Жігіт сұлтаны-2019 (22.02.2019)

«№45 бейімделген орта мектебі» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жігіт сұлтаны-2019

(22.02.2019)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: педагог-ұйымдастырушы

Унасов С.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өскемен, 2019 ж

«Жігіт сұлтаны-2019» байқауы

1-жүргізуші:

Армысыздар ағайын, құрбы-құрдас!

Бармысыздар, жан күйер әз-қауымдас!

Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық

Сайыста көңілменен қол соғалық.

 

2-жүргізуші:

Біздерде ойын-сауық басталады,

Тамаша күй тартылып ән салады.

Қошеметтеп қол соғып отыралық,

Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды.

 

1-жүргізуші: 

Мектебімізде «Жігіт сұлтаны» байқауы әр оқу жылында дәстүрлі түрде 5-7 сыныптар арасында өткізіліп тұрады. Десекте биылғы сайысқа аздаған өзгеріс енгенін айта кетсек. Биылғы оқу жылында мектебіміздегі «Жас Ұлан» ұйымының сұрауымен сайыс 8-10 сыныптар арасында өткізіледі.  Жыл сайын қатысушылар саны артып, небір таланттар өз өнерлерімен талайды таңдай қақтыратын «Жігіт сұлтаны — 2019» байқауына қош келдіңіздер!!!

 

2-жүргізуші:

Сайыс десе таза біздің арымыз,

Жалындайды сайысқанда жанымыз.

Сайысатын жігіттерді бүгінгі,

Қарсы алайық қошеметпен бәріміз.

 

1-жүргізуші:

8 «А» — Шыңғысхан Шыңғыс

8 «Б» — Оралқанов Әділет

8 «В» — Сафарбай Диас

9 «А» — Рахимов Асанали

9 «Б» — Бейбітұлы Эльдос

9 «В» — Шагыманов Ерасыл

10 «А» — Андаусызов Бек

10 «Б» — Қожахмет Абзал

 

2-жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап жігіттерімізге  әділ бағасын беретін алтыннан ардақты, күмістен салмақты әділқазылар алқасымен таныс болайық.

 

  1. Тәрбие ісінің меңгерушісі – Кабдуалиева Айнагуль Кәкімқызы

 

1-жүргізуші:

 

  1. «Бәйтерек» әкелер кеңесі төрағасының орынбасары – Нурмуханбетов Қуаныш Кайролдинович

 

2-жүргізуші:

  1. 2013-2014 оқу жылының түлегі – Мамырбеков Ернар Ерболатұлы

 

1-жүргізуші:                   

  1. Қалалық әкелер кеңесінің төрағасы, әкелер мектебінің директоры – Садуақасов Ертісбек Қайырбайұлы

 

2-жүргізуші:

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Сұлтаны деп мектептің жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Ал жігіттерге сәттілік тілейікші.

 

1-жүргізуші:

Олай болса қошеметтеп жігіттерімізді сахна сыртына шығарып салайық.

 

2-жүргізуші:

Жігіттер, бар өнерін салары анық,

Өнегелі, тәлімді алған қанып.

Ал ендеше таныстырып өтейін мен,

Бөлімдерін сайыстың бөліп-жарып.

 

1-кезең — Тегімді менің сұрасаң… (өзін-өзі таныстыру ) 3-мин

2-кезең — «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өнер сайысы  (жеке немесе сыныппен бірлескен түрде болады) 5-мин

3-кезең — Қамшы өру (6 таспалы қамшы) 3-мин

4-кезең — «Сәнін берсін Сәкеннің» (қазақтың ұлттық сән үлгісі) 3- мин.

5-кезең – «Ескірмейтін есті сөз» (сұрақ-жауап, білімдері сыналады)

 

1-жүргізуші:

Ескерту:

  1. Сахна мәдениеті, киім үлгісі, жатқа айтуы, мәнері бағаланады. (Слайд арқылы таныстыру қажет емес және ғаламтордан алынған бірдей мәтін қабылданбайды)
  2. Өнерге ән айтса жанды дауыста айту, жазып әкелінген ән қабылданбайды.
  3. Қамшыны 3 минут ішінде барлық талапқа сай, босатпай тартып өру.
  4. Қазақы нақышта ер баланың ұлттық киімін насихаттау.

 

2-жүргізуші:

Белгіленген уақыттан асып кеткен жағдайда, қанша минут асады сонша балл алынып тасталынады.

 

1-жүргізуші:

Өнер қуып жігіттер өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәсекеге түскен сегіз жігіт кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін.   «Тегімді менің сұрасаң…» ТАНЫСТЫРУ кезеңі

8 «А» — Шыңғысхан Шыңғыс

8 «Б» — Оралқанов Әділет

8 «В» — Сафарбай Диас

9 «А» — Рахимов Асанали

9 «Б» — Бейбітұлы Эльдос

9 «В» — Шагыманов Ерасыл

10 «А» — Андаусызов Бек

10 «Б» — Қожахмет Абзал

 

2-жүргізуші:

Таныс болдық жігіттер тегіменен

Туып өскен мекені, еліменен.

Бәрі де ақын көрінеді,

Таныстырып кетті ғой төгіп өлең,-дей отырып, әділқазылар алқасының жігіттерімізге берген бағаларымен таныс болсақ.

8 «А» — Шыңғысхан Шыңғыс

8 «Б» — Оралқанов Әділет

8 «В» — Сафарбай Диас

9 «А» — Рахимов Асанали

9 «Б» — Бейбітұлы Эльдос

9 «В» — Шагыманов Ерасыл

10 «А» — Андаусызов Бек

10 «Б» — Қожахмет Абзал

 

1-жүргізуші:

«Еңбек ердің-санаты, білім елдің қанаты» демекші адам ақыл-парасатымен сұлу, ақылды жігіт ата-анасының жанып тұрған шырағы емес пе?

Қазақта жігіттерді былай деп атаған!

«Көсем жігіт» — ел басқаратын жігіт,

«Шешен жігіт» — дау шешетін жігіт,

«Батыр жігіт» — еліне қамқор жігіт,

«Сері жігіт» — аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт. Олай болса сері жігіттеріміздің  өнерін тамашалап, көңіл сергітейік.

Келесі шартымыз өнер көрсету.

«Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өнер көрсету кезеңі

 

2-жүргізуші:

Олай болса 1-болып өнер көрсететін

8 «А» — Шыңғысхан Шыңғыс

8 «Б» — Оралқанов Әділет

8 «В» — Сафарбай Диас

9 «А» — Рахимов Асанали

9 «Б» — Бейбітұлы Эльдос

9 «В» — Шагыманов Ерасыл

10 «А» — Андаусызов Бек

10 «Б» — Қожахмет Абзал

 

2-жүргізуші:

Әділ қазылар өнерлі жігіттерімізге қандай баға берді екен?

8 «А» — Шыңғысхан Шыңғыс

8 «Б» — Оралқанов Әділет

8 «В» — Сафарбай Диас

9 «А» — Рахимов Асанали

9 «Б» — Бейбітұлы Эльдос

9 «В» — Шагыманов Ерасыл

10 «А» — Андаусызов Бек

10 «Б» — Қожахмет Абзал

 

1-жүргізуші:

Шеберлерім өнер тамып қолынан
Жаңылмаған ата-баба салтынын
Шебер қолдар өз өнерлерін көрсетсін
Біз айталық төрелігін  соңынан

Сайысымыздың тағы бір  түрі «Қамшы өру». Яғни жігіттеріміз 6 таспадан тұратын қамшы өруі шарт. Берілетін уақыт 3 минут. Қатысушыларымызды ортаға шақырып алсақ.

8 «А» — Шыңғысхан Шыңғыс

8 «Б» — Оралқанов Әділет

8 «В» — Сафарбай Диас

9 «А» — Рахимов Асанали

9 «Б» — Бейбітұлы Эльдос

9 «В» — Шагыманов Ерасыл

10 «А» — Андаусызов Бек

10 «Б» — Қожахмет Абзал

 

2-жүргізуші:

Қазыларымыздың әділ төрелігіне құлақ түрелік.

8 «А» — Шыңғысхан Шыңғыс

8 «Б» — Оралқанов Әділет

8 «В» — Сафарбай Диас

9 «А» — Рахимов Асанали

9 «Б» — Бейбітұлы Эльдос

9 «В» — Шагыманов Ерасыл

10 «А» — Андаусызов Бек

10 «Б» — Қожахмет Абзал

 

2-жүргізуші:

Келесі кезең «Сәнін берсін Сәкеннің» деп аталады. Біздің жігіттеріміз әдемі ұлттық нақышта безендірілген киім үлгілерін көрсетеді. Олай болса алғашқы болып сән үлгісін көрсететін

8 «А» — Шыңғысхан Шыңғыс

8 «Б» — Оралқанов Әділет

8 «В» — Сафарбай Диас

9 «А» — Рахимов Асанали

9 «Б» — Бейбітұлы Эльдос

9 «В» — Шагыманов Ерасыл

10 «А» — Андаусызов Бек

10 «Б» — Қожахмет Абзал

 

1-жүргізуші:

Сымбаты мен сәні келіскен жігіттеріміздің бағаларын біліп алсақ.

8 «А» — Шыңғысхан Шыңғыс

8 «Б» — Оралқанов Әділет

8 «В» — Сафарбай Диас

9 «А» — Рахимов Асанали

9 «Б» — Бейбітұлы Эльдос

9 «В» — Шагыманов Ерасыл

10 «А» — Андаусызов Бек

10 «Б» — Қожахмет Абзал

 

2-жүргізуші:

Енді ақыл-ой тереңдігін, ой ұшқырлығын сарапқа салатын да кез келген сияқты. Олай болса келесі шартымыз «Ескірмейтін есті сөз»  деп аталады. Бұл кезеңде жігіттеріміз 2 сұраққа жауап береді. Барлық жігіттерді ортаға шақырамыз.

 

1-жүргізуші:

Сұрақтар сіздерге алдын-ала дайындалған. Ұсынылған билеттерден кезекпен таңдап аласыздар. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Сұраққа жауап бермес бұрын, сұрақтың номерін және сұрақты оқисыздар.

 

 2-жүргізуші:

Әділ қазылар алқасы жігіттеріміздің ұпайын берсеңіздер.

 

1-жүргізуші:

8 «А» — Шыңғысхан Шыңғыс

8 «Б» — Оралқанов Әділет

8 «В» — Сафарбай Диас

9 «А» — Рахимов Асанали

9 «Б» — Бейбітұлы Эльдос

9 «В» — Шагыманов Ерасыл

10 «А» — Андаусызов Бек

10 «Б» — Қожахмет Абзал

 

2-жүргізуші:

Келесі құттықтау сөз мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі Серикбаева Алия Елғазықызына беріледі.

1-жүргізуші:

Әділ-қазылар алқасының шешімі дайын болғанша мектебіміздің «Жас Ұлан» ұйымының өнерін қарсы алыңыздар

 

2-жүргізуші:

Әділ төрешілеріміздің бағалары дайын болған сияқты. Олай болса сері жігіттерімізді қошеметпен ортаға шақырайық

 

1-жүргізуші:

Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Жеңімпазды анықтау үшін әділ қазылар алқасына сөз берейік.

 

2-жүргізуші:

Бүгін жігіттеріміз нағыз тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз. Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын!

 

Бірге: Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!