Бейнелеу өнерінің жанры. Жалаң және жайылма сөйлем

 

Қысқа мерзімді жоспар

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-бөлім: «Сәулет өнері»

Күні:

Мектеп: №16 ЖББМ

Мұғалімнің аты-жөні: Бейсембаева И Б

Сынып: 3 Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы Бейнелеу өнерінің жанры. Жалаң және жайылма сөйлем
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық əрекеттерде өз сөзін

жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу;

3.4.2.8 мұғалімнің көмегімен жалаң жəне жайылма сөйлемдерді ажырату.

 

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар жасай алады:

• Жалаң жəне жайылма сөйлемдерді ажыратады.

Оқушылардың көбі жасай алады:

• Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай

алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

• Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай

алады.

Бағалау критерийлері — сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;

— жалаң және жайылма сөйлемдерді ажыратады;

— мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтайды;

— каллиграфиялық дағдыларды сақтап жазады

Сөздік қор Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Жай сөйлем, жалаң сөйлем, жайылма сөйлем т.б.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Бейнелеу өнерінің түрлері?

Портрет дегеніміз не?

Натюрморт дегеніміз не?

Пейзаж дегеніміз не?

Құндылықтарды дарыту Табиғатты қорғауға баулу, жауапкершілікке тәрбиелеу
Пәнаралық байланыстар Жаратылыстану, өнер
Алдыңғы меңгерілген білім Сөйлем мүшелерінің байланысы.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет 

 

Ресурстар
Сабақтың басы

0-5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

(Ұ, Т)

Күлім қағып қолымды,

Бір, екі, үш деп соғайын.

Қарап тұрған көршіме,

Қолымды мен бұлғайын.

Жылы-жылы жүзбенен,

Маңдайынан сипайын.

Жылы-жылы сөзбенен,

Жүрегімді сыйлайын.

Ыстық алақаныммен,

Қолыңды бер қысайын.

Амандасып өзіңмен,

Қшақтап бір алайын.

Қимылмен көрсетіп, амандасады.

 

ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Қима қағаздардан сөз құрау арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау:

-Бүгінгі сабақта не туралы айтамыз?

-Нені үйренеміз?

-Нені білетін боламыз?

  

Презентация

 

Сабақтың ортасы

5-11 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11-15 минут

 

 

 

15-17 минут

 

 

 

 

 

18-20 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

21-26 минут

 

 

 

32-35 минут

ІV. Негізгі бөлім

 

3.2.4.1 (МК; Ұ; Қ) 36-жаттығу. Мәтінді түсініп оқу. Мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтау. Өз пікірін негіздеу.

-Мәтінде не туралы айтылған?

-Бейнелеу өнерінің жанрлары туралы не айта алсың?

-Саған қандай жанр ұнайды? Не себепті?

Пейзаж                 жансыз заттар, бұйымдар

Портрет                табиғат (табиғат көрінісі)

Натюрморт           адам (адам келбеті)

Тарихи жанр              хайуанаттар мен жан-жануарлар

Анималистік жанр    оқиғалар (белгілі-бір оқиғалар)

 (Ө, Ұ) Тапсырма 1. Қарамен жазылған сөйлемді көшіріп жазу.

Сөйлем мүшесіне талдау.

 (Ж) Тапсырма 2.Сөйлемнен тұрлапусыз мүшені алып тастап жазу.

Үлгі:

1. Пейзаж маған өте ұнайды.

2. Пейзаж ұнайды.

-Бірінші сөйлемде қандай сөйлем мүшелері бар? \бастауыш-пейзаж, баяндауыш-ұнайды, тұрлаусыз мүшелер-маған өте\

-Екінші сөйлемде қандай сөйлем мүшелері бар? \ Бастауыш- пейзаж, баяндауыш-ұнайды\

 

Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдау. Екі бағандағы сөйлемдерді бір-бірімен салыстыру арқылы құрамында тек тұрлаулы мүшелер болатын және тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемдер болатындығын аңғарту.

 

(МК) Жаңа ақпаратпен жұмыс.

Ереже: Жай сөйлем жалаң және жайылма болып екіге бөлінеді. Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейді: Асан оқыды.

Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейді: Асан дауыстап оқыды.

 

Сергіту сәті!

 

3.4.2.8 (МК; Ө; Қ) Жұптық жұмыс.  38-жаттығу.  Есте сақтау диктанты.

Жұмбақтың шешуін табады. Жұмбақты жатқа жазады. Жай және жайылма сөйлем түрлеріне қарай ажыратады. Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсетеді.

Қ.Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

 

 

 

 

 

 

Оқулық

112-бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық

№3Дәптермен жұмыс

Слайд 8

Сабақтың соңы

35-40 минут

Рефлексия.

(Ө; Қ) Дұрыс жауапты белгілеу жəне толықтыру.

Тақырып бойынша оқушылардың игерген білімдеріне

рефлексия жасату мақсатында тестік жұмыс орындатылады.

Оқушылар дəптерде берілген тапсырманы оқиды. Дұрыс

жауаптардың бірін белгілейді.

Берілген сөйлемді толықтырып жазады.

(Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сəйкес өзін-өзі

бағалау. Жұмыстарын топта жариялап, дəлелдеу.

Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында

жұмыс дəптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы

орындатылады. Бірінші тұрған «сауатты жазу», екінші

тұрған «көркем жазу», үшінші тұрған «шығармашылық

жұмыстарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен

боятылады. Нəтижелері топта жарияланады.

 

 

 

 
Кері байланыс Галереяны шарлап, пікір қалдыру.