Отбасымен жүргізілетін түзету жұмыс негіздері

Тақырыбы: Отбасымен жүргізілетін түзету жұмыс негіздері

 

Мақсаты: Ата-аналарға тәрбие отбасынан басталатының түсіндіру,отбасында қажетті жұмыс негіздерімен таныстыру.

 

 

Әдебиеттер:

 

1 Технологии практического психолога образования. Р.В. Овчарова.М.2000.

  1. Жалпы психология. Т.Тажибаев. А. 1993.

3  Қолданбалы психология. В.Н. Дружинин. 1998.

  1. Мектеп психологиясы. Журнал. №2 2009.

 

 

Қазіргі таңда отбасы қиын кезенді басынан өткізуде. Ажырасу мен толық емес отбасылар. Отбасындағы кризис, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, тәрбие сапасының құлдырап кетуі, қоғамдағы жат қылықтардың қазіргі кездегі отбасының жауапкершілігінің төмендеуі, заңсыз отбасын құру, некесіз баланың туылуы, тастанды бала, т.б. қалыптасуына әкеліп соқты. Осы мәселені шешу, бүгінгі күн талабының көкейкесті мәселесі болып отыр.

Бүгінгі танда толық емес отбасыларында өскен балалар өте қамкөніл,тез ренжігіш,күйгелек мінезді болып өсіп келеді. Аналық мейірімді қатты аңсайды. Ондай бала көңіліне ұнамағанды істемейді, қоғамдық пайдалы еңбектен бас тартуға әрекет жасайды. Баланың мінез ерекшеліктеріндегі мұндай кемшіліктер отбасы тәрбиесінде көптен кездесуде.

Отбасы тәрбиесінде Отанымыздың демократикалық құрылымға бет бұрған алғашқы, өтпелі кезеңінде, қазіргі кездегі ата-ана баланы патриотизмге тәрбиелеу ісінің бәсендігінің куәсі болдық. Сонымен бірге, еңбек тәрбиесіне көңіл бөлмеген жанұяларда бала бос уақытын көптеген жағдайда әр түрлі қызықтар қуумен өткізеді. Ол жастардың азғындауына апарып соғатын бірден-бір нақты жағдай болып отыр.

Жалпы отбасындағы әке тәрбиесіне келсек, бүгінгі таңдағы әке түрлі себептерге байланысты өзінің отбасындағы патриархалды күшін жоғалтқан. Сонымен бірге, балада әке тәрбиесі жетіспейтін отбасы кездесуде. Қазіргі жағдайда жауапкершіліксіз ата-ана көбейіп кеті. Бала тәрбиелеуде ана мен бала арасындағы қарым-қатынаста сұхбаттасу, қоршаған ортамен қарым-қатынасы жетіспейді. Отбасын екіге бөліп қарастыруға болады: жақсы тәрбие беретін отбасы бар, мүмкіндігі келмейтын отбасы бар. Баласын тастап саудаға кетеді, қызмет істейді. Ондай бала үйде жалғыз отырады. Ол баланың тамағы тоқ, киімі бүтін болғанымен жақсы тәрбие ала алмайды.

Отбасында кездесетін көп кемшіліктердің бірі – баланың тілін дұрыстамаймыз. Бала еркелікпен тілін бұрап, басқаша сөз айтады.

Қазіргі кездегі отбасындағы бала тәрбиесінде ата-ананың жауапкершілігінің      төмендеуінің салдарынан  балаларымыз көше кезіп, қыздарымыз кезбелікке салынып, қаңғыбас бала саны көбейе түсуде. Отбасы тәрбиесінде, әсіресе, жастарымыздың арасында мейірімділіктің, имандылықтың, адамгершіліктің төмендеуі салдарынан әр түрлі жағдайлар туындайды.

Әбу-Насыр әл Фараби атамыз: « Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы» дегендей, отбасындағы ата-ана бала тәрбиелеуде ең бірінші мына төмендегі ұсыныстарды есте ұстағаны жөн:

 

  • Баланың бойына өз елінің салт-дәстүрін, ана тілін, дінін, мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу;
  • Баланы отбасында Отансүйгіштікке, патриотизмге тербиелеу;
  • Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты дұрыстау,
  • Баланы табиғатына сәйкестендіріп, қабілетін анықтап, бейімділігін дамыту;
  • Баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу;
  • Отбасында баланың жеке тұлға ретінде қарау;
  • Отбасында баланың рухани байлығын ( эстетика, дене, еңбек, адамгершілік, имандылық, т.б) дамыту;
  • Баланың өзін-өзі басқару ( қаржы, іс-әрекет, т.б).

 

Сонымен, жаңа ғасырда, қоғам мүддесінде сай лайықты жан-жақты жетілген ертеңгі қоғам иегері боларлық азамат тәрбиелеп — өсіру отбасының, балабақшаның, мектептің, барша жұртшылықтың міндеті болып отыр.