Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі

Тақырыбы:      Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі
Мақсаты:
Білімділік: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып — өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік: Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.

Көрнекілігі: слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет «Нұрсұлтан Назарбаев — тұңғыш президент» Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, «Балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінді, елбасы туралы бейне таспалар.
Түрі: дөңгелек үстел

Барысы:

Қазақстан Республикасы әнұранын айту

— Құрметті ұстаздар, ата – аналар,оқушылар! Барша Қазақстан халқы 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күні мерекесін тойлауға дайындалып жатыр. Осыған орай лицей бойынша апталық жоспарланып, салтанатты жиын, спорттық жарыстар, кітап көрмесі, тақырыптық кеш ұйымдастырылса, біз де өз тобымызда «Ел ертеңін ойлаған Елбасы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізіп отырмыз. /№1 слайд/
— Неліктен Тұңғыш Президент күні мерекесі 1 желтоқсанда аталып отыр? /Өйткені
1991 жылы 1желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады./

— Қазақстан Республикасында Президент сайлауы қай жылдан басталды?
— 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлауда 98, 7% дауыспен Н. Ә. Назарбаев сайланды.

Мұғалім:
— Соңғы сайлау қай жылы өтті?
2011 жылдың 3 сәуірінде сайлаушылардың 95, 5 процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

— Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолдары туралы не білеміз? (ойымызды ортаға салып көрелік)

1 — оқушы:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 — шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау — бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз — маз өнімдерін сатып, үй — ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата — анасын қатты құрмет тұтты.
(Мұғалімнің толықтыруы және суреттер көрсету)
2 — оқушы: Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.(слайд)
3 — оқушы: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
4 — оқушы: Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
5 — оқушы: 1991 жылы 1 — желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

Мұғалім: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев туралы біз тағы не білеміз және не айта алар едік?
Сол мақсатта «Менің Президентім» деген тақырыпта жазған бірнеше оқушының шығармаларын тыңдасақ.
Мұғалім: Шығармада аталғандардан басқа Елбасын қандай адам ретінде танисыңдар?
6 — оқушы: Елбасы үлкен саясаткер болуымен қатар жан — жақты дамыған тұлға, барлық қазақ азаматтары сияқты жылқыны жақсы көреді. Сондай — ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Ол кісінің «Елім менің» және «Үшқоңыр» әндері бар. Бұл әндердің сөзі Н. Әбішұлыныкі екенін біз мақтанышпен айтамыз.

«Үшқоңыр» әнін тыңдау.

7 — оқушы: «ХХІ ғасыр әлем саясаткерлері Н. Ә. Назарбаев туралы кітабында Еуропаның тіс қаққан кәнігі саясатшылары, мұхиттың арғы жағындағы алпауыттар бас түйістіріп, тілдесе қалса, біздің Елбасымыздың шешендігіне үйіріліп түсе қалады.
(слайдтан Әлем басшылары және Елбасы)

8 — оқушы: Өркендеп өскен Қазақстанның әлемдегі бүгінгі орны мен беделін мақтанышпен айтуға болады. «Ел – Елбасына тірек, Елбасы – елге қалқан. Бұл — бүгінгінің шындығы. Нұрсұлтан Назарбаев десе — Қазақстан; ал Қазақстан десе — Назарбаев ойға оралады деп, халықаралық қауымдастықтың мойындағанынан толық аңғаруға болады.
Сонымен қатар, «Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға — елдің тұғыры, Тұлға — елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Н. Ә. Назарбаев – осындай тұлға.»

9 — оқушы: Елбасы үнемі Қазақстанның түкпір — түкпірін аралап, барлық обылыстарда болып, елмен етене араласып, олардың жүрекжарды әңгімелерін тыңдап, жағдайларымен танысты.
Мұғалім: Н. Ә. Назарбаевтың жазған «Ғасырлар тоғысында» атты кітабында «Қазақтар талай жерде тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге құштарлық, азаттыққа құштарлық қайтадан жығылған еңсені көтеріп, тәуекелге бел буғызды.»
Мен өз халқымды сүйемін. Оның мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтаныш тұтамын. Қанша қиындық көрсе де, абзалдылығы мен сабырлылығын, басқа халықтарға деген сыйлаушылығын сақтай білген халықты, қазіргідей қиыр — шиыр тарихи сын кезеңде өзім ажырамас бөлшегіне айналып отырған асыл жұртымды, ХХІ ғасыр табалдырығынан аттап, өз талабын тағы бір сынап көргелі отырған тәуекелшіл ұлтымды қалай мақтаныш етпеспін. Қалайша бас имеспін.»

Тұманбай Молдағалиев «Есіл ер»
10 — оқушы:
Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік қоясың,
Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың.
Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндері,
Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.
11 — оқушы:
Халықтың мұңы мұңдайтынын да, халықтың жыры жырлар жыр,
Көкірегіңде көнермей әлі өткен де кеткен жылдар жыр,
Соңына ердік сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа,
Бақытқа баста байтақ еліңді, бақытсыздықтан құр қалдыр.

12 — оқушы:
Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені, санамыз, сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.
13 — оқушы: Н. Назарбаев — бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам. Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу — бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.
14 — оқушы: Астана — ҚР — ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы — Н. Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР — ның Үкіметі және Парламент көшіп келді. Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

Мұғалім: Кезінде Н. Ә. Назарбаев: «Егер келешекте қолымнан іс келетін азамат бола қалсам, қазақ деген халықты дүниежүзіне танытып, терезесін тең етер едім»,- деп армандаған болатын.
Жасыратыны жоқ, бүгінде асқақ арманын орындалды. Қазақты дүние жүзі таныды. Оның кең байтақ даласын, қазынасы мол жерін, дархан жатқан бейбіт елін дүниенің төрт бұрышы біледі.
Кезінде назардан тыс жатқан, материктің ортасындағы Орталық Азиядағы қазақ елі де сыртқы саясатта өз орнын айқындап, төрткүл дүниемен айналасы аз ғана уақыт ішінде байланыс орнатты. Ал ел өміріндегі осындай маңызды тарихи кезеңдерде мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың қосқан үлесінің орасан зор екендігіне ешкімнің күмән келтірмейтіні тарихи шындық,

17 — оқушы: «Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады — ау кісілік!
18 — оқушы
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен — кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
21 — оқушы
Қорытынды.
«Нұр аға» әні орындалады.

 

 

  • Отбасылық жағдайы /№29 слайд/
    Жұбайы — Сара Алпысқызы — Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.
    Дариға — саясат ғылымдарының докторы, «Хабар» Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы; /№30 слайд/
    Динара — Н. Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады; /№31 слайд/
    Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады. /№32 слайд/

Сонымен қатар Елбасымыз – Қазақстан халықтары ассамблеясының төрағасы. Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы. Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының, «Нұр Отан» халықтық демократиялық париясының төрағасы!

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тек Президент, қоғамдық қайраткер ғана емес, Қазақстандағы үлгілі бір отбасының отағасы. Жұбайы Сара Алпысқызы – Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.
Елбасының да үкілеп, мәпелеген үш қызы бар. Тұңғышы Дариға – саясат ғылымдарының докторы, Динара – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады, ал, кенжесі Әлия – бизнеспен айналысады.

 

 

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында
«Балалық шағымның аспаны»атты фильм түсірілді. Бұл кинода Елбасының балалық шағынан азаматтық жасына дейінгі өмір жолын қамтиды.
Көркем фильмнен үзінді көрсету.

 

«Ғасырлар тоғысында» еңбегінде. «Қазақстан жолы» атты кітабы, «Әділеттің ақ жолы», «Бейбітшілік кіндігі» еңбегінде,  «Өмірдерек» еңбегінде

Сабира апай: Бүгінгі тәрбие сабағымызда Елбасы еңбектерінің бірнешеуімен танысып ортаға ой салыстық. әлі бізге жетпеген туындылар қаншама, болашақта да танысып, ой бөлісеміз деп ойлаймыз. біздің мектебіміздің кітапханасы өте бай, кітапханашы Махамбетова Патима апайымызға сөз кезегін береміз. Патима апай: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар, сіздер жаңа Елбасы еңбектеріне өз көзқарастарыңызды айтып, ол еңбектерден мол тәлім — тәрбие ала алатындықтарыңыздыды атап айттыңыздар. Қазақ жастары үшін, елім деген ер үшін өткенді тану, тарихты терең пайымдап, оған әділ баға беру үлкен парасаттылық пен жауапкершілікті талап етеді, сондықтан да біз ел сенімін ақтар сіздерге, яғни жастарға сенеміз!

Сабира апай: Адамға ең алдымен еңбегінің жемісін көретін бейбіт күн, беймарал тіршілік, тәуелсіз ашық күн керек, осы елдің түп – тамыры мен тыныштығын қалайтын «Президент – ғасыр адамы» — Елбасымыз керек. Ауылға — жанашыр, іскер әкім керек, ал мектепке — кемеңгер, ойшыл, оқушының да ұстаздың жанын түсінетін басшы керек, дей келе мектеп директоры Найманбаева Ұлғанша Патшабекқызына сөз береміз.

 

Ой қозғау. Болашаққа саяхат «Егер де мен………»
Президент болсам….
Оқушылардың ой-пікірін тыңдау.

Ақылым өсіп,азмат болып еңселі,

Адам да болам,артатын маған ел сенім.

Үлгісі болған намысы ұлдың-елбасым,

Өзіңнен алам ұлылықтың нағыз өлшемін.

Талай елге танытып қазағыңды,

Өркениет өлкесіне өріс алдың.

Мойындатып туымды байтақ елге,

Тәуелсіздік төріне сен апардың.

Ата деп сені ардақ тұтады ұрпағың,

Тарихтан тартым бабалар жолын жалғадың.

Ерлік пен елдік мұратын ту ғып төбеңе,

Болашақ қамын,халқыңның қамын жырладың.

Еліммен бірге,есейіп өсіп толамын,

Ақылынтыңдап,үлкеннің тілін аламын.

Елінің қамын ойлаймын деген елбасы,

Қазақтың ұлы Назарбаевтай боламын!

 

 

 

 

Ииииииииииииииииииииии

1-оқушы:

Өйткені 1991 жылы 1желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.

 

 

2-оқушы:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

 

 

3-оқушы:
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

 

 

4-оқушы:
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
9-оқушы:Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

 

 

10-оқушы.1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

 

11-оқушы:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.

 

12-оқушы:1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Әнұранның сөзін жазған.

 

14-оқушы:Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр.Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.

15-оқушы:1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,

21-оқушы:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

22-оқушы:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

 

 

Барысы:
— Құрметті оқушылар! Барша Қазақстан халқы 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күні мерекесін тойлауға дайындалып жатыр. Осыған орай біз де өз сныбымызда « Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізіп отырмыз.
— Неліктен Тұңғыш Президент күні мерекесі 1 желтоқсанда аталып отыр?

 

 

1 – оқушы:

Өйткені 1991 жылы 1желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.

 

— Ал Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы не білесіздер?
Оқушылар өздері білетін мәліметтерін айтып шығады. Сосын жоспар бойынша дайындалған фактілерді слайд арқылы көрсетіп, түсіндіремін.
Балалық шағы.
• Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 — шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау — бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз — маз өнімдерін сатып, үй — ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата — анасын қатты құрмет тұтты.
Жұмысшы Нұрсұлтан.
• Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Президенттің саяси өмірбаянының бастауы /№6 слайд/
• Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
«Жылдар сөйлейді» айдарымен викториналық сұрақтарға жауап беріледі. /№7 слайд/ Экранда көрсетілген жылға сәйкес Республика өміріне байланысты фактілерді еске түсіріңіздер.
• 1991 /№8 слайд/
1991 жылы 1 желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады. /№9 слайд/
• 1991 жылдың 16 желтоқсаны. /№10 слайд/
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы
«Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады. /№11 слайд/
• 1992 жыл 4 маусым/№12 слайд/
1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді. /№13 слайд/
• 1993 жылы 15 қараша/№14 слайд/
1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы – Теңге айналымға енді. /№15 слайд/
• 1995 жыл 28 қаңтар /№16 слайд/
1995 жылы 28 қаңтарында тәуелсіз ҚР – ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды./№17 слайд/
• 1997 жыл
• 1998 жыл 10 маусым /№18 слайд/
Астана — ҚР — ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы — Н. Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР — ның Үкіметі және Парламент көшіп келді. Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады. 1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. /Астана көріністері/ /№19 слайд/
• 2006 жыл 7 қаңтар /№22 слайд/
• 2006 жылы 7 қаңтарда әнұран қабылданды.
Егемен елім әнұраны жаңарды,
“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды. /№23 слайд/
Сөзін жазған Жұмекен Нажмединов /1956 жыл/ және Нұрсұлтан Назарбаев /2005 жыл/.
Әні Шәмші Қадыаяқовтікі, 1956 жыл. /№24 слайд/
Оқушы өлең жолдарын жатқа айтады.
• Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады — ау кісілік!
— Мына кестеден Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Президент болып сайланған және өкілеттігін ұзартқан мерзімдерін көріп отырсыздар.
*1991жылы 1 желтоқсанда дауыспен (98, 7 %) жеңіске жетті.
*1995 ж. сәуірдің 29 — да жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.
* 1999 жылы қаңтардың 10 — да өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79, 78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
* 2005 ж. желтоқсанның 4 — інде сайлаушылардың 91, 5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды. /№26 слайд/
• Ғылыми атақтары /№27 слайд/
Экономика ғылымдарының докторы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясыың, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл — Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
• Басқа лауазымдары мен мансаптары /№28 слайд/
*Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.
*Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы.
*Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы.
*Нұр Отан Халықтық — демократиялық партиясының төрағасы.
*ОБСЕ — нің бас төреғасы
• Отбасылық жағдайы /№29 слайд/
Жұбайы — Сара Алпысқызы — Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.
Дариға — саясат ғылымдарының докторы, «Хабар» Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы; /№30 слайд/
Динара — Н. Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады; /№31 слайд/
Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады. /№32 слайд/

 

10 — оқушы:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – еліміздің 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының, Қазақстан Республикасы Әнұранының жаңа мәтінінің, «Ғасырлар тоғысында», «Жер кіндігі», «Нарық және әлеуметтік – экономикалық даму» тәрізді бірнеше кітаптардың, ғылыми еңбектердің авторы. Бос уақытында үлкен тенниспен айналысады, өлең шығарады, сүйікті әндерін тыңдайды.

 

Ел көркейіп, Елбасымыз бізді бұдан да жарқын өмірге бастай берсін! Көріскенше күн жақсы!

 

 

 

Біздің Елбасымыз – білімділігімен, парасатты саясатымен, тәжірибесімен бүкіл адамзатты болашаққа бейбіт жолмен жетуге шақырған үлкен тұлға.
Енді назарларыңызды әлем елдерінің бірқатар басшыларының президентіміз туралы айтқан жылы лебіздеріне аударайық.
(слайдтан әр мемлекет басшысымен түскен суреті көрсетіледі).
Кофи Аннан – БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы: «Қазақстанның ТМД-ның басқа елдерінен айырмасы сонда – бұл елде бейбіт өмір мен тұрақтылық орнап, экономикалық өрлеу байқалады.
Қазақстан түрлі ұлттар бейбіт қатар өмір сүріп жатқан, этникалық саналуандық тартыстың емес, қайта татулық нышанына айналған мемлекеттің үлгісі бола алады».
Ким Дэ Чжун – Корея Республикасының Президенті: «Оның демократиялық, саяси және экономикалық өзгерістерді ойдағыдай іске асырып жатуының айғағы оларды әлемдік қоғамдастықтың кеңінен тануы болып отыр.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан жан-жақты дамып келеді».
Эмомали Рахмонов – Тәжікстан Президенті: «Ашық-жарқындығы, шыншылдығы, тартымдылығы, адамға деген сүйіспеншілігі – мұның бәрі де Нұрсұлтан Әбішұлының табиғатына тән қасиеттер.
Қазақ жұртының, елінің, көп ұлтты халқының алдындағы, тарихтың алдындағы жоғары жауапкершілік сезімі оның бойынан әмәнда ажыраған емес.
Ол ұлы ұйымдастырушы ретінде Қазақстанды Кеңестен кейінгі кеңістіктің дамыған мемлекеттерінің біріне айналдырды. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саладағы табыстары тағлым аларлық.
Нағыз басшы осындай нәтижелерге жете алады, бұл жағынан алғанда Нұрсұлтан Әбішұлы – өз халқының даусыз басшысы».
Джордж Буш – Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті: «Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев.
Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан жаппай қырып жоятын қаруды таратпау ісінде әлемнің жетекші елдерінің біріне айналды. Құрама Штаттар, сонымен қатар Қазақстанға терроризмге қарсы жаһандық күресте көрсеткен достығы мен ынтымақтастығы үшін, соның ішінде «Қазбаттың» Ирактағы үздік қызметі үшін ризашылығын білдірді».

 

Тәрбиеші: балалар енді Елбасымыздың дәрежесін атайық.
(Елбасы портреті айналасына қағазға жазылған дәрежелері қойылады )

Қазақстанның тұңғыш президенті
Қарулы күштердің Жоғарғы Басқолбасшысы
Қазақстан халықтары Ассамблеясының төрағасы
Қазақтардың Дүниежүзі Қауымдастығының төрағасы
«Ғасыр адамы»
Экономика ғылымының докторы, академик
Әнұранның авторы, жазушы
Бейбітшілік пен қауіпсіздіктің жаршысы
Алымды да, алғыр басшы
Көреген саясаткер

Қорытынды: Құрметті тәрбиешілер, оқушылар бүгінгі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.