«Не қалай дыбыстайды?»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің  технологиялық картасы.

Күні, айы, жылы: 14.01.2019 жыл.

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі:  Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Не қалай дыбыстайды?»

 Міндеттері:

Білімділік: Үй жануарларымен таныстыру. Төрт түлік малдың пайдасын, олардың өзіндік ерекшеліктерін айту.

Дамытушылық: Дыбыстарды дұрыс айтуға, сөздік қорын дамытуға көмектесу. Әр жануарды қалай шақыру керектігін, төлдерімен таныстыру, түсіндіру.

Тәрбиелік: Үй жануарларына деген қамқорлыққа тәрбиелеу.Оларды күтіп баптау жолдарын үйрету.

Жабдықтар: : Төрт – түлік суреттері,жұмсақ ойыншықтары, жайлаудың көрінісі

Қостілділік компонент: Сиыр –Корова, түйе − верблюд, жылқы-лошадь, ешкі — коза, қой-баран.

Сөздік жұмыс: Сиыр, қой, ешкі, түйе.

Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері:

Салем аспан

Салем жер

Салем балабақшам

Салем жер

Шеңберге тұрып,өлең жолдарын айта отырып көңіл- күйлерін көтереді.Бір-бірімен амандасады
Ұйымдастыру – іздестіру —  Балалар, көңіл күйлерін қалай?

Ендеше балалар бүгін біздер  оқу қызметінде «Не қалай дауыстайды?» яғни, үй жануарларымен және олардың қалай дыбыстайтынымен танысамыз.

Сіздер қандай ертегілерді білесіздер?

Жарайсындар,балалар, қазақ халқы мал шаруашылығымен айналысқан. Малды мінсең көлік, жесең ет, ішсең сүт, ал терісінен киімдер тігуге болады. Сондықтан қазақ халқы төрт түлік малдың әрқайсысына ерекше қараған, қамқорлық жасап, күтіп-баптаған. Оларға шөп, жем, су беріп таза қорада ұстаған.

Төрт түлікпен таныса отырайық

Мына суреттегі қандай жануар?

-Дұрыс. Оның төлін (баласын) қалай атаймыз?

-Дұрыс балалар . түйенің баласын көс-көс деп шақырады. Түйе бізге шұбат береді. Түйе бірнеше күндік аштық пен шөлге шыдайды.

Ал, балалар, бұл қай жануар? (суретін көрсету)

-Дұрыс, жылқының төлін не деп атаймыз?

-кісінейді

-Дұрыс , ал қалай дауыстап шақырамыз?

-қырау-қырау»-деп шақырамыз

Бие бізге қымыз береді балалар!

Енді кезек мынау қандай жануар?

-Дұрыс, сиырдың төлін қалай атаймыз?

-Дұрыс , сиырды қалай шақырамыз, ол бізге не береді?

-«Аухау-аухау»-деп шақырамыз. Сиыр бізге сүт береді

-Дұрыс айтасыңдар, сүттен неше түрлі тағамдар әзірлеуге болады, балалар.

Ал, балалар, мына суретте не бейнеленген?

-Дұрыс , ол қалай дыбыстайды, төлін қалай атаймыз ?

-«мә-мә-мә» деп дыбыстайды. Төлін қозы деп атаймыз

-ал қалай шақырамыз ?

-«Пұшайт-пұшайт» деп шақырамыз

-Дұрыс, балалар

-Ал, балалар енді бізде қандай жануар айтылмай қалды, кім табар екен?

-Дұрыс , ешкінің төлі қалай аталады?

-Дұрыс, қалай шақырамыз?

-«Шөре-шөре» деп шақырамыз.

-Ал балалар мына суретте қандай жануарлар тұр.

-Өте жақсы ит пен мысық екен.

Міне біз төрт түлікпен мысық пен итпен таныстық. Олардың әрқайсысының өз атауы бар екен. Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі барлығы төрт түлікке жатады.

Балалар  шаршадықпа  орнымыздан тұрып қане бір сергіп қалайық.

Сергіту сәті

Орнымызды табайық.

Алақанды ұрайық

Бір отырып, бір тұрып

Біз бір дем алайы

Жақсы.

 

 

«Бауырсақ», «Маша мен аю», «Мақтақызбен мысық»,

«Жеті лақ» ертегісі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Түйе

-Бота

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-жылқы

-құлын

 

 

 

 

 

 

 

 

-Сиыр

-Бұзау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-қой

ҚОЗЫ

 

 

 

 

 

 

ешкі

-Лақ

 

 

 

 

Ит пен мысық

Ит: аф — аф – аф

Мысық Мияу-мияу

 

Рефлексивті – түзетушілік Қорытынды

Есте сақтау үшін «Не қалай дыбыстайды?» ойынын ойнату. Онда төлдердің қалай шақыру керектігін қайталап  аяқтайды.

Қорытындылайды,мақтап-мадақтайды

 

 

Балалар сұрақтарға жауап береді

Күтілетін нәтиже: 

Нені біледі: Төрт түлік малды ажырата білу.

Қандай түсініктерді игерді: Төрт түлік туралы жалпы ұғым .

Меңгерген дағдылары мен іскерліктер: Сұраққа-жауап,ойынды қызыға ойнау.