Арулар — асыл жандар!

«№45 бейімделген орта мектебі» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арулар — асыл жандар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген: «Жас Ұлан» ұйымы ұлдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өскемен қаласы

2017-2018 оқу жылы

 «Жас Ұлан» ұйымы ұлдарының «Жас Ұлан» ұйымы қыздарын 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтау концерті

Арулар – асыл жандар!

 

1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл — бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті, жан аналар!

 

2-жүргізуші:

Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын апалардың баласы бар деп, Диас пен Эльдосты қарсы алайық!

Диас

Мерейлі сәт мерекеге ұласып,

Сегізінші наурыз келді қыр асып.

Қыз-келіншек, нәзік жандар мейрамы-

Көктемімнің шапағатын тұр шашып.

 

Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,

Мерекеден шуақты бір із қалды.

Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,

Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!

 

Дүниеде ең кемеңгер дананы,

Ана табады, аялайды бағады.

Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,

Құрметтейік қасиетті – ананы

 

Эльдос

8 Наурыз 2018 жыл көктемі,

Қыстың кетті аязының өктемі.

Мерекеңіз құтты болсын ханымдар,

Күндей болып жарқыраңдар көктегі!

 

Әйел, қыздар сендер көктем гүлісің,

Ақындардың өлең арнар жырысың.

Ұрпақ жалғап, өмір сыйлап адамға,

Ғасырларға жалғасады бұл ісің.

 

Сұлусыңдар күн нұрынан жаралған

Шапақтарың бар әлемге таралған,

Гүлдеріне жаз күнінің ұқсайсың,

Орындалсын жүректегі бар арман!

 

1-жүргізуші:

Қыз емес, қыздың аты қызыл алтын,

Көрінер толған Айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын, — дей келе келесі кезекті «Баяу» әніне береміз.

 

Ойын

Қатысушыларды қатарға тұрғызып, соңында тұрған оқушыға бір суретті көрсетіп, оны алдында тұрған оқушының арқасына салу тапсырылады. Ойын осындай ретпен жалғасып, ең алдында тұрған оқушы оны қағазға салып беруі тиіс.

 

 

2-жүргізуші:

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, — дей отырып келесі кезекті биші ұлдарымызға береміз.

Би: Бек, Абзал, Айқын, Ералы.

1-жүргізуші:

Дауысына сүйсініп тамсанайық
Ерке ұлдың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!
Ән «Алтыным». Орындайтын Ералы

 

2-жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, — деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Ән: «Әлемнің жарығы» ұлдардың орындауында қабыл алыңыздар!

Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды, — дей келе ұлдардың сіздерге арналған тартуларын қабыл алыңыздар. Барлығы хормен «Мерекелеріңізбен» деп айтады.

 

Ойын

 

Ән: «Сөйле»

 

Вальс: ұйым қыздарын вальске шақыру

 

1-жүргізуші:
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың, – дей келе құттықтау сөз кезегі «Жас Ұлан» ұйымы ұлдарына беріледі.
Тілектер, құттықтаулар. (Бек, Абзал, Айқын, Ералы, Эльдос, Диас)

 

 

1-жүргізуші:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен концертіміз аяқталды.

Көңіл қойып тыңдап, қатысқандарыңызға көп рахмет! Тағы да мерекелеріңізбен!