«Тәулсіздіктің Құнын Ұмытпайық» Мерекелік Бағдарламасы

«Тәулсіздіктің Құнын Ұмытпайық» Мерекелік Бағдарламасы

 

         Мақсаты: Оқушылардың атамекенін, Отанын, туған халқын сүюге, адамгершілігін қалыптастыру, сананы сауатты болуға тәрбиелеу.    Туған жерге деген ыстық ықыластарын қалыптастырып, елін жерін құрметтей алатын білімді азамат болуға  тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Мемлекеттік рәміздер, слайдтар, мақал мәтелдер, нақыл сөздер.

Барысы: Қош келдіңіздер,құрметті ұстаздар оқушылар және қонақтар!Сіздердің назарларыңызға  мектеп  оқушыларының қатысуымен өтетін«Тәулсіздіктің құнын ұмытпайық»атты сайысымызды ұсынамыз.

1-ші жүргізуші:

Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз-бақытты баламыз!
Ақпыз,қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!

Әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар!

ДТІЖО:  Мусаханова Л

ДОІЖО: Ботабекова Г

Тарих пәні мұғалімі :Жамбосынова Н

 

2-ші жүргізуші:

Бұл күн – халқымыздың қуанып, болашақ ұрпақтың ұрандап еске сақтар күні.
Қазақстан -дейтін қасиетті ұғым бұл,
Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл!
Он бір әріп не мағына береді,
Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл(слайдттар арқылы көрсету түсіндіру)
Т- Білдіреді теңдікті,
Ә- әдептілік, әлдікті
У- уайымсыздық, уақытты,
Е- егемендік, елдікті.
Л- дейді лағып, лепірме,
С- сенімділік секілді ең,
І- ілтипат пен ізет қой,
З- зиялылық тілек қой,
Д- шақырады достыққа,
І- Ізгілікті ниетпен,
К- дейді: күн бол көктегі

1-ші жүргізуші:Сайысымыз 4-кезеңнен тұрады

1.Таныстыру  (эмблемасымен ,ұрандатып)

  1. Болашақ білімді жастар қолында( сұрақ –жауап )
  2. мәнерлеп оқу немесе мақал -мәтел
  3. Өз өнері( ән ,би,мәнерлеп оқу)
  4. Ұй тапсырмасы( тарихи бұымдардың макетін жасап әкелу)

2-ші жүргізуші: – Сонымен, тәуелсіз ел – өз нышандары, жері, дәстүрі, әдет-ғұрпы, тарихы, мәдениеті, өз ел басқарушысы бар еркін ел. Ал әрбір азамат өз елінің негізгі нышан, белгілерін – рәміздерін жақсы білуі қажет.

1-кезең Таныстыру

оқушылар өздері туралы білетіндерін айтып береді.

1-ші жүргізуші:

– Балалар, біз өз еліміздің негізгі белгілерін біліп қана қоймай, оларды қастерлеуіміз керек. Бұл барша Қазақстан азаматтарының парызы. Ал, біздің елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады емес пе, олай болса еліміз қандай мемлекет болып саналады?

– Көп ұлтты.

– Иә, балалар, кең пейілді қазақ халқының дархан даласын жайлаған барша ұлт өкілдері қазақ

2-ші жүргізуші:

2-кезең«Болашақ білімді жастар қолында» білім сайысы (әр топқа 2 сұрақтан)

1.

ҚР-ның «Тіл туралы» заң қай уақытта қабылданды? (1989ж22қыркүйекте)

2.

Республика күні қай күні тойланады (25 қазанда)

3.

Адам арасындағы қарым-қатынас құралы? (Тіл)

4.

Орта мектеп бітіргендігі туралы берілетін құжат? (Аттестат)

5.

Елтаңбада бейнеленген құс? (Қыран)

6.Қазақстан қандай елдермен көрші(Ресей,Қытай,Қырғызстан,Өзбекстан,Түркменестан)

1-ші жүргізуші .3-ші кезең«Сөз байлығы елде»мақал-мәтелді жалғастыр

1-топ.1.Туған жердей жер болмас..

(Туған елдей ел болмас)

2.Жері байдың-

(Елі бай)

  1. Өзге елде сұлтан болғанша,

(өз еліңде ұлтан бол)

2-топ1.Туған жердің қадірін

(Шетте жүрсең білерсің)

2.Отансыз адам

(ормансыз бұлбұл)

  1. Әдепті бала – арлы бала,

( әдепсіз бала – сорлы бала).

3-топ1.Ел елдің бәрі жақсы,

(Өз елің бәрінен жақсы)

2.Отан үшін күрес-

(ерге тиген үлес)

  1. Отанға деген махабба,

(өлімді де жеңеді)

2-ші жүргізуші: 4-кезең Енді балалар арасындағы өнерлі  оқушыларды байқап баға берелік.

Мұндағы балалар ән немесе би немесе көрініс көрсетіп таң қалдыру керек.

Ән «Көк тудың желбірегені».

1-ші ж үргізуші :Ал ендеше  құрметті мұғалдер мен әділқазы алқалары  топтардың үйге берілген тапсырмасына өз бағаларыңызды берсеңіздер  .

2- ші  жүргізуші . Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі,
– деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!

Назарларыңызға рахмет!