«ХХІ ғасыр нағыз ғылымдар ғасыры!»  атты физика, информатика пәндерінің салтанатты ашылуы

«ХХІ ғасыр нағыз ғылымдар ғасыры!»  атты физика, информатика пәндерінің салтанатты ашылуы

 

                        Күні: 15 қаңтар 2019 жыл

                                                                                         Өтілетін орны: Акт зал

 

 

Мақсаты: 

  • Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың физика, информатика пәндеріне деген қызығушылықтарын, білімдерін тереңдетіп, Цифрлы Қазақстан және роботехника бойынша сауаттарын арттыру;
  • Физика және информатика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру;

Апталықтың міндеттері:

  • Оқушылардың нақты ғылымдардың XXI- ғасырда алатын орынын бағалауына, білімге деген қажеттілікті саналы түрде түсінуіне жол ашу;
  • Әр баланың өз қабілетін таныта біліп,одан әрі дамуына жағдай туғызу;
  • Пән мұғалімдерінің шығармашылығын шыңдау және озат тәжірибені тарату;

 

Би:  Қазақ ұлттық биі 7-сыныптардың орындауында

 

І- жүргізуші Сабит:

Мінеки залда тыныштық, 

Естілмейді дыбыс түк. 

Мұны біз де қоштаймыз, 

Кешіккендерді тоспаймыз. 

Уа, халайық, халайық,

Бәріңе жар салайық.

Бүгінгі  кеш төрінде

Дарындылар елінде

Тапқыштардың тілінде,

Информатика, физика

Апталығы басталуда!                                

 

ІІ жүргізуші: Маржан:

Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Физика және Информатика» пәндерінің он күндігінің ашылу салтанатына қош келдіңіздер!

  Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән апталықтарының орны ерекше. Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз – оқушылар физика  мен информатиканы тек сабақта ғана пайдаланып қоймай, өмірмен де байланысты екенін түсіндіру. Түрлі сайыстар мен іс -шаралар өткіземіз. Сол іс- шаралар арқылы сіздердің пәнге деген қызығушылықтарыңыз бен құрметтеріңізді ояту. Бүгінгі апталығымыздың ашылуының өзі бір мереке емес пе?

 

І жүргізуші: Сабит:

Ғылымдардың патшасы – нақты ғылым жайында,
Апталықты бастаймыз.
Білім құмар достарым қызыққа толы сұрақты
Алдарыңа тастаймыз.
Сұрақ сырын тереңірек ұғайық,

Физика, информатика құрметтеуге лайық.
Дүниеде құбылыстың мәнінде,
Зерттейді ол өзгерістің бәрінде.
Нақты ғылым дүние кілті бүгінде,
Бүкіл әлем сөйлейді, нақты ғылым тілінде.

ІІ жүргізуші: Маржан:

Ғалымдардың патшасы атанғансың

Архимед, Ньютон, Галилейден бата алғансың

Ақыл — ойды тәртіпке келтіретін

Нағыз пән – физика атанғансың 

І- жүргізуші: Сабит

Бүгінгі кеш төрінде,

Дарындылар елінде.

Тапқыштардың тілінде,

Батыл қадам бастайық.

Осылайша шабытпен,

Талантты оқушыларымыздың.

Сап түзеуін қарайық деп оқушыларымыздың физика және информатика пәндері бойынша 3-сыныптың жаттауларын тыңдайық.

 

Нурислам:

Құтқарып ауыр бейнеттен 

Техниканы үйреткен 

Роботтай – адамды 

Тіл бітіріп сөйлеткен 

Компьютер емей немене 

 

Кәусар:
Жетілдіріп, кеңейтіп бұл асылды,

Информатика озады бір ғасырды.

Ой түйіндеп, жетелейді адамды,

Әлі ашылар құпиялар сан қырлы.

Нұржігіт:

Білмегенді білдірген,

Өлшеп киім кигізген.

Барлық істі атқарып,

Пайдасын елге тигізген.

Компьютер емей немене

 

Рауза:

Дүниедегі құбылыстың мәнін де,

Интернеттің, жаңалықтың бәрін де.

Мүмкін емес информатикасыз түсіну,

Компьютер дүние кілті бүгінде.

 

Жанарыс:

Бәріңіз маған қараңыз,

Ойынымызды бастайық.

Алуан түрлі ойларды,

Ортамызға тастайық.

Информатика пәнінен,

Көрсетіп біздер батырлық.

Ой толғалық жүйелі,

Таңдайымызға татырлық.

 

Ақнұр:

Жетпесіне жеткізген,

Қызықты уақыт өткізген.

Бар ғылымды сыйдырып,

Білетіні көп бізден.

Жаңалықтың жаршысы,

Жұртты елең еткізген.

Информатикаға -мың алғыс.


ІІ- жүргізуші: Маржан

Кешіміз жалғасады тағаттасақ

Шыңымыз биік болар, білім қусақ

Өмір деген өнермен үйлеспей ме?- дей келе Серікбаев Құдіреттің орындауында «Информатика әлемі» атты әнің қабыл алыңыздар!

 

І- жүргізуші: Сабит
Түсіріп аспан заңы жұмыр жерге,

Бақтырып жұлдыздарды ескен желге.

Жансызға жан бітіріп қолға салып,

Физика кереметті көрсетті елге.

Бір өшіп,кітаптардың бірі тозған,

Қай жүйрік Архимедті басып озған.

Жалынды патриот, батыр,ғалым.

Ғасырлар түкпірінен басып озған,

Физика тілдесер табиғаттың тілі екен ғой.

Көз тартар табиғаттың сыры екен ғой,

Салғанан айтылған сөз ішілген ас.

Бәрінің бағынары физика ғой-дей келе оқушыларымыздың білімдерің тексеріп көрсек Сабит. (физика пәнінен логикалық сұрақтар шардың ішіне салынып тұрады)

ІІ- жүргізуші:Маржан

Бұл адамдар ардақтаған халықты,

Физика мен информатикада даңқы шыққан алыптар.

Қара,ойлан зерек болсаң байлыққа,

Алыптарды әрқашанда танып қал- дей отырып келесі кезекті  оқушыларымыздың физика және информатикадағы тәжірибелік жұмыстарына берсек.

 

Ән: Абдумалик Маруаның орындауында «Маленькая страна» информатика туралы ән.

 

І- жүргізуші: Сабит

Мұнда қызық табылар
Жаңылтпаш, жұмбақ бәрі бар.
Айтыс, тартыс тағы бар
Сөз жұмбақ та, сан жұмбақ.
Суретті жұмбақ, шеш жұмбақ.
О-о-ой, бір қызық кеш болар-дей келе информатика пәнінен жұмбақтарды шешіп көрсек.

Би: Кәусардың орындауында үнді биін қарсы алыңыздар!

 

Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар  көрсетер затым бар
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын (тышқан – мышка – mouse)

 

Қанша тетік тізілген
Саусағыңды сезінген
Барлық сенің ойыңды
Компьютерге енгізген (пернетақта – клавиатура –  keyboard)

 

Өзі темір, жаны жоқ,

Ақпаратты сақтап таратқан.

Жұртты өзіне қаратқан. (Жүйелік блок процессор processor)

 

Ұзынтұра Жалқаубек,

Тұрмай ылғи жатады.

Қозғала салса артынан,

Ешбір белгі қалмайды.  (Бос орын пернесі пробел space key)

 

Компьютер жаны мекені (Кактус

 

Жұртты өзіне қаратқан,

Ақпаратты сақтап, таратқан. (Флеш жады  флеш memory card)  

 

ІІ жүргізуші: Маржан

 

«Интермедия» (бірі екіншісіне термометр ұсынады ) 

— Мынау термометр ғой 

— Я, мен оны саған бердім ғой 

— (Таңданып ) Негее? 

— (Үшінші оқушы)

 Соны білмедің бе? Ол былай ғой: термометр саған бергені

Жалындаған достар үшін

Намыс отын қайраған

Оттай ыстық жайнаған

Жанкүйерлер қызуын

Өлшей берсін дегені ғой.

Құрметтеп «ИФ» ғылымдарын

Ширатайық ой – сананы

Бүгінгі апталықта

Қашан да « Тапқыр бол!» деп ой салайық.

Сырларын бұл ғылымдардың үйреніңдер

Бес жерде бесім жиырма бес

ИФ пенен басқа ғылым бір емес

Арғы жағын айтпаймын

Ойыңа салып өзің шеш.

Кездесейік тағы да

Саласының білімнің

Сараптайық ендеше

Информатика, физиканың қызығын.

Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет !>

 

І- жүргізуші: Сабит

Қорытынды сөз кезегін мектебіміздің әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Гүлнар Таукебайқызына беріледі.

ІІ- жүргізуші:Маржан

 Осымен физика және информатика пәндері он күндігі ашық деп жариялаймыз. Назар салып тыңдағандарыңызға көп көп рахмет!