10 сыныпқа арналған  «Графикалық бейнелер» үйірмесінің жоспары

 

Түсінік хат

 

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің  даму  стратегиясының  негізгі  бағыттарының бірі,  себебі                ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық  орта  мен  адамның  өзара  қарым-қатынасын   үйлесімді етудегі  және  жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды  бөлігі  болып  табылатын  ақпараттық  бейнесін  қалыптастырудағы  алатын орнымен қамтамасыз етіледі.
Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды  қалай дайындап, оларға қандай программалық  құралдарды  үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Мектеп бітірушілер компьютерлік сауаттылықты  меңгеріп шығады, бірақ келешекте олар программист, инженер, жүйе администраторы болуы міндетті емес. Дегенмен кез-келген шығармашылық мамандық сізден қазіргі заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгеруге талап етеді.       Тез дамып   келе жатқан   қоғамның   қай   саласына   болмасын, нәтижелі   жұмыс көрсете алатын, жаңа   типті маман керек. Қазіргі заман талабы  мамандарға  нарық   еңбегін  құрайды.  Болашақ   маманның   құндылығы – оның  өз  бетінше  дұрыс  жауапты  шешім    қабылдауға  қабілетті, бірігіп  топпен  жұмыс істеуі, алдына  қойған   мақсатының   нәтижелі  жетістіктерін  көру, қолайсыз  жағдайларда  әрекет   ете  білуі, білім шыңын   игеруге   талаптануы. Қазіргі   мектеп    бітірушілер   өз   білімін   жалғастыруда   болашақ    мүмкіншілігін бағыттай   алмауы,  ол  мемлекет   дамуының  экономикалық, технологиялық   және  қорғаныс  потенциалы  мен   болашақ  кәсіби   іс-әрекетінің  қарым – қатынасының    жоқтығында.   Бұл  жағдайдан  шығудың   бірден – бір  жолы  жоғарғы   сынып  оқушыларына   болашақ   кәсіби  әрекет   саласына  бағдарлау,  мектеп   жұмыстарына   маңызды   өзгерістерді   енгізу болып табылады.

Оқытудың  негізі  мақсаты  оқушылардың  оқу  процесінде  компьютерлік  технология  арқылы өз  бетінше  тиімді  білім  алуы  және  өзін – өзі  анықтауы  үшін мүмкіндік туғызу   болып  табылады. Оқыту  мазмұны  информатиканың дүниетанымдық   және  пайдаланушылық  аспектілерін  қалыптастыруға бағытталған. Мұндай  мазмұн мемлекеттік  ақпараттандыру    бағдарламасының  мақсаты  мен  міндеттерінен  туындайды. Ол  компьютерді  оқу  құралы   ретінде  оқушылардың  оқу – танымдық  қызметіне  тұрақты  пайдалануын  көздейді. Бұл  бағдарламаның  мазмұны  оқушылардың оқу  танымдық   қызметінде  компьютерлік  техниканы  еркін  пайдалану  дағдысын қалыптастыруға   қажет  материалдарды қамтиды  және  ақпараттық  технологияны  кеңінен пайдалану  жағдайындағы  оқуға  даярлайды. Үйірме аптасына 1 сағаттан жалпы көлемі 34 сағатқа есептелген.

 

 

Мақсаты:

Оқушылардың  ғылыми  дүниетанымдық негізін  қалыптастыру, оқушылардың  кәсіби    өзін-өзі анықтауға  арналған   құзыреттілігін  қалыптастыру және  оқушылардың ойлау  қабілетін  дамыту. Оқушыларды өмірге, еңбекке  және  білімдерін  одан әрі  жалғастыруға  даярлау.

Міндеттері:

—         Ғылымның  негізін  қалайтын  үш  ұғымның (зат, энергия, ақпарат) бірі  болып  есептелетінін, қазіргі  таңдағы  әлем  бейнесін  құрудың  негізін  құрайтын,  ақпарат  ұғымын  қалыптастыру;

—         Қоршаған  ортаны  жаңа – ақпараттық  тұрғыдан  зерттеу  көзқарасын  қалыптастыратын  ақпараттық  үрдістерді, табиғат, қоғам, техника  аймақтарында  қарастыру;

—         Оқушылардың  теориялық,  шығармашылық  ой  қабілеттерін  арттыру;

—        Ақпараттандыру  құралдары, ақпараттық  технологиялар  саласында  білім,  білік  және дағдыларды  қалыптастыру  және  оларды  дамыту;

—         Формалдау,  модельдеу,  компьютерлік  тәжірибе  және т.б.  ғылыми танымның  жаңа  әдістерімен  қаруландыру

Оқушылардың дайындығына   қойылатын талаптар:

—         Графикалық бейнелердің айырмашылығын ажырата білуді;

—         анимация ұйымдастыру негіздерін;

—         презентация жасау ережелерін;

—         Басып шығару публикациясын құру және өзгерте білуді ;

—         Файлдарды жазу және монтаждауды;

Үйірме  мазмұны:

Кез келген бағдарламаны  еркін  пайдалану  дағдысын қалыптастыруды және  компакт дискілер немесе драйверлер арқылы қолданбалы бағдарламаларды өз беттерінше орнатуды қамтиды.

Power Point бағдарламасында   слайд-фильм  құру. MS Publisher   бағдарламасымен  макет  құру, маркетингтік материалдарды жасау, басып шығару және жаңа нысанды туралау технологиясы мен жаңа фотосурет орналастыру мен басқару құралдарын тиімді пайдалану.

Adove  Photoshop бағдарламасында  суреттерді, мәтіндерді өзгертуді, түрлендіруді, түстер палитрасымен жұмыс істеуді, суреттерді еңгізуді және шығаруды, контурларын ерекшелеуді, түс тандауды, сурет фильтрін тандауды, өлшемі мен кеңейтілімін өзгертуді, суреттерді  басып шығаруды меңгерту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 сыныпқа арналған  «Графикалық бейнелер» үйірмесінің жоспары

 

Тақырып Сағат саны Мерзімі
1 Бағдарламамен қамтамасыз ету. Компакт дискіден бағдарламаны  іске қосу, орнату 1
2 Графиктік деректер туралы   жалпы мағлұмат.  Үлгітүр және дизайн. 1
3 Power  Point бағдарламасы  слайд   құру. 2
4 Презентация жасау, безендіру  жолдары,  демонстрациялау 2
5 Автомазмұн шебері көмегімен презентация жасау 2
6 Үлгітүр көмегімен жұмыс жасау 1
7-8 Шығармашылық жұмыс 2
9 MS Publisher   бағдарламасымен жұмыс, параметрлері, макеті 1
10-11 Басып шығару публикациясы 2
12 Бос публикация 1
13-14 Шығармашылық жұмыс 2
15 Adove Photoshop бағдарламасымен танысу 3
16 Бейнелерге сурет салу, редакторлау 1
17 Мәтінмен жұмыс жасау негіздері 2
18 Фотолармен жүргізілетін тәжірибелер 2
19-20 Шығармашылық жұмыс 2
21 Гипертекст, гиперссылка 1
22-23 Үлгітүр көмегімен торап құру 2
24 Шебер көмегімен торап құру 2
25-26 Шығармашылық жұмыс 1
27 Қайталау 1

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға

міндетті стандарттары Алматы – 2002

  1. Интернетке кіріспе(әдістемелік құрал)     Алматы – 2004
  2. 3. Информатика негіздері№ 1 – 6     2005 жыл