -14 | -10 | -2 |
-40:5 | Ж | Л | К | О | С | А | Р |
(-8)+(-6) | Т | С | З | Н | Е | В | О |
-40*(-2) | Х | Т | Б | Й | Б | С | Д |
(-7)+3 | Б | Р | Т | У | Х | И | Й |
(-5,7)+(-1,3) | Р | Х | Н | О | И | Т | М |
-60:30 | А | С | Е | Н | К | Я | И |
-7+(-3) | А | В | С | Д | Е | Ц | Ж |
ҮІІ. Ой қозғау стратегиясы
«Эстафета» қолдағы туды бір-біріне беру арқылы есептер шығару
1-топ 2-топ
ҮІІІ. Сабақты бекіту. Тест тапсырмаларын орындау.
І-тест
1. -15-ке қарама-қарсы сан А) -15 С) 1 В) 15 Д) 5 2. Теріс санның модулі А) оң сан С) жай сан В) бөлшек сан Д) теріс сан 3. -30: 2= А) -16 С) -15 В) 15 Д) 10 4. -7*(-3)= А) -28 С) 73 В) 29 Д) 21 5. -5+(-22)= А) 28 С) 29 В) -27 Д) 27
|
ІІ-тест
1. -20-ға қарама-қарсы сан А) 20 С) 2 В) -20 Д) -25 2. Оң санның модулі А) оң сан С) жай сан В) бөлшек сан Д) теріс сан 3. -20: 5= А) 4 С) 5 В) -4 Д) 6 4. -6*(-4)= А) 11 С) 24 В) 64 Д) -24 5. -6+(-11)= А) 17 С) -17 В) 18 Д) 5
|
ІХ. Сабақты қорытындылау. Венн диаграммасы
Х. Оқушыларды бағалау
ХІ. Үйге тапсырма: №591, №592 134-бет