Ароматты көмірсутектер.Арендер…

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пәні: химия.  Сыныбы:11- сынып

Мектеп: Астана қаласы №53 МЛ

Пән мұғалімі: Схаг Аманкельди

Сабақ тақырыбы: Ароматты көмірсутектер.Арендер… уақыты
Мақсаты: Оқу материалын 63% меңгерту үшін логикалық, сыни тұрғыдан ойлау шапшандығын, сөздік қорын дамыту  
Жаңа технологиясы: БжС технологиясы, «Ауызша сабақ -2» картасы  
Құрал- жабдықтары: Орынға отырғызу матирцасы (ООМ), ПЖ кестесі, тірек сөздер  
І. Ұйымдастыру кезеңі:

Мотивация

Оқушылармен сәлемдесу. Қызығушылықты ояту. Сыныпты белсендендіру үшін көшбасшы сөзі. Сабақ тақырыбы, мақсатын хабарлау. 2 мин
ІІ. Жаңа тақырыпты қабылдау Мұғалім кіріспе сөзі. 1825 жылы Фарадей жарықтандырғыш  газда  С-92,3%;  Н-7,7%. тұратын белгісіз көмірсутекті  ашты.

Арендердің алғашқы табылған мүшелерінің өздеріне тән жағымды иістері болғандықтан ароматты көмірсутектер дейді. Тарихи қалыптасып қалған бұл атау осы кезге дейін қолданылып келеді.Арендер – молекулаларының құрамында бензол сақинасы бар жалпы формуласы   болатын көмірсутектер.

Арендердің ең қарапайым мүшесі – бензол С6Н6

Бензол бромды сумен және калий перманганатының ерітіндісімен әрекеттеспейді. Бензол буы мен сутек газының қоспасы катализаторы қатысында әрекеттесіп, циклогексан түзеді:

Құрылымдық формуласын 1865ж неміс ғалымы А.Кекуле ұсынды

CH

CH            CH

 

CH            CH

CH

Оқушылар мәтінді мұқият зейінмен оқиды.  1 парағына-4мин. Тірек сөздерді тауып, айту. Тақтаға жазады. Тірек сөздің мағынасын мұғалім түсіндіріп өтеді.. Дайын  тірек сөзбен салыстырады.

Тірек сөздері:

1). Фарадей                          2). ароматты көмірсутектер

3). Арендер                          4). Жалпы формуласы

5). бензол С6Н6                    6). циклогексан

7). Тұйық тізбек                   8). Бензол сақинасы

9).Құрылымдық формула 10). бензол гомологы

11). тривиальді атаулар     12). фенил радикалы

13). бензил радикалы         14). Изомерлену

10 мин
ІІІ. Түсінуді ұйымдастыру Тірек сөздерді жаттауға уақыт беріледі 14 сөзге- 1мин 15сек. Жаттау уақыты аяқталған соң дәптерге жазу. Көршісімен алмасып, жазған тірек сөзін санау. 7 сөзден жоғары плюс алады. ООМ ұяшығына белгілеу. Қосу + алғандардың әділдігі тексеріледі. Матрицамен жұмыс. Тақтаға кезең нәтижесін жазу. 8 мин
ІҮ. Алғашқы түсінікті тексеру Қарама қарсы сұрау: мұғалім ООМ бойынша тақырыпқа байланысты сұрау. Оқушы жауап бермесе кез келген оқушыдан сұрау.Егер жауап алынбаса сыныптпн сұрау. Жауап берілмесе өзі жауап береді. Кезең аяқталған соң екі минусы бар оқушыға «Құтқару шеңбері» тасталып, сол оқушыларға үш сұрақ қойылады. Олар қол көтеріп минустарын жоя алады. Кезең аяқталған соң екі минусы бар оқушыға «Құтқару шеңбері» тасталып, сол оқушыларға үш сұрақ қойылады. Олар қол көтеріп минустарын жоя алады.  Қиылыс сұрақтары:

1). Арендерді қашан, кім, неден ашты? 1825 жылы, Фарадей, жарықтандырғыш  газдан  

2). Арендердің алғашқы табылған мүшелерінің қандай қасиетіне байланысты қалай атаған?  жағымды иісіне қарай ароматты көмірсутектер

3). Арендердің жалпы химиялық формуласы қандай?   

4). Арендердің ең қарапайым мүшесі қалай аталады?  Бензол            

5). Бензолдың салыстырмалы молекулалық массасы нешеге тең?

                                                                                       78г/моль

6). Бромды сумен және калий перманганатының ерітіндісімен әрекеттеспейді көмірсутек? Бензол

7). Бензол сутекпен әрекеттескенде қандай қосылыс түзіледі?

Циклогексан

8). Бензол құрылымдық формуласын ең алғаш ұсынған неміс ғалымы? А.Кекуле,1865ж

9). Бензол молекулалары неше бұрышты қандай тізбек түзеді?

Алты бұрышты, түйық тізбек

10). Ароматты көмірсутектерді жүйелеу номенклатурасы бойынша қалай атайды?     Арендер

11). Бензол молекуласының сутек атомдары көмірсутек радикалдарына алмасқанда қандай гомолог түзіледі?

                                                                           Бензол гомологы

12). — бұл қандай зат?  метилбензол

13). Бензолдың гомологтарын атау үшін қалыптасқан тағы қандай атаулар да қолданылады? тривиальді атаулар

14). Метилбензолды қалыптасқан тривиальді атауы қандай?

                                                                                     Толуол

15). С6Н5 — тобы қандай радикал деп аталады?  фенил радикалы

16). Изомерлену қандай гомологтан басталады? Этилбензолдан

17).  — қосылысының неше изомері бар? төрт изомері

18). С6Н5 –СН2  тобы қандай радикал деп аталады?

Бензил радикалы

8 мин
Ү. Бастапқы пысықтауды ұйымдастыру Бірінші нұсқа екінші нұсқаны тестілейді. І нұсқа тест тапсырмаларын құрастырып жатқан кезде, ІІ нұсқа оқушылары оқып дайындалады. ООМ ұяшығы бойынша сұрау. 8 мин
ҮІ. Талдау Жаңа тақырып бойынша түсінігіне тақырыптық сөздік қор (ТСҚ) өткізіледі. Оқушылар Эссе немесе шығарма түрінде жазады. 63сөз. Көмекші сөздер, жалғаулықтар саналмайтынын ескеру керек. 6 мин
Рефлексия Ең көп сөзі бар шығарма мен ең аз сөзді шығармалар оқылады. 2 мин
Бағалау Журналға баға қою нормативі: +4 болса «5»; +3 болса «4»; +2 болса «3»; «2» қойылмайды. 1 мин
Үй тапсырмасы «2», «3» алған оқушыларға үй тапсырмасы беріледі

(Оқулықта  68-бет параграфы 15.)